Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


 дəріс. Жоңқалану  процесі  мен  жоңқа  түрлері. Жоңқалану  процесі



Pdf көрінісі
бет13/38
Дата03.01.2022
өлшемі1.58 Mb.
#450322
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Кесу теориясы материал

4 дəріс. Жоңқалану  процесі  мен  жоңқа  түрлері. Жоңқалану  процесі
мен  деформация  зоналарын  зерделеудің  эксперименттік  əдістері.
Жоңқалану  процесін, өлшемдерін  жəне  деформация  зонасының  пішімін
зерделеу кезінде əр түрлі эксперименттік əдістерді қолданамыз.
Көзбен  шолып  бақылау  əдісі. Еркін  кесуге  түсетін  үлгінің  бүйір  бетін
жылтыратады жəне бетіне үлкен тор салынады. Аз жылдамдықпен кесу кезінде,
үлгінің  жылтыратылған  бетіндегі  тордың  бұрмалануынан, көмескіленуінен
жəне  шытынуынандеформация  зонасының  өлшемі  мен  пішімі  туралы
жорамалдауға жəне кесіп алатын қабаттың біртіндеп жоңқаға айналғаны туралы
сырттай түсінік құруға болады. Бұл əдіс өте кішкентай 0,2...0,6 м/мин аспайтын


25
жылдамдықпен  кесу  кезінде  қолдануға  жарамды  жəне  жоңқалану  процесіне
сапалық түсініктеме береді.
Жылдамдықты кино түсіру əдісі. Егер үлгінің бүйір бетін жəне кесілген
жоңқаны, жиілігі  секундына 10000 кадр  түсіретін  жоғарыжиілікті
кинокамерамен  суретке  түсірсе, қарстырылып  отырған  əдістің  мүмкіндігі
кеңейеді. Жоғары  түсіру  жылдамдығы, тəжірибеде  қолданылатын  кесу
жылдамдықтарындағы жоңқалану процесінің ерекшеліктерін айқындайды.
Бөлгіш тор əдісі. Үлгінің бүйір бетіне квадрат тор немесе а х а = 0,05 х
0,15 мм өлшемді дəл шеңберлер жүйесін түсіреміз. Бөлгіш тор əр түрлі тəсілмен
түсіріледі. Ең  қарапайым  жəне  дəл  тəсіл  ПТМ -3 аспабында  немесе  əмбебап
микроскопта   алмасты  индикатормен  тырнау. Жоңқаның  түбіндегі  бөлгіш
тордың  өзгерген  қуыстарының  өлшемін  құралды  микроскоппен  өлшейміз.
Илемділіктің  математикалық  теориясын  қолданып, бөлгіш  тордың  өзгерген
өлшемдері  бойынша, жоңқалану  процесін  сандық  сипаттайтын  параметрлерін,
деформация  зонасының  пішімі  мен  өлшемін, деформация  зонасының  əр  түрлі
нүктелеріндегі деформация қарқындылығын анықтауға болады.
23 сурет. Деформацияланудан кейінгі үш негізгі түр
Металлографикалық  əдіс.  Кесуді «лезде» тоқтату  айлабұйымымен
алынған  жоңқа  түбірін  кесіп  алып, оның  бүйір  беттерін  мұқият  жалтыратып,
сонан  соң  сəйкес  реактивпен (ерітіндімен) химсыдырулайды. Алынған  жоңқа
түбірінің  микрошлифін 25...200 рет  үлкейтіп  көрсететін  микроскоппен  қарап,
микрофотосын  жасайды. Жоңқа  құрылымының  жəне  деформация  зонасының
өзгеруі, деформацияға  түспеген  материалдың  құрылымымен  салыстырғанда,
деформация  текстурасының  бағыты  деформация  зонасының  шекарасын
белгілеуге  жəне  онда  болып  жатқан  деформациялық  процестер  жайында
жорамалдауға мүмкіндік береді.


26
14 сурет. Жоңқа элементіндегі бөлгіш тордың өзгеруі
Механикалық  жəне  рентгенографикалық  əдістері.  Бұл  əдістер  өңделген
беттің  астында  жатқан, беткі  қабаттың  жағдайын  зерделеуге  қолданылады.
Давиденко  Н.Н. жасаған  механикалық  əдіс, кристалдық  түйіршік  размерінен
үлкен  дене  жағында  теңесетін, бірінші  тұрғыдағы  кернеуді  анықтау  үшін
қолданылады. Рентгенографикалық  əдіс  көмегімен, кристал  түйіршігінің
ішіндегі  екінші  тұрғыдағы  кернеуді, илемділік  деформациясы  салдарынан
болған  түйіршіктің  майдалану  дəрежесі  мен  текстура  құрылуын  зерделейді.
Қалдық  кернеу  шамасы  туралы  рентгенограмманың  интерференциялық
сақиналарының  жуылуы  мен  жылжуы  бойынша, түйіршіктердің  майдалану
дəрежесі  туралы - интерференциялық  сақиналарды  құрайтын  нүктелердің
үлкейуі  бойынша, ал  деформация  текстурасының  сипаты  туралы -
интерференциялық сақиналардың қалыңдауы бойынша жорамалдайды.
Кесу  кезіндегі  жоңқалану. Кесу  кезіндегі  алынатын  қабаттың  жоңқаға
айналуы  материалдың  илемділік  деформациясы  процесінің  бір  түріне  жатады.
Илемділік  деформациясының  негізгі  белгісі  болып  дененің  сырт  күштері
əрекеттерінен  тұтастығы  бұзылмай, пішімінің  қайтымсыз  болып  өзгеруі
саналады. Дене  көлемінің  өзгерген  жағдайын  үш  негізгі  түрге  бөледі: керілу,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет