207
9. ИСО 9000 СЕРИЯЛЫ САПА ЖҤЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
СТАНДАРТТАРЫ
Сапаны басқарудың халықаралық тәжірибесі 1987 жылдың наурызында
Стандарттау бойынша Халықаралық ҧйым қабылдаған ИСО 9000 сериялы
халықаралық стандарттар жиынтығында белгіленген. 1994 жылы
стандарттардың осы сериясының екінші басылымы шықты, 2000 жылы ҥшінші
стандарттар, 2008 жылы тӛртінші стандарттар сериясының басылымы
қабылданды.
Стандарттау бойынша халықаралық ҧйымы стандарттау жӛніндегі
ҧлттық ҧйымдардың бҥкіләлемдік федерациясы болып табылады.
Халықаралық стандарттарды дайындау ең алдымен, халықаралық
сауданы
дамытуға, саудадағы техникалық кедергілерді жоюға бағытталады. Сондай-ақ
кәсіпорынның сапа жҥйесінің стандарттары (9000 сериялы) ӛндірушілерге
деген сенімділікті орнатады, кәсіпорынның іс-әрекеттерін реттеуге, бизнесті
әсерлі дамытуға мҥмкіндік береді.
Бҧл стандарттың негізгі мәні неде? ИСО-9000 сериялы стандарттары
кез келген кәсіпорында қандай да бір деңгейде міндетті орындалатын
әрекеттерге бағытталуын қамтитын (келісімшартты талдау, қҧжаттамаларды
енгізу, шығарылатын ӛнімді бақылау) талаптар жиынтығы болып табылады.
Бірақ бҧл шаралар жҥйесіз, эпизодты тҥрде жҥргізіледі. Ал стандарттар осы
әрекеттердің жҥйелік негізде, қҧжатталған процедуралар
негізінде орындалуын,
нәтижені тіркеуді талап етеді.
Бҧл стандарттардың ерекшелігі сәйкестікке ерікті қабылдануы болып
табылады, яғни ӛндіруші ИСО-9000 стандарттарына сәйкес немесе сәйкес емес
тҥрде сапа жҥйесін қҧру туралы шешімді ӛзі қабылдайды. Мҧндай шешімнен
кейін сол стандарттардың талаптарын орындау міндетті болып табылады.
Кӛбінесе, кәсіпорын басшысы сапа жҥйесін тапсырушы
талабына қарай
енгізеді, яғни, тапсырыс перспективасы тиімді болып, бірақ келісімшарт жасау
шарты сертификатталған сапа жҥйесі болып табылса, кәсіпорын стандарттың
талаптарын қолданбайды. Ерікті сертификаттау тек қандай да бір талапқа
сәйкестікті анықтау ҥшін қолданылады. Осы мақсаттар ҥшін ИСО-9000
стандарттары енгізіледі. ИСО-9000 сериялы стандарттарын әрекет ету
саласына, жеке
меншік формасына, кәсіпорынның кӛлеміне тәуелсіз кез келген
кәсіпорындарға қолдануға болады.
ИСО-9000 талаптары нақты жасалуы керек жҧмыстарға негізделеді.
Кәсіпорын жҧмыстың қалай жасалып, бекітілетінін ӛзі анықтайды. Сапа
бойынша қҧжатталған процедуралар мен жазбалардың болуы туралы талаптар
кӛбінесе, жҧмысты қайтадан жасау керектігін қажет етеді. Стандарттарда
тәжірибені, кәсіпорын дәстҥрлерін ескеру мҥмкіндіктері бойынша
жалпы
талаптар мен ҧсыныстар ғана бар. Мысалы, 6.2.2-п е) ИСО-9001:2000 «мекеме
персоналға білім беру, дайындау, оның тәжірибелері мен дағдылары туралы
сәйкес жазбаларды жҧмыс кҥйінде ҧстауы керек». Кәсіпорын мҧндай
208
жазбаларды қызметкерлерінің жеке ісі тҥрінде, журнал тҥрінде, кадрлар
бӛліміндегі карточкалар тҥрінде пайдалана алады.
Бҧл стандарттың ең маңызды қасиеттерінің бірі оның әмбебаптылығы,
яғни барлық іс-әрекет тҥріне принципті пайдаланылуы болып табылады. ИСО
9000 стандарттары кәсіпорын қандай ӛнім шығаратынына немесе қандай
қызмет кӛрсететініне тәуелсіз сапа кепілдігін қамтамасыз ету бойынша
жҧмыстардың ҧйымдастырылуы сәйкес болатын минималды талаптардан
тҧрады. Егер сапаны басқару жҥйесі кӛрсетілген стандарттар талаптарына
сәйкес келсе, онда қазіргі кезде бҧл ӛнімді шығару немесе талап етілген сапада
қызмет кӛрсетуді қамтамасыз етуге кәсіпорынның қабілеттілігінің дәлелі
ретінде қабылданады.
ИСО 9000 халықаралық стандарттарының тағы бір ерекшелігі оның
мекеме басшысының сапа ҥшін жауапкершілік деңгейін бекітуі болып
табылады. Кәсіпорын басшылығы сапа аумағындағы саясатты жасауға, сапаны
басқару жҥйесін дайындау, енгізу және функциялау жҧмыстарына
жауап
береді. Ол нақты анықталып, қҧжат тҥрінде рәсімделуі қажет. Басшылықтың
міндеттеріне ӛндірістік, бақылау-ӛлшеу және сынау қҧрылғыларына арналған,
сондай-ақ компьютерлік техниканы программалық қамтамасыз ету ҥшін
қажетті ресурстарды бӛлу және мамандарды іріктеп алу жатады.
Басшылық
компетенцияның талап етілген деңгейін орнатуы керек және персоналдың
біліктілігін кӛтерудің уақыттылығын қадағалауы қажет. Ҧйым басшыларына
тауардың нарықтық тҧрақтылығына әсер ететін сапа кӛрсеткіштерін шығару
міндеті жҥктеледі. Сонымен бірге ҧйым басшылары жаңа тауарлар ӛндірісі
немесе тҧтынушыларға жаңа қызмет тҥрін кӛрсету туралы
шешімдерді алдын-
ала анықтайтын мақсаттарға жауапты болады. Жаңа тауарларды шығару және
жаңа қызмет тҥрлерін кӛрсету сапаның жаңа бағдарламасын дайындаумен
байланысты, оған ҧйым басшылығы жауапты.
ИСО 9000 Халықаралық стандарттары Қазақстанда ҚР СТ ИСО 9000-
2001 жеке стандарттар тҥрінде енгізіледі.
Сапаны қамтамасыз етудің жаңа жҥйесінің негізгі міндеттері:
1. Операторлар сапа бойынша бақылау жҥргізеді және есеп береді;
2.
Мәселелерді ескертеді;
3. Тҥзетуші және ескертуші шараларды енгізу арқылы мәселелердің
шығу себептерін іздейді;
4. Басшылықтың атқаратын рӛлі – жоспарлау және персоналды ҥйрету;
5. Жҧмыскер ӛз жҧмысын тексереді және сынақ жҥргізеді;
6. Жҧмыскер ӛзінің технологиялық процестерін іздеп табады және
бақылайды. Ол мынадай процестердің орындалуына қолдау болады:
– жауапкершіліктің артуына;
– оқиғаларды дҧрыс тҥсінуге;
– ӛз жҧмысына қанағаттану және оны мақтан тҧтуға.
7. Ерекше кӛңіл бӛлінеді:
– Мәселелердің алдын алуды жоспарлауға;