Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров


Тҥрлендіргіштер әрекет ету қағидасы бойынша 2 топқа бӛлінеді



Pdf көрінісі
бет102/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

 
Тҥрлендіргіштер әрекет ету қағидасы бойынша 2 топқа бӛлінеді. 
 
1-топ – параллель соңғы ӛлшемдер мен калибр бойынша бӛлінулері 
болмайтын дәл орнату винттерінің кӛмегімен орнатылады. 
 
2-топ – саңылау бойынша бақыланатын бҧйымның номиналды ӛлшемдегі 
бір калибрінің кӛмегімен нӛлдік деңгейге орнатылады. Тҥрлендіргіштің 
кӛмегімен ӛлшенетін ӛлшемнің шектерін, ал оның шкаласы бойынша 
бақыланатын бҧйымның нақты шамасын орнатады. 
 
Кейбір шкалалы аспаптармен немесе қатты калибрлермен салыстырғанда 
бҧл қҧралдармен бақылау жҥргізудің артықшылықтары бар. Онда бақылау 
уақытын қысқартуға болады, қателігі аз ӛлшемді алумен бақылаушы аз 
шаршайды. Бҧл артықшылықтар бақылау – ӛлшеу аспаптарын кӛпӛлшемді етіп 
жасауға 
мҥмкіндік 
береді, 
ондай 
аспаптарда 
электроконтактілік 
тҥрлендіргіштер бҧйымды ӛлшеу жағдайына 1-рет орнатқанда автоматты тҥрде 
бірнеше ӛлшемді тексеретіндей етіп орналастырылған. 
 
Импульстарды тҥрлендіргіш контактілерінен дәл релелерге беретін 
арнайы тілшелерге әсер ететін электромагниттерді қолдана отырып, автоматты 
бақылау-саралау аспаптары жҧмыс істейді.  
 
Бҧл тҥрлендіргіштерді басқарушы импульстарды жетекке немесе беруші 
механизмге беру ҥшін басқарудың ҥйретілген жҥйелерінде қолданады.  
 
Барлық 
бақыланатын 
бҧйымдардың 
жиынтығын 
есептейтін 
электроесептеуіштері бар сигнал шамдарын ӛлшеу шынжырларына қосу 
жолымен, ӛлшемді бақылау операциясымен бір уақытта технологиялық 
ҥрдістердің сапасын бағалауға арналған мәліметтерді алуға болады.  
2. Индуктивтік (4.12–сурет) – жҧмыс істеу принципі бақыланатын 
бҧйымның ӛлшемін ӛлшеу кезіндегі тҧйықталған дросселдегі саңылаудың және 
ауыспалы ток шынжырында кедергінің ӛзгеруіне негізделген. Ӛлшенетін шама 
шынжырда ағып ӛтетін токтың шамасына анықталған тәуелділікте болады. 
Сорттау, реттеу, басқа басқарушы ҥрдістер арнайы релелердің кӛмегімен 
жҥзеге асырылады. 
Индуктивті тҥрлендіргіштердің магниттік шынжыры ӛте кіші 
саңылаулардан тҧрады, ӛлшенетін шаманың еленбейтін мәнге ӛзгеруі 
салыстырмалы тҥрде магниттік кедергінің ҥлкен ӛзгерісіне сәйкес келеді. 
Цехтық ӛлшеулерде бҧйымдардың нақты ӛлшемдерін анықтауда осы 
типтегі аспаптарды қолдану ҧсынылады. Бҧл аспаптардың артықшылығы
тҥрлендіргіштерінде аспаптың сенімділігін, ҧзақ қызмет етуін тӛмендететін, 


136 
бҧзылуына алып келетін сезімтал тіректердің, шарнирлердің, контактілердің 
жоқ болуы болып табылады.
Индуктивті тҥрлендіргіштің жҧмыс істеу принципі қос электромагниттік 
ӛлшеу катушкаларының арасына жылжымалы якорьді орналастыру 
бақыланатын бҧйымның шамасымен анықталады. Егер якорь катушкалардың 
ортасында орналасса, онда қос катушканың саңылаулары мен индуктивтілігі 
тең. Егер якорь катушкалардың біріне жақын орналасса, онда жақын 
орналасқан катушканың кедергісі артады, ал келесі катушканың кедергісі 
азаяды. Бҧл ӛзгеріс бақыланатын шаманың ӛлшемі болып табылады.
Якорьді орта жағдайға орнату калибр мен соңғы ӛлшемдердің кӛмегімен 
жҥзеге асырылады.
Электроконтактілік аспаптармен салыстырғанда, бҧл қҧрылғылардың 
қҧны жоғары, бірақ артықшылықтары кӛп: ӛлшеу тілшесіне кері механикалық 
әсері жоқ, эксплуатациялауда сенімді, ӛлшеу тапсырмасына қатысты бірнеше 
шақтама ӛрістерін орнатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет