Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров


Ӛлшеуді орындау әдістемесін (ӚОӘ) және нормативтік ӚҚ



Pdf көрінісі
бет129/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

 
Ӛлшеуді орындау әдістемесін (ӚОӘ) және нормативтік ӚҚ 
метрологиялық аттестаттау 
Ӛлшеуді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау бойынша заттар 
мен материалдардың ҥлгілерінің компонент қҧрамын анықтау жҧмыстарын 
жҥргізуді ҧйымдастыруды ГОСТ 8.505-84 бекітеді, ондағы қҧжаттаманың 
қҧрылуына және мазмҧнына қойылатын талаптар ГОСТ 8.504-84 
стандартында регламенттеледі. Ӛлшеуді орындау әдістемесінің метрологиялық 
аттестаттау бағдарламасы: 
1. Ӛлшеуді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттауына арналған 
шарттардың болуын тексеру; 
2. Ӛлшеуді орындау әдістемесі бойынша орындалатын ӛлшеу дәлдігінің 
бағасын бекітуге эксперименттік зерттеулер жҥргізу; 
3. Бақыланатын нормативтердің нақты дәлдігін бағалаудың сәйкестігі және 
эксперименттік зерттеулердің орындалуының дҧрыстығын тексеру; 
4. Ӛлшеу дәлдігін бақылау нормативтерін және ӛнімнің негізіділігіне талдау 
жасау; 
5. Ӛлшеуді орындау әдістемесінің метрологиялық аттестаттау туралы 
техникалық есеп қҧру және оның аттестатының жобасын ҧсыну сатыларынан 
тҧрады. 
Химиялық қҧрамды ӚОӘ аттесттау, мемлекеттік СҤ(стандартты ҥлгілер) 
немесе аттестатталған ӛндірістік СҤ сипаттамаларын қайта ӛндіру негізінде 
жҥргізіледі. Ӛндірістік СҤ болмаған жағдайда бақылау ҥлгілері ретінде ӚОӘ 
аттестаттауына арналған арнайы дайындалған қоспалар қолдануға болады. Бҧл 
жағдайда процесс негізгі химиялық қҧрамды ӚОӘ тіркелетін, аттестатталған 
қоспаның қосымша ӚОӘ сипатталып және толығымен регламенттелуі 
тиіс.ӚОӘ аттестатталған қоспасына: 
1. Тағайындалуы мен қолданылу аймағы; 


173 
2. Ӛлшеу қҧралдары, кӛмекші қҧрылғылар, реактивтер мен материалдар; 
3. Дайындау процедурасы;
4. Аттестатталған қоспа компоненттер қҧрамы мәнінің қателіктері сипатын 
анықтайтын есептер алгоритмі; 
5. Қауіпсіздік талаптары; 
6. Таңбалау мен қаптауға қойылатын талаптар; 
7. Оператор біліктілігіне қойылатын талаптар кіреді.
Ӛлшеуді орындау әдістемесінің негізгі аттестатының мазмҧны. 
Ӛлшеуді орындау әдістемесі аттестатының кіріспе бӛлімінде нақты 
мақсаттар анықталуы тиіс, сонымен бірге бақыланатын объектінің атауы, 
анықталатын компонент, ӛлшеуді орындау әдістемесінің ӛлшеу диапазоны, 
компоненттерді талдаудың нәтижесіне әсер ететін шектік-шақтамалық қҧрамы 
кӛрсетілуі тиіс. 
«Ӛлшеу әдісі» бӛліміне әдістің атауы, әдіс негізіндегі физикалық немесе 
физикалық-химиялық принциптер және оның қҧрылуы кіреді. 
«Ӛлшеу қҧралдары, кӛмекші қҧрылғылар, реактивтер мен материалдар» 
бӛлімінде НТҚ-қа сілтемелер кӛрсетілген олардың тізімі болады.
Реактивтер туралы қосымша мәліметтерге тҥрі, сҧрыпы және таңбасы 
туралы ақпараттар кіруі керек. Нормативтік ӛлшеу жҥйесінің (ӚЖ-СИ) әрбір 
данасы ҥшін метрологиялық аттестаттау туралы куәліктің нӛмірі кӛрсетілуі 
тиіс. 
«Ӛлшеу жҥргізу шарттары» бӛлімінде қажет жағдайда ӛлшеуді орындау 
шарттарын анықтайтын факторлардың (температура, қысым, ылғалдылық, т.б.) 
шақталған ӛлшеу диапазондары кӛрсетіледі.
«Ӛлшеу жҥргізуге дайындық» бӛлімінде барлық дайындық операциялары – 
ӛлшеу жҥйесін (ӚЖ-СИ) жҧмыс кҥйіне келтіру тәртібі, градуирлік 
сипаттамаларды орнату тәсілдері және т.б. регламенттеледі. 
«Ӛлшеу жҥргізу» бӛлімінде сынамалардың массасын, сынаманы алу 
тәсілдері мен олардың саны, «бос»тәжірибе жҥргізу тәртібі (қажет жағдайда), 
ӛлшеу нәтижелерін алу операциясының бірізділігі және сипаттамасы бекітіледі, 
сонымен бірге сынама компоненттеріне кедергі келтіретін операциялардың 
алдын алу жатады.
«Ӛлшеу нәтижелерін есептеу» бӛлімінде алынған эксперименттік мәндер 
мәліметі бойынша сынамалардағы компоненттердің массалық ҥлесі мәндерін 
анықтауға арналған формулалар мен есептеу тәсілдері, талдау нәтижелерінің 
дәлдігін қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар қарастырылады. 
Химиялық талдау нәтижелерінің дәлдігін қамтамасыз етуге қойылатын 
жалпы талаптар сынамадағы компонентердің массалық ҥлесін екі параллель 
таңдамада анықтау туралы мәліметтерден тҧруы керек. Екі ӛлшемдегі 
нәтижелердің орта арифметикалық мәні талдаудың қорытынды нәтижесі болып 
қабылданады. 
Параллель ӛлшеулер арасындағы максимал таралу Р=0,95 сенімділік 
ықтималдығы ҥшін параллель ӛлшеу нәтижелері арасындағы аттестатта 
жҥргізілген шақтамалық таралу мәнінен аспауы тиіс. Егер бҧл таралу 
шақтамадан асып кетсе, онда қайтадан ӛлшеу жҥргізіледі.


174 
«Ӛлшеу дәлдігінің нормалары және олардың орындалуын оперативті 
бақылау» бӛлімі: 
1. Талдау нәтижелері қателігінің ықтимал мәндерінің шектік мәндерінен 
(белгі ескерілмейді); 
2. Екі (ҥш) параллель ӛлшеу нәтижелері арасындағы таралуынан;
3. Нәтижелерді 
салыстыру 
ҥшін 
әртҥрлі 
жағдайларда 
(әртҥрлі 
орындаушылар, әртҥрлі уақыт және т.б.) алынған бір сынаманы талдаудың екі 
нәтижесі арасындағы таралуынан; 
4. СҤ талдау нәтижелерінің аттестатталған мәннен немесе басқа ҥлгінің 
шамаларға арналған аналогтық мәліметтерден айырмашылығынан тҧрады. 
Салыстырмалы ӛлшеу дәлдігін оперативті бақылау алгоритмі талдау 
нәтижесіне тҥзетулер енгізусіз ауысымына бір реттен жиі емес аттестатталған 
СҤ кәсіпорындары компонент концентрациясы мәндерінен қҧралуы тиіс.
«Қауіпсіздік талаптары» бӛлімі берілген әдістемеге арналған қауіпсіздік 
техникасының спецификалық ережелері сипаттамасынан тҧрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет