177
5. Технологиялық және конструкторлық қҧжаттамаларды
метрологиялық
сараптаудың мәні неде?
6. Сынаудың қандай тҥрлерін білесіз?
178
7.
ӚНДІРІСТІК
ПРОЦЕСТЕРДІҢ
ДӘЛДІГІ
МЕН
ТҦРАҚТЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
Ӛндірістік метрологиялық практикада қолда бар жабықтардың нақты
дәлдігін білу, таңдалған технологиялық процесс дәлдігінің бҧйымның берілген
дәлдігіне
сәйкестігін анықтау, технологиялық процестің дәлдік тҧрақтылығын
бағалау қажеттілігі туындайды. Кӛрсетілген тип мәселелерін шешу негізінен
бҧйымның нақты ӛлшемдерін бірнеше рет ӛлшеу арқылы не болмаса ӛңдеу
немесе ӛлшеу қателігі арқылы алынған эмпирикалық мәліметтерді
математикалық ӛңдеу арқылы жҥргізіледі. Процестің дәлдік сипаттамасын
объективті бағалауда статистикалық әдістер ҥлкен рӛл атқарады және ӛнім
сапасы мен сапаны басқарудың барлық процесін метрологиялық қамтамасыз
ету жҥйесі элементтерінің бірі болып табылады.
Қателіктердің екі тҥрі бар: жҥйелік және кездейсоқ. Жҥйелік қателік деп
шама бойынша тҧрақты немесе белгілі бір заңдылық бойынша ӛзгеретін
қателіктерді айтады. Жҥйелік қателіктер әсер ететін факторлардың шектелген
мәндер әрекетінің салдары болып табылады. Бҧл факторларды барлық уақытта
табуға және жоюға болады, ал онымен бірге жҥйелік қателіктер де жойылады.
Бҧл қателіктер
аспаптарды дәл емес реттеуде, ӛлшеу қҧралдарын дҧрыс
орнатпаған жағдайда, ӛңдеудің сәйкес емес технологиясын пайдалануда,
сыртқы
факторлардың әсер етуінен, субъективті себептерден туындайды.
Қателіктерді ӛлшеуге дейін жою, ӛлшеу процесінде қателіктерді ескермеу,
ӛлшеу нәтижесіне белгілі бір тҥзетулер енгізу арқылы жҥйелік
қателіктер
жойылады.
Кездейсоқ қателіктер деп шамасы мен белгісі бойынша тҧрақсыз,
кӛптеген кездейсоқ әсер етуші факторларға тәуелді туындайтын, жалпы
жағдайда бҧл факторлардың біреуі де басымдылық танытпайтын қателіктерді
айтады. Кездейсоқ қателіктерді толығымен жою мҥмкін емес.
Бірақ азайтуға
болады, мысалы, біршама дәл және қатты жабдықтарды пайдалану, ӛңдеудің
қатаң технологиялық режимдерін пайдалану және т.б. Әрбір кездейсоқ
қателіктің мәнін алдынала анықтау мҥмкін емес.
Ықтималдық теориясы мен
математикалық статистика әдістерінің кӛмегімен тек қана ӛзгеру шектері мен
кездейсоқ суммалық қателік мәнін жуық шамада бағалауға болады.
Фактілерді тікелей қадағалау, ӛлшеу немесе тіркеу нәтижесінде
статистикалық жиынтық қҧрайтын кӛптеген
мәліметтер алынады, осы
жиынтықты сипаттайтын жҥйелеу мен жіктеу, параметрлерді есептеу мен
процесті
сипаттайтын кестелерді, графиктерді қҧрайтын статистикалық
жиынтықты ӛңдеуді талап етеді.
Статистикалық жиынтықтың біршама толық сипаттамасын кездейсоқ
шаманың ықтималдықтарының таралу функциясы тҥсіндіреді. Алайда, практи-
када таралу параметрлері деп аталатын сандық сипаттамалар саны шектелген.
Бҧл параметрлерді ҥш класқа бӛліп қарастыруға болады. Олар:
1)
топтастыру ортасы; 2) вариация деңгейі болатын шашырау шамасы; 3)
ықтималдықтардың таралу формасы;