Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров



Pdf көрінісі
бет10/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

1.2 Стандарттау және метрология 
 
 
Метрология – бҧл ӛлшеулер, олардың бірлігі мен талап етілетін дәлдігін 
қамтамасыз ететін әдістер мен қҧралдар туралы ғылым. Жаңа заман 
шарттарында метрологиялық қамтамасыздандыру – бҧл стандарттардың 
талаптарына сәйкес ӛлшеулердің талап етілген дәлдігі мен бірыңғайлығына қол 
жеткізу ҥшін қажетті нормалар мен ережелердің, жиынтығы.  


14 
 
Метрологиялық қамтамасыздандыру ӛзінің кӛкейтесті мақсатын тек 
стандарттаумен тығыз байланысу арқылы тӛмендегі қағидалар арқылы
себептерді тиімді шеше алады: 
 
1. Тиімді стандарттау стандарттаудың обьектілері туралы нақты және 
обьективті ақпаратсыз жҥзеге асырыла алмайды. 
 
2. Метрологияның ӛміршеңдігі стандартталған нормалар, ережелер және 
ӛлшеу әдістеріне тығыз байланысты.  
 
Бҧл мәселемен Мемлекеттік ӛлшем бірліктерін қамтамасыз ету жҥйесі 
айналысады. 
 
Метрологиялық қамтамасыздандыру ӛнімді сынау және бақылау әдістері 
сияқты стандарттаудың обьектілерімен ӛте тығыз байланысты. Бҧл негізінен 
ӛлшеу дәлдігінің оптималды нормалары мен ӛлшенетін параметрлердің 
номенклатураларын қою, талап етілген дәлдікте ӛлшеуді орындау әдістерін 
дайындау және енгізу болып табылады.  
 
Ӛнімді бақылау және дайындаудың типті технологиялық ҥрдістерінің 
стандарттауы қолданылатын ӛлшеу қҧралдарына (ӚҚ) қажетті метрологиялық 
қызмет кӛрсетуді талап етеді.  
 
Метрологиялық қамтамасыздандырудың стандарттаудың ғылыми-
техникалық деңгейін, ӛнімнің сапасы мен оның қолданылу тиімділігін 
жоғарылатуда маңызды орын алатынын есепке ала отырып, ҚР Мемстандарты 
негізгі стандарттардың жиынтығына метрологиялық қамтамасыздандырудың 
негізгі жағдайларын регламенттейтін Мемлекеттік ӛлшем бірліктерін 
қамтамасыз ету жҥйесін (ӚМЖ) бекітті және енгізді. 
 
Жалпы айтқанда ҚР СТ 2.0-2001 стандарты бойынша метрологиялық 
қамтамасыздандыру деп ӛлшеудің талап етілген дәлдігі мен бірліктеріне қол 
жеткізуге қажетті нормалар мен ережелерді, техникалық қҧрал жабдықтарды, 
ғылыми және қалыптасқан негізгі қағидаларды қолдану арқылы жетуді айтады.  
 
Ӛлшенетін ақпараттарға келесі талаптар қойылады: ӛлшеудің нәтижелері 
заңдастырылған бірліктермен берілуі тиіс, ӛлшеудің қателігі белгілі болуы тиіс 
және бҧл қателік орнатылған шақтамадан асып кетпеуі керек. 
 
Метрологиялық қамтамасыздандырудың негізгі мақсаттары: 
1. Метрологияның негізгі даму бағыттары мен ондағы ғылыми және 
техникалық 
жетістіктерді 
тиімді 
қолданудың 
жолдарын 
анықтау, 
метрологиялық 
қамтамасыздандырудың 
ғылыми-әдістемелік 
және 
ҧйымдастырылу негіздерін дайындау. 
2. Физикалық шама бірліктерінің мемлекеттік эталондар жҥйесін қҧру. 
3. Ӛлшеу қҧралдарын мемлекеттік сынауды жоспарлау және жҥргізу, ҚР-
да қолданысқа ӛткізілген ӛлшеу қҧралдарының типтерін бекіту. 
4. Ӛлшеу қҧралдарын мемлекеттік бақылау, олардың ӛндірісіне, 
жағдайына, қолданылуы мен жӛндеуден ӛткізілуіне және метрологиялық 
ережелердің сақталуына бақылау жҥргізу. 
5. Метрология саласында стандарттаудың дамуы мен жетілдірілуі. 
6. Метрология саласында халықаралық ынтымақ жҧмыстарын 
ҧйымдастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет