Қазақстан республикасы білім және ңҒылым министрлігі


Оқытудан күтілетін нәтиже



бет4/5
Дата30.05.2016
өлшемі0.69 Mb.
#102844
1   2   3   4   5

Оқытудан күтілетін нәтиже:


Білімі: Оңтайлы басқару есебінің қойылымын, оңтайлылық шарты мен максимум принципін, математикалық программалаудың жалпы есебінің формасын білуі керек.

Іскерлігі:Оңтайлы есептің шешімдер жоспарын құра білу, экстремальды есептердің математикалық моделін құру, белгілі шешу әдістерін қолдана білу.

Дағдылары:Экстремальды есептерді экономиканың белгілі бір есептеріне қолдана отырып шешу алгоритмін іске асыру дағдысы болу керек.

Біліктілігі:Оңтайландырудың математикалық теориясы әдістерін біліп, оны тәжірибеде қолдана білуін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: оқытушы Г.Ж.Ерланова

11

MP 0203

Математикалық программалау

Кредит саны– 3 (1+2+0), кредит бойыншаECTS-5



Пререквизиттер – 39 кредит

Постреквизиттер – «Экономика және өндірісті ұйымдастыру», «АЖ деректер талдауы»

Оқыту мақсаты: Нарықтық экономика жағдайында экономикалық-математикалық әдістер негізінде кәсіпорынның қызметін басқару есебінің қойылу әдістері мен принциптері, оны шешу және талдау, теориялық-әдістемелік мәселелер жөніндегі студенттердің кешенді білім алуы болып табылады.

Қысқаша мазмұны: Сызықты және сызықсыз модельдермен сипатталған оңтайландыру есептерінің қойылымы және шешуі; қолданбалы сұрақтарды математикалық зерттеу және инженерлік-экономикалық есептерді математикалық тілге аудара білуі.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: есептерді шешуге арналған стандартты программалық құралдар туралы білуі; оқу әдебиеттерін өз бетінше оқу қабілетін алу; логикалық ойлауды дамыту.

Іскерлігі: есептің экономикалық-математикалық моделін құра білу; экономикалық есептерді шешуде математикалық әдістерді қолдану тиімділігін түсіну; Дағдылары: Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелерін іске асыруда Matcad программасын қолдану дағдысы бар.

Біліктілігі:математикалық программалау облысындағы білімін көрсетеді, алған білімін тәжірибеде қолдана білу дағдысы бар.

Бағдарлама жетекшісі: оқытушы Г.Ж.Ерланова

12

OBP 0204

Объектті-бағытталған программалау

Кредит саны– 3 (1+1+1), ECTS кредитімен – 5.



Пререквизиттер – 39 кредит

Постреквизиттер – «Деректер базасының жүйесі», «АЖ программалық қамтама», «Деректер базасымен жұмыс істеу қосымшаларын құру»

Оқыту мақсаты: Объект, оқиға, әдіс, класс, полиморфизм, инкапсуляция ұғымдарын оқу, нысанды-бағытталған программалау ортасы Borland Delphi-мен танысу, Delphi ортасында программалау ерекшеліктерін оқу.

Қысқаша мазмұны: Объекті-бағытталған программалауға кіріспе. НБП Borland Delphi ортасымен танысу. Программа құрылымы. Форма. Компоненттермен танысу. Standard бетінің компоненттері. Additional бетінің компоненттері. Dialogs бетінің компоненттері. Мультиформды қосымшалар құру. Файлдармен жұмыс. Графикалық бейнелер мен диаграммалар құру. System бетінің компоненттері.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Объекті-бағытталған программалау концепцияларын біледі.

Іскерлігі: Delphi ортасында программа құра біледі, жөндеу жүргізу және программаны сынақтан өткізу

Дағдылары:Delphi ортасында программа құру барысында объекті-бағытталған программалау принциптерін қолдану дағдысы бар.

Біліктілігі:Delphi объекті-бағытталған программалау ортасында программа құрудағы білімін, қабілетін және дағдысын көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Г.Ж.Ерланова

13

VP 0205

Borland C++ Builder-де визуалды бағдарламалау

Кредиттер саны – 3 (1+1+1), ECTS кредитімен– 5.



Пререквизиттер – 39 кредит

Постреквизиттер – «Деректер базасының жүйесі», «АЖ-дағы программалық қамтама», «Деректер базасымен жұмыс жасауда қосымшалар құру»

Оқыту мақсаты: Қосымшалар құру үшін визуалды бағдарламалау ортасын қолдану бойынша теориялық білімдер және практикалық тәжірибе алу.

Қысқаша мазмұны: Borland C++ Builder визуалды бағдарламалау ортасының интерфейсы. Объектті-бағытталған бағдарламалау әдістері. Қолданушыға берілген альтернативалардың жиынынан таңдауға мүмкіндік беретін басқаратын элементтер. Көпдеңгейлі менюді құру және қолдану. Диалогты терезелер. Файлдар және папкалардан навигацияны қамтамасыз ету. Бағдарлама күйі туралы ақпаратты көрсету және орындалатын операцияларды визуалдау. Графикалық ақпаратты көрсету. Шығатын көмекшілер. Қосымшаның анықтамалық жүйесі.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Визуалды бағдарламалау ортасында қосымшалар құрудың негізгі принциптерін білу.

Іскерлігі: Визуалды бағдарламалау ортасында қосымшалар құрудың принциптерін практикада қолдана білу.

Дағдылары: Визуалды бағдарламалау ортасында қосымшалар құру дағдылары болу.

Біліктілігі: Визуалды бағдарламалау ортасында қосымшалар құрудың негізгі принциптерін білуін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Г.Ж.Ерланова

14

Eko 0206

Эконометрика

Кредиттер саны – 3 (1+2+0), ECTS кредитімен – 5.



Пререквизиттер – 39 кредит.

Постреквизиттер – «АЖ-дағы мәліметтерді талдау», «Компьютерлік модельдеу негіздері», «Экономика және өндірісті ұйымдастыру»

Оқыту мақсаты: Курстың негізгі мақсаты қазіргі заман эконометрикалық әдістерін, соның ішінде теориялық базасын және қолданбалы есептер дағдыларын, білетін мамандарды дайындау.

Қысқаша мазмұны:

Эконометрика пәні және әдістері. Модель және модельдеу. Модельдегі айнымалылар және олардың типтері. Эконометрикалық модельдеу этаптары. Эконометрикадағы мәліметтер типі. Эконометриканың негізгі түсініктері. Жұптық сызықтық регрессия моделі. Сызықтық регрессия теңдеуін талдау. Сызықтық емес жұптық регрессия. Көптік регрессия моделі. Факторлар мультиколлинеарлығы.Қателердің гетероскедастикалығы. Қалдықтардың автокорреляциясы. Фиктивті айнымалылар.



Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Негізгі эконометрикалық түсінктерді біледі.

Іскерлігі: Шешімдер қабылдауда, микро- және макродеңгейде әртүрлі экономикалық субъекттердің іс-әрекетін жақсарту бойынша практикалық ұсыныстар құруда алынған білімдерін қолдана біледі.

Дағдылары: Экономикалық параметрлердің әртүрлі сипатында эконометрикалық модельдер құра және талдай біледі, әртүрлі есептерді шешу кезінде нәтижелерді түсіндіру және дәлелдеу дағдалары бар.

Біліктілігі: Алынған білімдер практикалық әрекеттерде қолданылатын нақты экономикалық мәліметтерді талдауда эконометрикалық әдістерді меңгеруге мүмкіндік береді.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы И.Б.Карымсакова

15

KS 0207

Қолданбалы статистика

Кредиттер саны – 3 (1+2+0), ECTS кредитімен – 5.



Пререквизиттер – 39 кредит.

Постреквизиттер – «АЖ-да мәліметтерді талдау», «Компьютерлік модельдеу негіздері», «Экономика және өндірісті ұйымдастыру»

Оқыту мақсаты: Курстың негізгі мақсаты қазіргі заман статистикалық әдістерін, соның ішінде теориялық базасын және қолданбалы есептер дағдыларын, білетін мамандарды дайындау.

Қысқаша мазмұны:

Қолданбалы статистика - ғылыми-практикалық деятельность ретінде. Статистикалық мәліметтердің әртүрлі типтері. Қолданбалы статистикадағы анықталмағандықты сипаттаудың ықтималдықты-статистикалық әдістер негізі. Таңдамалы зерттеулер. Мәліметтерді сипаттау. Өлшеу. Сандық шамалардың статистикалық талдауы. Көпөлшемді статистикалық талдау. Уақыттық қатарлар статистикасы. Сандық емес мәліметтер статистикасы. Интервалды мәліметтер статистикасы. Қазіргі заманға қолданбалы статистика.



Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Негізгі статистикалық түсініктерді біледі.

Іскерлігі: Өзара байланысты талдаудың статистикалық әдістерін, таңдамалы зерттеуді қолдана біледі.

Дағдылары: Сандық әдістерді қолдана отырып есептерді шығару дағдыларын меңгеру.

Біліктілігі: Статистикалық, регрессиялық және корреляциялық талдаудың, экспериментті жобалау теориясы, мәліметтерді талдаудағы адаптивті әдістер қолдану білімдері.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы И.Б.Карымсакова

16

AZhBK 0208

Ақпараттық жүйелердегі бағдарламалық қамтама

Кредиттер саны – 3 (2+1+0), ECTS кредитімен – 5.



Пререквизиттер – 76 кредит

Постреквизиттер – «Деректер базасымен жұмыс жасауда қосымшалар құру», «Эксперттік жүйелер»

Оқыту мақсаты: Ақпараттық жүйелер бағдарламалық қамтамасын меңгеру.

Қысқаша мазмұны: Бағдарламалық қамтама даму тарихы. Қазіргі заман бағдарламалық қамтамасының классификациясы және негізгі ерекшеліктері. Жүйелік, инструменталды және қолданбалы бағдарламалық қамтама. Бағдарлама құру, бағдарламалау классификациясы және бағдарламалау тілін таңдау. Ақпараттық жүйелер бағдарламалық қамтамасы.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Ақпараттық жүйелер бағдарламалық қамтамасының ерекшеліктерін біледі.

Іскерлігі: Ақпараттық жүйелер бағдарламалық қамтамасының әртүрлерін қолдана алады.

Дағдылары: Ақпараттық жүйелер бағдарламалық қамтамасын қолдана білу дағдылары бар.

Біліктілігі: Қазіргі заман бағдарламалық қамтамасы облысында, қазіргі заман бағдарламалау тілінің біреуінде бағдарлама құруда білімдер көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: оқытушы Г.Ж.Ерланова

17

BKKKZT 0209

Бағдарламалық қамтама құрудың қазіргі заман технологиялары

Кредиттер саны – 3 (2+1+0), ECTS кредитімен – 5.



Пререквизиттер – 76 кредит

Постреквизиттер – «Деректер базасымен жұмыс жасауда қосымшалар құру», «Эксперттік жүйелер»

Оқыту мақсаты: Ақпараттық жүйелердің бағдарламалық құралдарын меңгеру.

Қысқаша мазмұны: Қазіргі заман бағдарламалық жобаларының негізгі ерекшеліктері және мәселелері. Бағдарламалық инженериядағы қазіргі заман тенденциялары. БҚ құру технологияларынң әдістемелік негіздері. Визуалды модельдеу. БҚ-ны құрылымдық талдау және жобалау әдістері. БҚ-ны объектті бағытталған талдау және жобалау әдістері. UML тілі. Құрылымдық және объектті-бағытталған әдістерін салыстыру және байланысы. Бизнес-үрдістерді модельдеу әдістері және талаптар спецификациясы. БҚ талдау және жобалау әдістері. Бағдарламалық қамтама құру технологиялары. БҚ-ның ТҚ-сына қойылатын талаптар. Әртүрлі компаниялардың БҚ ТҚ мысалдары. Rational Unified Process (IBM Rational Software) технологиясы. Oracle технологиясы. Borland технологиясы. Computer Associates технологиясы.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Ақпараттық жүйелердің бағдарламалық құралдар ерекшеліктерін біледі.

Іскерлігі: Ақпараттық жүйелердің бағдарламалық құралдарының әртүрлерін қолдана біледі.

Дағдылары: Ақпараттық жүйелердің бағдарламалық құралдарының әртүрлерін қолдану дағдылары бар. Біліктілігі: Қазіргі заман бағдарламалық қамтамасы облысында, қазіргі заман бағдарламалау тілінің біреуінде бағдарлама құруда білімдер көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы С.Б.Кайсанов

18

IKG 0210

Инженерлік және компьютерлік графика

Кредиттер саны – 3 (1+1+1), ECTS кредитімен – 5.



Пререквизиттер – 76 кредит

Постреквизиттер – «Үшөлшемді модельдеу», «Webграфика»

Оқыту мақсаты: Курстың мақсаты ең мықты автоматтандырылған жобалау жүйелерінің бірі- AutoCad жүйесін оқыту. Техникалық жобалаудағы оның функционалдық мүмкіндіктері.

Қысқаша мазмұны: Компьютерлік графиканың қолдану салалары және түрлері. Графикалық мәліметтер, графикалық форматтар классификациясы. Растрлік және векторлық графика ерекшеліктері. AutoCad жүйесі көмегімен қарапайым сызбаларды жасау құралдары. Нақты сызуды қамтасыз ететін әдістер. Қабаттар және олармен жұмыс. AutoCAD графикалық объектілерінің негізгі типтері. Редактирлеудің негізгі операциялары. AutoCAD-тың күрделі объектілері. Үшөлшемді сызу негіздері.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: AutoCad-та сызбаларды жобалау процесінің негізгі этаптарын, негізгі принциптерін және құру әдістерін біледі.

Іскерлігі: AutoCAD-та 2-өлшемді және 3-өлшемді объектілерді жобалайды.

Дағдылары: Инженерлік құрылмдар жобалауда қолданылатын виртуалды компьютерлік каркастарды, объектілерді жобалай біледі.

Біліктілігі: Сызу жұмыстарын орындаудың автоматтандырылған жобалау практикалық дағдыларын көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы И.Карымсакова

19

IG 0211

Инженерлік графика

Кредиттер саны – 3 (1+1+1), ECTS кредитімен – 5.



Пререквизиттер – 76 кредит

Постреквизиттер – «Үшөлшемді модельдеу», «Web графика»

Оқыту мақсаты: Инженерлік графика оқыту мақсаты – студенттерді графикалық мәдениетке үйрету – графикалық ақпаратты тасымалдаудың машиналық әдістерін меңгеру облысындағы адамзат жетістіктерінің жиынтығы. КОМПАС графикалық жүйесімен жұмыс жасап үйрену.

Қысқаша мазмұны: «Инженерная графика» пәніне кіріспе. Графикалық жұмыстарды орындау туралы жалпы мағлұмат. Сызбалар сызықтары және сызбаларда жазулар жазу. Түйіндестер құру және шеңберді тең бөліктерге бөлу. Объект түрлерін құру. Детальдар қосу түрлері және олардың белгілеуі. Жиынтық сызудың негізгі түсініктері. Сызба бетін құру. Геометриялық құрулар. Геометриялық денелер. Детальдың сызбасын құру. Сызбаларда қима және кескіндерді салу. КОМПАС жүйесінің қолданбалы билиотекалары.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Графикалық бейнелер типтерін, сызба құралдары және инженерлік графика көмегімен сызба жасау тізбегін біледі.

Іскерлігі: сызу құралдарын қолдана, проекциялық бейнелерді оқи және орындай, жай геометриялық денелер және детельдар қимасын жасай, деталь сызбасын жасай, түрлер, қималар және кескіндерді қолдана біледі.

Дағдылары: ЭЕМ-да жасалған сызбаларға КҚБЖ МСТ талаптарына сай сызбаларды сала біледі, күрделі емес детальдар сызбаларын оқи алады. КОМПАС графикалық жүйесімен жұмыс дағдыларын қалыптастыру.

Біліктілігі: Объекттер формаларын зерттеу, графикалық бейнелерді оқу ережелері, объекттер туралы ақпаратты графикалық бейнелеу әдістерін және ережелерін, қолмен және машиналық әдіспен графикалық құжатнаманы орандау.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы И.Б.Карымсакова

20

MMN 0212

Менеджмент және маркетинг негіздері

Кредиттер саны – 2 (1+1+0), ECTS кредитімен – 3.



Пререквизиттер – 39 кредит

Постреквизиттер – «Экономикадағы ақпараттық жүйелер»

Оқыту мақсаты: Басқару және маркетинг облысында білімдер және дағдылар алу.

Қысқаша мазмұны: Бұл курс менеджмент жән маркетингтің қазіргі заман өндірістік-нарықтық шаруашылықта, қоғамдағы орны және ролі, менеджмент және маркетингтің негізгі мәселелерін білу; басқару әрекеттерінің әдістерін, процедураларын; нарықты зерттеу, стратегиялық мақсаттарға жету, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және т.б. есептерді шешу туралы білім қалыптастыруды көздейді.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: менеджменттің теориялық негіздері; менеджмент туралы ғылымның түсініктілік аппараты; өндірісті басқару әдістер жүйесі.

Іскерлігі: алатын мамандығына қатысты теориялық концепциялар бойынша өзгеріп отыратын ақпаратты жинау және қолдану.

Дағдылары: Басқару персоналын таңдау және үлестіру жүйесі туралы білімдері, басқару процестерін ақпараттық қамтамасыз ету.

Біліктілігі: Менеджер көз-қарасымен мәселелерді шешу мақсатында экономикалық жағдайды, заңдарды, өндіріс даму принциптерін білу.

Бағдарлама жетекшісі: а.ш.ғ.к., и.о. доцент Кушуков Г.С.

21

AMe 0213

Ақпараттық менеджмент

Кредиттер саны – 2 (1+1+0), ECTS кредитімен – 3.



Пререквизиттер – 39 кредит

Постреквизиттер – «Экономикадағы ақпараттық жүйелер»

Оқыту мақсаты: макро- және микродеңгейде иннвациялар, жаңалықтарды басқарудың функциялары және әдістері туралы теориялық және практикалық тәжірибені жалпылау.

Қысқаша мазмұны: жаңалықтар және инновациялар портфелін қалыптастырудың, оларды жобалау, меңгеру, шығару және өңдіру әдістемелік және практикалық сұрақтарын ашады, сонымен қатар студенттерде инновациялар және оларды басқару механизмдері туралы білімдер жүйесін қалыптастырады.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: инновациялық менеджментті сипаттайтын түсінікті-терминологиялық аппарат;

Іскерлігі: өзгеретін ортада нарықтағы әртүрлі инновациялық типтердің шаруашылық субъектілерінің әрекеттерін талдау.

Дағдылары: жаңа технологиялар тиімділігін, ғылымисыйымдылығын, сонымен қатар инновациялық әрекеттер этаптарын қаржыландыруды бағалау(венчурлік қаржыландыру).

Біліктілігі: Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық және заңнама базасы облысындағы білімдері.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы А.С.Койчубаев

22

AMa 0214

Ақпараттық маркетинг

Кредиттер саны – 2 (1+1+0), ECTS кредитімен – 3.



Пререквизиттер – 39 кредит

Постреквизиттер – «Экономикадағы ақпараттық жүйелер»

Оқыту мақсаты курса: макро- және микродеңгейде иннвациялар, жаңалықтарды басқарудың функциялары және әдістері туралы теориялық және практикалық тәжірибені жалпылау.

Қысқаша мазмұны: Курс ақпараттық технологияларды басқару ісінде, ақпараттық әдістерді және құралдарды қолдану мәселелерін қарастырады.

Курсты оқыту мақсаты студенттерді қазіргі заманда енді қалыптасып келе жатқан информатиканың ең күрделі бөлігі – ақпараттық марктинг әдістемесімен таныстырады.



Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Нарықтық қатынастарға өту кезіндегі ақпараттық маркетингтің негізі, мақсаты және ерекшеліктері; ақпараттық өнім және қызметтер нарығының қалыптасуының негізгі мәселелері; баға қою мәселелері және ақпараттық өнім қорғауы; маркетингтің ақпараттық құрылымы.

Іскерлігі: ақпараттық өнім тұтынушылары және шығарушылары арасындағы экономикалық қатынастарға талдау жасау; қолданушы және қызмет түрлері бойынша ақпараттық өнім нарығының құрылымын және сегментациясын зерттеу; ақпараттық қажеттілік және сұраныстың өзгеруін болжау және жағдайын зерттеу.

Дағдылары: жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып өнім сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау; реклама, қосымша жеңілдіктер және сенімді делдалдар шақыру арқылы өнімді өткізуді қарқындау; қолданушыларды жаңа тауарлар және қызметтерді қолдану, олардың ақпараттық мәдениетін өсіру мақсатында үйрету.

Біліктілігі: Ақпараттық қажеттілік және сұраныстың өзгеруін болжау және жағдайын зерттеу; келісілген баға, прейскуранттар және қызметке тарифтер қолдану бойынша ұсыныстар құру.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы А.С.Койчубаев

23

Kar 0215

Қаржы

Кредиттер саны – 2 (1+1+0), ECTS кредитімен – 3.



Пререквизиттер – 39 кредит

Постреквизиттер – «Экономикадағы ақпараттық технологиялар», «Жобаларды басқарудың ақпараттық технологиялары», «Экономикадағы ақпараттық жүйелер»

Оқыту мақсаты: қаржы функционалдауының теориялық негіздерін студенттердің білуі; қаржылық профиль мамандарына қажет дағдыларын меңгеру; елішіндегі ерекшеліктерін ескере отырып, қаржылық және несиелік әрекеттердің негізгі сұрақтарымен студенттер дің танысуы.

Қысқаша мазмұны: Қаржы мазмұны, функциялары және ролі. Қаржылық жүйені ұйымдастыру. Қаржылық саясат және қаржылық механизм. Шаруашылық субъектілердің қаржылары. Мемлекеттік қаржылардың жалпы сипаттамасы. Мемлекеттік шығыстар және кірістер. Салықтар және салықтық жүйені ұйымдастыру. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік бюджеттік емес фондтар. Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз. Шаруашылықтың қаржылары. Сақтандыру. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу. Қаржылық нарық. Қаржы сыртқы экономикалық байланыстарда. Қаржы және инфляция.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: «Қаржы» пәнін қолдануының мазмұнын, мәнін және қажеттілігін біледі. ҚР-дағы қаржылық жүйе құрылымын және оның басқа елдерден ерекшелігін біледі.

Іскерлігі: Қаржының негізгі терминдері және түсініктерін біледі.

Дағдылары: Қаржылық рта мамандарына керек дағдылары бар. Ең қарапайым түрде мемлекеттің қаржылық және несиелік әрекеті сұрақтарын біледі.

Біліктілігі: Қаржылық жүйе ұйымдастыру, қаржылық бақылау, шаруашылық субъектілер қаржыларының функционалдау туралы білімдер көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: Доцент, э.ғ.к. С. Масалимова

24

DBZh 0216

Деректер базасымен жұмыс жасауда қосымшалар құру

Кредиттер саны – 3 (1+1+1), ECTS кредитімен – 5.



Пререквизиттер – 76 кредит

Постреквизиттер – «АЖ жобалау», «Интернет үшін бағдарламалау», «Web бағдарламалау».

Оқыту мақсаты: Объектті-бағытталған бағдарламалау жүйесінде деректер базасы қосымшаларын құру ерекшеліктерін қарастыру.

Қысқаша мазмұны: Деректер базасына кіріспе. Деректер базасын қолданатын қосымшалар құру үшін бағдарламалау ортасының құралдары. Деректер базасымен жұмыс жасау компоненттерін шолу. Бағдарламалау ортасында деректер базасы қосымшаларын құрудың негізгі принциптері.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Деректер базасымен жұмыс жасайтын қосымшалар құрудың негізгі принциптерін біледі.

Іскерлігі: Бағдарламалау ортасында жұмыс жасайтын қосымшалар құра алады.

Дағдылары: Бағдарламалау ортасында жұмыс жасайтын қосымшалар құру дағдылары бар.

Біліктілігі: Бағдарламалау ортасында жұмыс жасайтын қосымшалар құру білімін және іскерлігін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Г.Ж.Ерланова

25

DDB 0217

Delphi және деректер базасы

Кредиттер саны – 3 (1+1+1), ECTS кредитімен – 5.



Пререквизиттер – 76 кредит

Постреквизиттер – «АЖ жобалау», «Интернет үшін бағдарламалау», «Web бағдарламалау».

Оқыту мақсаты: Borland Delphi бағдарламалау жүйесінде деректер базасы қосымшаларын құру ерекшеліктерін қарастыру.

Қысқаша мазмұны: Деректер базасына кіріспе. Деректердің реляциялық базасы. Деректер базасын жоспарлау, жобалау және басқару. Деректер базасы қосымшаларының өмір циклы. Деректер базасын құруды жоспарлау. Жүйеге талаптарды анықтау. Қолданушы талаптарын жинау және талдау. Деректер базасын құру. Мақсаттық ДББЖ таңдау. Қосымшаларды құру. SQL тілі. SQL тілінің негізгі сипаттамалары. Кестеге деректер еңгізу. Кестедегі деректерді өзгерту. Кестедегі деректерді жою. Деректерді анықтау операторлары. Деректер базасын құру. Кестелер құру. Кестелерді жою. Индекс құру. Клиент/сервер архитектурасының технологиясы және моделі.

Оқытудан күтілетін нәтижелер

Білімі: Borland Delphi бағдарламалау жүйесінде деректер базасы қосымшаларын құру принциптерін біледі.

Іскерлігі: Borland Delphi бағдарламалау жүйесінде деректер базасы қосымшаларын құра біледі.

Дағдылары: Бағдарламалау ортасында деректер базасы қосымшаларын құру дағдылары бар.

Біліктілігі: Borland Delphi бағдарламалау ортасында деректер базасы қосымшаларын құру білімі және іскерілігін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Г.Ж.Ерланова


26

EDBB 0218

Экономикада деректер базасы мен банкі

Кредиттер саны – 3 (1+1+1), ECTS кредитімен – 5.



Пререквизиттер – 76 кредит

Постреквизиттер – «АЖ жобалау», «Интернетте программалау» , «Web программалау».

Оқыту мақсаты: Деректер банкі концепциясымен және олардың компоненттерімен танысу, деректер банкін құрудың теориялық негізін оқыту, деректер банкін құру және ендіру бойынша практикалық жұмыс дағдыларына әкелу.

Қысқаша мазмұны: Деректер банкіне кіріспе. Деректер моделі. Деректер банкінің компоненттері. Деректер банкін жобалау сатылары. Деректер базасын басқару жүйелері. Прогрессивті ақпараттық технологиялар ретінде деректер банкін құру және ендіру мәселелерінің актуалдылығы. Нақты ДББЖ (FoxPro, Informix, Access) мысалында деректер банкі администраторының функциялары.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Деректер банкінің басты компоненттері ретінде деректер банкінің міндетін, құрамын, талаптарын, деректер банкінің тілдік және программалық жабдықтарын, деректер базасын жобалау сатыларын, әдістерін және құралдарын оқыту.

Іскерлігі: Дербес пәндік облыс үшін ДБ құрылымын жобалауы, деректер базасын қалыптастыру, ендіру және модификациясы талдауын жүргізуді білу.

Дағдылары: Базада деректерді ендіру, толтыру, реттеу, іздеу дағдыларын қалыптастыру.

Біліктілігі: Деректер банкін құру және ендіру облысында білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Г.Ж.Ерланова

27

KMN 0227

Компьютерлік модельдеу негіздері

Кредит көлемі– 3 (2+0+1), кредитта ECTS – 5.



Пререквизиттар– 101 кредит

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Мәліметтерді моделдеу әдісің студенттерге игерту,компьютерде моделдермен жұмыс жасау,практикалық білімді басқа да бағыттарда қолдану.

Қысқаша мазмұны: Курста моделдеудің әдіс – тәсілдерін ақпараттық ағын және проектерде қолдануды үйрету. Студенттер MathСad мүмкіндіктерімен толық танысады,сонын ішінде математикалық амалдар мен графиктер жасау принциптарын, мәтінді өңдеу және енгізу, программада енгізілген функцияларды қолданады.Курста қарапайым жұмыс қабылдау ортасы MathLab қарастырылған,ол құжаттарды өңдеу,файлдармен жұмыс,графикамен жұмыс,обьектілерді форматтау, векторлық және матрицалық амалдарды шешу, мәліметтерді өңдеу және статистиканы, MathLab ортасында бағдарламалауды қарастырады.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Моделдерді құру қезеңдерін білу.

Іскерлігі: Сәйкес келетін әдіспен модельдерді шешуді білу.

Дағдылары: Эксперимент және интерпритацияны ұйымдастыру және нәтижесін алу.

Біліктілігі: MathCad және MathLab программалық өнімдермен жұмыс істеу кезінде практикалық білімін көрсете білу.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Карымсакова И.Б.

28

IM 0228

Имитациалық модельдеу

Кредит көлемі – 3 (2+0+1), кредитта ECTS – 5.



Пререквизиттар – 101 кредит

Постреквизиттар – жоқ

Оқыту мақсаты: Имитациялық мәліметтерді моделдеу әдісін студенттерге игерту,практикалық білімді басқа да бағыттарда қолдану.

Қысқаша мазмұны: Курста жүйелерді моделдеудің жалпы ұғымдары оқытылады.Имитациалық модел құру. Экономикалық және техникалық жүйелерді анализдеу кезіндегі имитациалық моделдеу принциптері.Экономикалық жүйе моделінің схемасы. Кездейсоқ шамалар және оқиғаларды моделдеу.Марковскийдің кездейсоқ процестердің жалпы ұғымы және анықтамасы,жалпы қызмет көрсету жүйелері. Өндірістік жүйелердің математикалық моделдері.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Моделдеу процедуралары мен тәсілдері, терминдар мен жалпы ұғымдарын білу.

Іскерлігі: Өндірістік жоспарлау және басқару жүйелерінде математикалық моделдерді қолдана білу.

Дағдылары: Эксперимент және интерпритацияны ұйымдастыру және нәтижесін алу.

Біліктілігі: MathCad және MathLab программалық өнімдермен жұмыс істеу кезінде практикалық білімін көрсете білу.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Карымсакова И.Б.

29

BT 0229

Бағдарламалау технологиясы

Кредит көлемі – 3 (1+1+1), кредитта ECTS – 5.



Пререквизиттар – 31 кредит

Постреквизиттар – «Обьекті-бағытталған бағдарламалау», «мәліметтер базасымен жұмыс істеуге қосымшалар құру».

Оқыту мақсаты: Си бағдарламалау тілінің операторларын,операцияларын және мәліметтер типін игеру, ішкі бағдарламаларды қолданып бағдарлама құру, стандарттық модульдер, Си және Си++ тілдерінің ерекшеліктері.

Қысқаша мазмұны: ЭЕМ-ның төмендегі кезеңдерді дайындау арқылы есептерді шығару: тапсырманы нақты құру,алгоритм құру,бағдарламаны кодтау, отладка және тестілеу.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Си бағдарламалау тілінде есеп шығара білу.

Іскерлігі: Есептің алгоритімін құруды білу және оны Си бағдарламалау тіліне көшіру.

Дағдылары: Си бағдарламалық тілінде бағдарлама құру, құрылған бағдарламаны отладкалау және тестілеу.

Біліктілігі: Си бағдарламалау тілінде кез келген есепті және бағдарламаны құру.

Бағдарлама жетекшісі: оқытушы Ерланова Г.Ж.

30

ZhPK 0230

Жүйелік программалық қамтама

Кредит бойынша көлемі – 3 (1+1+1), кредитпен ECTS – 5.



Пререквизиттер –31 кредит

Постреквизиттер – «Объектілі-бағытталған программалау», «Деректер қорымен жұмыс істеуге арналған қосымшалар құру».

Оқыту мақсаты: Жүйелік программалық қамтамасыз етудің негізгі компоненттерін, Ассемблер тілінде программалаудың негізгі принциптерін оқыту.

Қысқаша мазмұны: Негізгі ұғымдары мен анықтамалары. Программалар мен программалық қамтама. Жүйелік программалау. Программа дайындау кезеңдері. Ассемблерлер. Ассемблер тілінің сөйлемі. Командалар. Директивалар. Ассемблер жұмысының алгоритмі. Бір және көп өткізілетін Ассемблер. Регистрлер моделі. Жедел жады моделі. Процессор моделі. Уақыт. Үзілістер жүйесі. Енгізу-шығару. Адам-оператормен өзара байланыс.

Оқытудан күтілетін нәтижелер

Білімі: Жүйелік программалаудың ерекшеліктері мен Ассемблер тілінде программа құру принциптерін біледі.

Іскерлігі: Жүйелік программалауды қолдануды және Ассемблерде программа құра алады.

Дағдысы: Ассемблер тілінде программа құру дағдысы бар.

Біліктілігі: Жүйелік программалалық қамтаманың негізгі компоненттері туралы білімін көрсете алады.

Бағдарлама жетекшісі: оқытушы Жумангалиева Н.К.

31

KZhS 0231

Компьютерлік жүйелер сәулеті

Кредит бойынша көлемі – 3 (2+1+0), кредитпен ECTS – 5.



Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквизиттер – «Компьютерлік желілер», «Ақпарат қауіпсіздігі және ақпаратты қорғау»

Оқыту мақсаты: Есептеу кешендері мен жүйелерді ұйымдастыру негіздерімен танысу.

Қысқаша мазмұны: ЭЕМ ұйымдастыру негіздері. ЭЕМ есте сақтау құрылғысы. ЭЕМ процессорлары. Енгізу-шығаруды ұйымдастыру. Есептеу кешендері.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Компьютерлік жүйелер архитектурасын, есептеу кешендерін, есте сақтау құрылғылары мен енгізу-шығаруды ұйымдастыруды біледі.

Іскерлігі: ЭЕМ-ның функционалды түйіндерін жобалай алады.

Дағдысы: ЭЕМ мен олардың компоненттерін техникалық іске асыру мен модернизациялау дағдысы бар.

Біліктілігі: Ақпаратты өңдеудің қазіргі аппараттық құралдарын ұйымдастыру мен қызметі туралы базалық білімімін көрсете алады.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Карымсакова И.Б.

32

DEEM 0232

Дербес электронды есептеуіш машина

Кредит бойынша көлемі – 3 (2+1+0), кредитпен ECTS – 5.



Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквизиттер – «Компьютерлік желілер», «Ақпарат қауіпсіздігі және ақпаратты қорғау»

Оқыту мақсаты: есептеу машиналарын, ЭЕМ жүйелері мен желілерін ұйымдастыру ерекшеліктерін, жеке құрылғыларының құрылу принциптері мен ақпаратты енгізу, өңдеу және шығару процесіндегі олардың өзара байланысын оқытады.

Қысқаша мазмұны: Есептеу жүйелері мен желілері принциптері. ЭЕМ элементтері мен функционалды түйіндері. Есептеу техникасы құралдарының элементтері. Функционалды түйіндер. Дешифраторлар, шифраторлар. ЭЕМ арифметикалық негіздері. ЭЕМ-да ақпараттың берілуі. ЭЕМ-ң есте сақтау құрылғылары (ЕсҚ). ЭЕМ процессорлары. ЭЕМ-да ақпаратты енгізу-шығару. Мәліметтерді өңдеу жүйелері. Мультипроцессорлы ЕК.

Компьютерлік желілер. Есептеу жүйелері мен желілерді жобалау негіздері.



Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: ЭЕМ-нің негізгі элементтері мен функционалды түйіндерін біледі.

Іскерлігі: ЭЕМ функционалды түйіндерін жобалай алады.

Дағдысы: ЭЕМ мен олардың компоненттерін техникалық іске асыру мен модернизациялау дағдысы бар. Біліктілігі: Ақпаратты өңдеудің қазіргі аппараттық құралдарын ұйымдастыру мен қызметі туралы базалық білімімін көрсете алады.

Бағдарлама жетекшісі: оқытушы Г.Ж.Ерланова

33

EOU 0233

Экономика және өндірісті ұйымдастыру

Кредит бойынша көлемі -3 (2+1+0), ECTS кредитпен -5.



Пререквизиттер: 65 кредит.

Постреквизиттер: жоқ

Оқыту мақсаты: Берілген курстың мақсаты- студенттерде кәсіпорынның қызметінің және нарықтық жағдайындағы шаруашылық типтегі өндірістің экономикалық механизмін оқу негізінде экономикалық деңгейде ойлау қабілетін қалыптастыру

Қысқаша мазмұны: Берілген курста кәсіпорынның өндірістік құрылымы, кәсіпорынды басқару процесін ұйымдастыру; өндірістік процесті ұйымдастыру, ұйымдастыру принциптері мен әдістері, ұзақ өндірістік циклді есептеу; еңбек пен еңбекті ақы төлеуді ұйымдастыру және еңбек өндірісін жоғарылатуды реттеу қарастырылады. Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Кәсіпорын қызметінің өндірістік-шаруашылық тиімділігін есептеу әдістемесін, НТП негізгі бағыттарын, капитал салымдарын, өндіріс қорларын қолдануды, еңбек өндірісінің өсімі мен өндіріс рентабельділігін білу.

Іскерлігі: Өндірісті сауатты және компетентті ұйымдастыра алады, нарықтың талаптарын анықтай алады, кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдай және экономиканың дамуындағы сапалы ілгерілеуді дұрыс бағалай алады. Дағдысы: Кәсіпорындағы экономикалық жұмыстарды өздігінен жүргізу дағдысы бар, фактілі ақпаратты және экономикалық көрсеткіштерді есептеуде жылдам және дұрыс бейімделе алады.

Біліктілігі: Студенттерге арналған көлемде іргелі, жалпы және экономикалық ғылымдар туралы базалық білімін көрсете алады.

Бағдарлама жетекшісі:аға оқытушы Қуантқан Б.

34

OZh 0234

Операциялық жүйелер

Кредит бойынша көлемі -3 (2+1+0), ECTS кредитпен



Пререквизиттер: 101 кредит.

Постреквизиттер: жоқ

Оқыту мақсаты: Операциялық жүйелер(ОЖ) құру принциптерін және сәулетін оқу; ОЖ-нің ДЭЕМ-нің аппараттық құрналдарымен байланысын және қолданушымен жұмысты ұйымдастыру; Ож-лардағы көпесептілік және көпағындылықты ұйымдастырудың теориялық негіздері.

Қысқаша мазмұны: Операциялық жүйе түсінігі. Операциялық жүйелер функциялары. Операциялық жүйе ядросы. Операциялық жүйелер эволюциясы және негізгі идеялар. Пакетті режимі. Уақытты бөлу және көпесептік. Жұмысты бөлу. Уақыттың нақты масштабы. Файлдық жүйелер және құрылмыдар. Бар операциялық жүйелер. Операциялық жүйелер сәулеті.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: ОЖ мақсатын біледі, ОЖ функцияларын және көптектілігін, операциялық жүйелер жұмысының режимдерін; олардағы процестерді басқару әдістерін.

Іскерлігі: әртүрлі операциялық жүйелерді қолдана білу, оперативті жадымен, сыртқы құрылғылармен, файлдық жүйемен басқара білу; ОЖ қоя білу.

Дағдысыи: Операциялық жүйелерді баптау дағдылары(қолданушылармен жұмыс, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, желілік ресурстарға қосылу, драйверлерді қою, жұмыс параметрлерін басқару) болу.

Біліктілігі: Операциялық жүйелер облысында базалық білімді көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы С.Б.Кайсанов

Профильді пәндер – 27 кредит

«Бизнестегі ақпараттық жүйелер және технологиялар» білім траекториясы

1

AZhDT 0301

Ақпараттық жүйелерде деректерді талдау

Кредиттер саны – 2 (1+1+0), ECTS кредитімен – 3.



Пререквизиттер – 76 кредит

Постреквизиттер – «Экономика және өндірісті ұйымдастыру»

Оқыту мақсаты: Деректердің аналитикалық тізімдерін құру облысында білім алу, зерттелетін деректердің құрылымдық-аналитикалық және статистикалық талдауын, нақты экономикалық жағдайларды модельдеу кезінде қабылдау және әдістерді пайдалануда дағдыларын қалыптастыру және деректерді талдауда алынатын нәтижелерді адекватты бағалай білуі.

Қысқаша мазмұны: Экономикалық ақпаратты өңдеу және талдау әдістері. Электронды кестелер көмегімен деректерді талдау. Деректер базасын сүзгілеуді пайдаланумен бизнес-талдау. Қойылым кестесі мен сценарийлер диспетчерін пайдаланудың ақпараттық технологиясы. Құрама кестелер көмегімен деректерді талдау. Деректерді талдау үшін сызықты емес теңдеулерді шешу және графигін тұрғызу. Статистикалық функцияларды пайдалану мен болжаудың ақпараттық технологиясы. Деректерді талдау үшін шешімді іздеу.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Экономикалық ақпаратты өңдеу және талдау әдістерін білу.

Іскерлігі: Статистикалық функциялар көмегімен пайдалану мен болжауды үйрену.

Дағдылары: Деректер базасын өңдеу көмегімен бизнес-талдаудың практикалық дағдыларын, сондай-ақ деректерді талдау үшін шешімді іздеуді білу.

Біліктілігі: Зерттелетін деректерді талдау әдістері мен модельдері облысында базалық білімдерін, деректерді талдау үшін графиктер тұрғызу және сызықты емес теңдеулерді шешуді, электронды кестелер ортасында жұмыс істеуді көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы И.Б.Карымсакова

2

EAZh 0306

Экономикадағы ақпараттық жүйелер

Кредиттер саны – 2 (1+1+0), ECTS кредитімен – 3.



Пререквизиттер – 76 кредит

Постреквизиттер – «Ақпараттық жүйелерді жобалау»

Оқыту мақсаты: Студенттерде қазіргі ақпараттық жүйелер, оның ішінде корпоративті ақпараттық жүйелер туралы білімдерін қалыптастыру және осы білімдерін практикалық қызметте пайдалана білуі болып табылады.

Қысқаша мазмұны: Экономикада ақпараттық процестер. Ақпараттық жүйелердің деректер базасы мен білімі. Корпоративті электронды құжатайналым. Бизнес-процесті автоматтандыру. Корпоративті ақпараттық жүйелер. Телекоммуникациялық технологиялар, виртуалды ұйымдастырушылық құрылымдар. Автоматтандырудың ақпараттық жүйелерін таңдау.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Компьютерлендіру объектісі ретінде ұйымдық-экономикалық басқару ерекшеліктерін нақты көрсету және ұйымдық-экономикалық басқару жүйесінің маңызды түсінігін меңгеру.

Іскерлігі: Жоғары оқу орнында оқыту процесінде туындайтын есептерді, сондай-ақ өзінің болашақ қызметінің пәндік облысындағы есептерін шешу үшін қазіргі дербес компьютерлерді (ДК) тиімді пайдалана білуі.

Дағдылары: Ақпараттық жүйелермен байланысты негізгі объектілер, құбылыстар және процестермен жұмыс істеу дағдысына ие болуы және олардың ғылыми зерттеулерінің әдістерін өмірлік циклдің барлық сатыларында пайдалана білуі керек.

Біліктілігі: Аппараттық базаны таңдау, программалық өнімдерді жобалау және алу, қолданбалы ақпараттық жүйелер бойынша негізделген шешімдерді қабылдау дағдысын көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы И.Б.Карымсакова

3

1COP 0307

1С ортасында программалау

Кредиттер саны – 3 (1+1+1), ECTS кредитімен – 5



Пререквизиттер – 76 кредит

Постреквизиттер – «Бухгалтерлік есеп негізі», «Экономикада АЖ», «Объекті-бағытталған программалау»

Оқыту мақсаты: Студенттермен 1С ортасында программалаудың қажет теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Типтік конфигурацияда жұмыс істеу. Конфигурация объектілері. Конфигурациямен жұмыс істеу. Әкімшілдеу. Программалаудың ендірілген тілдерін (операторлар, басқарушы құрылымдар, деректер типі) меңгеру. Анықтамалармен, құжаттармен және құжат журналдарымен жұмыс. Сұраныстармен жұмыс және есеп құру. Деректердің қызметші типтері және объектілерімен жұмыс. Деректерді енгізуге арналған кестелермен жұмыс. Деректерді экспорт-импорттау операциялары.

Оқытудан күтілетін нәтижелер

Білімі: 1С ортасында ендірілген тілдің негізгі түсінігі мен әдістерін білу, 1С конфигурациясын құру және баптаудың негізгі әдістерін білуі керек.

Іскерлігі: 1С жүйесінің ендірілген тілінің негізгі түсініктері мен әдістерін практикада пайдалану шеберлігі.

Дағдылары: 1С ортасында программалау дағдысының болуы.

Біліктілігі: 1С ортасының ендірілген тілінің негізгі түсініктері мен әдістерін білуді көрсету.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы И.Б.Карымсакова

2-білім траекториясы «Ақпараттық жүйелер және Web-технологиялар»

4

MT 0301

Мультимедиа технологиялар

Кредиттер саны – 3 (1+1+1), ECTS кредитімен – 5



Пререквизиттер – 76 кредит

Постреквизиттер – «Web программалау»

Оқыту мақсаты: Электронды кітап түрінде құжаттарды безендіру, компьютерлік презентациялар және Web-өкілін құру, Интернет-телефонияны, дыбыстық поштаны және т.с.с. пайдалану бойынша студенттердің теориялық және практикалық білімдерін алуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет