Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті



бет3/3
Дата17.06.2016
өлшемі390 Kb.
#142785
1   2   3

Тұрақты жүктемелерге имараттар мен ғимараттардың тұрақты бөлшектерінің салмағы; грунттардың салмағы мен қысымы; конструкциялардың алдын - ала кернеулеу әсері жатады (п.І.бҚМжЕ 2.01.07-85).

Ұзақмерзімді жүктемелерге уақытша қалқалардың салмағы; стационарлы жабдыктардың салмағы; резервуарлардың, газголъдердің, құбыржолдардың ішіндегі сұйықтар мен газдардың қысымы; сыйымсауыттардағы сусымалы материалдардың салмағы; қоймалардың, кітапханалардың және сол сиякты имараттар жабындарына түсетін жүктемелер; технологиялық ұзақ температура әсерлері жатады (п.1.7 ҚМжЕ 2.01.07-85).

Қысқамерзімді жүктемелерге атмосфера, яғни қар, жел, көкмұз жүктемелері мен тсмпература-ауа райының әсерлері; имараттар мен ғимараттарды тұрғызу МКС пайдалану кезінде қолданылатын көтергіш-көліктік жабдықтардың (кран, тельфер) жүктемелері; тұрғын және қоғамдық имараттар аражабыңдарына түсетін адамдар, жиһаздар массасының жүктемелері және т.б. жатады (п.1.8 ҚМжЕ 2.01.07-к %)

Ерекшелі жүктемелерге сейсмикалық және жарылыс әсерлері; жабдықтар

бұзылып технологиялық үрдісінің күрт өзгеруіне байланысты жүктемелер; грунт құрылымы өзгеруінің арқасында негіздіктің шөгуінен пайда болатын әсерлер жатады (п.1.9 ҚМжЕ 2.01.07-85).

Дәріс №9 Тақырыбы МӨЛШЕРЛІК ЖҮКТЕМЕЛЕР


Имараттар мен ғимараттарды калыпты жағдайларда пайдалануға мүмкіндік беретін мөлшерлік ережелермен белгіленген (конструкцияларды жүктеменің бір дүркін әсеріне есептегенде) жүктемелер мен әсерлердің ең үлкен мәндері немесе (шаршап қирауын тексергенде) ең жиі кайталанатын жүктемелер мөлшерлік жүкгемелср деп аталады.

Тұрақты жүктемелер және әсерлер. Конструкциялар массасының мөлшерлік жүктсмелері стаңдарттардың және әзірлеуші зауыттардың мәліметтері бойынша немесе жобалау кезіндегі белгіленген өлшемдері бойынша анықталады. Грунттар жүктемесі грунт түріне және оның тығыздығына байланысты белгіленеді. Конструкцияларды алдын ала кернеулеу әсерінің мөлшерлік мәні жобалаған кезде тағайындалады.

Ұзакмерзімді жүктемелер және әсерлер. Жабдық салмағының мөлшерлік жүктемелері стандарттар және каталогтар бойынша немесе жобалау тапсырмасы мәліметтерінен анықталады. Сұйықтар мен газдардың және сусымалы материалдардың конструкцияларға кысымы жобалау тапсырмасында көрсетіледі. Қоймалардың, архивтердің, кітапханалардың аражабындарына түсетін жүктемелер ҚМжЕ 2.01.07-85 бойынша қабылданады.

Қысқамерзімді жүктемелер және әсерлер. Тұрғын және қоғамдық имараттар аражабдыктарына түсетін адамдар, жиһаздар массасының жүктемелері ҚМжІ',1 2.01.07-85-де келтірілген. Көтергіш-көліктік жабдықтардың мөлшерлері жүктемелері стандарт немесе зауыт құжаттары бойынша қабылданады.

Кар жүктемесі. Жердің 1м2 горизонталды бетіне түсетін қар салмағының мөлшерлік мәні S0 гидрометеорология қызметі мөліметтері бойынша белгіленеді. Төбежабынының горизонталды проекциясына келетін қар жүктемесінің толық мөлшерлі мәні S мына өрнек бойынша анықталады:

S= S0 µ,

мұндағы S„ -құрылыс жүргізілетін ауданға байланысты, жердің 1м2 горизонталдыі бетіне түсетін қар салмағының мөлшерлік шамасы;

µ-жер бетіңцегі қардың салмағынан төбежабынға түсетін жүктсмеге аудару коэффициенті. Бүл козффициенттің мәні төбежабын көрінісіне байланысты ҚМжЕ 2.01.07-85 3-қосымшасында келтірілген.



Жел жүктемесі Жел жүктемесінің мөлшерлік мөні мына өрнек бойынша анықталады: ωm =ω0 *k*C

Мұндағы ω0-имаратгың немесе ғимараттың орналасқан ауданына байланысты, ҚМжЕ 2.01.07-85 5-кестесі бойынша қабылданатын, жел қысымының мөлшерлік шамасы; к-биіктігі бойынша жел қысымының өзгеруін ескеретін коэффициент (ҚМжЕ 2.01.07-85* 6-кесте); С - аэродинамикалық коэффициент (ҚМжЕ 2.01.07-85*1 4-қосымшасында).

Көк мүз жүктемелері электр тарату және байланыс ауа жолдарын, антенналық-мачталық құрылғыларды жобалаған кездерде ескеріледі. Көк мүз жүктемесін ҚМжЕ 2.01.07-85 7-пункті бойынша қабылданады.

Қоршаған ауа температурасының өзгеруі мен күн радиациясының және технологиялық факторлардың температуралық әсерлері, конструкциялардың беріктігі мен деформациялығына ыкпалының тиюі мүмкін болған жағдайда есептеуде ескеріледі. Температура әсерлері ҚМжЕ 2.01.07-85 8-пункті бойьшша анықталады. Сейсмикалық әсерлердің шамасы кұрылыс жүргізілетін ауданның есептік сейсмикалығына қарай ҚР ҚМжЕ 2.03-30-2006 "Сейсмикалық аудандардағы құрылыс" бойынша белгіленеді.

Дәріс №10 Тақырыбы ЖҮКТЕМЕЛЕР ҮЙЛЕСІМІ

Жүктемелер конструкцияларға жекелей түспей бір-бірімен үйлесіп әсер етеді.

Құрылыс конструкцияларын есептеген кезде ең қолайсыз, физикалық қисыны

бар жүктемелер үйлесімдері ескеріледі. Есепке алынған жүктемелердің

құрамына байланысты үйлесімдер негізгілер және ерекшелілер болып екі түрге

бөлінеді.



Негізгі үйлесімдерге тұрақты, ұзақмерзімді және қыскамерзімді жүктемелер кіреді. Ал ерекшелілерге тұрақты, ұзақмерзімді, қисыны бар қысқамерзімді жүктемелер және ерекшелілердің бір жүктемесі кіреді.Бірнешс жүктемелердің ең үлкен мәндері бір мезгілде пайда болуы күмәнді.

Сондықтан уакытша жүктемелер немесе оларга сөйкес күштеулер үшін үйлесім коэффициентін 1-ден асырмай қабылдайды. ҚМжЕ 2.01.07-85* "Жүктемелер және әсерлер бойынша, егер негізгі үйлесімдер кұрамына тұракты жүктемелер және біруақытша (ұзакмерзімді немесе қысқамерзімді) жүктеме кіретін болса, онда үйлесім коэффициенттері кабылданады. Негізгі үйлесімдер құрамына тұрақты жүктемелер және екі немесе одан көп уақытша жүктемелер

Кірген жағдайларда есептік ұзақмерзімді жүктемелер немесе оларға сәйкес күштеулер - 0,95, ал кысқамерзімділері =0,9 үйлесім коэффициенттеріне көбейтіледі.

Конструкцияларды жүктемелер мен әсерлердің ерекшелі үйлесіміне

есептегенде, имараттар мен ғимаратгарды сейсмикалы аудандарда жобалау ережесіне ескертілген жағдайлардан басқа кездерде, қысқамерзімді жүктемелер немесе оларға сәйкес күштеулер =0,8, ұзақмерзімділері

- 0,95 үйлесім коэффициенттеріне кебейтіледі.




Дәріс №11 Тақырыбы МАТЕРИАЛДАРДЫҢ МӨЛШЕРЛІК КЕДЕГІЛЕРІ
Күштер әсеріне материалдар кедергісінің негізгі параметрі болып материалдар қасиетінің аумалылығы ескерілген мөлшерлік кедергілері саналады.

Мөлшерлік кедергілер материалдардың механикалық қасиеттері статистикалық өндеу негізінде табылады. Олардың шамасы қамтамасыздығы 95%-дан кем болмайтындай етіп белгіленеді, яғни механикалық қасиеттері төмендеу материалдар үшін кездейсоқ ауытқу шамасы 5%-дан аспауы керек.

Болаттың созуға, сығуға, майысуға мөлшсрлік кедсргісі ретінде, металды мемлекеттік стандарттармен және техникалық шарттармен кепілденген с аққыштық шек кернеуінің ең төмен бақыланатын мәні қабылданады. Оны былай белгілейді " ". Анық білінген аққыштық алаңшасы жоқ болса, шартты аққыштық шегі ретінде салыстырмалы қалдық ұзаруы 0,2%-ға сәйкес келетін 1 кернеуі қабылданады.

Егер де созуға жұмыс жасайтын конструкңиялардың пайдалануын аққыштық шегіне жеткеннен кейін де жалғастыра беруге болатын болса (мысалы ішкі қысымға ұшырайтын құбыржолдар, цилиндрлік сыйымсауыттар), онда; мөлшерлік кедергі ретінде ең кіші кепілденген беріктік шегінің, яғни уақытша кедергісінің 1 мәні қабылданады. Оның белгісі " ".

Құрылыстық болаттардың беріктік қасиетгерін толығынан пайдалану мақсатымен, ҚР ҚМжЕ |4] олардың мөлшсрлік кедергілері әр болат үшін. прокаттың түріне және оның қалыңдығына карай бөлек берілген.

Алюминий қорытпаларының мөлшерлік кедергісі ретінде екі-0,7 және мәндерінің кемдеуі қабыдданады.


Дәріс №12 Тақырыбы МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ЕСЕПТІК КЕДЕРПЛЕРІ


Металлургия зауыттарында акқыштық шегін немесе уақытша кедергісін ішінара сынаумен тексереді, демек металл конструкцияның ішіне Мемлекегтік стаңдартта белгіленген қасиеттсрден жамандау материал абайсызда түсіп кетуі мүмкін. Металдардың механикалық касиеттері кішкене үлгілерде, қысқамерзімді және бір ості жүктеу кезінде тексеріледі. Шындығында металл жүктеменің ұзақмерзімді әсеріне үлкен өлшемді конструкцияларда күрделі кернелген жағдайында жұмыс жасайды. Осы факторлардың ықпалынан материал кедергісінің мөлшерлік мәнінен қолайсыз жағына ауытқуы мүмкіндігін материал бойынша сенімділік коэффициентімен есепке алынады. Мемлекеттік стандарттар немесе техникалық шарттар (ТУ) бойынша болаттың механикалық қасиеттерін тексеру ерекшеліктеріне байланысты материал бойынша сенімділік коэффициенттің шамасы 1,025-1,10 аралығында берілген. Мөлшерлік кедергіні материал бойынша сенімділік коэффициентіне бөліп алынған сипаттама есептік кедергі деп аталады

Болаттың есептік кедергілерінің санды мәндері ҚР ҚМжЕ [4] 51-кестесінде, алюминий қорытпаларыныкі ҚМжЕ 2.03.06-85-те келтірілген.

Кернеуленген жағдайлардың басқа түрлері үшін есептік кедергілері мына өрнектер бойынша анықталады:

а) прокаттың қалындығы бағытында созу үшін (60мм-ге дейін)

Дәріс №13 Тақырыбы КОНСТРУКЦИЯЛАРДЫҢ Ж¥МЫС ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ БОЙЫНША СЕНІМДІЛІК КОЭФФИЦИЕНТТЕРІ
Элементгер материалының және толығымен конструкциялардың, имараттар мен ғимараттардың есептерінде қарастырылмаған нақты жұмысының ерекшеліктері, керекті жағдайларда жұмыс шарттары үс коэффициентімен ескеріледі. Ол температураның, қоршаған орта агрессивтігінің, әсерлер ұзақ мерзімділігінің және қайталанғыштығының, есептік сұлбалардың жуықтығының ықпалдарын ескеріп, есептік кедергі мәніне көбейткіш ретінде енгізіледі. Тұрғызу және пайдалану жағдайларында материалдар мен 'конструкциялардың нақты жұмысын теориялық және эксперименталдық «•цтгсулер негізінде анықталған ус коэффициенттің сандық мәндері ҚМжЕ [4] кестесінде және 4-қосымшасында келтірілген. Көбінесе қалыпты жұмыс жағдайларында үс=1, мұндай кезде оны есепке енгізбеуге болады.

Имараттар мен ғимараттардың жауаптылық, күрделілік дәрежесі және шекті жағдайларына жеткендегі зардаптарының маңыздылығы керекті жағдайларда ү„ жауаптылығы бойынша сенімділік коэффициентімен ескеріледі. Оның саңдық мәндері "Конструкцияларды жобалау кезіңде имараттар мен ғимараттардың жауаптылық дәрежесін есепке алу ережелерімен" анықталады. ' Осы коэффициентке есептік жүктеулер немесе күштеулер мәнін көбейту керек.

Халық шаруашьшық немесе әлеуметтік аса маңызы бар негізгі ғимараттар имараттар нысандары (ЖЭС, АЭС, сыйымдылығы 10 мың м3-ден артық резервуарлар, театрлар, цирктер, оқу орындары, ауруханалар имараттары )

ү = 0,95-1,2.

Халық шаруашылық немесе әлеуметтік маңызы бар имараттар мен ғимараттар нысандары (өндіріске, ауыл шаруашылыққа және тұрғын-азаматтыққа арналған нысандар) үшін ү = 0,95.

Халық шаруашьшық немесе элеуметгік шамалы маңызы бар имараттар мен ғимараттар нысаңдары (қоймалар, бір қабат тұрғын үйлер, уақытша имараттар мен ғимаратгар және т.б.) үшін ү = 0,8


Дәріс 14 Тақырыбы МЕТАЛЛ КОНСГРУКЦИЯЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ



4.1 ДӘНЕКЕРЛІ ҚОСЫЛЫСТАР
Дәнекерлеу болат қосылысының негізгі тәсілі болып табылады. Казіргі

уақытта елімізде болат құрылыс конструкцияларының шамамен 98% дәнкерлеумен жасалады. Отанымыздың металл құрылысындағы негізгі ерекшелігі осында, өйткені шет елдерде әр түрлі себептерден конструкциялардың жартысына жуығы тойтармалап жасалады.

Дәнекерлі конструкциялардың негізгі артыкшьшықтары мынада.

1. Конструкциялар массасын кемітумен металл шығыны 15-20%-ға үнемделеді. Ол тойтармаға арналған тесіктері болмай, бөлшектердің созылған аймағындағы қимасын толығымен пайдалану және ұтымды конструктивтік түрі арқылы орындалады. Дәнекерленген құрамалы арқалықтардың түйісі көмекші бөлшектерсіз жасалса, тойтармаланған арқалықтар түйісі бастырмалар көмегімен әзірленеді. Дәнекерлеу кезінде өз ара тікше жазықтықтарда орналасқан бөлшектер тікелей қосылса, тойтармалаған кезде бүрыштамалар арқылы қосылады.



сурет. Дәнекерленген және тоитармаланған қосылыстар


Дәнекерленген конструкцияларда балқыған металдың массасы негізгі металл массасының 2%-нан аспайды. Тойтармаланған конструкцияларда тойтарманың массасы 3,5-4%-ға дейін жетеді.

2. Металл өндеу операциялары санының азаюы және олардың жеңілдеуі арқасында конструкцияларды әзірлеу еңбексыйымдылығының төмендеуі.

3. Дәнекерлі жіктердің тығыздығы және герметикалығы, бұл әсіресе резервуарлар мен газгольдерді әзірлеу және жинақтау кезіңде маңызды.
Дәріс №15 Тақырыбы ДӘНЕКЕРЛЕНГЕН ЖІКТЕРДІҢ ЖӘНЕ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ

ТҮРЛЕРІ
Дәнекерлі жіктер бірқатар белгілері бойынша бөлінеді: 1) конструкциясы бойынша олар түйістік және бұрыштық болуы мүмкін. Түйістік жіктер ұтымды түрі болып табылады, себебі кернеулер шоғырлануы аздау келеді. Бірақ, жақсы дәнекерленуі үшін, олар жиектерінің қосымша өңделуін талап етеді. Жиектерін өндеу пішініне сәйкес түйістік жіктер V, U, К, Х-түрінде болады. Жіктерді өндеу өлшемдері дәнекерлеу әдісіне (қолдық немесе автоматтық), дәнекерленетін элементтердің қалыңдығына, жіктің сипаттамасына (біржақты немесе екіжақты) байланысты.

Түйістік жіктер дәнекерленетін металдар арасындағы кеңістікті балқыған металмен толтыру арқылы орындалады. Бұрыштық (білікшелік) жіктерді орындау үшін дәнекерленетін элементтер арасындағы бұрыш балкыған металмен толтырылады. Әсер ететін остік күштеуге параллелді орналасқан бұрыштық жіктер қапталдық, ал оған тікше орналасқаны маңдайлық деп аталады;




сурет. Дәнекерленетін элементтердің жиектерін әзірлеу түрлері
2) тағайындалуы бойынша дәнекерлі жіктер жұмысшы және байланыстырушы-конструктивтік болады. Байланыстырушы жіктер конструкцияның беріктігіне әсерін тигізбейді. Оларды конструктивтік талаптар бойынша белгілейді. Жұмысшы жіктер әсер ететін күштеуге есептелулері керек;

3) орындау орны бойынша дәнекерлі жіктер зауыттық және құрастырулық болып бөлінеді. Зауыттық жіктер стационарлы жағдайларда конструкцияның жөнелтетін элементгерін әзірлегенде, ал құрастырулық жіктер элементтерді ірілендіру жинағы кезінде құрылыс алаңыңда орындалады;





4) дәнекерленген кезде кеңістіктегі жайы бойынша жік төменгі, тік, горизонтальды және төбелік болуы мүмкін. Олар жіктің бойлық және көлденең өстерінің бұрылу бұрышына байланысты Мемлекеттік стандартпен белгіленеді;

5. Ұзындығы бойынша дәнекерлі жіктер үздіксіз, үзілмелі (шпонкалы) болып

бөлінеді.

Дәнекерлі қосылыстар дәнекерленетін элементтердің өзара орналасуына

Байланысты түйістік, қаусырмалық, бұрыштық, таврлық және құрастырмалы болып бөлінеді.

сурет. Дәнекерлі қосылыстардың түрлері
в-түйістікті; б-каусырмалықты (1-маңдайлық, 2-қапталдық жіктер);

в-құрастырмалы; г-бұрыштықты; д-таврлы



Түйістік деп бөлшектері бірімен бірі бүйірімен немесе шетімен қосылып, бір бөлшсгі екіншісінің жалғасы болатын қосылыстарды атайды. Түйістік қосылыс түзу немесе қиғаш түйістік жікпен орындалады. Аталып шыққаң қосылыстардың қалғандары бұрыштық ( біліншілік) жіктермен жасалады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет