134
тӛмен (5-10 КПа) қысымдағы аспаптар қолданылады. Тҧрақты жҧмыс
қысымында кіру тҥтікшесі арқылы ауа ӛлшеу камерасына (1) келеді (
5.10-
сурет), содан соң ӛлшеу тҥтікшесі (2) арқылы атмосфераға шығады. Бҧл
жағдайда ӛлшеу камерасындағы қысым ӛлшеу объектісі мен ӛлшеу
басшасының арақашықтығына қатысты болады, ол манометрмен (3) ӛлшеніп
отырылады. Бҧл типтегі аспаптар активті бақылау жҥйелерінде, әдетте бақылау
автоматтарында пайдаланылады. Сезімтал
элемент ретінде серпімді
элементтерді (тҥтікшелі серіппелер, сильфондар, мембраналы қорапшалар және
т.б.) немесе сҧйықтық дифманометрлерін (U – ҥлгілі және кеселік)
пайдаланады.
Аспаптар контактсіз (ӛлшеу тҥтекшесіндегі ауа ӛлшеу объектісін
желдетеді) және контактілі (ӛлшеу тҥтекшесіндегі ауа ӛлшеу стерженінің
ернемегіне бағытталған немесе екінші ҧшы ӛлшеу
обьектісімен контактіге
тҥсетін рычагтың бір бағанына бағытталған) болады.
Аспаптардың дәлдігіне метрологиялық талдау жҥргізуде пневматикалық
жҥйелердің дәлдігіне талдау жҥргізуге ерекше кӛңіл бӛледі.
Аспаптың
артықшылықтарына: салыстырмалы тҥрде қҧрылымының қарапайымдылығы,
ӛлшенетін ауа қатарларының беттерін тазалауда контактсіз ӛлшеуді
қолдану
мҥмкіндігі, ӛлшемінің жоғары дәлдігі, ӛлшемдерді,
пішіннің қателіктерін
анықтау мҥмкіндігі, ӛлшенетін шамаларды есептеу және жинақтау мҥмкіндігі,
дистанционды ӛлшеу мен ҥздіксіз ақпараттарды алу мҥмкіндігі жатқызылады.
Кемшіліктері – қалыпты қысымдағы тазартылған ауаны кӛп кӛлемде қажет етуі,
пневматикалық жҥйенің инерциялығы, ӛлшеудің дәлдігіне әсер ететін ӛлшеу
аумағындағы температураның ӛзгергіштігі.
Достарыңызбен бөлісу: