Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ


Латын тілі – жарқын болашақ кепілі



бет7/14
Дата27.06.2016
өлшемі1.56 Mb.
#161335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Латын тілі – жарқын болашақ кепілі


САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: ветеринариялық терминологияның сөз құрылымдық, лексикалық және граматикалық ерекшеліктерін үйрену және меңгеру үшін ветеринарияның – анатомиялық, фармацевтикалық, гистологиялық және клиникалық-терапевтикалық тарауларында жиі қолданылатын атауларды, ұғымдарды түсінуге пайдалануға үйретеді.

Латын тілі – ғылым тілі ретінде нақты және табиғи ғылымдардың қызметтік тілі болып табылады. Латын тілін меңгеру барысында пәнді ғылымға сәйкес өзіндік ерекшелігі тұрғысынан қарастыра отырып, тілдік мағынада сөйлемнің стилистік мәнін толық түсіне білу және халықаралық деңгейдегі ұғымы ретінде түсіну керек. Сондықтан да белгілі бір саланы меңгеру үшін әр бөлімге сәйкес грамматикалық және лексикалық қажеттіліктер таңдалынып, сөзжасамдық үлгілері оқытылады.

Латын граматикасын оқу барысында негізінен клиникалық терминологиялық сөз жасамды толық меңгеріліп, ауру малға диагноз қою және латын терминдерін ветеринариялық медицина саласында пайдалану үйретіледі.

студенттерге латын тілінің шығу тарихы, құлпы-

руы жəне құлдырау кезеңдері, ветеринария саласындағы латын терминологиясының орны туралы мағлұмат беру.

Қазіргі кезде жаңа латын əліппесінде 25 əріп бар

Жазылуы Транскрипция Айтылуы Жазылуы Транскрипция Айтылуы

A, a а а N, n эн н

B, b бэ б O, o о о

C, c цэ ц/к P, p пэ п

D, d дэ д Q, q ку к

E, e э э R, r эр р

F, f эф ф S, s эс с

G, g ге г T, t тэ т

H, h га (ха) гх U, u у у

I, i и и V, v вэ в

J, j йот (йота) й X, x икс кс

K, k ка к Y, y ипсилон и

L, l эль л Z, z зэт з

M, m эм м

Латын терминологиясында кейде Ww — дубль вэ деген əріп кездесіп

қалады. Ол неміс тіліндегі [в] немесе ағылшын тіліндегі [у] сияқты

айтылады. Wassermann [Ва.ссэрманн], Webster [Уэ.бстэр], Wilson [Уи.лсон].

Биологиялық, биохимиялық, фармацевтикалық жəне химиялық номен-

клатураларда жануарлар мен өсімдіктердің родтық аты үлкен əріптермен

жазылады:

1) Lacerta [ляцэ.рта] – кесіретке, Urtica [урти.ка] - крапива, Arthropoda

[артро.пода] - буынаяқтылар;

2) химиялық элементтердің аты мен катиондар - Ferrum [фэ.ррум] - темір,

Natrii chloridum [на.трии хлё.ридум] - натрии хлориді;

3) биохимиялық субстанциялар мен биохимиялық препараттар – Serotoninum

[сэротони.нум] - серотонин_______, Tetracyclinum [тэтрацикли. -нум] – тетра-

циклин.

Дауыстардың жіктелуі:

Латын тілінде дыбыстар дауысты (a, e, i, o, u, y) жəне дауыссыз (b, c, d,

f, g, h, k, l, m, n, p, q, r, t, v, x, z) болып бөлінеді.

j əрпінің жəне дауыссыз дыбыстардың айтылуы

Жеке дауыстылар a, e, i, o, u монофтонгтар деп аталады жəне олардың

айтылуы мен аталуы бірдей болып келеді: arenosus [арэно.зус] - құмды, Rana

[ра.на] - бақа, Triticum [три.тикум] - дəн.

Y (ипсилон) əрпі грек тілінен енген жəне дауысты i болып айтылады.

Бұл əріп француз тілінде «игрек» («грек и») деп аталады: pterygoideus

[птэригои.дэус] - қанат тəрізді, symbiosis [симбио.зис] - симбиоз, zygota [зиго.-

та] - зигота.

Егер дауысты i дауысты a, e, o, u əріптерінің алдында тұрса, онда ол

[й] болып - сол əріптермен қосылып орыс тіліндегідей [я], [е], [ё], [ю]

дыбыстарын құрайды: iaponicus [япо.никус] - япондық, maialis [мая.лис] -

мамырлық, Iuniperus [юни.пэрус] - можжевельник.

Кей сөздерде i əріпі дауыстылардың алдында өз алдына, жеке айтылады:

Iodum [ио.дум] - йод, geriater [гериа.тэр] - кəрі жастағы ауруларың дəрігері.

Дауысты [и] дыбысы келесі дауыстылармен қосылып басқа дауыс

бергендіктен, XVI ғасырда латын əліппесіне дауыстылардың алдына қойы-

латын Jj - йот (йота) əріпі қосылды. Осылайша, iaponicus, maialis, Iuniperus

сөздері j əрпімен (japonicus, majalis, Juniperus) деп те жазыла алады. Бірақ, i

əрпінің j əрпіне ауыстырылуы міндетті емес.
Латын афоризмдері:

1.A. lma ma.ter - ұшқан ұя

2. Non scho.lae, sed vi.tae di.scimus - мектеп үшін емес, өмір үшін оқимыз

3. Nu. lla di.es si.ne li.nea - білімсіз бір күн өтпесін

Бақылау сұрақтары:

1. Латын тілінің шығу тарихы.

2. Архаикалық дəуір, ғалымдар, олардың жұмыстары.

3. Классикалық дəуірге дейінгі уақыт.

4. Алтын ғасыр, ғалымдар мен олардың трактаттары.

5. Күміс ғасыр ғалымдары.

6. Кейінгі ғасыр дəуірі.

7. Латын тілінің қазіргі замандағы орны.
5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған

«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен № 2 Тәжірибелік сабақ
Модуль 1 Латын граматикасының анатомиялық терминологиясы
ТАҚЫРЫБЫ: Монофтонгтар, дифтонгтар және диграфтар. Тұрақты сөз тіркестері, оқылу ережелері. Екпін, буындар түрлері.
Негізгі әдебиеттер

1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006

2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990

3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988

Қосымша әдебиеттер

1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978

2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: ветеринариялық терминологияның сөз құрылымдық, лексикалық және граматикалық ерекшеліктерін үйрену және меңгеру үшін ветеринарияның – анатомиялық, фармацевтикалық, гистологиялық және клиникалық-терапевтикалық тарауларында жиі қолданылатын атауларды, ұғымдарды түсінуге пайдалануға үйретеді.

Латын тілі – ғылым тілі ретінде нақты және табиғи ғылымдардың қызметтік тілі болып табылады. Латын тілін меңгеру барысында пәнді ғылымға сәйкес өзіндік ерекшелігі тұрғысынан қарастыра отырып, тілдік мағынада сөйлемнің стилистік мәнін толық түсіне білу және халықаралық деңгейдегі ұғымы ретінде түсіну керек. Сондықтан да белгілі бір саланы меңгеру үшін әр бөлімге сәйкес грамматикалық және лексикалық қажеттіліктер таңдалынып, сөзжасамдық үлгілері оқытылады.

Латын граматикасын оқу барысында негізінен клиникалық терминологиялық сөз жасамды толық меңгеріліп, ауру малға диагноз қою және латын терминдерін ветеринариялық медицина саласында пайдалану үйретіледі.

Латын тілінде дыбыстар дауысты (a, e, i, o, u, y) жəне дауыссыз (b, c, d,

f, g, h, k, l, m, n, p, q, r, t, v, x, z) болып бөлінеді.

j əрпінің жəне дауыссыз дыбыстардың айтылуы

Жеке дауыстылар a, e, i, o, u монофтонгтар деп аталады жəне олардың

айтылуы мен аталуы бірдей болып келеді: arenosus [арэно.зус] - құмды, Rana

[ра.на] - бақа, Triticum [три.тикум] - дəн.

Y (ипсилон) əрпі грек тілінен енген жəне дауысты i болып айтылады.

Бұл əріп француз тілінде «игрек» («грек и») деп аталады: pterygoideus

[птэригои.дэус] - қанат тəрізді, symbiosis [симбио.зис] - симбиоз, zygota [зиго.-

та] - зигота.

Егер дауысты i дауысты a, e, o, u əріптерінің алдында тұрса, онда ол

[й] болып - сол əріптермен қосылып орыс тіліндегідей [я], [е], [ё], [ю]

дыбыстарын құрайды: iaponicus [япо.никус] - япондық, maialis [мая.лис] -

мамырлық, Iuniperus [юни.пэрус] - можжевельник.

Кей сөздерде i əріпі дауыстылардың алдында өз алдына, жеке айтылады:

Iodum [ио.дум] - йод, geriater [гериа.тэр] - кəрі жастағы ауруларың дəрігері.

Дауысты [и] дыбысы келесі дауыстылармен қосылып басқа дауыс

бергендіктен, XVI ғасырда латын əліппесіне дауыстылардың алдына қойы-

латын Jj - йот (йота) əріпі қосылды. Осылайша, iaponicus, maialis, Iuniperus

сөздері j əрпімен (japonicus, majalis, Juniperus) деп те жазыла алады. Бірақ, i

əрпінің j əрпіне ауыстырылуы міндетті емес.

Қосалқы дауысты дыбыстардың айтылуы

Латын тілінде дербес a, e, i, o, u, y дауыстыларынан басқа екі

дауыстының тіркесінен тұратын ae, oe, au, eu дыбыстары бар. Классикалық

дəуірде бұлардың бəрі де екінші сыңары буын құрай алмайтын дифтонгілер

ретінде оқылған.

Ae дифтонгі ] дыбысын береді: Algae [а.льгэ] — водоросли, arteriae

[артэ.риэ] — артериялар.

ае

Э

ое

Oe дифтонгі [э] дыбысын: amoeba [амэ.ба] - амеба, Foeniculum [фэни. -

кулюм] - фенхель, укроп.

Au дифтонгі [ав] дыбысын: auris [а.врис] - құлақ, caudalis [кавда.лис] -

құйрықты жағы.

Au ав

Eu дифтонгі [эв] дыбысын: Eucalyptus [эвкали.птус] - эвкалипт, pleura

[пле.вра] - плевра.

Eu эв

Eu дифтонгі сөздің соңында m жəне s дауыссыздарының алдында

дифтонг құрмайды жəне буынға бөлінеді: calcaneus [калька.нэус] — өкшелік_______,

peritoneum [пэритонэ.ум] - ішперде (құрсақ қуысын қаптайтын кілегейлі

қабық).

Кейде биологиялық атауларда грек дифтонгі ei кездеседі де [эй] болып

оқылады: Teichodectidae [тэйходэкти.дэ] - жүн жегіштер, seirosporae [сэйро.

спорэ] - сейроспорлар.

Кей жағдайларда ae немесе oe дифтонг құрмайды жəне əр дауыссызды

жеке айту керек. Бұл үшін екінші дауыстының үстіне қос нүкте қойылады:

aёr [а.эр] - ауа, uropoёticus [уропоэ.тикус] - зəртүзгіщ, Aloё [а.лёэ] – алоэ,

erythropoēsis [эритропоэ.зис] - эритроциттердің пайда болуы, Aquila chrisaĕtos

[а.квиля хриза.этос] - бүркіт.

Дауыссыз дыбыстардың айтылуы

С əрпі e, i, y жəне ae, oe, eu, ei дифтонгтарының алдында [ц] болып

оқылады: сervix [цэ.рвикс] - шея, шейка, Picidae [пици.дэ] - дятловые,

zoocoenosis [зооцэно.зис] - зооценоз.

С əрпі a, e, u дауыстылардың, au дифтонгінің жəне басқа дауыс-

сыздардың (h-тан басқа) жəне сөз соңында тұрғанда [к] болып оқылады:

cranium [кра.ниум] - бас сүйек, coracoclavicularis [коракоклявикуля.рис] -

тұмсықтəрізді-тікенекті.

G əрпі [г] болып оқылады: genotypus [гэно.типус] - генотип, marginalis

[маргина.лис] - шеткі, шет орналасқан.

H əрпі беларусь немесе украин халқының сөздеріндегі [г] сияқты

оқылады - гай, гурт, homo [го.мо] - человек, Hydrargyrum [гидра.ргирум] -

сынап. Бұл əріпті орыс тіліндегі [г] əрпі сияқты оқуға болмайды.

K əрпі түбі латын тілінен шықпаған сөздерде [к] дыбысын беру үшін

қолданылады, əсіресе e, i, y дауысты дыбыстарының алдында: : Kalium [ка.

лиум] - калий, kurilensis [куриле.нзис] - курильдік, oligokinesia [олигокинэзи.

а] - аз қимылдаушылық.

L əрпі дауысты жəне дауыссыз дыбыстылардың алдында [ль] болып

жұмсақ оқылады: lambliosis [лямблио.зис] - лямблиоз, pulmo [пу.льмо] - өкпе,

tridactylus [трида.ктилюс] - үш саусақты.

Q əрпі дауыссыз u əрпімен жəне одан кейін тұратын (a, e, i, o, u)

дауыстылармен ғана бірге қолданылады. Бұл жағдайда ол [кв] болып

оқылады: aqua [а.ква] - су, liquidus [ли.квидус] - сұйық, Quercus [квэ.ркус] -

емен.

S əрпі дауыстылардың ортасында жəне m, n дауыссыздарының жанында

[з] болып, ал басқа жағдайда [с] болып оқылады: plasma [пля.зма] - плазма,

Rosa [роза] - ро.за.

Z грек сөздерінде ғана кездесіп, [з] деген дыбысты білдіреді: Oryza [ори.

за] - күріш, trapezius [трапэ.зиус] - трапеция тəрізді. Zincum [ци.нкум] - цинк

сөзі бұл қағидаға бағынбайды.

Дауыстылар мен дауыссыздардың тіркесі

Ngu əріптерінің тіркесі дауыстылардың алдында [нгв] болып оқылады:

lingua [ли.нгва] - тіл, sanguis [са.нгвис] - қан.

Ti тіркесі классикалық дəуірде барлық жағдайда ти болып оқылған.

Бірақ кейіннен, IV-V ғасырлардың өзінде, ti тіркесі дауысты дыбыстардың

алдында тұрғанда жұмсарып, [tsi] [ци] деп оқылатын болды: ratio [рацио] –

ақыл-ой, (осыдан рациональды), initium [инициум] – бас(ы) (осыдан инициал,

инциатива). Бірақ, ti -sti-, xti-, tti- тіркестерімен келгенде (ti+дауысты

дыбыстың алдында s, x,t əріптері тұрса), Ti [ти] болып оқылады: digestio

[дигэ.стио] - ас қорыту, mixtio [ми.кстио] - араластыру.

Su əріптерінің тіркестері дауыстылардың алдында [св] болып оқылады:

consuetudo [консвэту.до] - əдет, suavis [свавис] - жағымды.

Дауыссыздар тіркесінің айтылуы:

Грек тілінен енген сөздерде кездесетін ch, ph, rh, th тіркестеріндегі һ

əрпі бергі кездерде дыбыстық таңба ретінде қызметін мүлдем жоғалтқан.

Соған орай бұл тіркестер қазіргі кезде төмендегіше оқылып жүр:

ch [х] сияқты: bronchiolus [бронхи.олюс] - бронхиола, Chrysidoidea

[хризидои.дэа] - осы-блестянки.

ph [ф] сияқты: photophilus [фото.филюс] - фотофильдік, polyphagus

[поли.фагус] - полифаг.

rh [р] сияқты: Rhetor [рэ.тор] - шешен.

th [т] сияқты: Anthozoa [антозо.а] - коралл полиптері, Arthropoda [артро.

пода] - буынаяқтылар.

sch əріптерінің тіркестері [сх] болып оқылады: schizogonia [схизого.

ниа] - схизогония, schola [схола] - мектеп.

Х əрпі барлық жағдайда [ks] кс болып оқылады: vix [викс] - əрең, rex

[рекс] – патша, pax [пакс] – тыныштық, бейбітшілік.

Латын афоризмдері:

1. Homo sum, humāni nihil a me aliēnum puto - мен адаммын, адамға

тəн нəрсе маған жат емес

2. Eruditio aspĕra optĭma est - Қатаң тəртіп – жақсы тəртіп.

3. Labor omnia vincit - Еңбек бəрін жеңбек

Бақылау сұрақтары:

1. Латын əліппесінің əріптерін атаңыз. W əрпі.

2. Дауысты жəне дауыссыз дыбыстар.

3. j əріпі жəне дауысты дыбыстардың айтылуы.

4. Дауыссыз дыбыстардың айтылуы.

5. Дифтонгтардың айтылу ерекшеліктері.

6. С əрпінің Ц жəне К болып айтылуының ерекшеліктері.

7. Дауыссыздардың _______айтылуы, мысалдар.

8. S жəне Qu əріптерінің айтылу ерекшеліктері, мысалдар.

9. Дауыссыз жəне дауыстылардың тіркестері, мысалдар.

10. Ngu ,Ti, Su əріптерінің тіркестерінің ерекшеліктері, мысалдар.

5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған

«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен № 3 Тәжірибелік сабақ
Модуль 1 Латын граматикасының анатомиялық терминологиясы
ТАҚЫРЫБЫ: Анатомиялық терминологияның сөз құрылымы. Қиыспаған және қиысымды анықтауыштар
Негізгі әдебиеттер

1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006

2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990

3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988

Қосымша әдебиеттер

1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978

2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: ветеринариялық терминологияның сөз құрылымдық, лексикалық және граматикалық ерекшеліктерін үйрену және меңгеру үшін ветеринарияның – анатомиялық, фармацевтикалық, гистологиялық және клиникалық-терапевтикалық тарауларында жиі қолданылатын атауларды, ұғымдарды түсінуге пайдалануға үйретеді.

Латын тілі – ғылым тілі ретінде нақты және табиғи ғылымдардың қызметтік тілі болып табылады. Латын тілін меңгеру барысында пәнді ғылымға сәйкес өзіндік ерекшелігі тұрғысынан қарастыра отырып, тілдік мағынада сөйлемнің стилистік мәнін толық түсіне білу және халықаралық деңгейдегі ұғымы ретінде түсіну керек. Сондықтан да белгілі бір саланы меңгеру үшін әр бөлімге сәйкес грамматикалық және лексикалық қажеттіліктер таңдалынып, сөзжасамдық үлгілері оқытылады.

Токсономиялық бірліктегі зат есімнің аталуы

Зат есімнің септеу жүйесіндегі орнын түсіну үшін ботаникалық жəне

зоологиялық номенклатурадағы жіктелу жүйесінде қолданылатын негізгі

токсономиялық категориялардың атауларын жатқа білген жөн.

Жануар жəне өсімдік əлеміндегі жіктелуінің негізгі бірлігі түр

(species, ēi f) болып саналады. Түрлер туысқа (genus, ĕris n), ал туыс – в

тұқымдастыққа (familia, ae f), тұқымдастық – жануарларда тек тармаққа

(отрядтарға -ordo, ĭnis m), өсімдіктерде қатарға (порядки - ordo, ĭnis m), ол өз

кезегінде – текке (кластарға - classis, is f), ал тек – жануарларда тапқа (тип -

phylum, i n), өсімдіктерде бөлімге (отделы - divisio, ōnis f), тап пен бөлімдер –

патшалыққа (regnum, i n) алып келеді. Сонымен, зоологиялық жəне ботани-

калық токсономиялық категория түрден басталып, патшалыққа келіп

тірелетін төңкерілген пирамидаға ұқсайды. Түр атауы биноминальды

номенклатураға сай екі бөлімнен – тектік жəне түрлік атаудан тұрады.

Тектік атау Родовое nom. sg.септеуінде тұрған зат есіммен аталып, бас

əріппен жазылады: Betŭla - қайың, Ciconia - тырна, Tritĭcum - бидай.

Зат есімнің түрді анықтауға қолданылатын кездері болады: Luscinia

luscinia - бұлбұл, Pica pica - сауысқан, Rattus rattus - қара атжалман. Мұндай

атаулар тавтонимдер (грек. to auto onyma - соның өзі) деп аталады жəне тек

зоологияда ғана қолданылады.

Түрлік атауда термин элементтерінің тікелей аудармасына сай келе

бермейтін жағдайлар да болады: Hypoderma bovis - бұқа оқалағы - зат есім

hypoderma, ătis n (тікелей. «теріастылық») жəне ілік септігіндегі зат есім bos,

bovis m, f - бұқа, сиыр деген сөздерден тұрады. Rattus rattus (тікелей аудар-

масы «атжалман-атжалман») «қара атжалман», Canis lupus - қасқыр (тікелей

аудармасы «ит-қасқыр») деп аударылады.

Сын есімдер биологиялық номенклатурада түрдің анықтауышы ретінде

жəне субстантивирленген формада – тұқымдас, бөлім, тектердің уноми-

нальдық атауларында қолданылады. Түрді анықтағанда сын есімдер өзінің

мағынасын жоғалтып, басқаша болып аударылуы да мүмкін: orientālis, e -

шығыстық, бірақ: Blatta orientālis - қара таракан; esculentus, a, um - жеуге

жарамды.

Токсономиялық бірліктегі зат есімнің аталуы

Түрі

Species, ēi,f f

Түрі

Species, ēi,f f

Түрі

Species, ēi,f f

Түрі

Species, ēi,f f

туысы

genus, ĕris n f

туысы

genus, ĕris n

Тұқымдасы

familia, ae f f

Тек тармағы

(Отряд) ordo, ĭnis m жануарларда f

Қатар

ordo, ĭnis m өсімліктерле f f

Класы classis, is f f

табы

phylum, i, n жануарларда

Бөлімі

divisio, ōnis, f өсімдіктерде

Топтама (дүние)

regnum, i n

Латын афоризмдері:

1. Ars longa, vita brevis - өмір қысқа, өнер мəңгі.

2. Homo homĭni lupus est — адам адамға қасқыр (жау).

3. Opĕra et studio — Еңбекпен жəне ынтамен.
5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған

«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен № 4 Тәжірибелік сабақ
Модуль 1 Латын граматикасының анатомиялық терминологиясы
ТАҚЫРЫБЫ: Латын граматикасы. Зат есім және сын есім, салыстырмалы шырай. Құрама аралас анатомиялық терминдер.
Негізгі әдебиеттер

1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006

2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990

3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988

Қосымша әдебиеттер

1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978

2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: ветеринариялық терминологияның сөз құрылымдық, лексикалық және граматикалық ерекшеліктерін үйрену және меңгеру үшін ветеринарияның – анатомиялық, фармацевтикалық, гистологиялық және клиникалық-терапевтикалық тарауларында жиі қолданылатын атауларды, ұғымдарды түсінуге пайдалануға үйретеді.

Латын тілі – ғылым тілі ретінде нақты және табиғи ғылымдардың қызметтік тілі болып табылады. Латын тілін меңгеру барысында пәнді ғылымға сәйкес өзіндік ерекшелігі тұрғысынан қарастыра отырып, тілдік мағынада сөйлемнің стилистік мәнін толық түсіне білу және халықаралық деңгейдегі ұғымы ретінде түсіну керек. Сондықтан да белгілі бір саланы меңгеру үшін әр бөлімге сәйкес грамматикалық және лексикалық қажеттіліктер таңдалынып, сөзжасамдық үлгілері оқытылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет