Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік униврситеті



бет6/6
Дата01.07.2016
өлшемі3.31 Mb.
#171081
1   2   3   4   5   6

Зертханалық-практикалық сабақ 14

Болатты арқалықты конструкцияны есептеу

  1. Металды жабыны бар арқалықты алаңды жобалау.

2. Болатты арқалықты конструкцияны есептеу

Металды жабыны бар арқалықты алаңды жобалауды үйрену.
Мысал: Қалыңдығы tн=10 металды жабыны бар арқалықты алаңды жобалау керек тор өлшемі 18х6м (сурет 2.4).

Нормативті тең таралған жүктеме Рn=20 кН/м2, коэффициент γƒ=1.2, арқалық материалы С235, Rу=23 кН/см2 , γс=1, шектік иілу [ƒ/l]≤1/250.


Шешуі:

• арқалықты тордың компоновкасының екі түрін қарастырамыз: бірінші – кәдімгі, және екіншісі күрделі (2.4, а және б):

• бірінші нұсқау:

Жабын арқалығының арасын 120см деп қабылдап басты арқалықтың аралығын 15 тең аралыққа бөлеміз;

tн=10 мм болғанда жабын салмағын табамыз

qн=1⋅0.785=0.785 кН/м2;

онда жабын арқалығына түсетін нормативті жүктеме

qn=(Рн+qн)⋅а=(20+0.785)⋅1.2 = 24.94 кН/м = 0.2494 кН/см;

есептік жүктеме q=(γƒ⋅Рнƒ⋅qн) = (1.2⋅20+1.05⋅0.785)⋅1.2 = 29.79 кН/м;

есептік ию моментін табамыз:

М=q⋅ℓ2/8=29.79⋅62/8=134.04 кН⋅м;

Керекті кедергі моменті (2.14 [2]) бойынша сх=1.1 болғанда

Wn.треб .=530 см3;

1 – жабын арқалығы; 2 – көмекші арқалық; I – жүктеме; II – есептік сұлба;

а – кәдімгі түрі; б – күрделі түрі

Сурет 2.4.


Сортамент бойынша I33 ГОСТ 8239-89* Wx=597 см3 қабылдаймыз;

Jx=9840 см4; q=42.2 кг/м; b=140 мм. Wх>Wn, треб., болғандықтан беріктігін тексеру қажет емес;

(2.19 [2]) бойынша арқалықтың иілуін тексереміз

сонымен, арқалық қимасы беріктік шартына және иілуге сәйкес болып тұр. Жалпы орнықтылықты тексеру қажет емес, өйткені олардың қысылған белдіктері жабынмен бекітілген.


1 м2 аражабынға кететін металл шығынын табамыз:

1.0⋅78.5+42.2/1.2=113.7 кг/м2.


• екінші нұсқа:

Жабын арқалығының қадамы а = 600/6 = 100 см, аралық ℓ = 4.5 м;

Нормативті және есептік жүктемені табамыз:

qn = (20+0.785)⋅1.0 = 20.78 кН/м = 0.2078 кН/см;

q = (1.2⋅20+1.05⋅0.785) = 24.82 кН/м = 0.2482 кН/см;

Есептік ию моменті және керекті кедергі моменті:


М = 24.82⋅4.52/8 = 62.83 кН⋅м = 6283 кН⋅см;

Сортамент бойынша I24 с Wx = 289 см3 >Wтреб; Jx = 3460 см4 қабылдаймыз;

q = 27.3 кг/м;

арқалық иілуін тексереміз (2.19 [2]) бойынша:



Қабылданған қима беріктік және қаттылық шарттарына жауап беріп тұр. Жабын арқалығынан көмекші арқалыққа түсетін жүктемені тең таралған деп санаймыз, өйткені жабын арқалығының саны 5-н көп.

Нормативті және есептік жүктемені анықтаймыз:

qn = (20+0.785+0.273)⋅4.5 = 94.76 кН/м ≈ 0.95 кН/см;

q = (1.2⋅20+1.05⋅(0.785+0.273))⋅4.5 = 113 кН/м;

Еспетік ию моменті және керекті кедергі моменті:

М = 113⋅62/8 = 508.5 кН⋅м = 50850 кН⋅см;


Сортамент бойынша I55 с Wx=2035 см3>Wтреб.; Jx=55962 см4 қабылдаймыз;

q=92.6 кг/м; bt=18 cм; tƒ=1.65 cм;

иілуін тексереміз (2.19 [2]) бойынша:



lеƒ=100 см, с = сх болғанда арқалықтың жалпы орнықтылығын тесереміз:

lеƒ/bt қатынасын табамыз, кесте 8* [3] бойынша.



Қабылданған қима беріктік, қаттылық және орнықтылық шарттарына жауап беріп тұр.
Металл шығыны G=78.5+27.3/1+92.6/4.5=126.38 кг/м2;

• сонымен, металл шығынына қарағанда бірінші нұсқау тиімді болып келеді.



К расчету балочной клетки

№ Варианта

Материал балок

Толщина настила, мм

Размер ячейки, м.

Нормативная нагрузка, кН/м2

Остальные значения как в примере

1

С235

9

16*5

20

2

С245

10

18*5

21

3

С255

8

17*6

22

4

С285

11

15*5

23

5

С345

12

16*6

20

6

С375

10

18*5

21

7

С235

11

16*6

22

8

С255

9

18*6

23

9

С285

8

15*6

20

10

С245

11

16*5

21

№14 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



1.Металды жабыны бар арқалықты алаңды жобалау жолдары.

2. Болатты арқалықты конструкцияны есептеу ережелері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет