Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік



бет1/4
Дата16.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ


3-деңгейдегі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-14.01.20.21

/03.2012



ПОӘК

«ХХ ғасырдағы қазақ романы» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



________ 2012 ж.

№ 1 басылым





050205 - «Филология» мамандығына арналған

«ХХ ғасырдағы қазақ романы»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2012
Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Семинар сабақтары

4 Курс жұмысы және диплом жобасы (жұмысы)

5 Студенттің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ

1.1 Ән өлеңі - әнге арнап жазылған, әнмен айтылатын өлең, әдебиеттануда поэзияның жанрлық саласы ретінде қарастырылады.

1.2 Ерікті өлең – қалыптасқан өлең өлшемін берік сақтамай, тармақтардың ырғағын еркін өрнектейтін өлең түрі.

1.3 Жыршы ақындар поэзиясы – ауыз әдебиеті дәстүріндегі поэзия, қазақ әдебиетінде бірнеше ғасырға ұласып келетін поэзиялық өнердің үлкен арнасы.

1.4 Кітаби ақын – Шығыс әдебиетінің араб, парсы, түркі тілдес халықтарында бар поэзияның озық үлгілерін өзінше жырлап, қазақ арасына таратып отырған, шығыс тілінде шыққан кітаптар сюжетін қайта өңдеп, қисса дастандар шығарған өзгешелеу бір топ ақындар.

1.5 Сал-сері – сегіз қырлы, бір сырлы, яғни әнші, күйші, ойыншы, күлдіргіш, композитор, би, спортқа бейімі бар ерекше үздік жаратылған өнерпаз.

1.6 Терме – қазақ халық поэзиясында қалыптасқан лирикалық өлең түрі.

1.7 Толғау – қазақ, сондай-ақ қарақалпақ, ноғай секілді басқа да халықтардың ауызша поэзиясында кең тараған қоғамдық-саяси лириканың бір түрі.

1.8 Аллитерация (лат. дыбыстас) – шығармаларда бірыңғай дыбыстардың үндестігі, дәлірек айтқанда дауыссыз дыбыстардың қайталануы.

1.9 Алтыбуынды өлең - әр тармағы үш буынды екі бунақтан құралатын (3 буын – 3 буын) өлең өлшемі.

1.10 Алтытармақ – қазақ поэзиясында лирикалық өлеңдерде жиі қолданылатын шумақ өрнегі.

1.11 Анафора (гр. биікке шығару) – айшықтаудың (фигураның) үлгісі ретінде көрсетілген шумақтың немесе өлең жолдарының басында үндесе, үйлесе қиысатын бірыңғай бастамалар.

1.12 Антитеза (шендестіру) – екі затты не құбылысты шендестіру арқылы басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суреті, сыр-сипаты, кескін-кейпі аңғарылады.

1.13 Антоним (қайшы сөздер) (гр. қарсы, атау) – біріне-бірі қайшы қарама-қарсы мағыналы сөздер.

1.14 Ассонанс (лат. үйлесім) - өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы.

1.15 Әдеби қаһарман - әдебиеттің идеялық-эстетикалық роліне сай бейнеленетін тұлға.

1.16 Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.

1.17 Әдеби характер (гр. мінез, ерекшелік) – кейіпкердің мінез бітімі, адамның бойына психологиясына, қимыл әрекеттеріне тән сан түрлі қасиеттердің бірігіп, біте қайнаған тұтастығын танытатын мінез-құлық өзгешелігі.



2 ДӘРІСТЕР
Дәріс 1. «Қазақ тарихи романының поэтикасы» пәні.
Дәріс мазмұны:

1.Тарихи роман поэтикасы пәні.

2.Қазақ тарихи романының тууы, дамуы.

3.Тарихи романға тарихи сипаттың тәндігі.

4.Тарихи романға стильдік ерекшеліктің қажеттігі.

5.Тарихи роман потикасына қарасты компоненттер.


Тарихи роман - көркем әдебиеттің басты жанры. Бүтін бір дәуірді монументальды формаға бйенелеп, жеке адам тағдырын халықтың тарихи тағдырымен эпикалық тұрғы даүйлестіре нақты образбен мүсіндемек. Тарихи романдар – ел тарихының ерлікке толы шежіресі. Мұндай шежіреге, ежелден тасқа басылып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп, ұрпақ оын жаңа мазмұнмен, жаңа ерлік дәстүрмен байытып жинақтаған архиві болмаған, заттың ескерткіші аз, оуқдан тоқуға жүйрік халық әсіресе ділгәр. Бір жақсының бір жаманы бар. Тоқу жақсы болғанмен, адамға мәңгі өмір сүру жазылмаған. Ертең дүниеден көшкенде тоқығаны өзімен бірге топырақтың астына сіңіп, жоғалады. Архивті айтасыз, үлен қоғамдық, мемлекеттік қызмет атқарып, өмірлі өнер туындысын дүниеге әкелген даңқты перзенттері жайлы мемуар, не күнделік екеш ол да қалмағаны мәлім. Ол бәлкім, сауатымыздың кемшіндігіне, сауаты барлардың енжарлығына қатысты шығар. Зардабын аз тартқан жоқпыз.

Қазақ тарихи романы – Кеңес революциясынан кейін ғана тұсауы кесілді. Оның басында С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытов, М.Дәулетбаев, С.Мұқановтар тұрғаны белгілі. Тарихи роман деген шығармамыз, алайда, көркем қорытылып, шын мәніндегі тарихи өнер туындысы дәрежесіне жетуі М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан басталады. Өйткені, ол тарихи жанрдың ең басты мәселесі – тарихи дәуірдегі өмірдің типтік жақтарын дәл қамтып, өткендегі адамдарды шыншылдықпен мүсіндеп, дәуірдің рухын, кейіпкердің ақыл-ойы қызметін көрсетуде тарихилық принциптен айнымайды. Қазқа тарихи романы қай кезеңге арналса да, ол суреттеліп отырған дәуірдің тағдырында атқарған рөліне жан-жақты талдау жасап, өткен мен бүгіннің сырларына қанық етеді, кешегінің күрмеуі, бүгінгі күн поэзиясы, кешегі мен бүгіннің арақатынасы, «тарихи перспектива» тарихи романдар деңгейінде ғана толғана ой өрістетуге, ғасырлар түгі тек соның қомына лайық екенін уақыт өзі айқындап берді. Әдебиетіміздің халықаралық беделі, ұлттық мақтанышы, сапалық бітімі дегенде де бірінші сөз осы тарихи романға келіп тіреледі. Өйткені, ең бірінші, тарихи роман туған әдебиетіміздің нар тұлғалы перзенттерінің қолымен жасалған киелі, асыл қазына.

Жазушылардың қай-қайсысы да өздері ғұмыр кешкен дәуірдегі өмірлік құбылыстарға, саясатқа енжар қарамайды. Шекспир өзінің тарихи драммаларында, О.Бальзак, Л.Толстой, Р.Роллан, М.Әуезов өз эпопеяларында осы талап деңгейінен табылған. Әлдеқашан неше бел асып кеткен тарихи көштің көзге шалынар-шалынбас ізінен суреткерлік фантазияның қуатымен кезең шындығын, онда өмір сүрген адамдардың дәуіріне сай үнін, әрекетін бейнелеп беру қандай ерлікке де тұрарлық. Ә.Әлімжанов Х ғасырда өмір сүрген ұлы ғалым, «екінші ұстаз» Әл-Фарабиді, оның сүйген әйелі Бануды («Ұстаздың оралуы»), Д.Досжанов ХІІІ ғасырда жасаған Отырардың әкімі Қайырханды («Жібек жолы»); І.Есенберлин «Батый хан», Өзбек хан, Ақсақ Темір, Едіге, Тоқтамыс, Әбілқайыр, Жәнібекті («Алтын Орда», «Алмас қылыш»). Ә.Кекілбаев Әбілқайыр, Бөкенбай, Барақ, Тевкелеевті т.б. («Үркер», «Елең-алаң»). М.Мағауин Оразмұхамедті («Аласапыран») өз уақыты тудырған күрескер, азамат, хан, батыр, әкім, ғалым, дипломат деңгейінде мүсіндеудің көркемдік құралдарын тапқан. Егер реалист суреткер өзіне тән образдық тілмен көрініп, өзіне ғана қатысты стилімен ерекшелігін сездірмесе, шығармаға жұрт ықыласын жойып алмақ. Е.Есенберлин шежіреші-әңгімешіл стилімен Алтын Орда, Ақ Орда, қазақ хандығы дәуірін, отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалысы көсемдері ісін баяндап, ата-баба тарихын көркем әңгімелеген сәтте, ұлтымыздың қаны сұйылмаған, жүрегі құнарлы бөлегі дана кітаптармен жыласып көрісті.

Стиль жоқтан пайда болмайды, барды үйрене, дамыта отырып қалыптасады. Ф.Достаевский, Л.Толстой, Л.Леоновтардың сыртқы дүниеде болып жатқан қилы әрекет-амалдары адамның әлемінде тұтанып, арты «өртке» айналғанын «қаза», «тәптіштеп» бейнелейтін психологиялық талдау өнері кемелденген әдебиеттің иығына шақ. Әр қаламгердің өзіне ғана тән жазу мәнері, стилі болмаса, ол - өзгенің көлеңкесі. Стильдің мағынасы кең. Оған шығарманың формасы, мазмұны да жатады. А.Э.Эльсберг стильге шығарма жанрын, композиция, лексика, синтаксисін, көркем тіл, сөйлеу ырғағын, баяндау ерекшеліктерін де әкеп қосады. Г.Н.Поспелов стиль ұғымы шығарманың формасына ғана тән, мазмұнына оның қатыссыз екенін жазады. Мұндай пікір М.Храпкенкоға да ортақ. Тек ол мазмұннын түрді бөлек қарауды ұсынады. О.В.Лорман, стильге шығарма қамтитын объекті, идеялық негізін, жанрын, жазушылық күллі творчестволық мәнерін бір адамға тоғыстырып, оны көркемдік индивуализация деп айтады. А.В.Чичерин стиль деген ұғым поэтикалық шығармадағы сөз бен образ, образ бен композиция, композиция мен идея бірлігі екендігіне ден қойған. Осы айтқандарда сүйенсек, стильді образдан, жанрдан, композициядан іздеген жөн сияқты. Е.С.Сидоровтың ғылыми тұжырымы жоғарыда сөз еткен еңбектердің қай-қайсысынан да терең жатқан тәрізді. Ол пікірін күлбілтелемей: «Но если стиль-единство всех выразительных средств: то нет никаких оснований ограничивать его зону только речеными средствами, только словееной тканью. Конечно, художественное содержание произведения воплащается словесными средствами, но ими не исчерпывается. Такие, например, элементы, как композиция образов, сюжета, фабулы, системы образных, предметных и психологических детелей, необходимо должны включаться в понятие стиля произведения», - деп өрістетіпті. Ол қай теориялық терминдерді қолдануда дәлдіктен сәл ауытқағанымен, стильдің қызметін орынды пайымдаған. Ал қазақ қаламгерінен стиль жөнінде салиқалы әңгіме қозғаған - Әбіш Кекілбаев. Жазушының өзіндік стилі, оның өмірге деген көзқарасы тереңдей түскен сайын жетіліп дами түсетінін, өмірлік көзқарастарындағы түбірлі өзгерістерді оның стилінен де көрінетінін ол орынды байыптаған.

Поэтика – стильдің жемісі. Поэтика – көркем шығарманың құрылымдық формасы жөніндегі ғылым. Сондай-ақ ол жаңа мазмұнның ықпалымен бұл формалардың өзгеруінің тарихи заңдылықтарын ашып береді. Поэтиканың өмірлік мәні көркемдік сұлулық, сол сұлулықты тудыратын өміршең өнердің сырын, қолдану методын түсіндіретін ғылым. Ал, метод ойланып-толғанудың типі, шындықты танытудың жолы, тәсілі. Поэтика мен стиль бір-біріне тәуелді, бірінен –бірі туып, байытып отыратын табиғатын көрнекті ғалым Р.Бердібаев: «Стиль дегеніміз жалпы көркемдік компоненттердің қосындысы ғана емес, суреткердің дүниені поэтикалық қабылдауы мен бейнелеп ойлануының жүйелі көрінісі», - деп түсіндіреді. Әрине, «дүниені поэтикалық қабылдау», «бейнелеп ойлау» көркем компоненттерсіз жүйеге аспасы хақ. Ал поэтика сол көркемдік компоненттер: диолог, монолог, полилог, шығармадағы драмалық, эпикалық, лирикалық күйлердің берілуін, характер, сюжет, композиция типті тартыстың өрістеу амплитудасын т.б. тексереді. Орыс әдебиетіндегі эстетика мен поэтика мәселесін зерттеп жүрген Ю.Барабаштың топшылауы осы төңіректен табылады. Асылы, көркем шығарма көркемдік құралдардың үйлесімді қызметіне тәуелді. Қазақ тарихи романдарының поэтикалық ерекшеліктеріне оның көркемдік құралдары-компоненттері қызметін саралау барысында көз жеткізуге болады.

Бақылау сұрақтары:

1.Тарихи роман поэтикасы пәні.

2.Қазақ тарихи романының тууы, дамуы.

3.Тарихи романға тарихи сипаттың тәндігі.

4.Тарихи романға стильдік ерекшеліктің қажеттігі.

5.Тарихи роман потикасына қарасты компоненттер.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Жанр сипаты. «Ғылым». Алматы, 2000. 125-129 б.

2. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. «Жазушы» Алматы, 2001. 295-300 б.

3. Затонский Д. Искуство романа и ХХ век. «Художественный литературы». М., 2002. 295-300 б.

4. Историка-литературный процесс (Проблемы и методы изучения). «Наука». Л., 2004. 111-115 б.

5. Исенов А.Х. Мастерство психологического анализа. Алма-Ата, 2005. 214 б.

6. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы (Жанрлық спецификасы. Типология. Стиль. Ұлттық кейіпкер. Тарихилық сипаты. Поэтика) «Ер –Дәулет» басп. Алматы, 1996. 38-42 б.


Дәріс 2-3-4. Қазақ тарихи романының жанрлық типологиясы.
Дәріс мазмұны:

  1. Романның көркем әдебиетте алатын орны, қоғамдық - әлеуметтік сипаты.

  2. Роман – синтетикалы жанр екені.

  3. Роман жанрының тарихты меңгеру мүмкіндігі.

  4. Романның пластикалық қуаты.

  5. Романды түрге бөліп жіктеу өлшемі.

  6. Роман типологиясы.

Роман – қоғамды көркемдік жағынан талдау. Ол да жанды организм сияқты жетіліп, дамып отырмақ. Заман, уақыт, қоғамның әлеуметтік-саяси, рухани-интеллектуалдық, экономикалық-техникалық кемелдену деңгейі оған ықпал етпек.

Роман – синтетикалы жанр, оның сыр-сипатын, себеп-салдарын, түп-төркінін В.Днепров былайша түсіндірген: «Роман является много плановым не только потому, что его течение расположено во многих поэтических планах. Куски повествовательные и неповествовательные. Драматические сцены и лирические монологи. Пейзажы и публицистика. Изображение в самом малом и самом громадком масштабе. Рассказ от лицо автора и от лица героев. Психологический анализ и бег событий. Сцены переднего плана и исторический фон. Экскурсы в прошлое и возвращение в настоящее. Представление случивщего и обсуждение случивщегося. Изображения и рассуждения. Эти и другие планы сочетаются так, чтобы образное содержание было охвачено с найбольшей полотной, и вместо с тем они монтируются так, чтобы своим следованием создавать нений мощный, всеохватывающий ритм. Само сочетание этих планов скрыто заключает важнейшую художественную идею громадной сложности и многостаронности бытия, необходимости видеть жизнь в ряде аспектов, разрезов и отношений, чтобы уловить ее целекупность и единство». Заты, романның іштей түлеуінің себептерін тілге тиек еткенде жанр заңдылығын терең түсіне білерлік дайындық қажет. Онсыз ізденімпаз суреткердің тірнектеп жүріп жатқан көркемдік табысын түсініп-білу, тану қиын.

Жанр – тарихи категория. Ол сол тарихтың ыңғайына бейім тұратын уақыттың төл перзенті. Н.П.Утехиннің: «… Жанр – типологиялық қана емес, сондай-ақ ол тарихи ұғым», - деуі соған саяды. Академик Д.Лихачев жанрдың өзгеруі, жаңаруы, гүлденуі, оның орнын кезі келгенде келесі бір жанр басып, алмасып отыратын эволюциялық табиғатын қолмен қонғандай анықтаған. Ол: «Категория литературного жанра – категория историческая. Литературные жанры появляются только на определенной стадии развития искусства слова и затем постоянно меняются и сменяются… одни жанры приходят на смену и ны один жанр не является для литературы вечным», - деп жазған. Сондықтан романды жанрға жіктегенде оның тарихи категорияға жататынын, тарих талабына қызмет етіп, соған қатысты деңгейде дамып, қоғамның рухани қажетін өтейтінін естен шығармаған абзал. И.Скачков романға әдеби классификация жасағанда терминдерді шатастырмас үшін мынандай формуланы ұсынады: тек (эпос) - түр (роман-жанр) тарихи, революциялық, тарихи-философиялық т.т. Демек, роман жанр емес, ол – эпостың бір түрі. Ал, тақырыбына, стиліне, көркемдік табиғатына қарай жіктеп-жіліктеу романның жанрлық жағынан түрленуі, дамуы, баюы, кемелденуі деп ұққан орынды. Ежелден бері роман сол кемелдігінен көптің көңілінен шығып тұр. Оны романды ізерлеп зерттеуші И.Скачков та мойындайды: «Ведь роман в чистом виде в литературе не существовало (он всегда был каким-либо: античным, куртуазным и т.д.) и не существует. Только на современном этапе роман имеет не одну модификацию, как прежде, а несколько».

Қазір роман жанры алып емендей бұтағы кең жайылып, құшақ жетпес алыпқа айналды. Атауы көбейіп, түрі байып, салаланып, шалқар мазмұн мен тұңғиықтана, тереңдей түсті. Соның бастылары: рыцарлық роман, ашық роман, жабық роман, әлеуметтік-тұрмыстық роман, саяси роман, философиялық роман, моральдық роман, психологиялық роман, әлеуметтік-философиялық роман, эпистолярлық роман, отбасылық роман, лирикалық-философиялық роман, саяси-философиялық роман, мемуарлық роман, лирико-драмалық роман, полифониялық роман, панорамалық роман, роман – эссе, роман-фреска, роман-документ, публицистикалық роман, жағдайлар романы, тағдырлар романы (К.Симонов классификациясы), роман-памфлет, роман-сапарнама, роман-трагедия, роман-өсиет, роман-зерттеу, интеллектуалдық роман, тарихи роман, тарихи-революциялық роман, салт-сана романы (нравов), айлашарғылы (авантюристік) роман, тарихи-өмірнамалық роман, тарихи хроникалық роман, роман-эпопея т.б. Осы кестеге роман жанрын зерттеуге көп үлес қосқан. С.Петров әскери-дипломатиялық, әскери-тарихи роман; Л.Ф.Ершов детективтік роман, роман-зерттеу, қылмыстық роман, таңғажайыптық роман (приключенский) роман, роман-қиял деген атаулармен шеңберін кеңейте түсіпті. Осыған ағылшындардың әйелдер (женский) романы, француздардың қиян түкпірлік (провинциальный) роман, әлемдік роман, әмбебап (универсальный) роман т.б. тіркей берсек, ұғымымыз ауырлай түсіп, оларды түстеп түгендеу, таңба соғудың өзі қиын шаруаға айналмақ. Қазақ әдебиеттану ғылымында да тарихи романдарды жанрға жіктеуде біраз істер атқарылды. Проф. Р.Бердібаев қазақ тарихи романдарын тарихи-революциялық, тарихи-биографиялық, тарихи-публицистикалық, тарихи-этнографиялық, аңыз роман, көркемделген роман, тарихи-тұрмыстық, тарихи-хроникалық, роман-эпопея деп жіктесе, осыған филология ғылымдарының кандидаты Қ.Аралбаев тарихи-әлеуметтік, тарихи-танымдық, тарихи-патриоттық тәрізді атауларды қоса ұсынады. Проф. Ж.Дәдебаев та бұл классификацияларды қолдайды. Типологиялық іріктеу мазмұн мен формаға тікелей қатысты. Профессор Р.Бердібаев романды стандартты қалыпқа құю керектігі туралы қатып-семіп қалған нұсқаулардың жоқтығын орынды ескерткен. Керек десеңіз, форманың тағдырын мазмұн мен шеңберлік шешеді. Демек, әлі де болса, тарихи романдарды типтендіруде ғылымға, практикаға сүйсінген бұлжымас, байсалды принциптер орныға қойған жоқ. Жанрды типологиялау 1960 жылдардан бері ғана әдебиеттану ғылымының объектісіне айналып зерттеле бастады. Ал, типологиялау романның құрылымының ерекшеліктерін, жанрдың өзіне тән спецификасын негіздемек. Бізше, әдеби шығарманы типологиялап, жанрға жіктегенде оның өзіндік ортақ ерекшеліктерін, көтерген проблеммасын, қоғамдық өмірмен байланысына көбірек назар аударғаны орынды сияқты. Романды іштей межелеп, жіктеу оның қамтыған объектісі, тақырыбы, соны игерудегі пайдаланылатын көркемдік тәсіл, қаламгердің алдыға қойған мақсатын зерттеу уақыт талабынан туып жататынын аңғарамыз.

Есебі, роман жанрын нақты белгілеу, ара жігін қолмен нұсқап, кесіп айту мүмкін емес. Оны көрнекті ғалым М.Бахтин де құптайды: «Изучение романа как жанра отмечается особыми трудностями. Это обусловлено своеобразием самого объекта: роман единственный становящийся и еще неготовый жанр. Жанрообрующие силы действуют силы наших глазах: рождение и становление романного жанра совершается при полном свете исторического дня. Жанровый костях романа еще далеко не затвердел, и мы еще не можем предугадать всех его пластических возможностей». Романның сол «пластикалы» әмбебаптығы жазушының объекті мен субъектіні қалай қаласа солай еркін бейнелеуіне жасыл көше ашпақ. Қысқасы, онда қасарып, қатып қалған қысаң үрдіс, өзгеріске түспейтін ештеңе жоқ. Бұл да бұлақ, өзен, теңіз суларын тарылмай, өгейсімей арнасына тартатын жылы қойын, кең қолтық мұхит тәрізді. Лирика, драма, сатира, публицистика, очерк, памфлет, документ, саясат, мемуар, философия т.т. адамға, табиғатқа қатыстының бәрі оның құшағына сиып, құнарын арттырады. Неғұрлым ағыс қуатты, құнары мол, роман мазмұны тереңдей, тұңғиықтана, жанрлық құрылысы да күрделене түспек. Сонан болар, романды тақырыбына, суреттеу тәсіліне, бейнелеу құралына қарай жіктеп, долбарлап, ат беріп, шекара белгілеп, айдар тағу ерсілеу көрінетіні.

Сонымен, қазақ тарихи романын қаламгердің бейнелеп отырған дәуірді суреттеу тәсілі, өмірлік материалдардың орналасу заңдылығы, образдарды типтендіру, характерді ашу мүмкіндігі, құрылыс-бітімі, жеке адам мен қоғам арақатынасын көркемдікпен қиюластырып зерделеудегі қол жеткен жетістіктерін жинақтай келіп типтендірсек оларды: мемуарлық, тарихи көркем, тарихи-революциялық, тарихи-публицистикалық, тарихи-философиялық, тарихи-өмірбаяндық, тарихи-хроникалық, тарихи-психо-философиялық роман деп тұжырымдауға болатын тәрізді. Өйткені, «тұрмыстық», «отбасылық», «танымдық», «көркем шежіре», «патриоттық», «панорамалық», «моральдық», «ашық», «жабық» т.т. үстемеленіп пайдаланып жүрген эпитеттер оның жанрын айқындаудан гөрі, суреттеу құралдарының қатысына қарай сапалық белгілерді танытуды, оқырман назарын қандай нәрсеге көбірек аударуын көздейтін тәрізді. Әйтпесе, қай жазушы шығармасында тұрмыстық жайды, отбасылық байланысты, өмір ағысының адамдардың түрліше қатысқанын, құбылыс, шындықты қалағанынша қамтып, қилы-қилы әрекеттерді, көңіл-күйінің спектрі мен симптомын бергісі келмейді дейсіз?.. Ол бірақ біреуде көп, біреуде аз. Оның аты-шеберлік. Сол шеберлік суреткердің көркемдік құралдарды өмірлік шындықты игеру барысында қолында қалай ойната білгегінен аңғарылады. А.Толстойша айтсақ: «Каждый художник, обращая свой взгляд в прошлое, берет и находит в кем то, что его волнует, при помощи чего он может лучше понять свое время». Демек, өзін толғандырған мәселені көркем бейнелеп беру жолындағы ізденістеріне қатысты.

Бақылау сұрақтары:



  1. Романның көркем әдебиетте алатын орны, қоғамдық - әлеуметтік сипаты.

  2. Роман – синтетикалы жанр екені.

  3. Роман жанрының тарихты меңгеру мүмкіндігі.

  4. Романның пластикалық қуаты.

  5. Романды түрге бөліп жіктеу өлшемі.

  6. Роман типологиясы.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Жанр сипаты. «Ғылым». Алматы, 2000. 125-129 б.

2. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. «Жазушы» Алматы, 2001. 295-300 б.

3. Затонский Д. Искуство романа и ХХ век. «Художественный литературы». М., 2002. 295-300 б.

4. Историка-литературный процесс (Проблемы и методы изучения). «Наука». Л., 2004. 111-115 б.

5. Исенов А.Х. Мастерство психологического анализа. Алма-Ата, 2005. 214 б.

6. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы (Жанрлық спецификасы. Типология. Стиль. Ұлттық кейіпкер. Тарихилық сипаты. Поэтика) «Ер –Дәулет» басп. Алматы, 1996. 38-42 б.


Дәріс 5-6-7. Тарихи роман стилі.
Дәріс мазмұны:

  1. Стиль дегеніміз не?

  2. «Стиль - кейіпкер» (Л.Леонов).

  3. Тарихи роман стилі.

  4. Стильді көркемдік компоненттері.

Жазушылардың қай-қайсысы да өздері ғұмыр кешкен дәуіріндегі өмірлік құбылыстарға, саясатқа, енжар қарамайды. Шекспир өзінің тарихи драммаларында, О.Бальзак, Л.Толстой, Р.Роллан, М.Әуезов өз эпопеяларында осы талап деңгейінен табылған. Әлде қашан неше бел асып кеткен тарихи көштің көзге шалынар-шалынбас ізінен суреткерлік фантазияның қуатымен кезең шындығын, онда өмір сүрген адамдардың дәуіріне сай үнін, әрекетін бейнелеп беру қандай ерлікке де тұрарлық. Р.Фонс жазбақшы: «Автор должен знать своих героев, быть с ними так знаком, будто все мужчины – его верные собутыльники, все женщины – задушевные подружки, все дети-его собственная плоть». Онсыз көркем туындыда қандай қасиет қалады? Ә.Әлімжанов Х ғасырда өмір сүрген ұлы ғалым, «екінші ұстаз» Әл-Фарабиді, оның сүйген әйелі Бануды («Ұстаздың оралуы»), Д.Досжанов ХІІІ ғасырда жасаған Отырардың әкімі Қайырханды («Жібек жолы»); І.Есенберлин «Батый хан», Өзбек хан, Ақсақ Темір, Едіге, Тоқтамыс, Әбілқайыр, Жәнібекті («Алтын Орда», «Алмас қылыш»). Ә.Кекілбаев Әбілқайыр, Бөкенбай, Барақ, Тевкелеевті т.б. («Үркер», «Елең-алаң»). М.Мағауин Оразмұхамедті («Аласапыран») өз уақыты тудырған күрескер, азамат, хан, батыр, әкім, ғалым, дипломат деңгейінде мүсіндеудің көркемдік құралдарын тапқан. Егер реалист суреткер өзіне тән образдық тілмен көрініп, өзіне ғана қатысты стилімен ерекшелігін сездірмесе, шығармаға жұрт ықыласын жойып алмақ. Е.Есенберлин шежіреші-әңгімешіл стилімен Алтын Орда, Ақ Орда, қазақ хандығы дәуірін, отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалысы көсемдері ісін баяндап, ата-баба тарихын көркем әңгімелеген сәтте, ұлтымыздың қаны сұйылмаған, жүрегі құнарлы бөлегі дана кітаптармен жыласып көрісті. Ә.Әлімжановтың жаны жомарт, қызу қимылды, білімді, мазасыз кейіпкерлері оқырманмен сұхбат құрып, оқиғалары қарапайым детальдардан күрт өрбіп отыратын көркем публицистикалық стильде жазылған романдары әдебиетімізден басқалармен шатастырмас өз орнын ойып алғаны аян.

Стиль жоқтан пайда болмайды, барды үйрене, дамыта отырып қалыптасады. Ф.Достаевский, Л.Толстой, Л.Леоновтардың сыртқы дүниеде болып жатқан қилы әрекет-амалдары адамның әлемінде тұтанып, арты «өртке» айналғанын «қаза», «тәптіштеп» бейнелейтін психологиялық талдау өнері кемелденген әдебиеттің иығына шақ. Әр қаламгердің өзіне ғана тән жазу мәнері, стилі болмаса, ол - өзгенің көлеңкесі. Стильдің мағынасы кең. Оған шығарманың формасы, мазмұны да жатады. А.Э.Эльсберг стильге шығарма жанрын, композиция, лексика, синтаксисін, көркем тіл, сөйлеу ырғағын, баяндау ерекшеліктерін де әкеп қосады. Г.Н.Поспелов стиль ұғымы шығарманың формасына ғана тән, мазмұнына оның қатыссыз екенін жазады. Мұндай пікір М.Храпкенкоға да ортақ. Тек ол мазмұннын түрді бөлек қарауды ұсынады. О.В.Лорман, стильге шығарма қамтитын объекті, идеялық негізін, жанрын, жазушылық күллі творчестволық мәнерін бір адамға тоғыстырып, оны көркемдік индивуализация деп айтады. А.В.Чичерин стиль деген ұғым поэтикалық шығармадағы сөз бен образ, образ бен композиция, композиция мен идея бірлігі екендігіне ден қойған. Осы айтқандарда сүйенсек, стильді образдан, жанрдан, композициядан іздеген жөн сияқты. Е.С.Сидоровтың ғылыми тұжырымы жоғарыда сөз еткен еңбектердің қай-қайсысынан да терең жатқан тәрізді. Ол пікірін күлбілтелемей: «Но если стиль-единство всех выразительных средств: то нет никаких оснований ограничивать его зону только речеными средствами, только словееной тканью. Конечно, художественное содержание произведения воплащается словесными средствами, но ими не исчерпывается. Такие, например, элементы, как композиция образов, сюжета, фабулы, системы образных, предметных и психологических детелей, необходимо должны включаться в понятие стиля произведения», - деп өрістетіпті. Ол қай теориялық терминдерді қолдануда дәлдіктен сәл ауытқағанымен, стильдің қызметін орынды пайымдаған. Ал қазақ қаламгерінен стиль жөнінде салиқалы әңгіме қозғаған - Әбіш Кекілбаев. Жазушының өзіндік стилі, оның өмірге деген көзқарасы тереңдей түскен сайын жетіліп дами түсетінін, өмірлік көзқарастарындағы түбірлі өзгерістерді оның стилінен де көрінетінін ол орынды байыптаған.

Демек, стиль – суреткердің өмірге көзқарасы. Философиялық тілмен айтқанда, өмірді диалектикалық тұрғыда танып-білуі, санасының тереңдігі, көкейдегі көрікті ойын елге жеткізе алу шеберлігі. Стиль – бүтін бір дене. Тақырып, идея, мазмұн, түр, композиция, фабула, сюжет, жанр, көркемдік компоненттер сол жанды денені құрайтын басты-басты дене мүшелері. Форма жүйелі де шымыр, мазмұны бай болса, көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы мақсатына жеткені. Солардың бірі - көркем образды жасауға қызмет етеді. Сонда стиль дегеніміздің философиялық, эстетикалық мәні көркем образ, характер. Автор қоғамдық-әлеуметтік ойды, соған өзінің азаматтық көзқарасын кейіпкерлер образымен жеткізеді. Егер кейіпкер белгілі бір әлеуметтік саяси топтың не таптың ғана жырын жырлап, моралін дәріптеп, ойының рупорына айналса, оған көркем туынды де пат қойып, Айдар тағылғанымен, әлеуметтік, тарихи, идеялық-көркемдік маңызы онша болмағаны. Тарихи материалмен жұмыс істегенде, құбылыстың бимәлім сырын ашып, терең ойдың түбіне бойлаған жатады. Ол сауалға А.Фадеев: «Каждый художник садясь за стол, имеет определенную цель, авторское задание. Но когда будут нашупаны характеры, образы, они сами начнуть вносить в первоначальный план свои ноправки. Логика развития образов в типичных обстоятельствах иезменяет, а иногда и ломает предварительные замыслы», - деп жауап қайырған. Бәрі типтік жағдайда әрекет ететін образ логикасына бағынышты. Айталық, Л.Толстойдың Анна Каренинасы («Анна Каренинасы» романы) поездың астына түсіп өлуі Екатерина Маслованың («Воскресенье») революционерге тұрмысқа шығуы, А.Пушкиннің Татьяна Ларикасы «ойламаған жерден» күйеуге тиіп («Евгений Онегин» романы) кетуі, Ә.Нұрпейісовтің Еламаны Кенжекейге үйленіп, офицер Федоровтың қолынан ажалын табуы («Қан мен тер») т.б.

Жазушы стилін өзгертетін факторлар: бұрынна жаттанды болған жайларды жаңаша пайымдау, тақырыпқа басқа қырынан келу, проблеманы өзгерту, күрделендіру. Мәселен, Шыңғыс хан, Батый, ТОқтамыс, Ақсақ Темір, Едіге, Әбілқайыр, Абылай, Кенесары т.б. бұрын хан, басқыншы, мансапқор ретінде қаралып, бірыңғай қара бояу жағылып келсе, енді оларды бейнелеуде бояуды өзгерттік. Революцияны марапаттайтын төл туындыларға таптық көзқарас тұрғысынан үңіліп, құбыжық образдар тобырынан кекірігіміз азып келсе, «Қан мен терде» таптаурын қанын бұзылды. ЖЭС (НЭП), ұжымдастыру, аштық жылдары тақырыбы да қисық айнадағы келбетін түзей бастады. Типтік жағдай логикасы образдар логикасына да айтарлықтай өзгерістер енгізеді деуіміз сонан.

Қазақ жазушылары тарихи тақырыпты игеруде алғырлығы, көреген кемелділігімен ерекшеленетінін мойындағанымыз жөн. Олар бай тарихи ескерткіш, шежіре, жазба дерек, ғылыми зерттеулерге арқа сүйеуге мүмкіндігі болмай, бірен-саран еңбектер мен тозығы жеткен ежелгі дәуір белгілеріне «тіл бітіріп», таза фантазиясына, дарын қуатына ерік берді. «Жібек жолы», «Ауыздың ақары», «Алтын Орда», «Көшпенділер», «Аласапыран» т.б. ақыл-парасаттың мың градустық «домкасынан» қорытылып шыққан. Суреткердің айқын даралық сипатын, стилін қалыптастыруда оның сол тақырыпты игерудегі өз проблемалары, өзіндік әлеуметтік, моральдық болса ғана еңбегі өнікті, табысы татымды.

Поэтика – стильдің жемісі. Поэтика – көркем шығарманың құрылымдық формасы жөніндегі ғылым. Сондай-ақ ол жаңа мазмұнның ықпалымен бұл формалардың өзгеруінің тарихи заңдылықтарын ашып береді. Поэтиканың өмірлік мәні көркемдік сұлулық, сол сұлулықты тудыратын өміршең өнердің сырын, қолдану методын түсіндіретін ғылым. Ал, метод ойланып-толғанудың типі, шындықты танытудың жолы, тәсілі. Поэтика мен стиль бір-біріне тәуелді, бірінен –бірі туып, байытып отыратын табиғатын көрнекті ғалым Р.Бердібаев: «Стиль дегеніміз жалпы көркемдік компоненттердің қосындысы ғана емес, суреткердің дүниені поэтикалық қабылдауы мен бейнелеп ойлануының жүйелі көрінісі», - деп түсіндіреді. Әрине, «дүниені поэтикалық қабылдау», «бейнелеп ойлау» көркем компоненттерсіз жүйеге аспасы хақ. Ал поэтика сол көркемдік компоненттер: диолог, монолог, полилог, шығармадағы драмалық, эпикалық, лирикалық күйлердің берілуін, характер, сюжет, композиция типті тартыстың өрістеу амплитудасын т.б. тексереді. Орыс әдебиетіндегі эстетика мен поэтика мәселесін зерттеп жүрген Ю.Барабаштың топшылауы осы төңіректен табылады. Асылы, көркем шығарма көркемдік құралдардың үйлесімді қызметіне тәуелді. Қазақ тарихи романдарының поэтикалық ерекшеліктеріне оның көркемдік құралдары-компоненттері қызметін саралау барысында көз жеткізуге болады. Қазақ тарихи романдарының халықтық фольклорға жақындығы шығарманың ұлттық қасиеттерін айшықтай түседі. Ұлы Абай «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» демекші, өткенін тірілтіп, арманын оятатын халық әндері қазаққа жұтатын ауа, ішетін судай. Онсыз еңбекте екпін, тойда сән, өлгенге құрмет жоқ. Жауға да жігеріңді жанып, өрлікке бастайтын сол. Міне, стильдің атқаратын қызметін саралағанда көркемдік компоненттердің әрқайсысын осылайша талдап тануға тиіспіз.

Бақылау сұрақтары:



  1. Стиль дегеніміз не?

  2. «Стиль - кейіпкер» (Л.Леонов).

  3. Тарихи роман стилі.

  4. Стильді көркемдік компоненттері.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Жанр сипаты. «Ғылым». Алматы, 2000. 125-129 б.

2. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. «Жазушы» Алматы, 2001. 295-300 б.

3. Затонский Д. Искуство романа и ХХ век. «Художественный литературы». М., 2002. 295-300 б.

4. Историка-литературный процесс (Проблемы и методы изучения). «Наука». Л., 2004. 111-115 б.

5. Исенов А.Х. Мастерство психологического анализа. Алма-Ата, 2005. 214 б.

6. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы (Жанрлық спецификасы. Типология. Стиль. Ұлттық кейіпкер. Тарихилық сипаты. Поэтика) «Ер –Дәулет» басп. Алматы, 1996. 38-42 б.


Дәріс 8-9-10.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»
umkd -> «Ақпараттық технологиялар» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umkd -> 5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> «шетел тарихнамасының жаңа бағыттары»
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орындарында тарихты оқыту әдістемесі»
umkd -> Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет