Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров


 Ӛлшеу және бақылау ҥрдістерін автоматтандыру



Pdf көрінісі
бет105/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

5.7. Ӛлшеу және бақылау ҥрдістерін автоматтандыру 
Бақылауды автоматтандыру және механикаландыру қҧралдары. 
 
Ӛлшемдерді бақылауды автоматтандыру мен механикаландырудың 
алғашқы деңгейдегі қҧралдарына жҥктеу және босату операциялары қолмен 
жҥргізілетін айлабҧйымдар жатады. Автоматтандырылған қҧрылғылардың 
әрекеті әртҥрлі ӛлшеу тҥрлендіргіштерін пайдалануға негізделген. Бірінші 
ӛлшеу тҥлендіргіші – бҧл беруге, тҥлендіруге, ӛңдеуге және сақтауға ыңғайлы 


139 
тҥрде сигналдарды алуға тағайындалған ӛлшеу қҧралы. Ӛлшеу тҥрлендіргіші 
қҧрама элемент ретінде жеке қҧрылғы болып табылатын датчик қҧрамына 
кіреді және датчикте тҥрлендіргіштен басқа ӛлшеу тілшесі, рычаг, беруші 
механизм, орнату элементтері бар. Сондай-ақ басқару аспаптарына арналған 
функционалдық тҥзілімдер, байланыс индикаторлары, электроконтакттік, 
пневмоэлектро-контакттік, 
пневматикалық, 
фотоэлектрлік, 
сараптаушы, 
механотроптық, индуктивтік, электрондық релелер, лазерлік тҥрлендіргіштер 
сияқты ӛлшеу тҥрлендіргіштері бар ӛлшеу қҧралдар кеңінен таралған.
Активті бақылау қҧрылғылары және ӛздігінен орнатылататын 
бақылау жҥйелері 
Бӛлшектерді ӛңдеу активті ӛлшеу қҧрылғыларының кӛмегімен, 
бағдарлама бойынша басқарумен, сынамалық ӛтулер әдісімен жҥргізіледі. 
Әдетте, бҧл бақылау қҧралдары компьютерлік бақылау жҥйесімен 
жабдықталған станоктарда, яғни сандық басқару бағдарламасы (СББ) бар 
станоктарда қолданылады. 
Сынама ӛтулер әдісінде металлкескіш станок дайындаманы ӛлшеу ҥшін 
екі технологиялық операцияның арасында тоқтайды. Бағдарлама бойынша 
басқару әдісі станоктың басқару жҥйесіне ӛлшеу аспаптарынан алынатын 
ақпараттардың есебімен жабдықтың жҧмыс ҥрдісі реттелетіп отыратын басқару 
бағдарламасы алдынала енгізілуге негізделген. 
Активті бақылау қҧрылғылары жабдықты басқаруда ҥрдіспен кері 
байланысқа тҥсуге мҥмкіндік береді, сызбаға сәйкес бҧйымның геометриялық 
параметрлерін технологиялық ҥрдіс уақытында бақылаудыжәне параметрлердің 
сызбалармен сәйкес келген сәтінде автоматты тҥрде станокты ӛшіруді жҥзеге 
асырады. 
Активті бақылау қҧрылғыларын қолдану дайындаманы ӛлшеуге кететін 
кӛмекші уақытты қысқарту есебінен сапаны тӛмендетусіз ӛңдеудің ӛнімділігін, 
параметрлерді дәл және оперативті ӛлшеудің есебінен ӛңдеудің сапасын 
жоғарылатуға мҥмкіндік береді. 
Активті бақылау аспаптарын қолданудың негізгі саласы – бҧл сериялық 
ӛндіріс. 
Активті бақылау қҧрылғыларында ҥлкен берілістік қатынас және ӛлшеу 
қателіктері аз болуы тиіс, шаңға, ылғалдылыққа, тербелістерге сезімтал емес
сонымен қатар қҧны тӛмен, қолдануға ыңғайлы және қарапайым болу керек.
Активті бақылау қҧрылғыларын қолдану орнына қатысты станокта 
орнатылатын және станоктан тыс орнатылатын болып бӛлінеді. Станоктағы 
қҧрылғылар кесу режимдерін басқарады және талап етілген ӛлшемге жеткен 
кезде тоқтатуға бҧйрық береді. Станоктан тыс орнатылатын қҧрылғылар 
бӛлшекті ӛңдеуден кейін ӛлшейді және станоктың орнатылуына бҧйрық береді. 
Ӛлшеу ақпараттарын беру әдісі бойынша, активті бақылау қҧрылғыларын 
кӛрсететін және командалық деп бӛледі, кӛрсететін ӛлшемнің мәні операторға 
қатыссыз есептік қҧрылғының шкаласы бойынша анықталады, бҧйрық 
белгіоператордың қатысуынсыз беріледі. 
Жабдыққа әсер етуі бойынша активті бақылау қҧрылғыларын келесі 
тҥрлерге бӛледі. 


140 
Автотолераторлар бақыланатын параметрлер орнатылған мәнге жеткен 
кезде ҥрдістің сипатын автоматты тҥрде ӛзгертеді. 
Автоорнатқыштар автоматты тҥрде бҧйымдардың геометриялық 
параметрлерін орнатылған мәндерге сәйкестігін қамтамасыз ете отырып
ӛндірістік жҥйені орнатады. Қорғағыш қҧрылғылар бҧйымдардың жҧмыс 
аумағына рҧқсат етілетін мәндердің шегінен шығып кететін параметрлердің 
тҥсуін болдырмайды. 
Автокедергілер бҧйымдардың бақыланатын параметрлері бекітілген 
мәндерден шыққан кезде технологиялық ҥрдісті тоқтатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет