Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты


Дәріс №2 М. Әуезов әңгімелерінің зерттелу тарихы



бет3/13
Дата31.05.2022
өлшемі0.88 Mb.
#458824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñû Á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³ Ñåìåé ìåìëåê

Дәріс №2 М. Әуезов әңгімелерінің зерттелу тарихы

М.Әуезовтің шығармашылық мұрасының күрделі де ажырамас бөлігін құрайтн 20-жылдардағы әңгімелерінің зерттелу тарихын қарастыру арқылы қазақ әңгімелерінің даму, көркею, жаңа сапаға көтерілу сипатын анықтарымыз белгілі.


Әдебиеттің қадам алысымен бірге әдеби сынның да қалыптаса бастағаны аян, бұл ретте М.Әуезовтің де баспасөз арқылы төл әдебиетіміздің сол күнгі даму үрдісі жайындағы толғамдарымен оқырманмен бөлісіп отырғанын айтқан ләзім. Бұл жылдары прозаның алғашқы үлгілерін жасаушылардың алдыңғы легінен көрінген М.Әуезовтің де төлтума шығармалары нысанаға алынын жетістік, кемшілік жақтарын таразылау басталды.
Суреткердің көркемдік әлеміндегі алғашқы тәжірибелері, шығармашылық ізденісі мен суреткерлік даралығы ХХ ғасырдың 20-жылдарында-ақ жазылып, айтыла бастады. Жазушының өзі жайлы баспасөзде жарияланған еңбектің басы «Сарыарқа» газетінде басылды, «Игілікті іс» деп аталатын мақалада Ойқұдықта «Еңлік-Кебек» пьесасының қойылып, оны М.Әуезовтің ұйымдастырғаны айтылған. Бұл мақала жазушы жайлы жазылған талай толымды еңбектің төлбасы болуымен де аса құнды Мақала жазылған уақыттан бүгінгі күнге дейін Әуезов шығармашылығы турасындағы ғылыми еңбектер тізімі артып, әуезовтану саласы кең қанат жая өркендеді.
Жазушы шығармасына қатысты баспасөз арқылы Ж.Аймауытов , Ж.Орманбайұлы, Д.Ысқақов, С.Сәдуақасов, М.Қаратайұлы, Ғ.Тоғжанов сынды сол тұстағы әдебиет қамқоршылары өзіндік түйіндеулерін ортаға салған. Қазақ сынының басы, М.Әузовтің «Бәйбіше-тоқал» пьесасына талдау жасалған «Қорғансыздар» мақаласының авторы Д.Кәкітайұлы шығармаға ой кезімен қарап, орнықты пікір білдіреді. «Турлі ұсақ кулық, жіңішке айла, екіжүзділік, опасыздық, қиянатшылдықтардың жасырын ішке тыққан найзалардың бақталас, бәсекелердің түрлі тарау байланыстарын ашық түрде кестелей шешуден һәм тілмен айтылған әсерлі суреттерден көреміз. Қолға алған мәселесін жете тексеріп, түзу уғынып, жарыққа салғанын байқаймыз» деп пьесаның мазмұнын қуаламай, көтерген жүгіне, көркемдігіне баға берген.
Әдебиетті таптан бөлмеу идеясы тұрғысында байлам жасаған Ғ.Тоғжанов: «Мұхтар жаңалықты, үлгіні өткеннен іздейді, қазақтың баяғы батыр, шешен биі, сал серісі, ерке қызы, міне, Мұхтардың үлгілі адамдары осылар» деген сын айтады.
Көркем әдебиет, әдеби шығарманың қоғам тіршілігін қырағы байқап, байыпты зерделеп, терең сезіне білу және тілек етуден гуындайтыны айқын. Қазақ әдебиетінде М.Әуезовтің салған сүрлеуі - реализм. Жазушы өз ортасының бар шындығынан алыс кете алмаған, заман ақиқатын әсіре боямадан қорғай отырып, дәлдігімен, шындық өлшемімен берген.
XX ғасырдың 20-жылдары әдебиетке бір табан жақын жүргендердің сын айтуды машық көріп, асыра сілтеп, сынап қарағаны жегігіартылған. «Біздің осы күнгі жазушы, сылшыларымыз көркем әдебиетті сынай қалса жүлып алғандай белден қос аяқ салады. Орта белінен келіп бастайды. Көбіне айтаіындары осы күнгі көркем әдебиетіміз қандай болуы керек. Қалайша басталуы жөн, ана ақын неге өткенді көксей береді, мына ақын неге әлдеқашан артта қалған, қазақ ұлтының көрген кемшіліктерін зарлайды» деген түйін сын айтушылардың профессионалдық жақтан толыспағанын, рухани, ұлттық сана орнын кеңестік идеологиямен алмастырғанын аңғартады. XX ғасыр басында әдебиеттің дамуына үлес қосуға ниет еткендер легі артқанмен, олардың өзі сыңар пікір ұстанды. Кейбірі кеңестік идеологияны қуана қуаттап, жаңа әдебиет жасаудың негізі ескіні түп-төркінімен жоюда санаған және ғасырлар бойы қордаланған әдеби-мәдени мұрамыздың енді қажеті болмасына сенген. Бұларға ескі әдебиеттің құнарлы тұсынан үлгі алмайынша жаңа әдебиеттің пайда болмасына кәміл сенгендердің пікірі қайшы келді. М.Әуезовтің шығармалары төркінінде де «ескіні аңсау бар» деген айып тағылады. Жазушы шығармаларына мұқият үңілсек, кейіпкерлері арасында астамшылық жасап, әдемі, жеңіл өмір сүргені жоқ. Басымы - өзгенің илеуінде кетіп зар-мұң арқалағандар, екінші бірі - кеңес қызметіндегі қарапайым адамдар. Түртпекке негіз боларлық өрескелдік көрінбегенімен, қалайда сүріндірудің амалын іздеушілер де жоқ емес. Дегенмен, тек «түрі ұлттық», «мазмұны социалистік» шығармалар жазуға ден қойылған тұста Әуезовтің көркемдік қуаты күшті туындыларын жоғары бағалаушылар тағылған мінінен арши отыра, өз деңгейінде талдауға негіз қойған.
М.О.Әуезовтің есімі қазақ арасында Абай журналына колемді мақалалар жазуы арқылы, ал бұрынғы көп ұлтты Кеңес өкіметінің көлеміне араға он жыл сала кеңінен танылды. 1929 жылы Мәскеуде жарық көрген «Әдебиет энциклопедиясында»: «Ауэзов публицист, критик и историк казахской литературы. В литературе Казахстана Ауэзов как драматург занимает почетное место. Его драма «Каракоз» с изумительной чуткостью и исторической правдивостью восстановившая национальные и бытовые особенности народных певцов Казахстана получил 1-ую премию на конкурсе драматургов в 1926 г. в Кызыл-Орде. Особое место занимает также «Байбачи-Токал» (жены-соперницы)» деп жазылған.
М.Әуезовтің шығармашылығы жөнінде жазылған еңбектің саны 1917-40 жылдар аралығында 140-тан асқан, олардың басымы драмалық шығармаларын талдауға арналды. М.Әуезов әдебиеттегі алғашқы қадамын өлеңмен бастайды. Алайда бұл жөнінде естеліктерде ғана айтылғанымен, толымды дерек жоқ. Өмірбаяндарының бірінде өзі де балалық шақта ақындыққа әуестенгенін жасырмаған. Өлең жазуды қай уақыттан бастады және ол қандай тақырып қозғап, нені өзек етті - бұл әлі күнге дейін зерттеушілердің алдында тұрған түйіні қиын сұрақ, басы ашылмаған мәселе.
Ишмұхамет Әлин өз естелігінде М.Әуезовтің 15-16 жасында көркемсөз жазуға бейім болғандығын айтады. Бірақ, оның қандай талпынысын байқағаны, қандай негізге сүйеніп айтқаны беймәлім. Т.Жұртбайдың «Бесігіңді түзе» атты еңбегінде Мәден Түсіпбаеваның М.Әуезовтің уыты мен сатирасы мол «Маса» атты сықақ-әңгіме жазғаны жөніндегі дерегін келтіруі - жазушы шығармашылық жолының әлі күнге беймәлім тұсы барының айғағы. Сондықтан, ақиқатына жетуде сүйенерге негіз болмағандықтан 1917 жыл «Алаш» газеті бетінде жарияланған «Қазақтың өзгеше мінездері» атты мақаласы мен тыңнан түрен салған қазақ драматургиясының басы «Еңлік-Кебек» ұлы тұлғаның шығармашылық жолындағы алғашқы қадамдары саналады. Ұлттық баспасөздің алғашқы қарлығаштары «Сарыарқа», «Абай», «Қазақ тілі», «Шолпан», «Сана», «Ақ жол» - жазушының шығармашылық қасиетін шыңдап, тамаша туындыларының кеңінен танылуына ықпал еткен басылымдар.
Жазушының алғашқы он жылда жазған шығармаларын екшеп, табиғатына үңілсек, оның кейінгі шығармаларынан бөлектігі айқын аңғарылады. 1932 жылы жазған ашық хатына дейін қаламгер дала тіршілігін, қазақ өмірінің тартысты, қайшылықты тұстарын ерекше шынайылықпен суреттесе, оның кейінгі жылдардағы шығармаларында өкіметтің талабын көп ескергендігі байқалады. Басына қара бұлт үйірілген осы жылдардағы қасаң саясат М.Әуезовті өз туындыларынан бас тартуға да мәжбүр етті.
С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Тоғжанов , Е.Ысмайыловтардың өткір сындары «Қаракөз», «Хан Кене» пьесалары теңірегінде өрбіді. Сыншылардың пікірінше, Әуезовтің бұл шығармалары оның түпкі арман-тілегінің көрінісі. Сондықтан, М.О.Әуезовтің 30-жылдардағы шығармашы-лығының келесі кезеңі кеңестік санаға сай тақырыпқа ойысып, публицистік еңбектері мен көркем шығармаларында қарапайым адамда тағдыры, индус -трияландыру, колхоздастыру сынды ірі мәселелер көтерілді, сонымен қатар бұл жылдары жазушының «Абай» романы жазылды. Бұл - М.Әуезов шығармашылығына байыпты баға беріліп, ғылыми-зерттеу еңбектердің дүгшеге келе бастаған тұсы. Жазушы шығармаларының сонылығы, көркемдігі, маңызы жайлы Б.Кенжебаев пен Шаңғытбаевтың , С.Мұқановтың, Т.Нұртазиннің , Мұстафиннің еңбектері, сонымен қатар орыс тілінде А.Фадеевтің , З.Кедринаның , Ю.Лебединскийдің еңбектері жарық көріп, жазушының шығармашылық қасиеті А.Нұрқатовтың «Мұхтар Әуезов», М.Сильченко мен Смирнованың «М.О.Әуезовтің творчестволық жолы» , Е.Лизунованың, Ы.Дүйсенбаевтың «Мұхтар Әуезов» атты монографиялық зерттеу еңбектерінде сарапталды.
Ұлы тұлға мұрасын зерттеу, талдау жолында М.Қаратаев , С.Мұқанов, Е.Жанпейісов , Р.Нұрғалиев сынды зерттеушілер тың пікірлер айтып, шығармаларының көркемдік құндылығына үңілді.
Исі қазақтың бар болмыс-бітімін бойына сидырған «Абай» романының 1949 жылы жарық көруі М.Әуезовтің шығармашылық қасиетінің жоғары бағаланып, романның көркемдік қуаты мен тіл сұлулығы турасындағы зерттеу еңбектердің жарыса жарық көруіне әкелді. Жазушының ғұламалық келбетін танытқан зерттеу еңбектің қай-қайсысы болсын, оның өмірі мен өскен ортасы жайын айналып өтпеген. Жазушының өмір тәжірибесіне кемеңгер Абай дәстүрінің ықпал етуі зерттеушілер назарынан тыс қалмады.
Ұлы жазушы өміріндегі өресі биік шығармалары арасынан 1917-1929 жыл аралығында жазылған әңгімелері мен драмалық шығармаларын екшеп алып, ғалымның қаламгерлік құдіретінің қыр-сырына терең бойлауға ниет қойған зерттеуші Ы.Дүйсенбаев болатын. Жазушының шығармашылық жолының алғашқы он жылындағы еңбектерінің идеялық астары мен ой көріктілігі, тіл сұлулығына тоқталып, сындарлы зерттеу еңбек жасады.
Тыңнан түрен салу, жаңа, жақсыға ұмтылудың әсіре қажеттілігіне өзгені тәнті етіп, еліктіру - кез келгеннің бойына дарымаған қасиет. Бұл - табиғаттың тым сирек құбылыстарының бірі. Олай болса, халықтың рухани дамуына ұлы Абайдан кем үлес қоспаған Әуезовті табиғат ананың халқына берген үлкен сыйы деп қабылдаған абзал. Қазақ драматургиясының алтын тасын М.Әуезовтің қалауының өзі, оның өзгеден биік өресі мен парасаттылығының айғағы.
М.Әуезовтің драмадағы түңғыш еңбегінің заманалар қойнауына кеткен ғашықтық жайлы ауыр оқиғаға арналуы да тарихын таразылап білуге, кешегісінің ақиқатына жетуге ұмтылған азамат ісі. «Ұлттық топырақта драматургиялық дәстүрдің жоғына қарамай, елдер әдебиетінен үйрене отырып, Әуезов жанр шарттарына толық жауап бере алатын трагедия жасады. Сюжеттік желінің тартылуы, композиция құрудағы шеберлік қаламгердің драма заңдылықтарын жақсы білгендігін көрсетеді», - дейді ғалым Р.Нұрғалиев. М.Әуезовтің драматургиядағы қарымды еңбегін түпкілікті зерттеген Р.Нұрғалиев Семей жерінде жазылып, алғаш сахналанған «Еңлік-Кебек», «Бәйбіше-тоқал», «Қаракөз» пьесаларының ішкі ерекшелігін, тұтынған мақсатын, жазылу жайын үңги қарады.
М.О.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық мұрасы бойынша «библиографиялық көрсеткіштер» 1958, 1966, 1968, 1972 жылдары жарық көрді. Бұл еңбекте Әуезов шығармаларының жариялануы және оның өмірі мен шығармашылығының зерттелуі жайындағы еңбектер, шетел тілдеріндегі библиографиялық мағлұматтар қамтылған еді. Ал М.Әуезовтің қолжазба мұрасы атты мазмұнды еңбек жазушының жеке өз архивінде сақталған түрлі қолжазбалар, қойын дәптер, газет-журналдар қиындылары еніп, ғылыми сипаттамаға түсірілді.
Ұлы тұлғаның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында өмірі мен шығармашылығына қатысты барлық құжаттар, деректер бір ізге түсіріліп, толықтырылып, хронологиялық тәртіп бойынша жүйеленіп, ғалымдық, педагогтік және қоғамдық қызметтеріне қатысты қызықты деректер «М.О.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі» атты кітапқа енді. Дегенмен, бұл еңбек әлі де толықтыра түсуді қажетсінеді. Ұлы дарын иесінің сиясы кеппеген күйінде жоғалып кеткен «Ел ағасы» пьесасы мен «Сұғанақ сүр» атты повесінің, орыс тілінен аударылған бірнеше шығармаларының және 20-жылдары жазылған туындылары қолжазбасының табылмағаны осыны айғақтайды.
М.О.Әуезов шығармаларының жинағы көзі тірісінде, 1955-1957 жылдары, 6 том болып жарық көрді , кейіннен 1967-69 жылдары 12 томдық, 1979-85 жылдары 20 томдық жинағы жарияланды . Бірақ, жазушының кесек ойлары, кейбір міні көп, тәрбилік мәні жоқ саналған шығармалары көлеңкеде қала берді. Соның бірі - 1927 жылы жарыққа шыға салып тәркіленген «Әдебиет тарихы» еңбегі . Кейіннен тарихты, әдеби мұраны тану мәселесі көлденең қойылған тұстарда жазушының әдебиеттің тарихы жайлы еңбегі 20 томдық шығармалар жинағының 16 томына қысқартылып енді. Едіге, Ерсайын, Шора батыр жырлары Нысанбай ақын жайындағы зерттеуі қысқартылып, түпнұсқа мен кейінгі жарияланым арасында үлкен алшақтық пайда болды. Қазақ әдебиеті тарихын зерттеудегі күрделі тұңғыш еңбек «Әдебиет тарихы» алғашқы қалпымен тек 1991 жылы жарық көріп, оқырманымен қауышты. Жазушының әр жылдардағы шығармалар жинақтары әуезовтануға қосылған үлкен үлес болғанымен, оның мол мұрасын толық қамти алмады. Жазушы шығармаларының елу томдық толық ғылыми жинағына телегей-теңіз мұрасы ғылыми тексеруден өтіп, түзетіліп, автордың баспаға алғаш ұсынған нұсқасы мен кейінгі жарияланымдарына текстологиялық салыстырулар жүргізіле жарияланды. Бұл жинаққа 1917-1969 жылдар аралығындағы әңгімелері, повестері, комедия, трагедия, драмалары, мақалалары, зерттеу еңбектері, аудармалары енді. Дархан дарын иесінің 1917-1919 жылдардағы публицистік еңбектері қасаң саясат тұсында жарияланбағаны, көптеген драмалық шығармаларына («Қаракөз», «Хан Кене») ескілікті дәріптеу, көксеуден туындаған деген баға берілгені белгілі. Жазушы мерейтойы қарсаңында оның өмірі мен шығармашылығына қатысты көлемді зерттеулер жарияланып, саясат шылауына түсіп, өрескел бұрмаланған еңбектеріне жаңаша көзқарас тұрғысынан талдаулар жүргізілді. Мәселен, З.Ахметов, З.Қабдолов, Р.Бердібай, Л.Әуезова, М.Мырзахметов, Р.Нұрғалиев, Қ.Сыздықов, Б.Майтанов, Р.Сыздықова, М.Серғалиев, Т.Жұртбай, Б.Жақыптың ғылыми еңбектері әуезовтану саласын нығайта түсті.
Әуезовтануға қомақты үлес қосып, жазушының күрделі, көркемдік әлемін ашу жолында түпкілікті зерттеу жасаған ғалым, жазушы Т.Жұртбайдың еңбегін ерекше атаған ләзім. Әуезов шығармашылығы мен өміріне қатысты тиянақталған материал-дары негізінде «Бейуақ» (1990), «Бесігіңді түзе» (1997), «Талқы» (1997) атты көлемді монографияларында тың тұжырымдар жасап, алғашқы нұсқадан кейін жарияланбаған бір мақаласын ғылыми айналымға түсірді.
Бертінге дейін жазушы шығармаларының көркемдік сұлулығына ғана тамсанып, тұшынған болсақ, Т.Жұртбай ол шығармалардың шежірелі Шыңғыс жерінен тамыр тартатынын, әрбірінің астарында өмір шындығы жатқандығын нанымды ете, тарихпен сабақтастыра отыра ұсынады. М.Әуезов кейіпкерлері қиялдан туындаған жоқ, әр кейіпкер артында XX ғасыр басында орыстандыру, отарлау, ескімен күресу саясаты туындаған тұста өмір кешкен қарапайым адамдар бар.
Заңғар жазушының өскен ортасы, туған жері, өмірінің колеңкелі-күнгейлі жақтарын жүйелі баяндап, қоғамдық-жазушылық еңбегімен қоса күрделі көркемдік әлемінің сырын ашқан К.Оразалин мен Д.Досжанов еңбектерінің де әуезовтануда ойып алар орны бар. К.Оразалин «Абайдан соң» атты шығармасында М.О.Әуезовтің балалық, бозбалалық, жігіттік шағынан мол мағлұматқа қанық етсе, «Абай ауылына саяхат» еңбегінде де жазушы өміріне қатысты қызғылықты деректер ұсынады. Жарты ғұмырын Абай кезі кеткеннен кейінгі кезеңінің шындығын жазуға арнаған Оразалин ұлы ақынның ұрпақтарымен біте қайнасып өмір кешкен Әуезовтің бар болмысын ашута тырысады. «Абайдан соң» романының үшінші кітабы Әуезов емірінің Семей кезеңін аша түсуде аса құнды. Оразалин жазушының кіндік қаны тамған жері, өскен ұясы, қоршаған ортасы, жақын туыстары жайындағы деректерді кұрғақ баяндамай, Әуезов үлгісімен ұлттық бояуды барынша пайдалана жазған.
Ұлы жазушының 1919 жылға дейінгі өмір кезеңінде аздаған дау тудыратын, шешімін әлі күнге толық таба қоймаған мәселе бар. Ол жазушының Семей қаласында оқуымен байланысты. Абайдың құрметіне 1914 және 1915 жылдары әдеби кештердің өткені белгілі. М.Әуезов өмірінің Семей қаласымен байланысты тұсын айқындау ниетінде азды-көпті тер төккендердің зерттеуші, жазушы қауымның бірқатары Әуезовтің жоғарыда аталған кештерге қатыспағандығын айтса, К.Оразалин екі кешке де Әуезовтің қатысып, ұйымдастыру ісіне араласқанын алға тартады. Ахмет Әуезов «Бала Мұхтар», «Жас Мұхтар» атты кітаптарында М.Әуезовтің балалық шағынан мол мағлұмат береді. Жазушының өмірі мен шығармашылығының шежіресін жазуда Ахмет Әуезовтің еңбегі негізгі басшылыққа алынып, сілтеме жасалатын дереккөз болуда. Бала Мұхтардың қырдағы қазақ балаларынан еш айырмасыз тірлік кешуі, зеректігімен танылып, болашағынан белгі беруі А.Әуезов естелігінен мағлұм етіледі.
Жазушы өміріне қатысты деректердің дәлдігі, нақтылығы бәсеңдеу тұсы - оның алғашқы өмір жолына қатысты. Яғни балалық, шәкірттік шағынан мағлұмат беретін дәлелдер солғын, сәйкессіз тұстар басым. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бергі он жылда еліміз өркениет жолында көптеген табыстарға кенелді. Оның бірі жетпіс жыл салтанат құрған кеңестік дәуірдің қыспағы кесірінен жария етілмей, беймәлім түрде сақталып келген, көп құпиясы бар рухани мұраларымызбен қайта қауышуымыз. Жазушының өмірбаянына қатысты «Өз жайымнан мағлұмат» атты мақаласы да - талай жылдар бойына жарияланбай келгені белгілі.
Жазушының отызыншы жылдарға дейінгі қолжазба күйінде сақталған мақаласы Смағұл Сәдуақасовтың қойған алты сұрағына жауабы, соңына «Мұхтар. Ленинград. Ғинуардың 29-ы» деп жазылған. Жазушы 1946, 1949, 1950, 1953, 1958, 1959 жылдары жазған өмірбаяндарында ресми мәліметтерді көбірек қолданып, өмірінің маңызды тұстары, өскен ортасы, білім жолындағы алғашқы баспалдақтар, қоғамдық қызметтері, абайтанудағы алғашқы қадамдары жөнінде жазады. Ал, өз жайымнан мағлұматында жазушы талғам-түсінігі, өмірлік құбылыстарға, әдебиетке деген көзқарастарын айқын білдіріп, пікірін бүкпесіз жеткізе алған. Ұлы жазушы өмірінің Семей кезеңі жөнінде толымды деректер беріп, балалық, шәкірттік шағы, қайраткерлік, оқытушылық, жазушылық қасиеттерінің шыңдалған шағынан мағлұмат берген шәкірті, әдебиет зерттеушісі - Қайым Мұхамедханов.
Бала кезінен М.Әуезовтің білгірлігі мен біліктілігіне куә болып өскен ол жазушының Семейде өткізген күндеріне қатысты беймәлім деректерді «Қазақ әдебиеті» газетінде, сондай-ақ, Семейдің облыстық «Семей таңы» мен «Иртыш» газеттері бетінде жариялап тұрған еді. Қ.Мұхамедханов М.Әуезов жөніндегі деректерін, ой түйіндеулерін «Мұхтар -семинарист» (Семей таңы, 1977) , «Ұлы жазушы, көрнекті қоғам қайраткері» (Семей таңы, 1977) , «Ұлы жазушы, ойшыл, ғалым, ардагер азамат» (Семей таңы, 1977) атты мақалаларында тұжырымдады.
М.О.Әуезовтің шығармашылық мұрасы таусылмайтын, сарқылмайтын кәусар бұлақ десек, ол бұлақ бастауын ұлыАбай дуниеге келген қасиетті топырақтан алғаны кумәнсіз. Шежіреге толы Шыңғыстау жерінің құлақ құрышын қандырар әсем әні мен тәтті күйіне, ертегісі мен аңызына қанық боп өскен Мұхтардың Абай өлеңдерінің мәні мен маңызына ерте елігуі оны үлкен шығармашылық сапар шығар жетеледі.
Түрлі қоғамдық өзгерістерді бастан өткерген М.Әуезов әрбірінің өзіндік сипатына терең үңіле қарай, қоғам шындығын, халық тұрмысын шығармаларының тамыр соғысына айналдырды. Батыс пен ніығыс ойшылдарының еңбектерімен танысып, таным көкжиегін кеңейте, әдебиет әлемінің құдіретіне бас иді. Бала кезде оқып үйренген шығыс әдебиетінің өкілдері: әл-Фараби, Әбуғали ибн Сина, Қожа Ахмет Иасауи, Махмұд Хайдар Дулати сынды шығыс ғұламалары мен Бальзак, Гете, Жан Жак Руссо сынды батыс ойшылдарының, Пушкин, Толстой, Тургенев, Достоевский сынды орыстың сөз зергерлері еңбектерінің Мұхтар Әуезовтің шығармашылық өмірінде белгілі орны бар деп білеміз.
Орыс әдебиеті сыншысы В.Г.Белинский Пушкинді мәңгі өмір сүруші және дамушы құбылыс санап, ол жөнінде әр дәуірде толымды дәлелдер айтылғанмен, келер дәуірдің де жаға баға, сапалы теңеу беретінін айтқан еді. Дәл осындай пікірді Әуезов жайында да айтуға болады. Шыңғыс Айтматовтың «Орыс мәдениеті үшін Пушкин қандай болса, шығыс халықтарының мәдениеті үшін Әуезов сондай» деуі де жазушы қасиетін шынайы бағалай білуінен туындаған тұжырым. М.Әуезов дүниежүзі әдебиетіндегі Стендаль, Дж. Лондон, Толстой, Достоевский сынды ірі жазушылар еңбектерінен үлгі алғанымен, ол әдебиетке өзіндік қасиетімен, тереңдігімен келді. Бұл жазушылар да замана шындығын реалистік түрде шебер сипаттап, классикалық туындыларымен әлемдік әдебиеттің төрінен көрінсе, білді. Өз халқының тіршілігін, бесіктегі баланың уілін, шолпысын сылдырлата, бұрала басқан сұлуды, жас жіпттің толқынысын, қысастық көріп, етегі жасқа толған кедейдің зарын, ұзатылар қыздың жан тебіренісін, туған даланың аңызақ желі мен үскірік аязын шығармаларында асқан сүйіспеншілікпен суреттеді.
М.О.Әуезовтің әңгімелеріні зерттелу тарихын қарастыра келе, ұлы жазушының әңгімелері қазақ әдебиетінің ең бір шоқтығы биік шығармалар болып табылатынына анық көз жеткіземіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет