Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті



бет2/4
Дата16.06.2016
өлшемі0.96 Mb.
#139479
1   2   3   4
Дәріс 5
Ортағасырлық Еуропаның көркем өнер мәдениеті

Ортағасырлық Еуропа мәдениетінде, өзіндік ерекшелігі бар көркемдік стиль қалыптаса бастады. Ол — «роман» стилі болатын. «Роман стилі» деген термин («роман тілдері» деген терминге ұқсас енгізілген, Рим мәдениетінен мирасқорлық деген мағына береді). Азғантай уақыт шеңберінде өшпес даңққа ие болған бұл өнер стилі ХЫ—ХЫЫЫ ғасырда, әсіресе сәулет өнері мен мүсін өнері саласында үстемдік етті және ірі соборлар құрылысында, оларды әшекейлеуде кеңінен қолданылды. Роман стиліндегі діни құрылыстар Рим сәулет өнерінің белгілерін мұра етті. Бұл құрылыстар өзінің көрнектілігімен, үлкендігімен, әсерлігімен және рациональдылығымен ерекшеленді. Лев Любимовтың пікірінше, «Роман стилінде оюөрнек пен бейнелеу негіздері өзара сәйкес келді, табылған синтездің мәні — образдың мәнерлілік пен әшекейлі геометриялықтың, қарапайым мен өте шарттылықтың, ою-өрнектің нәзіктігі мен шомбал, тіпті, кейде дөрекі монументтіліктің үйлесуінде еді». Сәулетшілік жетекшілік өнерге айналған бұл тарихи кезеңде ғимараттар салуға ерекше мән берілді. Әсіресе христиандық наным-сенімнің салтанаты мен жан-жақтылығы, оның құдіретін паш ету мен адамзат баласын құдайға құлшылық жасау жолында біріктіру мақсатында діни шіркеулер салу ісі кең қанат жайды. Әсем шіркеулер салудың өрістегені соншалық, оларды тіпті қажет болмаса да салды. Ерекше атап өтетін бір жәйт, романдық стиль византиялық, таяу шығыстық (әсіресе, сириялық), германдық, кельттік және басқа да солтүстік тайпалардың өнер стильдерінің белгілерін өз бойына сіңіре білді. Міне, сондықтан да болар, әр елдің өнер стильдерінің өзара тоғысуы нәтижесінде қалыптасқан өнердегі бұл бағыт жалпы «романдық» деген атқа ие болды.



Роман өнерінің жасаған мәдени төңкерісі — ою-өрнекпен ғимараттарды одан әрі түрлендіруінде, яғни ою-өрнекті бейнелеу пластикасымен толықтыруында, ал бұл жағдай ою-өрнек функциясын жаңа сапада орындауға мүмкіндік берді. Ендігі жерде тастан салынған ғимараттар өте шеберлікпен жасалған адам бейнелерімен ажарлана бастады.

Готикалық дәуірде сәулетшілік өнер бұрын болып көрмеген дәрежеге көтеріліп, шоқтығы биік өнер саласына айналды, өйткені өзге өнерлердің бәрі де сәулетшілікке табынып, оның талаптарына мұлтіксіз бағынды. Осы бір тарихи кезеңде туған әрбір ақын сәулетшіге айналды. Готикалық стиль бұл тұста негізінен шіркеу мүддесіне сай дамыды. Ортағасырлық шіркеулер тасты күмбездерден тұрды, мұндай ауыр да, қомақты күмбездердің орнықты болуы үшін, шіркеу қабырғалары өте қалың етіп салынды, ал тасты күмбездерді тұрғызудың өзі де оңайлыққа түспеді, өйткені бұл кезеңде көптеген құрылыс дағдылары ұмыт болған еді. Қалай болғанда да, сыналы тастардан жасалған шомбал күмбездер готикалық заманға тән жетістіктер болды.

Шіркеулер үлкен қалаларда ғана емес, қалашықтарда да салына бастады. Сонау шалғайдан көзге шалынатын бұл ғимараттар ортағасырлық өмірдің аса ірі жетістігі болды. Халық діни ғимараттарды жасампаздықтың күш-жігерінің айғағы ретінде жақсы көрді. Шіркеу қоңырауының сыңғыры мен органдық музыканың әуенінен бастап, бірігіп мінәжат ету, шіркеулік жолжоралық діни рәсімдерге қатынасу — қарапайым адамдарды күнделікті күйбең тіршілік қамынан бір сәтке болса да сейілтіп, ерекше бір күйге түсіретін еді.

Батыс Еуропаның ортағасырлық өнер тарихында Франция мемлекеті қай кезеңде болса да жетекшілік рөл атқарғандығы мәдениет тарихынан белгілі. Сондықтан да болар, Франция романдық кезеңде сәулетшілік өнердің жетістіктері мен ізденістерінің негізгі орталықтарының біріне айналады. Осы бір қасиетті елдің сәулет өнері саласындағы тамаша да, айбынды ескерткіштерінің бірі — романдық стильдің аса көрнекті үлгісі — Париждегі Нотр-дам (Құдай-ана соборы) болды. Шіркеу фасадының ерекше сымбаттылығы, оның геометриялық заңдылықтарға сай салынуы, мұнаралар ансамблінің тұтастығы кез келген адамды бірден баурап алары сөзсіз. Вазельдегі қасиетті Магдалинаның шіркеу күмбездерінің таңғажайып жарасымды айбыны да, арқалардың ғаламат салтанаты да таң қалдырмай қоймайды. Тарихи уақиғаларға толы романдық кезеңде жоғары атап көрсетілген француз халқының ұлы поэтикалық шығармасы — «Роланд туралы жырда» (ХЫЫ ғасырда) өмірге келді. Ұлттық тілде жазылған бұл тамаша туындыда орта ғасырларда етек алған рыцарьлық ерлік, король мен христиан шіркеуіне адалдық дәріптелді. Халықтық эпостың негізінде туған бұл жыр француз халқының арасында кеңінен тарады, өйткені осы бір шабытты эпика толғауда өмір ақиқаты, қанағатшылдық сезімі, ішкі бай мазмұнды бере алатын ғажайып қасиеттер сияқты өзіндік ұлттық көркем даналықтың негізгі белгілері кеңінен көрініс тапты, әрі рыцарьлардьщ көңіл-күйін жан-жақты көрсететін фанатизмге, христиандық рухқа толы болды. ХЫЫ—ХЫЫЫ ғасырда Францияның оңтүстігінде трубадурлар поэзиясы қанат жайды. Олар-дың сатираларында шіркеу мен феодалдық езгіге қарсы сарын мен қарапайым адамдарға бүйрегі бұрушылық көрініс тапқан. Дәлірек айтсақ, еркін ойлылық нышандарын өз бойына жинақтаған трубадурлар творчествосы осы бір кезеңце қалыптасқан сан-қырлы дүниетанымды білдіреді.

Бұл тұста Еуропаның басқа да елдерінде ұлттық көркемдік даналықты айқын танытатын романдық өнер туындылары туындап жатты. Әр алуан сәулетшілік мектептерімен даңқы шыққан Германияда жасалған мәдени ескерткіштерде неміс халқының рухани байлығы кеңінен көрініс тапты. Рейндік, саксондық және вестфальдық мектептер сәулетшілік өнердің дамуына зор үлес қосып, сол кездегі ұлттық көркем даналықтың ұмтылыстары мен арман-қиялдарын жүзеге асыру мақсатында тамаша ғимараттар салды. Солардың бірі — өзінің асқақ тұлғасымен көзге түсетін атақты Вармс соборы (1174—1234 жж.). Собор қала үстінде қалықтап тұрғандай әсер қалдырады, қайта жаңғыртып салынса да бұл ғимарат өзінің сол бір бастапқы бет-бейнесін мүлде өзгертпеген. Шындығына келеек, Вармс, Шпейер, Майнц сияқты қалаларда тұрғызылған атақты соборлардың басты ерекшелігі де олардың күрделі асқақтығында еді.

Кейбір мәдени ескерткіштер ел мен дәуірдің тынысын бойына сіңірсе, кейбірінің Шығыс мәдениетінің кәусәр бұлағынан сусындағаны беп-белгілі болып тұрады. Ойымыз дәлелді болу үшін, ХЫЫ ғасырдағы неміс шеберінің қолынан шыққан, сүйектен жасалған орта ғасырлық ойын дойбыларына бір сөт көз салайықшы. Бұл дойбыда ағаш басына шығып, жеміс жинап отырған адам бейнеленген, оның төменгі жағында бір ақ, бір қара тышқан ағаштың тамырларын кеміріп жатыр.Осы бір дүниедегі адамдардың өмір тіршілігін аңдар мен өсімдіктердің кескіндерімен ісмерлікпен толтырып, олардың ғажайып үйлесімділігін нақтылы көрсету арқылы, сәндік әуен жасаған осы бір неміс шеберінің табиғи дарынына қалай таң қалмаймыз? Шындығында да, бұл қолөнер туындысының мазмұны — шығыстық аңызға негізделген, өйткені ағаш — өмір символы, тышқандар — күн мен түн, яғни өмірді аямай қысқартушы уақыт. Осылайша, ойынының өзі де жер бетіндегі өмірдің өткінші екендігін ортағасырлық адамның есіне салған.

1519 жылғы Еуропа картасы

Қайта өрлеу дәуірінің бесігі болған, еркіндік сүйгіш Италия елінің мәдениеті де біртұтас романдық ағымда кеңінен көрініс тапты. Осы дәуірдің өзіне тән қалыптасқан тарихи процестер Италия өнерінде де барған сайын айқындала түсті. Оған дәлел — ХЫ ғасыр басында Флоренцияда салынған Сан-Миньято шіркеуі. Өте аумақты етіп салынған бұл алып ғимарат ағаштан қапталған және үш қырлы базилика өзінің жалпы құрылысымен ерте замандардағы христиандық ғимараттарды еске түсіреді. Бірақ осы бір сәулетті ескерткіштің тіп-тік болып аспанға созылған фасады болашаққа да меңзейтін сияқты. Романдық дәуірде аса ірі экономикалық және көркемдік өнер орталығы болған Пиза қаласының сыртындағы көк майсалы кең алқапқа салынған «Құлап бара жатқан мұнара» мен баптистерий (шоқындыратын жер) ансамблі де романдық құрылыстар сияқты аса айбынды, әрі орасан зор болғанына қарамастан өздерінің жеңіл де, әсем бейнесімен жаңаша көрініс тапқан. Демек, романдық өнердің мәні, оның идеялық және эстетикалық ұмтылысы сұсты айбындық, аскетизм, жасанды шарттылық, құдайға соқыр сезіммен табыну сияқты ұғымдармен шектелмейтін сияқты. Олай болса, өз дәуірінің тыныс-тіршілігін айқындайтын бұл өнер саласында өткен мұра мен қазіргіні қабылдаумен қатар болашақтың өркендері де кеңінен көрініс тапқан.

Шамамен 1000 жылдан бастап готикалық стиль туындағанға дейін үстемдік еткен ромаңдық стиль — ортағасырлық Еуропаның өзіндік бет-бейнесімен, өзіндік төуелсіздігімен ерекшеленетін көркемдік стиль болып саналады және ол варварлық тайпалардың көркемдік мәдениетінің негізінде қалыптасты. Екінші мыңжылдықтың басында Еуропалық өнердің христиандық негізінен нәр алған романдық өнер мұрасында сөулетшілік өнер жетекші рөл атқарды, ал осы бір қасиетті өнер саласының римдік, дәлірек айтқанда гректік базиликалардың (патша сарайларының) идеяларын өз бойына жинақтай білуі — оны одан әрі асқақтатып, асқар шыңға шығарды. ХЫХ ғасырда өмір сүрген француз сәулетшісі О. Роденнің сөзімен айтқанда «Романдық сәулет өнері адам өмірінің бірқалыптылығын, тұрақтылығын паш ететін, үнсіздігімен адамның мысын басып, оны табындыра білді».

Қалалардың гүлденуі мен қоғамдық қарым-қатынастардың жетілуі нәтижесінде өнер саласында жаңа бағыт — готикалық стиль пайда болды. ХЫЫ—ХВЫ ғасырларда Еуропа еддерінде үстемдік еткен бұл жаңа стиль діни сарындағы сәулет, мүсін өнерімен, сәндік-қолданбалы өнермен тығыз байланыста қалыптасты. Сөулет өнері саласында 1140 жылдар шамасында Францияда пайда болған готикалық (гот тайпаларының атымен аталған) кейіннен Батыс Еуропа елдерінде кеңінен тарап, ХВ ғасырға дейін, ал Еуропаның кейбір жерлерінде ХВЫ ғасырға дейін үстемдік етті. Романдық стильде салынған ғимараттар өзінің аумағымен, салмақтылығымен ерекшеленетін болса, готикалық стильмен салынған шіркеулер өзінің алып асқақтығымен, әрі әсемдігімен таң қалдырады. Бас айналдырарлықтай биік етіп салынған бұл тамаша ғимараттарының әдемі күмбездері, аса үлкен терезелері бірден көзге түсіп, көрген адамға нұрлы дүниедей әсер қалдыратын. Сондықтан да болар, олар «Сансыз күмбездер», «аса үлкен терезелер», «бітісе қайнасқан», «бірін-бірі қуаланған күмбездер» деген теңеулерге ие болды.

Үш ғасыр бойы Францияда салтанат құрған готикалық өнер үш кезенді басынан кешірді. Бірінші кезең — алғашқы готика — ХЫЫ ғасыр соңғы үшінші бөлігі мен бастапқы ширегін, ал екінші кезең — кемелденген готика немесе жоғары дамыған готика ХЫЫЫ ғасырдың 20 жылдар соңына дейін созылса, үшінші «нұрлы готика» немесе «жалындаған готика» деп аталған соңғы кезеңі ХЫВ—ХВ ғасырлар аралығын қамтиды.

ХЫЫЫ ғасырлар аяғынан бастап еуропалықтардың қалалық өміріне берік орныққан готикалық стильдің түп-тамыры ғасырлармен мыңдаған жылдардың тұңғиығында жатқан өнердің таңғажайып жетістіктерінде жатыр. Римдіктер өте шеберлікпен пайдалана білген арқа, күмбез және тағы да басқа сәулетшілік өнер түрлері осы бір тарихи кезеңде орта ғасырлық құрылыс өнерінің негізіне айналды. Сұсты да, аумақты романдық стильдегі ғимараттар құрылысына қарағанда биікке қарай өсіре жүргізілген готикалық сәулетшілік өнер туындылары көз тартарлықтай әсем де, сәнді болып шықты. Романдық ғимараттардың биіктігі 18— 20 метрден аспаған болса, алғашқы готиканың ең айбынды ескерткіші болып саналатын атақты Париж Құдай — ана соборының (париждіктер жай ғана Нотр-Дам деп атаған) биіктігі 32 м. болса, одан кейін Рейнде — 32 м., ал Аменьде — 42 м. дейін созылды. Олардың көкке қарай бой түзеген күмбездерінің биіктігі 150 метрге жетті. Аталған әрбір ғимараттың әрқайсысы ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеттің куәсі, замана туындысы болып табылады. Салынғанына алты ғасыр уақыт өтсе де, Батыс Еуропалық сәулет өнері тарихының жаңа кезеңін бастаған қасиетті Париж Құдай — ана соборы француз көркем өнер кемеңгерлігінің аса үздік туындысы болып қала береді. Осы орайда Лев Любимовтың бұл жайындагы «Египеттегі пирамидалар, Афиныдағы Парфеон немесе Константинопольдегі София соборы сияқты париждік Нотр-Дам да ғасырлар бойында өзін өмірге әкелген халықтың идеялары мен ғасырларда қалыптасқан көркем мәдениеттің куәсі болатындығымен құнды» [2] деген орынды пікірімен санаспасқа болмайды.

Замана ағымындағы талай тарихи уақиғалардың (француз корольдері осында тәж киген, және Жанна д'Арк өзінің жеңіс туын осында әкеліп қойған) куәгері болған Рейм соборы да француздық гогакалық өнердің шыңы болды. Оның бас фасады Париждегі атақты Париж Құдай — ана соборы сияқты торлы терезелері бар, екі биік мұнарасы аспанмен таласқан үш қабаттан тұрады. Аса нәзіктікпен нақышты етіп жасалған бұл ғимарат сәулет өнері мен мүсіндердің өзара үндестігін паш етеді, өйткені көз тартарлық көрінісі мен таңғажайьш мүсіндердің сән-салтанаты осы бір заңғар құрылысты жепжеңіл етіп көрсетіп тұр. Германия, Франция мен Англияға Караганда готикалық стильге кеш көшкеніне қарамастан готикалық әсемдік идеясын тамаша жүзеге асырудьщ арқасында зөулім ғимараттар салуда айтарлықтай нәтижеге жетгі. Бүкіл неміс халқының мақтанышьша айналған, Гоголь «готикалық өнердің тәжі» деп бағалаған Кельн соборы — неміс сәулетшілерінің тендесі жоқ шабытты шеберлігінің занды нәтажесі болып саналады. Бас айнаддырарлықтай болып көкке тік көтерілген неміс готикасының тендесі жоқ үлгісі — Фрейбург соборын «готикалық ойдьщ ең айқын, зор жаңалығы» деп бекер бағаламаған. Француз бен неміс халықтарының мәдени дөстүрлер сабақтастығының куөгері болып есептелетін Страсбург соборы да неміс халқының ұлттық ерекшелігін ашумен қатар, шынайы интернационалдық мазмұнға ие болғандығын атап өтпеске болмайды. Бүкіл елді табындырған бұл сымбатты ғимаратгың бас сәулетшісі неміс Эрвин Штейнбахский болды.

Ортағасырлық готикалық өнер туындысы

Дүниежүзілік мәдениетінің дамуына қомақты үлес қосқан итальян сәулетшілері де готикалық стильдегі айтулы мәдени ескерткіштерімен орынды мақтана алады. Солардың бірі, Қайта өрлеу дәуірінің алыбы Микенланджело өзімнің «қалыңдығым» деп мақтаныш тұтқан атақты Санта Мария Новелла шіркеуі (ХЫЫЫ—ХЫВ ғасырлар) Италия сәулетшілері үшкір мұналары, жебе тәрізді аркалары, тор көзді терезелері бар ғимараттарды салған кезде құрылыстың көлемділігіне ерекше назар аударып, сәулетшілік үлгіні үнемі жетілдіріп отырды.

Готикалық стиль ХЫВ ғасырда Англияда кең қанат жайды. Бұл кезең — көкке өрлете салған, үйлесімділігімен көз тартатын сәндік готиканың гүлденген уақыты мен «перпендикулярлық стильге» көшуге бет алған сәт болды. Өнердің дамуындағы готикалық кезеңде алып ғимараттар құрылысымен кәсіптік артельдерге біріккен қолөнершілер шұғылданды. Олар құрылыс жұмысстарының сұраныстарына қарай қай жерде құрылыс жүріп жатса, сол жерден табылатын. Бұл жағдай готикалық сәулет өнерінің Еуропаның барлық жерлеріне кеңінен тарауына зор ықпал етті. Неміс елінің топырағында пайда болған, ал одан кейін Франция мен Англияға тарай бастаған мұндай артельдердің мүшелері сәулет өнерінің небір құпияларын жетік меңгерді және оның сырын басқаға ашпады. Тіпті артель мүшелері өзара символикалық тілмен сөйлесіп, өз ұйымдарында қалыптасқан тәртіпті қатаң ұстаған. Демек, орта ғасыр тас қалаушылары өздерінің бұл өмірлік кәсібіне соншалықты мән берген, өнерлерін бағалай білген.

Орта ғасырлар дәуірінде готикалық стильде салынған ашық галереялы қалалық салтанатты ратушалар, Руандағы атақты сот Сарайы, азаматтық құрылыстар, сөн-салтанаты көз тартар жеке үйлер, сөулет өнерінің құрамдас бөлігіне айналған небір ғажайып тас мүсіндер — өнер адамдарының ұшқыр ойын, болашаққа деген жарқын көзқарасын ізгілік пен адамгершілікке ширыққан қайтпас жігерін айқындап көрсететін баға жетпес мәдени ескерткіштер болып табылады.

Готикалық өнер өкілдері адамзат баласының арман-мұңын шындық шеңберінде бейнелеу үшін өздері жасаған кейіпкерлерді аса өсерлі етіп көрсетуге барынша күш салды. Өмірге келген өрбір образда адамның нақты бейнесін жасауға тырысушылық байқалды. Олай болса, романдық және готикалық өнер даналықтарының үздік туындылары көркем өнердің ғасырлар бойы өшпейтін асыл қазынасы, мөңгілік туындылары болып қала береді. Өзінің рухани байлығы, шабытты күші жағынан готикалық өнер тек қана дүние жүзілік көркем өнер саласында ғана емес, сонымен қатар дүние жүзілік мәдениеттің даму барысындағы қанатын қияға сермеғен зор жаңалық болды.

Алайда, ғасырда гүлденудің шарықтау шегіне жеткен готикалық өнер біртіндеп өзінің айқындығы мен жеткен жетістіктерінен айырыла бастады. Орта ғасырлар заманының соңғы кезеңде готикалық өнер тоқырауға ұшырады да, дін үстемдік еткен осы бір тарихи кезеңнің дәстүрлерінде тәрбиеленген дарынды шеберлердің ең соңғы дүниелері қоштасу белгісіндей болып қала берді. Мұндай эволюциялық құбылыс, готикалық өнердің отаны болған Францияда ғана емес, бүкіл Еуропалық өнерге тән заңды құбылыс болды. Қорыта келгенде айтарымыз, орта ғасырлық мәдениет — халықтық сипатта болды, халықтың ой-арманын нақты бейнелеуге тырысты. Мәдениет дамуының шарықтау шегіне жетіп отырған бүгінгі заманымызда өнерді бағалаушылардың бір кезде ұмыт қалған ортағасырлық мәдениетті жан-жақты әсемдік қалпында түсінуге ұмтылуы, өткен замандардағы өнер ұлылығын қастерлеп, табынумен қатар оған ерекше мән-мағына беруі — дәуір тынысынан туған замана талабы.
Дәріс 6

Франция сәулет өнері



Франция аумағындағы өнердің ең көне ескерткіштері палеолит дәуіріне жатады (Ласко, Ла-Мадлен, Тюк-де-Одубер). Неолит және қола дәуірінде Карнакта мегалиттік құрылыстар салынды. Біздің заманымыздан 6-ғасырдың бас кезінде Оңтүстік Франция жағалауларында ежелгі грек колониялары пайда болып, кельт тайпаларының мәдениетіне елеулі ықпал етті. Римдіктер жаулап алғаннан кейін галл (кельт) қалаларында антикалық галл-рим өнері дамыды: ғибадатханалар, театрлар, жеңіс аркалары, мазарлар салынды. Саркофагтар, табыттарға бедерлер, мозаикалар жасалды, бейнелеу өнеріне рим стилі элементтері кельт дәстүрлерінің жергілікті белгілермен үйлесім тапты. Орта ғасырларда Каролинг өнерінің дәстүрлері роман стилінің қалыптасуына негіз болды (10 — 12 ғасырлар). Осы кезден бастап 2 — 3 қабатты үйлер салынған ортағасырлық француз қаласы қалыптаса бастады.Романдық сәулет өнерінде шіркеулер мен монастырьлар құрылысы жетекші рөл атқарды. 12 ғасырда Солтүстік Франция қалаларында готиканың негізі қалыптасты. Қала көшелері арнайы жоспармен салына бастады. Қалалардың негізгі қоғамдық ғимараттары — соборлар болды. Замоктар іші бай әшекейлерге толы сарайларға айналды (Авиньондағы папа сарайы — Пьерфон замогы, 1390 —1420). 15 ғасырдың 2-жартысында француз Қайта өрлеу дәуірі қалыптаса бастады. Король сарайы шақырған итальян шеберлерінен (ішінде Леонардо да Винчи де болған) үйренген жергілікті шеберлер өсіп-жетілді. Қайта өрлеудің інжу-маржаны — Париждегі Луврдың жаңа ғимараты (арх. П.Леско, мүсінші Ж.Гужон) болды. 16 ғасырдың бас кезінде көркемдік өнердің орталығы король сарайына ауысты. Италияға жасалған жорықтардан кейін Францияға антикалық мүсіндер, итальян қайта өрлеуінің туындылары әкелінді. Сарай маңындағы мәдениет маньеризмнің дамуына ықпал етті. Қарындашпен және майлы бояулармен портреттер жазу дамыды. Мүсін өнерінде қайта өрлеудің гуманистік идеалдары көрініс тапты. Абсолютизмнің нығаюына байланысты 17 ғасырда өнердің алдына монархтың жеке басы мен билігін мадақтау міндеті қойылды. Бейнелеу және мүсін өнерінің (1648), архитектураның (1671) Корольдік академиясы құрылды. Классицизм элементтері орын ала бастады. Париж бірыңғай стильмен салынған, геом. қатаң пішінді алаңдармен көркейе түсті [Дофин (1607), Вогез, Жеңіс (1685 — 86), Вандом]. Композициясы жағынан қатаң жоспарланған сарайлар (Пале — Руаяль, 1629 —36, арх. Ж.Лемерсье), қоғамдық ғимараттар [Мүгедектер үйі (1671 — 76), арх. Ж.Ардуэн-Мансор, шіркеуімен Сорбонна ғимараты (1629 — 54), арх. Ш.Лемерсье)], Жеңіс аркалары, көпірлер салынды. Қала сыртындағы замоктардың сырт бейнесі өзгеріп, сарайлары мен қызмет ғимараттары, саябақтары бар кешендерге айналды. Олардың ішіндегі әйгілісі — Версаль сарайы болды (арх. Л.Лево, Ж.Ардуэн — Мансар, саябақты жобалаушы — А.Ленотр). 17 ғасырдың ортасынан бастап бейнелеу өнерінде классицизм жетекші жағдайға ие болды. Париж бен Версальдағы сарайларды безендірудің орасан зор жұмыстарына басшылық еткен, “үлкен стиль” бағытының алыбы Ш.Лебрен болды. 18 ғасырдың бас кезіндегі кескіндемеде А.Ваттоның нәзік психологизм мен поэзияға толы туындылары салынды. Ватто шығармаларының сырт көрінісін рококо стилі қабылдағанмен (Ф.Буше), оның шын мәніндегі мұрагері француз реализмі (М.К. Латур, Ж.Б. Шарден, А.Гудон, М.Э. Фальконе) болды. 18 ғасырдың 2-жартысындағы сәулет өнерінде классицизм дәстүрлері қайта жаңғырды. Азаттық үшін күрескен көне заман батырларын, кейінірек революция қаһармандарын дәріптеген (Ш.Л. Давид) революцияшыл классицизм пайда болды. Наполеон империясы кезінде ампир стилі (Ш.Ф. Шлырен, Ш.Персье, П.Фоншен) үстемдік алды. Оған 1820 — 30 жылдардағы өнер шеберлері (Т.Жерико, Э.Делакруа, мүсінші Ф.Рюд) қарсы шығып, 1830 — 60 ж. сыншыл реализмнің (О.Домье), реалистік ұлттық пейзаждың (К.Коро, барбизон мектебі өкілдері) гүлденуіне жағдай жасады. 1848 жылғы революциядан кейін еңбек адамын мадақтаған реалистік шығармалар (Г.Курбе, Ж.Ф. Милле) дүниеге келді. 19 ғасырдың 2-жартысында сәулет өнерінде эклектизм етек алды, сондай-ақ темір-бетонды құрылымдар (А.Т. Эйфель) қолданыла бастады. Импрессионизмнің пленяр (К.Моне, К.Писарро, А.Сислей), жаңа импрессионизм (Ж.Сера, П.Синьяк) және постимпрессионизм (В.Ван-Гог, П.Гоген, А.Тулуз-Лотрек, П.Сезанн) бағыттары жаңа бейнелеу тәсілдерімен (Э.Мане, Э.Дега, О.Ренуар, мүсінші О.Роден) байи түсті. 20 ғасырдың бас кезінде О.Перре темір-бетон құрылымдарды қолданып, Ш.Э. Ле Корбюзье, т.б. қазіргі заманғы сәулет өнерінің тиімді қағидаларын жетілдіре түсті. 20 ғасырдағы құрылыс ісіне әр түрлі құрылыс материалдары (темір-бетон, шыны, металл, пластмасса, т.б.) батыл түрде қолданылды (Э.Бодуен, М.Лодс, А.Люрса, П.Ваго, Б.Зерфюс). Бірқатар қалаларды жаңа жобалармен қайта салу жүзеге асырылды (Гавр, Сен-Дени, т.б.). 20 ғасырдың басында бейнелеу өнерінде көптеген жаңа ағымдар: фовизм (А.Матисс, А.Дерен, М.Вламинк), кубизм (П.Пикассо, Ж.Брак, Ф.Леже), дадизм (М.Дюшан), сюрреализм (И.Танги), т.б. пайда болды. А.Майоль, А.Бурдель, Ш.Деспио өміршең, терең мазмұнды мүсіндер жасады. 2-дүниежүз. соғыстан кейін жаңа реализм қозғалысы (А.Фужерон, Б.Тасмецкий) белең алды. Франция сән және қолданбалы өнер бұйымдарымен де (мата, жиһаз, керамика, шпалер, шыны, эмаль, шілтер, зергерлік бұйымдар, т.б.) даңқы шыққан ел. Елдің музыка мәдениетінің негізін құрайтын француз халық әндері өз бастауын қазіргі Франция аумағын мекендеген кельт, галл және франк тайпаларының ән-жырларынан алады. 9 ғ-да музыканың дамуына монастырьлар мен замоктардың жанындағы әншілік мектептері (метриздер) маңызды рөл атқарды. Мұнда шәкірттерді ән айтуға, әр түрлі аспаптарда ойнауға үйретті. Сонымен бірге негізгі орындаушылары менастрельдер мен жонглерлер болған халықтық өнер де дамыды. Олар көрермендерге балладалардың мазмұнын баяндады, тәлім-тәрбиелік және күлдіргі әндер орындап, ұрмалы-соқпалы, үрлемелі аспаптардыің сүйемелдеуімен көңілді билер биледі. 11 — 13 ғ-ларда кезбе әншілер-трубадурлардың өнері гүлденді. 1528 ж. П.Аттеньян Парижде зайырлық вокалдық шығармалар мен аспаптық пьесалар (дауылпаз, клавесин, спинет, арфа, гитараға, үрлемелі аспаптарға арналған) жинақтарын шығаратын муз. баспаның негізін қалады. 1581 ж. италиялық Б.Бальтазарини Луврда “Патшайымның комедиялық балеті” атты француздың бірінші балет спектаклін қойды. Парижге Венеция мен Болоньядан сазгерлер мен опералық труппалар шақырылды. Алғашқы француз операларының бірін ақын П.Перренмен біріге отырып сазгер Р.Камбер жазды (“Пастораль”, 1659). Олар 1669 — 71 ж. тұрақты опера театрын ұйымдастырды (кейіннен “Гранд-опера”). 18 ғасырдың ортасында симфония пайда болды (Ф.Ж. Госсек). 1830 — 40 ж. Париж өзіне басқа елдердің музыканттарын тартқан дүниежүз. орт-тардың біріне айналды. Мұнда сазгерлер Ф.Лист пен Ф.Шопен, әншілер П.Виардо-Гарсиа мен М.Малибран өз шеберліктерін шыңдап, шығарм. табыстарға жетті. 19 ғасырдан бастап француздық скрипка және вокалдық мектептері дүние жүзіне танымал болды. 1828 жылдан Париж консерваториясы қоғамының концерттері өткізіліп тұрды, 1835 ж. әуесқойлардың хор қоғамы — “Орфеон” ұйымдастырылды. 19 ғасырдың 1-жартысында романтик.-бағдарламалық симфонизмді жасаушы (“Фантастикалық симфония”, 1830) әйгілі сазгер, дирижер және сыншы Г.Берлиоздың даңқы шықты. Кафе-концерттер, театрлық ревю, шансонье, канкан өнерімен әуестену күшейді. Оперетта жанрының көрнекті өкілдері — Т.Оффенбах, Ш.Лекок, Р.Планкен, Ф.Эрве, т.б. болды. 19 ғасырдың 2-жартысында француз операсында реалистік ағым күшейіп, лирикалық опера жанры қалыптасты. Ол әсіресе, Ш.Гуноның шығарм-нда кемеліне келтірілді (“Фауст, 1859, “Ромео мен Джульета”, 1867). Лирикалық опералар 1851 ж. Парижде ашылған “Лирикалар театрында” қойылды. Бұл жанрда А.Тома (“Миньон”, 1866, “Гамлет”, 1868), Ж.Массне (“Манон”, 1884), К.Сен-Санс (“Самсон мен Далила”, 1877), Л.Делиб (“Лакме”, 1883) көзге түсті. Француз музыкасындағы опералық реализмнің шыңы — Ж.Бизенің шығармашылығы еді. Орындау шеберлігі аса жоғары симфониялық оркестрлер құрылды. (Ш.Подлу, 1861). 20 ғасырдың бас кезінде француз музыкасында импрессионизм бағыты белең алды. Бұл бағыттың негізін қалаушы К.Дебюсси еді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін неоклассицизм, экспрессионизм бағыттары бекіді. Сазгер Э.Сати драматургиялық кескіндемеші Ж.Кокшомен бірге жас сазгерлердің импрессионизмге қарсы қозғалысын басқарды. Олардың жолын қуушы сазгерлер А.Онеггер, Д.Мийо, Ф.Пуленк, Ж.Орик, Л.Дюрей, Ж.Тайфер “Алтылық” деп аталатын шығарм. бірлестік құрылды. Оларға И.Ф. Стравинскийдің музыкасы мен Еуропада алғаш пайда болған америка джазы елеулі ықпал етті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жаңа бағыттар пайда болды. 20 ғасырдағы аса танымал француз орындаушыларының қатарына: дирижер — К.Шевильяр, П.Монше, И.Маркевич, А.Клюишенс, Ш.Мюнш, Л.Форестье, П.Паре, Ш.Брюк, С.Бодо, Ш.Маршинон, П.Булез; пианиношылар — Л.Дьемер, И.Нат, А.Корто, М.Лонг, Р.Казадезюс, С.Франсуа, Ж.Б. Помье, М.Бришольери, М.Ааз; скрипкашылар — Ж.Тибо, З.Франческатти, Ж.Неве; виоленчельшілер — П.Фурнье, П.Тортелье, әншілер — Д.Дюваль, Ж.Креспен, Ж.Жириду; шансонье — А.Брюан, М.Шевалье, Мистангет, Э.Пиаф, С.Реджани, Ж.Беко, Ш.Трене, Ж.Брассенс, М.Матье, П.Каас, Д.Дассен, т.б. жатады. Ағайынды Л. және О.Люмьерлер ойлап тапқан кинематограф өнерінің көпшілік алдындағы тұңғыш сеансы (“Поездың келуі”, “Сәбиді емізу”, т.б.) Парижде 1895 ж 28 желтоқсан күні болды. Француз киносының бастапқы кезеңінде шеберлікті қажет ететін қиын көріністерді түсіруді ойлап табушы, “кинофеерия” авторы Ж.Мельес кино саласында жұмыс істеуге көрнекті драматургтерді, театр актерлері мен сазгерлерді тартқан “Фильм дар” фирмасы маңызды рөл атқарды. М.Линдердің қатысуымен түсірілген кинокомедиялар, Л.Фейадтың арандатушылық топтамалары дүние жүзіне танымал болды. Біріш дүниежүзілік соғысқа дейін француз киносы дүние жүзіндегі бүкіл кино өнімдерінің 90%-ға жуығын шығарды (“Пате” және “Гомон” фирмалары). Соғыстан кейінгі жылдары “Авангард” деп аталған, құрамына Л.Деллюк, А.Ганс, М.Л. Эрбье, Ж.Дюлак сияқты кино теориктері мен шеберлері енген топ құрылды. “Авангард” қозғалысына қосылған реалист режиссерлердің бір тобы өнердің басқа түрлерінде қалыптасқан дәстүрлерге сүйене отырып, бірқатар мәнді туындыларды көрермендер назарына ұсынды. Дүниежүзілік киноның үздік үлгілерін насихаттайтын киноклубтар пайда болды. 1930 жылдан бастап дыбысты фильмдер шыға бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Франция кино шеберлерінің “Жаңа толқын” атты тобы пайда болды. Киноның көркемдік шеберлігі жетілдіріліп, қысқа мерзім ішінде киноға 150-ден аса жаңа режиссерлер келді. Олардың ең әйгілі туындылары Кристиан-Жактың “Фанфан-Тюльпан” (1952), “Заңның аты заң” (1958), П.Этекстің “Йо-йо” (1965), т.б. болды. 20 ғ-дың 2-жартысындағы неғұрлым әйгілі француз киноактерлерінің қатарына Ж.Моро, Ж.Л. Трентиньян, Ж.П. Бельмондо, К.Денев, А.Делон, А.Жирардо, Ж.Депардье, Рено, Ж.Маре, П.Ришар, т.б. жатады. Францияда режиссерлер, операторлар мен басқа да кино мамандарын даярлаумен 1943 ж. ұйымдастырылған жоғарғы кино білімі институты айналысады. Жылына 300-дей әр түрлі фильмдер түсіріледі. 1972 ж. Кино тарихының музейі ашылды. 1946 жылдан бастап Канны қаласында Халықараралық кинофестиваль өткізіліп тұрады.

1 ӘДЕБИЕТТЕР


1 Негізгі әдебиеттер

.1.1 Іңкәрбаев Н.О. Архитектура. Оқу құралы. Алматы. «Эверо» баспасы,2009-826.

1.2 Буга П.Г.Гражданские, промышленные и и сельскохозяйственные здания – 2-е изд. перераб. доп. – М.. Высш.школа., 1987. – 351 стр..: ил.

1.3ВоробьевВ.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Учеб. пособие для строительных специальностей вузов. 4-е изд. перераб. и доп. – М.: Высш. шк., 1987-248с..


12 Қосымша әдебиеттер

12.1 Ким Н.Н, Маклакова Т.Г. Архитектура гражданских и промышленных зданий. – М.: Строииздат, 1987. – 287 стр..: ил


Тесттер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет