Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.



жүктеу 1.77 Mb.
бет17/33
Дата17.06.2016
өлшемі1.77 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33

ОБСӨЖ тақырыбы: Сабақ -биологиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формалары.


ОБСӨЖ жоспары:

а) сабақтың негізгі мақсаттары

б) сапалы сабақ өткізу

в) сабақтың тәрбиелік әдісі



ОБСӨЖ мақсаты: Сабақ - биологиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формаларын, сабақтың негізгі мақсаттарын, сапалы сабақ өткізуді, сабақтың тәрбиелік әдісін үйрену.



ОБСӨЖ мәтіні: Биология сабақтарының жүйеленуі, құлрлымы және мұғалімнің сабаққа дайындығы

Жоғарғылда айтылғандай оқу - тәрбие жұмысының негізгі формасы – сабақ. Сабақта мектеп оқушылары тұрақты ұжыммен белгіленген уақытта сабақ кестесіне сай білім алады. Сабақтың элементтері бір – бірімен тығыз байланысты және ол бір тұтас құрлым тұрақты жүйе ретінде қарастырлады.

Дидактикада сабақтардың бірнеше жүйесі келтірлген. Педагоктың оқушылардың іс - әрекетіне негіздесек сабақтардың төмендегідей түрлерін бөлуге болады:


  1. Аралас ( комбинированный) сабақ;

  2. Оқушыларға жаңа біліммен дағдыларды қалыптастыру сабағы;

  3. Меңгерген оқу материялдарын жүйелеп, жинақтап қорыту, немесе қайталау сабақтары;

  4. Оқушылардың білім сапасы мен икем - дағдыларының бағалау сабақтары.

Нақты тақырыптардың құрлымы мен сабақтың атқаратын қызметіне байланысты: кіріспе сабағы, оқушылардың жаңа материялды меңгеру сабағы, жинақтап қорыту сабақтары болып бөлінеді.

Осы айтылған сабақтардың барлығы да биологиялық пәндердің оқыту барысында өз мәнінде күнделікті оқу тәрбие жұмыстарында қолданылады. Методикалық тұрғыдан дұрыс құрастырлған сабақтар мұғалімінің оқушылармен бірге жүргізген бір қатар оқу - тәрбие жұмыстарының мақсаттарын шешеді.

1. Бағдарламаға сай білімнің көлемін оқушылардың мңгеру сапасы арттырып, оқушылардың дүниеге көз – қарасын дамытады;

2. Оқушылардың қоршаған ортаны, өзінің ағзасын танып білудегі икем дағдыларын дамытып тіршілікте осы дағдыларды пайдалана білуге үйретеді;

3. Биологияны оқыту процесінде оқушылардың бойында пәнге деген құнды -эмоционалды қарым – қатынастарын қалыптастырып шығармашылық белсенділіктерін арттырады. Оқушының жеке деңгеиінің жоғарылауын және өзіндік дамуын қалыптастырады.

4. Қазіргі әлуметтік қоғамда жеке тұлғаның бейделунің мүмкіншіліктерін, өзіне - өзі нақты баға беру, үйреншікті ойлаудан бөлек заманның талабына сай ойлауын сана -сезімін арттыраады;



  1. Оқушылардың жекеше позотивтік қасиеттерін қалыптастырады.

Осы көрсетілген мақсаттардың барлығы бір – біріне тығыз байланыста оқу- тәрбие жұмытарында үйлесімді бір – бірімен жалғасып жүреді. Бұл мақсаттарды шешу үшін, күнделікті биология пәндерін оқыту барысында сабақтардың алуан – түрлері қолданылады.

Мысалы:


  1. “Ойлау” - сабағы;

  2. “Саяхат” – сабағы.

  3. “Сот” – сабағы;

  4. “Ойын” – сабағы;

  5. “Дөңгелек үстел” - сабағы;

  6. “Интерграцияланған” – сабағы;

  7. “ Диспут” – сабағы;

  8. “Конференция” – сабағы;

  9. “Зерттеу” – сабағы;

10. “Экскурсия” - сабағы; т.б.
Аталған сабақ түрлерімен биологияны оқыту әдісіндегі қолданылатын сабақтардың түрлерін шектеуге болмайды. Пәннің, тақырыптың мазмұнына сай мұғалімнің сабақтарды түрлендіруі, оның шығаомашылығы мен фантазиясына байланысты. Биология сабақтарындағы мұғаліммен оқушылардың жұмысының іс - әрекетінің жемісті аяқталуы қандай жағдайларға байланысты екендігі, әркездеде мұғалімді толғандырып, ойландыратын маңызды сұрақтардың бірі. Бұл сұраққа жауап беру үшін, сабақтың тиімділігін арттыратын факторлардың комплексін атап көрсетуге болады, ол: мұғалімнің маман ретінде дайындық деңгейі, класстағы оқушылардың интелектуальды мүмкіншіліктері, оқушылардың биология пәінінедеген қызығушылығы, ынтасы, сонымен бірге оқушылардың класстағы саны және жас ерекшеліктері, биология кабинетінің қазіргі заманның талабына сай жабдықталуы, мұғалім мен оқушылар арасындағы жекеше қарым – қатынас, мектептің оқу сабақ кестесіндегібиология пәнінің алатын орны тағы басқа.

Мынандай жағдайды мысалға келтірейік: эрудициясы жоғары әдістеменің жан – жақты, қыры – сырын білетін, биология білімдерімен қаруланған мұғалім деңгейі жоғары класта сабақ береді , оқушылармен қарым – қатынасы жақсы жолға қойылған. Оқу кабинеті жақсы жабдықталған. Биология сабағының реттнөмірі сабақ кестесінің орта бөліміне қойылған, оқушылар әлі шаршамаған кезде өтледі.



Бұл сабақ міндетті түрде жемісті өтеді, деп айта аламыз ба? Десек те, толық кепілдік бере алмаймыз. Сабақтың педагогикалық тиімділігінің төмен болуы мұғалімнің сабаққа жеткіліксіз дайындық пен келуінен байланысты болуы мүмкін. Мектеп тәжрибесінде сабақтың тартымсыз өтуі, аса тәжрибелі мұғалімдерде де кездеседі, оның себебі мұғалімнің алдын – ала сабақтың құрлымын логикалық тұрғыда ойластырмауында, оқытудың әдіс тәсілдерінің кезектестігі мен үйлесімдігін дұрыстап ойластырып құрастырмауына байланысты. Сондықтан мұғалімнің сабаққа дайындық кезеңі көп мәселелерді шешеді. Мұғалімнің сабаққа дайындығын оның жоспар үзуінен бастайық.

  1. Оқу тақырыбындағы сабақтың орнын және мақсатын, міндетін нақты аықтап алу.

  2. Мектеп бағдарламасының пән бойыныша мазмұнымен толық таысып биологиядан, ғылыми көпшілік әдебиеттермен, тақырып бойынша методикалықнұсқаулармен таныс болып, сабаққа қажетті негізгі мазмұнды таңдап алу.

  3. Сабақтың мінлеттеріне байланысты, мазмұнын ескере отырып оның әдісі мен тәсілдерін анықтау.

  4. Оқытуға қажетті құрал жабдықтарды таңдап алу. (көрнекіліктер, техникалық құрал жабдықтар т.б.).

  5. Сабақтың құрлымын, оның негізгі бөліктерін логикалық кезектестіін анықтау.

  6. Сабақтың әр кезеңіне бөлінген уақытты анықтау (шамалап).

  7. Сабақтың жалпы жоспарын түзіп, жазу . Егер сабақты дәстүрлі түрде өтетін болса төмендегідей сызба нұсқаны пайдалануға болады;

    1. Сабақтың тақырыбы;

    2. Сабақтың мақсаты білім – беру, дамыту, тәрбиелеу);

    3. Сабақта қолданылатын әдістер ( барлық түрін тізіп шығып, негізгісін көрсету).

    4. Қажетті әдебиеттердің тізімі.


1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет