1. Анатомия
2.Физиология
3. Гетерохрон
4. Системогенез
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
-
Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.
-
Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.
-
Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.
-
В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.
-
А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.
-
С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.
-
З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.
-
С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.
-
М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.
Ќосымша:
-
Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.
-
Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.
-
Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.
-
В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.
-
Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.
-
Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.
-
Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.
ОБСӨЖ № 3.
ОБСӨЖ тақырыбы: Тіршілік жағдайының балалар мен жасөспірімдердің өсуіне, дамуына тигізетін әсері. Балалардыњ µсуі мен дамуыныњ негізгі зањдылыќтары.
ОБСӨЖ жоспары:
1. Балалар мен жастардың өсуі мен дамуы, олардың көрсеткіштері
2. Жыныстық жетілу
3. Жасқа сай дене пропорциясының өзгеруі
ОБСӨЖ мақсаты: Тіршілік жағдайының балалар мен жасөспірімдердің өсуінің, дамуына тигізетін әсерін. Балалардыњ µсуі мен дамуыныњ негізгі зањдылыќтарына толық мәлімет беру.
ОБСӨЖ мәтіні: Балалар мен жастардың өсуі мен дамуы, олардың көрсеткіштері.
Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда боладыі Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының үлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын ө с у деп атайды. Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар:
б о й ы (адамның денесінің үзындығы), с а л м а ғ ы жене кеуде шеңбері.
Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Д а м у - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сан көрсеткіштерінің сагіалық көрсеткіштерге айналыгі, үлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмнің дамуы екі түрлі болады: физикалық жөне функциялық дамуы.
Физикалық дамудың корсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің үзындығы, ені, тереңдігі, колемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны т.с.с.
Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді.
Адам өмірін негізінен үш кезеңге болуге болады: өсіп даму және жетілу, кемелдену, қартаю. Бүл үшеуінің айырмашылығын дене корсеткіштерін елшеп, организмнің даму дәрежесін анықтап жөне сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы білуге болады.
Көмелетке келу немесе д амып же тілу дегеніміз ең алдымен жастардың жыныстық жетілуі жөне озінің үрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы, яғни тұқымын жалғастыруды қамтамасыз ету. Бұған қоса, өлеуметтік қызметтерді атқару, рухани жөне мәдениет қазыналарын жасау, еңбек ету қабілеттері жатады.
Ж ы н ы с т ы қ ж е т і л у қыздарда 11-12 жаста, үлдарда 13-14 жаста басталады да жынысына сай бойжеткеңдерде 16-18 жөне жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі. Осыған байланысты адам организмінің толық жетілуі, яғни көмелетке келуі анықталып, кемелденуі басталады.
Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше зандылықтары бар:
-
өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды;
-
мүшелер мен мүшелер жүйелерінің осу мен даму қарқыны әртүрлі;
-
осу мен даму баланың жынысына байланысты;
-
функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;
-
осу мен дамудың түқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына теуелділігі;
6} өсу мен дамудың акселерациясы. Өсу мен даму адам омірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланадьуТіпті бір жьглдың ішіңдегі бойдың осуі бірдей емес: бала жазда тез еседі, ал қыста нашар немесе түңде бой кобірек оседі, күндіз аз оседі. Мұны өсу мен дамудың гетерохрондылығы дейді (гетерос - әртүрлі, хронос - уақыт). Өсу қ а ртс_ы н ы адам емірінде үш рет күшейеді: 1. Туғаннан З жасқа дейін. 2. 3-7 жас арасында. 3. Жыныстық жетілу кезеңінде. Сонымен қатар, бала организміндегі жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің өсіп дамуы да гетерохронды түрде отеді. Баланың алғашқы жылғы өмірінде миы тез өседі: бір жьглдың ішінде салмағы 2-2,5 есе артады (жаңа туған бөбекте миының салмағы 360-390 г). 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80-90 % шамасында болады. Мүның себебі – баланың сыртқы ортамен байланысы негізінен ми арқылы іске асады, барлық мүшелердің қызметі жүйке жүйесінің, өсіресе, орталық жүйке жүйесінің қызметіне тікелей байланысты. Ал лимфа үлпаларының осіп дамуы 10-12 жаста күшейеді, жыныс мүшелерінің осіп жетілуі 12 жастан әрі қарай болады. Сол сияқты, бір мүшенің осуі мен қызметінің дамуы да кезектесіп отырады: мүше өскенде қызметі онша дами қоймайды, мүшенің қызметі дамығаңца үзындыққа осуі баяулайды.
Осыларға байланысты бала организмінің қажеттері үнемі озгеріп отырады. Мысалы, мидың осуі күшейгенде организм белокты кобірек қажет етеді. Сөйлеу қабілеті дамитын кезде бала басқа адамдармен қарым-қатынасты кобірек талап етеді, қимыл-қозғалыстары дамитын кезде -мазасыз болады, кеп қозғалады, кемірсутегісі кеп тағамды талғайды, т. с. с.
Бала организмінің түрлі өрекеттерге бейімділігі, оның сыртқы ортаның жағдайларына қарсы түру қабілеті дамып жатқан функциялық жүйелерге байланысты. Айталық, бала миының оқуға бейімделуі 6-7 жастан басталады. Сондықтан бұл мезгілден ерте оқыту оның басқа мүшелер жүйесіне зиян келтіреді, олардың дамуын темендетеді.
Организмнің үлпаларына қажетті оттегін тасу қабілеті де біртіңдеп дамып, 16-17 жаста жетіледі. Сондықтан бала организміне өсер ететін ауыр жұмысты, дене еңбегін, спортпен шүғылдануды үйымдастырғанда осыны ескерген жөн.
Қорытып айтсақ, бала организмінің еңбектің түрлеріне бейімділігі үнемі бірдей болмайды. Сондықтан оқу, еңбек, спорт жүмыстарын сыртқы ортаның жағдайына сәйкес етіп, өсіп-даму мезгіліне байланысты мелшерлеген жөн.
Былайша айтқанда, өсу мен дамудың гетерохроңдылығын сыртқы ортаның жағдайлары мен бала еңбегін дүрыс молшерлеудің ғылыми негізі деп есептеуге боладыу
Бала организмінің жыныстык айырмашыльтктаоы қыздар мен ер балалардың денесінің осіп дамуында, олардың қарқыныңда, жеке мүшелер жүйесінің жетілуінде көзге түседі. Айталық, жыныстық жетілгенге дейін ер баланың антропометрлік көрсеткіштері, әсіресе денесінің үзындығы қыздардан жоғары болса, жыныстық жетілу басталған кезде, керісінше, қыздардың салмағы, бойы, кеуде шеңбері анағүрлым жоғары болады. 15 жастан өрі қарай ер балалар тез өсіп жетіледі де олардың көрсеткіштері қайтадан қыздардан жоғары келеді. Ересек адамдарда осындай жыныстық айырмашылық сақталады. Яғни барлық балаларға ортақ зандылықтардан басқа өсу мен дамудың баланың жасына байланысты ерекшеліктері байқалады. Жыныстық айырмашылықты оқу-төрбие, спорт, қара жүмысты үйымдастырғанда еске алып, жынысына қарай мөлшерлейді. Кейбір спорт түрлерімен қыздарға шүғылдануға болмайды, айталық, ауыр атлетика т. б. Олардың болашақ ана екенін естен шығармау керек. Қандай да болмасын мүшелер жүйесінің кызметі өмірдегі кажеттіліктен анағүрлым артык мөлшерде болады. Бұған қоса, көпшілік қызметтердің бірнеше мүшелерде қосарланып орындалуы байқалады (мысалы, зөр шығару өкпе, бүйрек, тері, ас қорыту жолы арқылы қосарланады; баланың өсуіне қажетті жыныс гормондары жыныс безі мен бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатында түзіледі, т.с.с.). Мүндай үйымдасу организмге қауырт жағдайларда тірлігін сақтап қалу үшін қажет. Дегенмен балалар мен жас өспірімдердің оқуын, дене еңбегін, спортпен шүғыддануын шектеп отырған жөн. Өйтпесе бала организмі жан-жақты дамымайды. Осыған байланысты ғалым гигиенистер оқу-төрбие жүмыстарының өсіп келе жатқан бала организміне лайықтандырылуы туралы қағида үсынды. Бүл қағидаға сәйкес оқу, еңбек, спорт жүмыстарын баланың жынысына және жасына лайықтау мөлшерлері көрсетілген.
Баланың өсуі мен дамуының сыртқы белгісіне оның дене пропорциясының өзгеруі жатады. Дене пропорц и я с ы деп адамның бастың, түла бойы мен аяқтарының үзындығына қатынасын айтады.І Ересек адаммен салыстырғанда жаңа туған сөбидің аяқтары қысқа, түла бойы мен бастары үлкен болады да, олардың дене пропорциясы: басының үзындығы 1:4, түла бойының үзындығы 2:4, аяқтарының үзындығы 1:4 болады. Мүңдай пропорция 1 жасқа дейін сақталады, ал 1 жастан кейін омыртқа сүйектерінің өсу қарқыны жіліктерінің өсу қарқынынан жылдамырақ болып, дене пропорциясы өзгере бастайды. 2 жастағы баланың дене пропорциясы мынадай болады: 1:5, 2:5, 2:5. Екі жастан әрі қарай жілік сүйектері жылдамырақ өседі де 6 жаста дене пропорциясы 1:6, 2:6, 3:6, яғни баланың аяқтарының үзындығы түла бойынан артық бола бастайды. 5-6 жастағы баланың қол-аяқтары үзарып жалпы үсқыны өзгереді. 6 жастан ері қарай тағы да омыртқа сүйектерінің өсу қарқыны күшейеді, соңдықтан 7 жастағы баланың басының үзыңдығы 1:7, түла бойы 3:7, аяқтары 3:7 қатынасында болады, яғни 7-8 жасар баланың аяқтары мен түла бойының үзындығы теңеседі. Одан өрі қайтадан жілік сүйектерінің өсу қарқыны үдеп, 12 жаста баланың дене пропорциясы 1:8, 3:8, 4:8 қатынасындай болады. (1-сурет)
1-сурет. Жасқа сай дене пропорциясының өзгеруі
Бұл пропорция дүрыс өсіп жетілген ересек адамның дене пропорциясы болып қала береді. Яғни ересек адамда аяқтарының ұзындығы жалпы бойының жартысына тең болғанда, оны сымбатты адам деуге болады. Дегенмен мұндай жақсы пропорция барлық адамда кездесе бермейді, себебі оған сыртқы ортаның түрлі жағдайлары өсер етеді. Айталық, баланың бас сүйегі жылдам өсіп келе жатқанда бала ауырып қалса немесе жілік сүйектері тез осетін кезде баланың тамағының қүрамында сүйектің өсуіне қажетті кальций мен фосфор аз болса, оның дене пропорциясы жасына сай дүрыс болмайды.
Баланың осуі мен дамуы оның организміндегі түкым қуалау касиеттеріне және сырткы ортанын жагдайларына байланысты. Организмнің осу жөне даму қарқыны, жыныстык геморфизм жөне жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің жетілуі т. с. с. тұқым қуалау қасиеттеріне байланыстыА Дегенмен олар сыртқы ортаның жағдайына байланысты ауытқуы да мүмкін. Бірақ егіздерді зерттеу өдісімен табылған мөліметтер бойынша (Никитюк, Мүсағалиева, Савченко, 1990) сыртқы ортаның жағдайлары негізгі түқым қуалайтын зандылықтардан онша асып кете алмайды, яғни балалар мен жастардың өсуі мен дамуы белгілі биологиялық зандылықта сыртқы ортаның әсеріне байланысты болады» Сондықтан балалардың денсаулығын сақтау, жан-жақты жетілдіруге қажетті жүмыстарды үйымдастырғанда ол зандылықтарды міндетті түрде ескеру керек.
1960-1990 жылдары байқалган еліміздегі балалар мен жастардың өсуі мен дамуының олардың ата-аналарымен салыстырғанда жылдамрақ болуын есу мен дамудың а к с елерациясы деп атайды, яғни қазіргі балалар мен жастардың белгілі бір жас мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады. Өсу мен дамудың акселерациясын анықтау үшін баланың немесе жас өспірімнің нактылы бір жас мерзімін алып, оның көрсеткіштерін баланың ата-анасының сол жастағы көрсеткіштерімен немесе сол жерде бүрын омір сүрген балалардың оңаша корсеткіштерімен салыстырады! Мысалы, 1979 жылғы Ресейдегі Мәскеулік 12 жасар ер балалардың бойы 1930 жылдағыдан 11 см, салмағы 10 кг артық болған. XX ғасырда омір сүрген Германиядағы балалар мен жас өспірімдердің белгілі бір жас кезіндегі керсеткіштері XIX ғасырдағылардан анағүрлым артық болган.
Мүндай мәліметтер қазақ балаларының өсуінде де кездеседі. Айталық, 1976 жылғы Алматы қаласының 13 жастағы оқушыларының бойы орта шамамен 152 см, салмағы 44,17 кг, кеуде шеңбері 78,13 см болса (Алиакбарова, 1993,1995), 1950 жылдары ол керсеткіштер 146,6 см; 37,03 кг; 70,67 см (Шәкенов, 1960) болған, ал 1980 жылдары айтарлықтай айырмашылықтың бар екенін керуге болады. /~Өсу мен дамудың акселерациясының бірнеше белгілері бар:
- жаңа туған нөрестелердің ірі болуы (1970-80 жылдары Алматыда туған нөрестелер 1950-1955 жылдары туған сөбилерден 3-4 см үзын, 0,4-0,5 кг ауыр);
белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің ірі болуы (жоғарыда жазылған 1976 жылғы мөліметті қараңыз);
ерте жыныстық жетілу (қазіргі жастарда жыныстық жетілу белгілері 1,5-2 жыл ерте басталып, ерте аяқталады; оның белгілері: мысалы, қыздардың етек кірінің 10-12 жаста басталып, сүт бездерінің ерте жетілуі, жамбас сүйектерінің есуі);
- баланың сүйегі ерте қатады (сүйектің қатуының белгісі: баланың сүт тістері 1-2 жьгл ерте шығып, түрақты тістері ерте пайда болады, мандай еңбегі ерте жабылады -
қазіргі кезде нөрестенің мандай еңбегінің 9-10 айда жабылуы қалыпты жағдай деп есептеледі);
жастардың бойының өсуі ерте тоқталады: қалыпты жағдайда жігіттерде 22-24 жаста, қыздарда 20-22 жаста бойының осуі тоқталса, акселераттарда осу 2 жылдай
бүрын аяқталады (өсуі мен дамуының акселерациясы байқалатын жастарды акселерат деп атайды), яғни жігіттердің бойы 20-22 жаста, қыздардың бойы
18-20 жаста өсуін тоқтатады. Өсу мен дамудың акселерациясының себептері туралы бірнеше болжамдар бар (генетикалық, гетерозистік, гелиогендік, урбанизациялык, өлеуметтік-экономикалық, т.б.), бірақ олардың әрқайсысы жеке алғанда өсу мен дамудың акселерациясын толық дөлелдей алмайды. Сондықтан 80-90-шы жылдары үсынылған өсу мен дамудың акселерациясы комплексті (бірнеше) себептерге байланысты пайда болады деген түжырымдар шындыққа көбірек үйлеседі.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
-
Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.
-
Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.
-
Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.
-
В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.
-
А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.
-
С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.
-
З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.
-
С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.
-
М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.
Ќосымша:
-
Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.
-
Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.
-
Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.
-
В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.
-
Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.
-
Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.
-
Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.
Достарыңызбен бөлісу: |