Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы Сем


Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар



бет6/9
Дата15.07.2016
өлшемі6.04 Mb.
#200341
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:

1.Тотығу дәрежесі деген не? Оны қалай анықтайды?

2.Реакция кезінде тотықтырғыштың және тотықсыздандырғыштың тотығу дәрежесі қалай өзгереді?

3.Периодтық жүйедегі қай топта және қай топшаларда тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш орналасқан?

4.Элементтердің тотығу-тотықсыздану қасиеттері:

а)период бойынша (солдан оңға қарай)

б)негізгі топшаларда (жоғарыдан төмен қарай) қалай өзгереді?

5. Эквиваленттің молярлық массасын тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш үшін қалай есептейді?


8 Зертханалық сабақ

Электрохимиялық процестер
Жұмыстың мақсаты: Металдардың электродтық потенциалдарын өлшеп үйрену және есептеу. Нернст теңдеуін пайдаланып гальваникалық элементтің э.қ.к. есептеу.
1 Тәжрибе. Мыс-мырыш гальваникалық элементтің э.қ.к. өлшеу.

Суретте көрсетілгендей етіп, мыс пен мырыштың электродынан тұратын гальваникалық электрод жинаңдар. Бұл металдардың тұздарының концентрациясын мұғалім айтады.

1-мыс электроды, 2- мырыш электроды, 3- мыс сульфаты ерітіндісі, 4- мырыш сульфатының ерітіндісі, 5- электролиттік кілт, 6- өткізгіш сым.

Өткізгіш сым потенциометр клемасымен жалғасады. Мырыш-теріс, мыс-электродын оң полюске қосып, элементтің э.қ.к. есептеңдер.

№7 сурет.
Гальваникалық элемент.

ΔЕтеор. = Е Cu2+/Cu - E0Zn2+/Zn

Салыстырмалы қатені табыңдар: % қате= ((ΔЕтеор.-ΔЕтәж.)/ΔЕтеор.)∙100%
2 Тәжрибе. Концетрациялы гальваникалық элементтің э.қ.к. есептеу.

Мыс электродынан немесе мырыш электродынан тұратын гальваникалық элементтің схемасын жинақтаңдар. Электродтарды концентрациясы әр түрлі өз тұздарының ерітіндісіне батырыңдар. Ерітінділер концентрациясын мұғалім көрсетеді.

Тәжірибе жүзінде ΔЕтәж. өлшеңдер және теориялық ΔЕтеор. мына формула бойынша есептеңдер:

ΔЕтеор. = (0,059/n) lgCІІІ, CІІІ

Салыстырмалы қатені табыңдар.

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Гальвани элементі мен стандартты сутек электрод схемаларын көрсетіп, қалай жұмыс істейтінін түсіндіріңдер.

2.Гальвани элементі жұмыс істеу үшін қандай реакциялар қолданылады?

3.Металл электродтарының потенциалына қандай факторлар әсер етеді?

4.Гальвани элементтерінің э.қ.к. қалай өлшенеді?

5.Концентрациялық гальвани элементі қалай жасалады?


9 Зертханалық сабақ

Электролиз.
Жұмыстың мақсаты: Электролиз процесінің жүруін көру және оның әр түрлі жағдайының схемасын құру.

1 Тәжрибе.Тұрақты тоқ көзінің теріс полюсін анықтау. Зертханада электролизер ретінде U тәріздес шыны ыдыстан тұрақты екі электрод салынған прибор қолданылады.

1-тұрақты тоқ көзі; 2- U тәріздес шыны ыдыс; 3- электродтар; 4- электролит ерітіндісі.

№ 6 сурет.Электролизер.

U- тәріздес шыны ыдысқа натрий сульфатының ерітіндісін құйып, 1-2 тамшы фенолфталеин тамызыңдар. Мыс электродтары тоқ көзімен қосыңдар. 30-40 секундтан кейін теріс полюс қосылғанэлектродтың жанында ерітінді қызыл түске боялады. Электрлиз схемасын жазыңдар.

2 Тәжрибе. Калий иодиді ерітіндісінің электролизі.

Электролизерге калий иодиді ерітіндісін құйыңдар, графит электродтарын батырыңдар да оларды тұрақты тоқ көзіне қосыңдар. 3 минуттай электролиз жүргізіңдер, катодта газ тәріздес сутегі бөлінеді, ал анодта бос иод бөлінеді. Электролиз схемасын жазыңдар. Тәжірбие біткен соң электродтар мен электролизерді жақсылап кранның астына жуыңыздар.

3 Тәжрибе. Мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісінің электролизі.

Электролизерге мыс сульфаты ерітіндісін құйыңдар, оған графит электродтарын батырыңдар, тұрақты тоқ көзімен қосыңдар. 3-5 минут электролиз жүргізіңіздер. Анодта оттегінің бөлінгенін байқаңдар. Тәжірибе біткен соң катодта мыс бөлінгенін байқаңдар.Енді тоқ көзінің полюсін ауыстырыңдар. Нені байқайсыңдар? Электролиздің схемасын жазып, байқаған құбылыстарыңды түсіндіріңдер.

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Электролиз деген не?

2.Анод және катодта жүретін процестерді түсіндіріңдер.

3.Металды рафинадтау деген не? Ол қалай жүреді?

4.Электролиз заңдары?

10 Зертханалық сабақ


Металдар коррозиясы
Жұмыстың мақсаты: Электрохимиялық коррозия жылдамдығына әр түрлі факторлар әсерін көру.
1 Тәжрибе. Хлор-ионының коррозияны жылдамдатуы.

Екі пробиркаға 6 мл мыс сульфатын, 2 мл күкірт қышқылын құйыңдар. Бір пробиркаға 5 мл натрий хлоридін құйыңдар. Екі пробиркаға да алюминий сымын батырыңдар. Қай пробиркада газ интенсивті бөлінеді?

Анодтық, катодтық және жалпы процестердің теңдеулерін жазыңдар. Реакция жылдамдығына хлор-ионының әсерін түсіндіріңдер.

2 Тәжрибе. Оттегінің концентарциясына байланысты коррозия.

Болат пластинканы наждак қағазымен тазалаңдар. Кранның астына қойып жуыңдар. Фильтр қағазымен сүртіп кептіріңдер. Содан кейін таза пластинканың бетіне мынандай ерітінділер: натрий хлориді, калий гексацианоферрат (ІІІ) және фенолфталеин қоспасынан тұратын ерітіндіні тамызыңдар. 3-5 минут уақыттан соң тамшының ортасында көк түсті, ал шетінде қызыл түсті ерітінділер пайда болады. Тамшының арасында гальваникалық элемент түзіледі. Тамшының ортасында оттегі аз болғандықтан анодтық, шетінде оттегі көп болғандықтан катодтық зона пайда болады. Тамшының ортасында темір екі валентті ионға тотығады, сондықтан турнбулевая синь (көк түсті) пайда болады. Тамшының шетінде судың әсерімен оттегі тотықсызданып, гидроксид-ион түзеді, сондықтан фенолфталеин қызылға боялады.

Катодтық және анодтық процесстердің теңдеуін жазыңдар: Ғе2+ және ОН- иондарын анықтау реакцияларының және темірдің тат басу (ржавчина) реакциясының теңдеуін жазыңдар.

3 Тәжрибе. Металдарды коррозиядан протектор әдісімен қорғау.

Пробиркаға сүйытылған сірке қышқылын құйыңдар. Оған бірнеше тамшы калий иодиді ерітіндісін тамызыңдар, бір-бірімен контактқа келтіріп мырыш және қорғасын пластинкаларын батырыңдар.

І- ионы Pb2+ ионына индикатор болып саналады. PbІ2 сары түсті тұнба. Салыстыру үшін басқа пробиркаға осы ерітінділерді құйып, тек қорғасынды салыңдар. Қай пробиркада қорғасын иодиді тез түзіледі? Pb – Zn гальваникалық элементтің схемасын жазыңдар. Қай металл протектор болып саналады?
4 Тәжрибе. Коррозия жылдамдығына ингибитор әсері.

Екі пробиркаға 5-6 мл күкірт қышқылын құйыңдар. Әр пробиркаға жұқа темір пластинкасын салыңдар. Бір пробиркаға уротропин не басқа ингибитор қосыңдар. Ингибитордың коррозия жылдамдығына әсерін қорытындылаңдар.


Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Металдар коррозиясы деген не?

2.Коррозияның қандай түрлерін білесіңдер?

3.Электрохимиялық коррозияның химиялық коррозиядан айырмашылығы неде?

4.Коррозиялық микрогальвани элементтері неге пайда болады?

5.Қандай факторлар коррозия жылдамдығына әсер етеді?

6.Металдарды коррозиядан қорғау әдістері.Қысқаша әр әдісті сипатта.

7.Қандай заттарды ингибиторлар деп атайды?

11 Зертханалық сабақ
Комплексті қосылыстар
1 Тәжрибе. Тетраамин мыс (ІІ) сульфаты комплекс қосылысын алу және оны зерттеу.

Екі пробиркаға 5 мл 1 н мыс сульфатын құйыңдар. Бір пробиркаға 2 тамшы барий хлоридін құйыңдар, екінші пробиркаға гранулды қалайы (Sn) салыңдар. Бірінші пробиркада тұнба пайда болғанын, екінші пробиркада қалайының бетінде мыс бөлінгенін байқайсыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.

Үшінші пробиркаға 5-7 мл мыс сульфатын құйып, біртіндеп 25% -аммиак ерітіндісін құйыңдар. Басында ақ тұнба (негіздік мыс сульфаты) пайда болады, ол біртіндеп ериді. Ерітінді түсі көкке боялады, яғни мыс (ІІ) тетраамин сульфаты комплексі пайда болады. Теңдеулерін жазыңдар. Бұл комплекс қосылысты екіге бөліп, біреуіне барий хлоридін тамызыңдар, екіншісіне қалайы тастаңдар. Тұнба түзіледі ме? Мыс бөлінеді ме? Неге?
2 Тәжрибе. Аниондық комплекс қосылыс.
Пробиркаға 3-4 мл висмут нитраты ерітіндісін құйыңдар. Тамшылап калий иодиді ерітіндісін бурыл тұнба болғанша құйыңдар. Содан кейін бұл тұнба ерігенше (висмут иодиді) калий иодиді ерітіндісін құйыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Алынған қосылыстың формуласы: ВіІ3*КІ.Оны комплекс қосылыс ретінде жазыңдар, оның диссоциациясын көрсетіңдер.
3 Тәжрибе. Катиондық комплекс қосылыс.
Пробиркаға 3-4 тамшы никель сульфаты ерітіндісін құйып, оған күйдіргіш натр ерітіндісін тамызып, никель гидроксиді тұнбасын алыңдар. Тұнбаның үстіндегі сұйық ерітіндіні төгіп, тұнбаға 25%-аммиак құйып, ерітіңдер. Реакциялар теңдеуін жазыңдар. (Комплекс қосылыста никельдің координаталық саны 6-ға тең) комплекс қосылыстың диссоциациясын жазыңдар.
Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:



  1. Комплекс түзуші заттың тотығу дәрежесі мен координациялық санын көрсетіңдер. Комплекс қосылыстарды атаңдар: K[AuBr4], K2[Cd(CN)4], [Pt(NH3)2Cl2], K[Cr(SO4)2], Na3[Ag(S2O3)2]. Комплекс қосылыстың диссоциацияларын жазыңдар.

  2. Комплекс қосылыстар жазып, оларды атаңдар: PtCl4∙6NH3, PtCl4∙5NH3, PtCl4∙4NH3, Co(NO3)3∙6NH3, Co(NO2)3∙KNO2∙2NH3.

  3. Қай негіз күштірек: [Cu(NH3)4](OH)2 не Cu(OH)2 ме?

  4. Қай комплекс ион тұрақтырақ: [Zn(NH3)4]2+ не [Cd(NH3)4]2+?

[Co(NH3)4]2+ не [Co(NH3)4]3+?

12 Зертханалық сабақ



ІА,ІІА топ элементтері
1 Тәжрибе. Натрий мен калийдің ауада тотығуы.Пинцетпен керосиннің астындағы металдың (калий немесе натрий) аз мөлшерін банкадан алып, фильтр қағазына қойып, пышақпен кесіңдер (металдарды қолдарыңмен ұстамаңдар). Металдың кесілген жері неліктен тез жылтырынан айрылды? Теңдеу жазыңдар.
2 Тәжрибе. Натрий карбонаты мен гидрокарбонатының гидролизі.

Үш пробиркаға 6-7 см3 дистильденген су құйыңдар. Әрқайсысына 1-2 тамшыдан лакмус ерітіндісін құйыңдар. Бір пробиркаға бірнеше натрий карбонатының кристалдарын, екіншісіне осынша натрий гидрокарбонатын салыңдар. Үшінші пробирканы салыстыруға қалдырыңдар. Пробиркалардағы ерітінділерді араластырғаннан кейін үшінші пробиркадағы ерітінді түсімен салыстырыңдар. Реакция теңдеулерін иондық және молекулалық түрде жазыңдар. Неге пробиркалардағы (№1 және №2) ерітінділер түсі әртүрлі?


3 Тәжрибе. Натрий хлориді ерітіндісінен электролиз арқылы натрий гидроксидін алу.

Натрий хлориді ерітіндісін электролиздеңдер. Анодта қандай газ бөлінеді? Катодтың жанындағы ерітінді ортасы қандай екенін тәжірибе арқылы анықтаңдар. Электролизпроцессінің теңдеуін жазыңдар.

4 Тәжрибе. Кальцийдің сумен әрекеттесуі.

Пробирканың 1/3 дейін су құйып, пинцетпен кальций металының аз мөлшерін салыңдар. Қандай газ бөлінеді? Су неге тұнбаланады? Суға фенолфталеин тамшылатып, ерітіндіде ОН- -ионы пайда болғанын дәлелдеңдер. Фенолфталеин түсі қалай өзгереді? Кальцийдің сумен әрекеттескен реакция теңдеуін жазыңдар. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты айтыңдар.

5 Тәжрибе. Аз еритін магний тұздарын алу.

Пробиркаға 2-3 мл магний тұзының ерітіндісін құйып, оған магний гидроксокарбонатының тұнбасы түзілгенге дейін сода ерітіндісін құйыңдар. Газ бөлінгенін байқаңдар. Бұл түзілген негіздік тұздың хлорлы сутек қышқылымен әрекеттесуінің теңдеуін жазыңдар.Магний гидроксокарбонатының түзілуінің теңдеуін жазыңдар.



Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

  1. Кальций мен магнийдің қандай қосылыстары суды кермектендіреді? Су кермектігін қалай жоюға болады?

  2. Бірдей жағдайда мына тұздардың Ве(NO3)2, Mg(NO3)2 қайсысы гидролизге көбірек ұшырайды? Тұздардың гидролиздерінің иондық теңдеулерін жазыңдар

  3. Be – Mg – Ca – Sr – Ba қатарындағы элементтердің химиялық активтігі оттегіне, фторға және азотқа қалай өзгереді? Теңдеулерін жазыңдар.

  4. Кальций мен магнийді оксидтерінен тотықсыздандыру арқылы алу үшін қандай жағдайлар керек?

  5. Өндірісте кальций мен магнийді қалай алады?

  6. Кальцийді оның оксидінен алюминий арқылы тотықсыздандырып алуға бола ма? Реакцияны Гиббс энергиясын есептеу арқылы дәлелдеңдер.

  7. Магний ауада жанғанда қандай заттар пайда болады? Бұл заттардың сумен әрекеттесу реакциясының теңдеулерін жазыңдар.

  8. Магнийдің көміртегі диоксидінде жануының ∆G298 есептеңдер. Реакция өздігінен жүре ала ма?

  9. ІІ топтың негізгі топшасының элементтерінің валенттілігі І не ІІ көп болатын қосылыс түзе ала ма?

  10. Са, Sr, Ba элементтері неге сілтілік жер металдары деп аталады?

13 Зертханалық сабақ



Алюминий,қалайы,қорғасын,темір қосылыстары
1 Тәжрибе. Алюминийдің қышқылдармен әрекеттесуі.

Үш пробиркаға 4-5 см3 2н тұз қышқылының, күкірт және азот қышқылдарының ерітінділерін және үш пробиркаға 4-5 см3 концентрлі тұз қышқылының, азот және күкірт қышқылының ерітінділерін құйыңдар. Әр пробиркаға алюминий фольгасын салыңдар. Суық күйінде барлық пробиркада да реакция жүре ме? Пробиркаларды су моншасында қыздырыңдар. Нені байқадыңдар? Реакциялар теңдеуін жазыңдар. Сұйытылған азот қышқылымен алюминий әрекеттескенде қандай газ бөлінеді? Сұйытылған күкірт, тұз қышқылымен әрекеттескенде ше? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қыздырған кезде концентрлі азот қышқылы азот диоксидіне дейін, концентрлі күкірт қышқылы бос күкіртке дейін (қыздырғанда) суық күйінде күкіртті газға дейін тотықсызданады. Тұз қышқылының концентрациясы оның алюминиймен әрекеттесуіне әсері бар ма?


2 Тәжрибе. Алюминийдің сулы ерітіндіде еруі.

Алюминий фольгасын пробиркаға салып, үстіне 3-4 см3 су құйыңдар. Пробирканы су моншасында қыздырыңдар. Сутегі бөліне ме? Пробиркаға 4-5 см3 2 н натрий гидроксидін құйыңдар: Сутегі жақсы бөлінеді. Реакция мына кесте бойынша жүреді: Al2O3+NaOH + H2O → Na3[Al(OH)6]

Al + H2O → Al(OH)3 + H2

АІ(OH)3 + NaOH → Na3[Al(OH)6]

Бұл реакциялардағы коэффициенттерді қойыңдар.

3 Тәжрибе. Алюминий гидроксиді,оны алу,қасиеттері.

Екі пробиркаға 2-3 см3 алюминий тұзының ерітіндісін құйып, оған 2-3 см3 2н натрий гидроксиді ерітіндісін тұнба түскенге дейін құйыңдар. Бір пробиркадағы тұнбаға 3-4 см3 2 н тұз қышқылы ерітіндісін құйыңдар, екіншісіне сонша 2н натрий гидроксидін құйыңдар.

Екі пробиркадан да нені байқадыңдар? Алюминий гидроксидінің қасиеті туралы қорытынды жасаңдар. Алюминий гидроксидін алу реакциясының және оның тұз қышқылы мен натрий гидроксидімен әрекетесу реакциясының теңдеулерін жазыңдар. Сілтілік ортада [Al(OH)6]3- комплекс анионы түзіледі. Алюминий гидроксидінің диссоциациясының тепе-теңдігінің кестесін жазыңдар. Al3+ және [Al(OH)6]3- иондарының концентрациясы қышқыл құйғаннан, сілті құйғаннан қалай өзгереді?

4 Тәжрибе. Қалайының қышқылдармен әрекеттесуі.

Алты пробиркаға қалайының кішкене бөлшектерін салыңдар. Үш пробиркаға 4-5 см3 2н тұз қышқылын, азот және күкірт қышқылдарының ерітіндісін құйыңдар, ал үш пробиркаға 4-5 см3 концентрлі тұз қышқылының, азот және күкірт қышқылдарының ерітінділерін құйыңдар. Реакциялар суық күйінде қалай жүреді? Пробиркаларды су моншасында қыздырыңдар. Қыздырған кезде реакциялар қалай жүреді?

Қалайы сұйытылған азот қышқылымен әрекеттескенде NO газы бөлінді, ал қалайы Sn2+ ионына айналады. Қалайы сұйытылған тұз қышқылымен, күкірт қышқылымен әрекеттескенде қандай газ бөлінеді? Қалайы концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде Sn4+ ионына дейін тотығады, ал күкірт қышқылы SO2 газға дейін тотықсызданады. Қалайы концентрлі азот қышқылымен әрекеттескенде ақ тұнба β-қалайы қышқылын түзеді /хSnO2yH2O/, ал азот қышқылы NO2 газына дейін тотықсызданады. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
5 Тәжрибе. Қалайы мен қорғасынның гидроксидтері және олардың қасиеттері.

Екі пробиркаға 2-4 см3 қалайы (ІІ) хлоридінің ерітінділерін, екі пробиркаға азот қышқыл қорғасын тұзын құйыңдар. Бұл пробиркаға тұнбалар түзілгенге дейін 2н натрий гидроксиді ерітіндісін тамшылатыңдар. Алынған гидроксидтердің қасиеттерін зерттеңдер: қалайы гидроксиді мен қорғасын гидроксиді тұнбаларына 2н натрий гидроксидін құйып, тұнбаны ерітіңдер. Келесі екі пробиркаға, яғни қорғасын гидроксидіне сұйытылған азот қышқылын құйыңдар /неге тұз қышқылы не күкірт қышқылын құюға болмайды/ қалайы гидроксидіне сұйытылған тұз қышқылын құйыңдар. Тұнбаларды ерітіңдер. Тәжірибелер нәтижесінен бұл гидроксидтердің қасиеттері туралы қорытынды жасаңдар. Гидроксидтер диссоциациясын жазыңдар, олардың сілтіде, қышқылдарда еру реакцияларының теңдеулерін жазыңдар. Сілтілік ортада [Sn(OH)4]2- және [Pb(OH)6]4- комплекс иондар түзіледі.


6 Тәжрибе. Қорғасының (ІІ) тұздарының гидролизі.

Пробиркаға 2-3 кристалл қорғасын нитратын салып, 4-5 см3 су құйыңдар. Кристалдарды толық ерітіп, лакмус ерітіндісін тамшылатыңдар. Нені байқадыңдар? Қорғасын нитраты ерітіндісінің реакция ортасы қандай? Ерітіндіні аздап қыздырып, оған натрий карбонаты ерітіндісін 4-5 см3 қосыңдар да, тағы қыздырыңдар. Мынандай қосылысқа сәйкес келетін 2PbCO3∙Pb(OH)2 тұнба түзіледі. Алынған тұзды қандай қышқылда ерітуге болады? Қорғасын нитраты гидролизінің бірінші сатысын жазыңдар. Натрий карбонаты бұл процеске қалай әсер етеді?



Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1.Алюминийдің, қорғасынның және қалайының электрондық конфигурациясын жазыңдар. Қай электрондар мен орбитальдар валенттілікті көрсетеді?

2.Қалайы мен қорғасын құймаларының қолданылуы.

3.Мына қатардағы элементтердің Ge – Sn – Pb металдық қаситетінің күшейетінін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңдар.

4.Алюминий, қалайы және қорғасын тұз қышқылы, азот және күкірт қышқылдарымен (сұйытылған және концентрлі) қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қай қышқылда қорғасын толық ериді.

5.Мына қатардағы иондардың Sn2+, Pb2+ тотықсыздандырғыш қасиеті мына қатардағы иондардың Sn4+, Pb2+ тотықтырғыш қасиеттері қалай өзгереді? Әлсіз тотықсыздандырғыш пен күшті тотықтырғышты көрсетіңдер. Тотығу-тотықсыздану реакциялар теңдеулерін жазыңдар.

14 Зертханалық сабақ


УА,УІА тобы элементтерінің қосылыстары.

1 Тәжрибе. Аммиактың тотықсыздандырғыштық қасиеті.

Үш пробиркаға мына заттардың ерітінділерін 3-4 см3 құйыңдар: а)бром суын; б)калий перманганатын; в)калий дихроматын. Әр пробиркаға 3-5 см3 концентрлі аммиак ерітіндісін қосыңдар. Барлық пробиркадағы ерітінділердің түрлері өзгергенге дейін аздап қыздырыңдар. Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Аммиак молекулалық азотқа айналады. KMnO4 MnO2-ге дейін, ал K2Cr2O7 Cr2O3-ге дейін тотықсызданады. Ерітінділер түсі қалай өзгереді?

2 Тәжрибе. Аммоний тұздарының гидролизі.Үш пробиркаға 5-6 см3 лакмус ерітіндісін құйыңдар. Бір пробиркаға аммоний хлоридінің, екіншісіне – аммоний нитратының, үшіншісіне – аммоний ацетатының 2-3 кристалдарын салыңдар. Әр ерітіндіні шайқаңдар. Барлық жағдайда лакмус түсі қалай өзгереді? Гидролиз реакцияларының теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

3 Тәжрибе. Нитридтердің тотықсыздандырғыш және тотықтырғыш қасиеттері. Үш пробиркаға 3-4 см3-тен мына ерітінділерді құйыңдар: біріншісіне – калий иодидін, екіншісіне – калий перманганатын, үшіншісіне – калий дихроматын. Барлық пробиркаға 2-3 см3 күкірт қышқылының ерітіндісін және 4-5 см3 калий нитритінің ерітіндісін құйыңдар.Әр жағдайдағы ерітінді түсінің өзгергенін байқаңыз. Пробиркаларда өткен реакциялар теңдеулерін жазыңдар: бірінші пробиркада калий нитриті NO-ға дейін тотықсызданады, екіншісіне калий перманганаты марганец (ІІ) сульфатына өтеді, үшіншісіне – калий бихроматы хром (ІІІ) сульфатына өтеді. Екінші және үшінші пробиркаларда калий нитриті қандай қосылысқа айналады? Нитрит қай жағдайда тотықтырғыш, қай жағдайда тотықсыздандырғыш болды? Неге нитриттер осындай қасиеттер көрсете алады?

4 Тәжрибе. Фосфор тұздарының гидролизі.

Үш пробиркаға 5-6 тамшы лакмус ерітіндісін құйыңдар. Бір пробирканы салыстыруға қойыңдар. Екінші пробиркаға 3-4 натрий фосфатының кристалын, үшінші пробиркаға сонша натрий дигидрофосфатын салыңдар да жақсылап араластырыңдар. Тұздарды ерітіңдер. Лакмустың түрлерін салыстырыңдар. Натрий фосфатының гидролизінің І сатысының молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.

Кдисс НРО42- =4,5∙10-12 КН3 РО4 =7,9∙10-3

5 Тәжрибе. Металдардың ортофосфаттары.

а)Кальцийдің гидрофосфатын алу.Пробиркаға 4-5 тамшыдан кальций хлориді мен натрий гидрофосфатының (Na2HPO4) ерітінділерін тамызыңдар. Қандай түсті тұнба түзілді? Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

б)Темір (ІІІ) мен алюминийдің фосфаттарын натрий ацетаты қатысуымен тұнбаға түсіру.Екі пробиркаға 3-4 тамшыдан мына ерітінділерді құйыңдар: бірінші пробиркаға- темір (ІІІ) хлоридін, екінші пробиркаға алюминий хлоридін не сульфатын. Әр пробиркаға 2-3 тамшы натрий ацетатын және натрий гидрофосфатының (Na2HPO4) ерітінділерін құйыңдар. Тұнбалар түсі қандай?Натрий ацетаты буферлік орта жасайды, сондықтан бұл металдардың ортофосфаттары тұнбаға түседі. Бұл тұнбалар сірке қышқылында ерімейді. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:


  1. Азот молекуласының химиялық инерттілігін түсіндіріңдер.

  2. Азот табиғатта бос күйінде және қосылыста кездеседі, ал фосфор тек қосылыстарда ғана кездеседі. Неге?

  3. Өте таза азотты натрий азидін қыздырғанда оның айрылу реакциясы арқылы алады, онша таза емес азотты аммоний нитратының айрылу реакциясы арқылы алады: а)осы процесстердің ΔН0 298 және ΔS0 298 есептеңдер; б)бұл процестер қайтымды ма, әлде қайтымсыз процестер ме?

  4. Азот оттегінде тотыққанда қай оксиді түзіледі. Неге?

  5. Зертханада аммиакті алу реакциясының теңдеуін жазыңдар.

  6. Сұйық аммиактың өздігінен ионизациялануының теңдеуін жазыңдар.

  7. а)азотқа; б)аммоний тұзына; в)азот қышқылына; г)алюминий нитридіне қандай затпен әрекеттестіріп, аммиак алуға болады? Осы реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.

  8. Аммиак молекуласында, аммоний ионында неше байланыс бар және олар қандай типке (ковалентті ме, ионды ма, донорлы-акцепторлы ма) жатады? Аммиак пен хлорлы сутектен аммоний хлоридінің түзілуін түсіндіріңдер.

  9. а)Концентрлі азот қышқылының күміспен, фосформен әрекеттесу реакциясының; б)сұйытылған азот қышқылының мыспен, магниймен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.

  10. 1 кг гидразин жанғанда қанша жылу бөлінетін есептеңдер.

  11. Азот пен фосфордың тыңайтқыш ретінде қолданылатын қосылыстарын атаңдар.

  12. 1,5 г фосфор тотыққанда 3,43 г оксид түзілсе, фосфор оксидінің формуласы қандай болады? Фосфор оксидінің буының сутегі бойынша тығыздығы 142,1. Жауабы: Р4О10

  13. К2НРО4 ерітіндісінің гидролиздену дәрежесін есептеңдер. С=0,06 моль/л.

  14. К2НРО4 гидролизі реакциясының теңдеуін жазыңдар. Ерітінді ортасын көрсетіңдер.

  15. Табиғи кальций фосфатынан фосфорды алғанда жүретін реакциялар теңдеулерін жазыңдар.

  16. Мына қышқылдардың эмпириялық және графикалық формулаларын жазыңдар: а)фосфор қышқылы; б)дифосфор қышқылының. Фосфордың тотығу дәрежесін анықтаңдар.

15 Зертханалық сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет