Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ жауап, топпен жұмыс, есептер шығару.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта;Оқулық; Көрсетілім видео. лабораториялық тәжірибе
|
Құрал-жабдықтар:Сынауықтар, химиялық қасық, штатив, әк суы ерітіндісі, аммоний хлориді тұзы, су.
|
Сабақтың барысы:
|
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. 1. Ұйымдастыру кезеңі:
(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;
-студенттерді психологиялық дайындау.
Сәлемдесу. Студенттерді түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.
Біз бүгін сабақта Д.И. Менделеевтің мерзімді жүйесінің жеке элементтерін зерттеуің жалғастырамыз.
Сабақ ең қызықты элементтердің біріне арналған, ежелден бері белгілі. Орта ғасырда барлық тірі заттардың міндетті компоненті саналды.
Ол кай элемент деп ойлайсыздар?
Төмендегі сұраққа қарап, сабақтың тақырыбын табыңыз.
Сергету сәті: Мені тап?
1. Менім молекулам екі атомнан тұрады
2. Газ тәрізді затпын, бейметалмын
3. Аллотропиялық түрінде кездеспеймің
а) сера; б) углерод; в) фосфор; г) азот.
Оқушылар г жауабын таңдап сабақтын тақырыбың анықтайды.
Бұл элементті 1772 жылы Резерфорд ашты. Атауын Лавуазье берді.Ол грек тілінен аударғанда «тіршіліксіз» дегенді білдіреді. Инертті орта жасау үшін, яғни қажетсіз химиялық реакцияларды жүргізбеу үшін қолданылады. Онымен қыздырғыш электр лампалары толтырылады. Ол өмірге өте қажетті элементтердің бірі-белоктар мен нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді.(Азот)
Азотты тікелей ауадан кейбір бактериялар ғана сіңіре алады, ал қалған барлық тірі тіршілік қосылыстарынан алады.
|
«Білу» теориясы
Жаңа материалды оқыту. Өздігінен тақырыптарды меңгеру.(5-7минут)
1-топ. Азот, қасиеттері, алу әдістері, маңызы (85б.)
1. Азоттың таңбасы (N)
2. Молекулалық формуласы (N2)
3. Реттік нөмірі (7)
4. Салыстырмалы атомдық массасы (14)
5. Азоттың физикалық қасиеті (түссіз, иіссіз, ауадан сәл жеңіл, суда нашар ериді)
6. Азоттың ауа құрамындағы мөлшері (78%)
7. Ауадағы азотты өсімдіктер тікелей сіңіре ала ма? (жоқ азот атомдарының арасындағы байланыс өте берік, өсімдік топырақтан тыңайтқыш арқылы ала алады)
8. Азот қандай органикалық заттың негізгі құрам бөлігі? (нәруыздың)
9. Бөлме температурасында азот реакцияға түсетін металл (литий)
10. «Азот» атауын ұсынған ғалым? (А. Лавуазье
2-топ. Аммиак, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері (86-88б.)
3-топ. Аммоний тұздары (89б.)
Әр топ оқушылары тақырыптар бойынша мәліметтер айтады. Реакция теңдеулерін тақтада жазады, түсіндіреді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |