Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік униврситеті


Комар А.Г. Строительные материалы и изделия. Учебник для инж.- экон. специальностей строительных ВУЗ-ов. – 5-е изд. перераб. и доп. – М.: Высш.школа., 1988. – 527 стр..: ил.2.К.В. Чаус, Ю.Д. Чистов,



бет3/4
Дата28.06.2016
өлшемі261 Kb.
#163468
1   2   3   4

1.Комар А.Г. Строительные материалы и изделия. Учебник для инж.- экон. специальностей строительных ВУЗ-ов. – 5-е изд. перераб. и доп. – М.: Высш.школа., 1988. – 527 стр..: ил.2.К.В. Чаус, Ю.Д. Чистов, Ю.В.

2.Лабзина Технология производства строительных изделии, материалов и конструкции. Учебное пособие. – М.:.Высш. школа, 1985. - 424 стр.:ил.

3.Гальперин М.И., Домбровский Н.Г. Строительные материалы. Учебник для ВУЗ-ов, - М., Высшая школа, 1980 – 344 стр.

4.Васильев А.Т. Строительные материалы и изделия. Учебник для строит. ВУЗ-ов. – М.: Вышс школа, 1998. – 235 стр.


5.Сергеев В.П. Строительные теплоизоляционные материалы. - Учебник для строит. ВУЗ-ов. – М.: Вышс школа, 1987 – 376 стр.

6. Б.С.Сатеков. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті. 1, 2 том


12 дәріс. Темирбетон құбырларды қалыптау.



Дәріс жоспары:

1. Темирбетон құбырларды қалыптау.
Бақылаау сұрақтары.

1.

2.


13 дәріс. Дайын бұйымдардың қалыпты алу және жеткізу.



Дәріс жоспары:

1.Дайын бұйымдардың қалыпты алу және жеткізу.


Бақылаау сұрақтары.

1.

2.


14 дәріс. Дайын бетон бұйымдардың зауыттарда әрлеуі.

Дәріс жоспары:

1.Дайын бетон бұйымдардың зауыттарда әрлеуі.


Бақылаау сұрақтары.

1.

2.


15 дәріс. Темирбетондардың сапасын бақылауы.

Дәріс жоспары:

1.Темирбетондардың сапасын бақылауы.


Өндіріс процестерін жэне өнімдер сапасын бақылауды, жиналмақ темірбетон зауыттарында, өндіріс кәсіпорындарында басты екі бағытга ұйымдастырады: 1) Жүйелі түрде операциялары бойынша өңдірістік процестерін бақылау; бетон қасиетін, сапасының тұрақтылығын және біркелкілігін қамтамасыз ететін белгіленген өндіріс режимдерінің дэл орындалуын бақылау; 2) қасиеті және сапасы бойынша мемлекеттік талапқа және техникалық шартқа сэйкес келетін темірбетон бұйымдарын тұтынушыларга жіберуді қамтамасыз ету үшін, оларды шығарарда сапасын бақылау.

' Жүйелі операциялары бойынша темірбетон өндірісін бақылауды ұйымдастырарда мынандай басты процестерді автоматикалау жэне жартылай автоматикалау қажет: бетон құрамаларын дозалауды; бетон араласындағы су шығыны.ң түзетуді; бетон араласын араластыру ұзақтыгын бақылауды; темірбетон бұйымдарын жьшы ылғалдылықта өңдейтін камера жэне қондырғы жұмыстарын берілген режимде сүйемелдеуді; жылыылғалдылық өңдеудегі камера жэне қондырғы жұмысының шын мәніндегі режимін тіркей жазбалауды; эрбір процестің аяқталуын хабарлауды және т.б.

Бұйымдарды жылыылғалдылықпен өңдейтін камера жэне қондырғы жұмыстары режимдерін нормалық деңгейде бақылап сүйемелдеу жоғарғы сападағы бұйымдар шығаруды минималдық отын жэне бу шығынында қамтамасыз етеді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін өндіріс кэсіпорындарының бүкіл бу - жылу жүйелері жұмыстарын бақылау жэне тексеру қажет.

Температуралық режимді үзіліссіз бақылау үшін датчигі бар термометрлерді қолданады. Оларды, камераның немесе қондырғының түрлі бөліктеріне орналастырады.

Алдын-ала кернеуленілген арматураны операциялары бойынша бақылау бұйымдар сапасын асырумен қатар 5-10% дейін арматура үнемдеу мүмкіндігі тудырады. Технологиялық созындыда операциялары бойнша кешендік бақылауды жүргізу бұйымдардың құрастыру - Пайдалану сапасын жақсартып, оларды сынауға, құрастыруға, құрылыс алаңында түзетуге кететін шығындарын азайтады.

Дайын бұйымдар мен конструкциялар сапасын бақылау олардың геометриялық өлшемдері мен пішінін, сыртқы бет сапасын, қоршағыш қаптама қалындығын, арматура жэне саларлық бөлшектер орындарын, конструкциялар мықтылығының, қаттылығының жэне жарықтұрақтылығының, тағы басқа сапа көрсеткіштерінің жобалық талапқа сэйкестігін тексеру қарастырылған. Бұйымдар бетоны

мықтылығын анықтарда, дәстүрлік тэсілмен кубтарды (20x20; 10x10 см) немесе цилиндрлер (диаметрі 10-45 см, биіктігі 10--20 см) түріндегі стандарттық үлгілерді престе сынаумен қатар, бұйымдар сапасын қаратпайтын бақылау тәсілдерінің бірімен анықтайды УК-14 ПМ аспабы темірбетон бұйымдарындагы, конструкцияларындагы жэне гимараттардагы класс В 7,5-КВ 35 (М100 ^-М 400) бетон беріктігін ультрадыбыстық бақылауга арналган. Оны теңіз деңгейінен 1000 м дейінгі биіктікте орналасқан материалдар мен бұйымдарды бақылау үшінде қолдануга болады.

Сонымен, бетон жэне одан темірбетон бұйымдарын жасау өндірісінің барлық сатысында бақылау ұйымдастырылады. Бастапқы материалдар қасиеттері, бетон араласпасын даярлаудың, оны тығыздауын, структурақұрылуын, бетон қатаюын жэне дайын материалдар мен бұйымдар қасиетін бақылауын жэне тексеруін түгелдей қамтитын өндірістік бақылау және тексеру жүйесі. .Бақылау жүргізу үшін түрлі тәсілдері және аспаптарды пайдаланады. Алынган нәтижелер бойынша бетон құрамына, түрлі технологиялық факторлардың дайын бетон қасиетіне эсерін ескеру заңдылықтары негізінде технологиялық операциялар параметріне және режиміне түзетулер еңгізеді.

Өндірісті жэне өнімдер сапасын басқару үшін есептеуіш техниканы және автоматталынган басқару жүйесін пайдаланады. Олардың жұмыстары үшін тиісінше математикалық жабдықтандыруды талап етеді, мысалы математикалық модельдерді пайдалану арқылы бетон қасиетін қолданылатын материалдар сапасымен, бетон құрамымен жэне өндіріс жағдайымен байланыстыра бақылау мен тексеруді жүргізе алады.

Жоғарыда айтқанымыздай, бетон сапасын өндіріс операциялары бойынша бақылау үшін экспресс - тәсілдерін пайдаланады. Соның арқасында, материалдар қасиетін немесе процес параметрін тездете бағалауға қол жеткізеді. Арнаулы жартылай автоматты және автоматты құралдарын жасайды, сондай-ақ, бақыланатын нысандарын ішін - ара тексеру тәсілін де пайдаланады. Цемент қасиетін бағалау үшін оның химиялық-минералогиялық қүрамын рентгенографиялық жэне басқа экспресс - сараптау тэсілдерімен тексереді, цементтің меншікті бетін жеделдік әдісімен анықтайды. Осылардың нэтижесі бойынша цемент сапасының дайындалынатын бетон араласпасына жэне бетон қасиеттеріне эсер етуі мүмкіншілігін болжайды, қажет болған жағдайда, бетон құрамын жэне технологиялық операциялар режимінде тиісті өзгертулерін енгізеді.

Осыдан бүрынғы тарауда толтырушылар сапасы бетон араласпасы қасиетіне және бетон беріктігіне эсері жөнінде айтылғанды. Толтырушылар сапасын электрофизикалық және радиационалдық тэсілдерімен анықтайды. Толтырушылардың бетон араласпасы қасиетіне эсерін қарапайым түрде тікелей араласты сынау (оның араластыруға кедергісін жэне конус шөгуінің немесе қаттылығын анықтау) бойынша бағалайды.

Темірбетон конструкцияларын өндірерде бақылауға жататындары:

1) Жіберерлік бетон беріктігі - алдын-ала кернелусіз жиналмалық конструкциясы және алдын-ала кернеуленілген конструкция үшін, егерде жіберілетін беріктігі өткізетінінен жоғары болса;

2) өткізерлік бетон беріктігі - алдын-ала кернеуленген конструкциялары үшін;

3) жобалық қүжатта бекітілген аралық шағындағы бетон беріктігі -тұтастық конструкциялар үшін (көтеріп түрған қалыпты босатарда және т.с.с);

4) жобалық шағындағы бетон беріктігі - жиналмақ және тұтастық конструкциялар үшін. Егерде жіберерлік немесе өткізерлік беріктігі берілген класс үшін бекітілгендігінен 90% артық болса, жобалық шағында беріктігін бақылауды жүргізбейді. Бетон беріктігін бақылауды алдыңғы партияны бақылау нәтижесін пайдалана жүргізеді. Осы бақылау негізінде, беріктігі бойынша бетон біркелкілігі сипатын жэне келесі бақылау мерзіміне талаптық бетон беріктігін анықтайды. Бақыланатын партиядағы бетон беріктігін Кбп талапқа сай беріктігімен Кт салыстырады. Егер Кбп>Кт партиядағы конструкциялар қабылданады.

Бізге белгілі тәсілдемеге сәйкес, бұйымдардағы бетон беріктігін кубтар сынау нэтижелері бойынша бағалайды, бірақ шын мэніндегі бетон беріктігі тек үлгілер беріктігінен ғана ерекшеленбей, эрбір бүйым шегінде де эртүрлі болып өзгереді. Оның үстіне, мүндай тэсіл бағаналар мен фермерлер үшін мүлде жарамсыз. Сондықтан, қиратусыз айқындау үшін механикалық жэне электронно -акустикалық тэсілдері қолданады. Механикалық тэсілдерде бұйымдар бетіне белгілі түрде мехнаикалық күш әсерін тигізеді, мысалы шариктік балғамен, гидравликалық пресс пружинасының қысымымен жэне т.б., ал мықтылығын осы механикалық күш эсеріне кедергілік қабілеті бойынша жориды.

Электрондық - акустикалық аспаппен бұйымдар беріктігін жэне беріктілігін анықтау эмбебаптық (универсалдық) тэсілі болып табылады. Бұл тэсілді қолдана материалды бүкіл қалыңдығы бойынша зерттеп, ондағы ішкі ақауларын (қуыстарын, жарықтарын) айқындауға болады. Бұл тэсілдің мэнісі - бетондағы ультрадыбыстық импульстың тарау жьшдамдығын өлшеуде. Электрондық ультрадыбыстық аспап дыбыстан асқан тербеліс жиілігін қоздырады жэне импульстің өту уақытын микросөкундпен өлшейді. Бұйымның қалыңдығын біле отырып, ультрадыбыстың таралу жылдамдығын есептейді. Бұл жылдамдық бетон, тығыздығына жэне беріктігіне, оның ылғалдылығына жэне толтырғыштар қасиетіне байланысты келеді. Ультрадыбыс таралу жылдамдығы мен беріктігі аралығындағы сэйкестілік байланысы бойынша бетон мықтылығын анықтауга болады.

Бұл формулалар бетонның негізгі мықтылық заңын өрнектейді. Формулада толтырғыштар сапасы (А), цемент сапасы (Кц) жэне цемент тасының сапасы, яғни С/Ц немесе Ц/С арқылы оның кеуектігі ескерілген. Неғұрлым толтырғыштар сапасы жақсы, цемент маркасы жоғары, Ц/С мағынасы үлкен, соғұрлым бетон мықтылығы жоғары болады. Цемент шығынының тұрақтылығында су шығыны көбейген сайын бетон мықтылығы төмендей береді, ал азайған сайын - жоғарылай береді.


Бақылаау сұрақтары.

1. Цемент маркасының жоғарылауына қандай қасиеттері әсер етеді?

2.Бетон беріктігін қандай аспаптар көмегімен анықтауға болады?


15Тақырып. Кернелуші цемент негізіндегі бетондар. Бетонның жарықшақтыққа төзімділігі. Болат арматурамен бетонның жабысуы.(2сағат)

Дәріс жоспары

1. Бетонның жарықшақтыққа төзімділігі.

2. Болат арматурамен бетонның жабысуы

3.Жүктелген бетонның серпімді және иілімді деформациясы

Алдын-ала кернеуленген бұйымдар жасарда бетонда бүкіл қимасы бойынша немесе тек созғыш кернеулі зонасында ғана алдын- ала қысымдық туғызады. Бұл қысу кернеу шамасы конструкцияны пайдаланар мезгілінде бетонда пайда болатын созу кернеуінен басымдау болуы қажет. Әдетте бетонды алдын-ала қысу 5-6 МПа, ал темірбетондық қысымдылық құбырларды жасарда - 10+12 МПа кернеулікпен қысымдайды. Бетон қысымдалынуы кернеулендіре тартылған арматураны босатқаннан кейінгі серпінділік күш эсерінен болады. Мұндай күш бетонның арматурамен ілінісуі есебінен немесе анкерлік құрылымдар көмегімен бетонга беріледі, нәтижесінде бетон қысылып қалады. Бетон қысылып қалуы үшін колданылатын арматураның серпінділік деформациясы оның агу шегінің 85 - 90 % құруы тиісті, ал айқын агу шегі жоқ көміртекті құрыштар үшін - үзуге мықтылық шегінің 65 - 70 % құрайды. Кернеуленетін арматуралар ретінде сымдық және шыбықтық арматуралық құрыштарды қолданады, ал кернеуленбейтін қосымша арматуралар ретінде, мұндайлар егер кернеуленетін бұйымдарда орын алатын болса, пісірілген торлар жэне қаңқалар жарамды болады. Алдын-ала кернеуленген бұйымдарды жасарда жеке шыбықтармен (стерженьдермен) немесе сымдар иірмелерімен бетонды бірбіліктілікпен қыспалдауды жэне екі немесе бірнеше багытта тартыла кернеуленген сымдармен көлемдік қыспалауды қолданады.

Конструкцияларда қолданылатын арматуралық элементтер арматурадан, созар кезде арматураны бекітетін кұрылымдарынан жэне арматуралық элементтерін құрастыратын жеке шыбықтарды және сымдарды жобалық орындарында мызғытпай ұстататын тетіктерден тұрады. Арматураны бекітуге арналған кұрылым конструкциясы арматуралық элементін жасау үшін қолданатьш машина мен тетіктерді, типтермен байланысты болады. Бұл тетіктердің екі түрін қолданады - қысқыштарын жэне анкерлерін (қазықшаларын). Арматураларды бекіту тэсілдері бойынша бұлар былайша жіктелінеді: сыналықтар, жалпақтар, сопақтылар, толқындықтар, ілмектер, бұрамалықтар, жабықтылар. Келтірілген тетіктерде арматуралық иірілме ұштарын жұмсақ кұрыш дөңгелек сақинаға кіргізіп престейді. Бұрамалықтан (оймалықтан) басқа келтірілген тетіктердің барлығы стерженьдерді және периодтік профильді стерженьдерді бекіту үшін қолданады. Шыбықтық (стерженьдік) арматураны ұстату жэне бекіту үшін винттік оймасы бар немесе профильдері созылдыра тартылатын арматура профиліне кері профильдегі түрлі «сына тэрізді кескінді» қолданады. Қысқыш құрылымдардың прогрессивтік конструкциясына алдын-ала механикаланған жолымен сымдық пакеттерді құрастырарда қолданатын топтық қысқыштары жатады. Әрбір шыбықты (стерженьдерді), сымдар таралымын немесе олардың топтамасын бекіту үшін қысқыштарын қолданады.

Сым иірмелері үшін анкерлер тарту тэсілі және ұштарын бекіту бойынша ажыратылады. Иірілмелерді бекіту үшін қазықшылардың (анкерлердің) екі түрін: конус тәріздісін - екіжақты эсерін домкратпен арматураны тартады жэне гильзалықты - арматураны стерженьдік домкратпен тартарда қолданады.Алғашқы кернеуді арматурадан бетонға беруді үш тэсілмен жүзеге асырады: біріншісі - диаметрі 2,5 +-3 мм арматура мен бетон ілінісуі арқасында; үлкен диаметрдегі арматураның бетонмен ілінісуін сым бетінде жаншылған ойықтар қалдыру арқылы немесе екі - үш сымнан иірілме кұру есебінен, не болмаса периодтық профильдегі арматураны қолдану арқылы жетілдіреді. Екіншісі - қазықшылар құрылымымен нығайтылған арматураның бетонмен ілінісуі арқылы; үшіншісі - арматура мен бетон ілінісуін ескермей-ақ, арматуралық элементтері ұштарындағы қасықшылар құрылымдары арқылы тартылу күшін бетонга көшіру, жолымен. Арматураны тарту тәсілі механикалық жәнеэлектромеханикалық болып екі топқа жіктеледі. Механикалық тэсілде домкрат көмегімен арматура біліктік күшпен тартылады. Алдымен арматура жобалық кернеудің 50% тең күшпен тартылады. Осы қалпында қысқыш құрылғысын жэне арматураларының орындылықтарын тексеріп пыс тартылуынан 10% асатынға жеткізеді, бірақ сымның созуға мықтылық шегінің 85% аспайтындай болуы керек. Осындай күйінде 5 мин ұстап тұрады, бұдан кейін тартуды жобалық - шамасына дейін төмендетеді. Кернеуленген арматураны босатуды (бетонды қыспалау) бетон бұйымы талапқа сай мықтылығына жеткенде және бетондағы сымдардың ұштары бекімдіктерін тексеріп барып жібереді. Дәл бетон мықтылығын байқаулық үлгілерін сынаумен анықтайды. Арматураны жіберер уақытына таялғанда, әдетте, бетон мықтылығы жобалығының 70%о құрайды. Тартылуын жіберуді стендада біртіндеп екі-үш этапта жүргізеді. Тартылынған сымды біртіндеп жіберу мүмкін болмаған жағдайда, бұйым қиығы білігіне симметриялығын сақтай отырып, сымдардың жалпы санының бірден, 10-Н5 %- дан кесу арқылы кернеу бетонға беріледі. Механикалық тэсіл бойынша әдетте, арматура арнаулы стендада тартылады.

Электрикалық тәсіл құнды жабдықтарды қажет етпейді жэне еңбек сыйымдылығы шамалы. Мұндай тәсіл шыбықтық (стерженьдік) класс арматуралық құрышты, аса берік құрыштық сымдардан жасалынған сымдық жэне иірілмелі арматураларды, суықтай өңделінген, диаметрі 4+5 мм периодтік профильдік сымды жэне жеті талшықты сымдар иірілмелерін тарту үшін қолданады. Электрикалық тәсілмен арматураларды созу үшін бірінен кейін бірін немесе бірңеше стерженьдерді бірден тартатын қондырғыны қолданады. Бұдан басқа стержндерді қалыптан тыс немесе тікелей соның ішінде қыздыратын қондырғылар да болады. Сурет 16.14 көрсетілгендей, қалыптан тыс шыбықтық арматураларды электрмен қыздыру қондыргысында диаметрі 12-5-14 мм, бұйымдардағы санына сай келетін бірнеше құрыш шыбықтарын бірден қыздыруға мүмкін болады. Қондырған екі контактылық тұрғыдан (бірі жылжымайтын, екіншісі жылжымалы) жэне бір аралық тіректен тұрады. Әрбір контактыда екіден губкалары бар: біреуі токжүргізуші, ал екіншісі - қыспалық. Шыбықтардың қыздырылуын автоматикалық жолмен бақылайды, қыздырылган шыбықтары (стерженьдерді) қондырғьщан алып қалыптардағы тіректерге тиеп орналастырады. Осы қалыптардағы тіректер арматура суый келе, қысқаруына кедергі болады. Конструкция нығыздалып қалыпталынған бетон қатайғаннан кейін арматураны тірегінен босатып арматурадағы тартылу күші бетонға беріледі. Нэтижесінде бетон алдын-ала кернеуленген болып қалады.Арматураны үзіліссіз механикалық жэне электромеханикалық тәсілмен тарту (созбалау) мәнісі мынада: берілген шамаға дейін алдын-ала кернеуленген сымды қабылдалынған арматуралау схемасына сэйкес қалып тығырығына (поддонға) орналастырады.Тартылған сымды сол күйінде бекітуді тығырық периметрі бойынша орналасқан қазықшаларға ұштарын орау жолымен қамтамасыз етеді. Тартылудан пайда болатын күш конструкциядағы бетон қатайганға дейін қазықшалар арқылы стендаға немесе қалыпқа беріледі. Бетон қатайып қажетті мықтылығына жеткеннен кейін сымдар ұштарын кесіп босатады, нэтижесінде сымдардағы тарту кернеулері тікелей бетонға беріледі де алдын-ала кернеуленіп қалады. Бұйым білігіне қатысты арматура байлығымен немесе көлденең, қиыстыра немесе диогналымен орналастырылуы мүмкін. Мұндайда, бетон екі-үш қабатты және тіпті көлемдік алдын-ала қыспалануы мүмкін. Бетон кеуектілігі жоғары, жарықтары болса жэне қорғаныс қабат қалыңдығы жеткіліксіз болып қалған жағдайларда арматура коррозияға ұшырауы мүмкін. Оның үстіне ауа ьшғалдылығы 80% айналасында коррозия процесі өте үдемелі жүреді, әсіресе климаты ыстық және ылғалды теңіз-көлдер аймағында коррозия асқынып кетуі эбден мүмкін.

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары

1. Бетонның жарықшақтыққа төзімділігін сынау.

2. Болат арматурамен бетонның жабысуын анықтау.

3.Жүктелген бетонның серпімді және иілімді деформациясы қалай?


14Тақырып. Құрама темірбетон бұйымдары мен конструкциялар типтері.

Дәріс жоспары:

1. Құрама темірбетон бұйымдары мен конструкциялар типтері туралы мағлұмат.

2.Темірбетон конструкциялардың сапасын жоғарылату және жөндеу.

3.Құрылыс конструкцияларына арналып шығарылған түрлері.

Темірбетон бұйымдары ме конструкциялар типтері

Жиналмақшы темірбетон бұйымдары мен конструкциялары құрылыс комбинаттарында және темірбетон зауыттарында жасалынатыны белгілі. Сондықтан, оларды жобаларда бұйымдардың зауыттық технологиялығына қойылатьін талаптары ескеріледі. Бұл талаптар элементтердің шектік массасын, олардың геометриялық мөлшерлерін, пішінін және элементтер қимасын, олардың арматуралануын, зауыттық дайындык дэрежесін анықтауға негіз болып табылады. Көліктік жэне жүккөтермелік жабдықтар шарты бойынша элементтер ұзындығы, әдетте 25 м, ені 3 м жэне массасы 25 т. аспайды. Типтік жиналмақ конструкцияларының номиналдық мөлщерінен рұқсат етілетін ауыткуын стандарттармен және техникалық жағдаймен тағайындайды, әдетте ±5^- 10 мм құрайды.Өндірісте цемент үнемдеу мақсатында бұйымдарды минустық рұқсатымен шығаруға талаптанады.Жиналмақ темірбетон бұйымдары ұзындық, жазықтық, блоктық, кеңістік түрінде шығарылады. Бірінші түріне бағаналар (тіреуіштер) ригельдер, арқалықтар, прогондар, қадалар, фермалар жатады, екіншісіне - жамылтқы және жабынды плиталары, қабырға жэне қалқа панельдері, бункерлер, резервуарлар қабырғаларыдіреуіш қабырғалар; үшіншісіне - массалық бұйымдар іргетас, құрама іргетастар, жертөле қабырғалары, қоршаушы конструкциялар; төртіншісіне - санитарлық көлемдік кабиналар, көтергіштер (лифталар), блок - бөлме, құдықтар сақиналары, силостардың коробкалық элементтері жатады. Жиналарлық темірбетондардың жалпы көлемінің 80 % астамын азаматтық жэне өнеркәсіптік құрылыс бұйымдары құрайды.

Азаматтық үйлер қүрылысына арналган темірбетон бұйымдары. Ірге тастар үшін іргетастық блоктарды қадаларды пайдаланады. Қабырғалар астына текше (ленталық) іргетастарын трапеция түріндегі (іргетас ені 0,6-Ю,8 см) жеке блоктардан орындайды. Сурет 16.1 келтірілгендей, блоктар ұзындығы 0,78 - 2,38 м, биіктігі 30^50 см, массасы 0,5^4 т., Блоктарды М150 - М300 ауыр бетондардан жасайды. Жертөле қабырғаларын МІОО - М150 ауыр бетондардан жасалынған бүтін немесе қуысты блоктардан орындайды, олардың ұзындығы 2,5 м, биіктігі 70 см, ені 50 см дейін, кұрыш торларымен арматураланған болады. Блоктардың көлденең бүйірлерінен тік ойықтар қалдырады. Бұларын блоктарды тиісті жеріне орналастырғаннан соң, ерітіндімен немесе бетонмен толтыра конструкцияны біртұтастайды.

Бағана астына арналған іргетастар маркалары М200- М300 ауыр бетоннан жасалынған массалық элементтер - астынгы (табаны) жазық. Оларды нығыздалынған жерге немесе дайындалған бетон үстіне орнатады, үстіңгі бетіне бағананы (тіректі) кигізу үшін арнаулы ұя - стакан типтес құрылым отыргызады. Темірбетон бағанасын жақтары 30 см төрткілдік (квадраттық) қимасымен, ұзындықтары 20 м дейінгі ұзындық элемент түрінде шығарады.Тұрғын үйлерінің сыртқы панельдерін сурет 16.1, II, а көрсетілгендей, бүтіндей немесе терезелік жэне есіктік ойықтарымен жасайды. Біркабаттық панельдер кеуекті толтырғыш негізіндегі тығыздығы 700 - 1000 кг/м , маркалары М50^М100 жеңіл бетоннан, сондай-ақ, тығыздығы 500-700 кг/м , маркалары М35-НУ150 ұялы бетоннан жасалынады. Құрылыста кеңінен қолданылатындары мөлшері бөлменікіне сэйкес келетін панельдер: ұзындығы 3,6 м, Жылытылатын үйлердің қабырға плиталары жазық бірқабатты ұялы бетоннан немесе кеуекті толтырғыщ негізіндегі жеңіл бетоннан жасалынады. Багана қадамы 6 м болғанда плита үзындыгы 6 м биіктігі 0,9 - 1,8 м., қалыңдыгы 16-30 см. Жылытылмайтын үйлер үшін осы өлшемдегі қалыңдыгы 7 см плиталарды қолданады. Бағана қадамы 12 м болганда алдын - ала кернеуленген, өлшемдері; ұзындыгы 12 м, биіктігі 1,2; 1,8 және 2,4 м, қалыңдығы 3 см қырлы плиталарды қолданады.

Көцқабатты өндірістік үйлері үшін темірбетон бүйымдары ңоменклатурасы қанқалар жэне жабындықтар элементтерін қамтиды: бағаналарын, ригельдерін, жабындық плиталарын, технологиялық жабдықтар астындағы арқаларын, баспалдақ басқыщтарын, қоршаушы панельдерін және т.б. элементтерін. Түрлі арналудағы үйлер үшін мөлшері, арматуралау жүйесі, бетон маркалары жэне басқа мэліметтері бар типтік темірбетон бүйымдары альбомы өңделген. Осы албомдарды пайдалана отырып, салынатын үйлер мен ғимараттар жобалары бойынша қажетті темірбетон бұйымдарына тапсырма беріледі.

» Инженерлік гимараттар ңурылысына темірбетон буйымдары. Арналулары бойынша эртүрлі инженерлік ғимараттар кұрылысына да типтік темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын қолданады. Көлік кұрылысы үшін алдын-ала кернеуленген щпалдарды, маркасы М500 бетоннан жэне түйіспелік (контактылық) желілер тіректерін, маркасы М400 жэне аязға тұрақтылық маркасы ҒЮО т- Ғ200 бетоннан жасайды. Түйіспелік желілер тіректерін көпшілігінде құбырлық қимада жэне екітаворлық және швеллерлік типте торлық қабырғаларымен жасайды. Автожол жэне әуежайлары үшін маркалары М300 және М 150 бетондардан жасалынған мөлшері 1,75 х 3 м жэне қалыңдығы 13-17 см дейінгі алдын-ала кернеуленген плиталарды пайдаланады. Көпірлер үшің көпірлер тірегіне бағаналарды жэне тиімді қимасы (қос Т жэне тавролық және т.б) алдын - ала кернеуленген аралық құрылымдарды (пролетного строения) қолданады. Метрополитен немесе басқа түрлі туннельдер үщін тюбиннгілерді, түннелдерді өңдеуге блоктар, қабырга бдоктарын, баганаларын және метрополитен станциясына жабындық блоктарын зауыттарда шығарады. Бұл бұйымдар маркалары М200-

М400 ауыр бетоннан алдын-ала кернеулендіре немесе кэдімгідегідей арматуралануымен жасалынады.

Сушаруашылығына арналған ғимаратар үшін бетон жэне темірбетон кұбырларын қолданады. Диаметрі 10-60 см және одан улкен, ұзындығы 1 - 2 м кұбырларды арнаулы технология бойынша жасайды. Оларды қысымсыз су ағызар және канализациялар желілерін төсеу үшін колданады. Диаметрі 50 - 120 мм жэне одан үлкендеу, ұзындығы 4-^-6 м құбырларын дірілдетумен, центрифигалаумен, престеумен жасайды. Оларды арналуы бойынша қысымсыз жэне қысымдық құбырлар деп жіктейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет