Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет28/38
Дата03.01.2022
өлшемі1.58 Mb.
#450322
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
Кесу теориясы материал

Қатты  қорытпалар. Қатты  қорытпалар  ұнтақты  металлургия  əдісімен
алынадыг. Қатты  қорытпалардың  негізгі  негізгі  компоненттері  вольфрам WC,
титан T
i
C жəне тантал TaC карбидтері. Қатты қорытпаларда біріктірме ретінде
кобальт, никель, молибден  қолданылады. Қатты  қорытпалардың  əр  түрлі
маркалары  үшін  төзімділік 800…1000
0
С, бұл  тезкескіш  болаттармен
салыстырғанда 
кесу 
жылдамдығын 
едəуір 
көтеруге 
болады.қатты
қорытпалардың  кемшіліктері  июдегі  төменгі  беріктілік  σ
μ
=0,9…1,6ГПа
(тезкескіш  болаттар  үшін  σ
н
=3,0…3,5ГПа). Қатты  қорытпалардың  қысуға
беріктігі  үлкен  болғандықтан  σ
еЖ
=4…6ГПа, кескіш  тілімшені, екеуі  де  июге
емес, қысуға  жұмыс  істейтіндей  етіп  орнату  тиімді  болды. Қатты
қорытпалардың қаттылығы 86…90НРА.
Карбидтік фазасының құрамына қарай қатты қорытпалар (ГОСТ 3882-74
жəне  ГОСТ 4877-75) төрт  топқа  бөлінеді: бір-карбидтік, екі  карбидтік, үш
карбидтік жəне вольфрамсыз.
Бір-карбидтік (ВК  тобы) қорытпаларда WC+Co. Көп  тараған  маркалары
ВК3; ВК4 (96%WC+4%Ca), ВК6; ВК8; ВК10. Құрамында  кобальттың  өсуімен
қорытпаның  қаттылығы  азаяды  жəне  илемділігі  жоғарылайды. Сондықтанда
қорытпалар  ВК3, ВК4, тазалап  өңдеуде  морттық, ал  ВК8, ВК10, қаралтым
өңдеуде – тұтқырлығы  жоғары  болғандықтан. Қатты  қорытпалардың  физика-
химиялық  қасиеттері  қақтала  жабысуда  қолданатын  ұнтақ  түйіршіктерінің
өлшемдерімен анықталады. Жоғары тозуға төзімділігімен ұсақ түйіршікті жəне
өте  ұсақ  түйіршікті (түйіршік  өлшемі 0,5 мкм  дейін) қорытпалар (сəйкес
əріптермен белгіленеді М, ОМ), мысалы ВК6-М, ВК6-ОМ, ВК10-М.
Ұсақ  түйіршікті  жəне  өте  ұсақ  түйіршікті  бір-карбидтік  қорытпаларды
хроммен  қоспалау  олардың  кескіштік  қасиеттерін  қосымша  көтеруге  болады.
Мұндай  қорытпалардың  келесі  маркалары  шығарылады: ВК6-ХОМ, ВК10-
ХОМ, ВК15-ХОМ. Бір  карбидті  қоспалары  бар  қорытпалар  жақсы  нəтижелер
береді, мысалы  ВРК15. Бір  карбидті  қатты  қорытпалардың  атап  өтілген
маркалары  қиын  өңделетін  материалдарды  кесу  кезінде  тиімділік  көрсетеді.
Соққы  күштемелерімен  жұмыс  істейтін  құралдарды  жасауға (сыдыру
операциялары, үзілмелі жону жəне т.б.) үлкен түйіршікті (В) қатты қорытпалар,
мысалы ВК6В.
Екі  карбидті  қатты  қорытпалар (ТК  тобы) құрамында WC+TiC+Co. Осы
топтың  көп  тараған  маркалары: Т30К4 (30 % TiC+4% Co+66% WC), Т15К6;
Т14К8; Т5К10. ТК  тобының  қорытпалары  бір  карбидтілермен  салыстырғанда,


63
құрамында  кобальттың  бірдей  санында  үлкен  қаттылық  пен  морттыққа  ие.
Сондықтанда оларды жоғары қаттылықты материалдарды жартылай таза өңдеу
мен таза өңдеуде қолдану тиімді.
Үшкарбидті  қатты  қорытпаларында (ТТК  тобы) WC+(TiC+ТаС)+Co бар,
олардың  маркалары  ТТ7К12; ТТ20К9. ТТ  əріптерінен  кейінгі  сандар TiC+ТаС
пайызбен  берілген  қосынды  үлесін  көрсетеді. Мысалы, ТТ20К9 қорытпасы
құрамында 20%(TiC+ТаС)+9% Co+71% WC. Қатты  қорытпалардың  ТТК  тобы
беріктігі  жағынан  екі  карбидті  қорытпалардан  жоғары (σ
μ
=1,3…1,6ГПа). Олар
жоғары төзімділігімен, пайдаланудағы беріктігімен анықталады, соққы күштері
мен  дірілге  жақсы  қарсыласады. Сондықтанда  оларды  қимасы  үлкен  кесілетін
қабатты қаралтым өңдеуде, жонғылауда, сүргілеуде қолданады.
Минералокерамика. Минералокерамикамен  жабдықталған  кесу  құралдар
жоғары  қаттылықты (92…94НРА), жылу  төзімділікті (1200
0
С  дейін) жəне
тозуға  төзімді  болуы  керек. Бүгінгі  күні  керамиканың  тотығу  жəне  карбидті
тотығу типтері кеңінен тараған.
Тотықтанған  керамика  құрамында 99% дейін Al
2
O
3
бар. Осы  керамика
маркасы ішінде ұсақталған электрокорундт (түйіршік өлшемі 1…2мкм) ЦМ-332
түрін  атауға  болады. Иілу  беріктігі  төмен  болуы (σ
μ
=0,3…0,4ГПа) жəне
термоциклдық  қажуы  бұл  керамиканы  дірілге  төзімді  жабдықтарда, таза  жəне
жартылай  таза  өңдеуге  қолдануға  мүмкіндік  береді. Карбидті  тотығу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет