Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет34/38
Дата03.01.2022
өлшемі1.58 Mb.
#450322
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Кесу теориясы материал

п
,
бұл  жерде
l
 - жылуөткізгіштік  коэффициенті;
п

¶ /
q
- температура
градиенті;  α – жылуберудің  конвективті  коэффициенті;
2
1
q
q -
-сұйық  жəне
қатты денетемпературасының айырмасы.
1
a
коэффициенті үлкен болған сайын, жылуалмасу қарқындырақ жəне суу
тиімдірек.
Сұйықтың  тынымсыз  молекулалары  суыту-майлау  ісінен  басқа,
материалдың  беткі  қабатындағы  микросызаттарға  кіре  отырып, сызат  бетімен
сорылып, сыналап əрекет етеді   («Ребиндер эффекті») жəне осысымен кесілетін
қабаттың  қирауына  үлес  қосады. Бұл  процесс  түрлі  құрылым  ақауының
туылуы мен дамуы, дислокациялық конфигурациялардың, илемділік ағымының
микробіртекті  еместігінің  жəне  басқа  да  процестермен  өзекті  байланыста.
Мысалы, қиынбалқитын  қорытпалардың  жедел  соратын  ортамен  түйісуіндегі
қирауының  өзіне  тəн  сипаты, сызаттың  тарауы  негізінен  түйіршік  денесімен
емес, түйіршік шекарасымен өтеді.
Көптеген  зерттеушілермен  қандайда  болмасын  қатты  денелерді
(кристалдық, аморфты, тегіс  жəне  кеуекті  материалдарды, металдарды,
полупроводниктер  мен  диэлектриктерді, иондық  жəне  молекулалық
монокристаллдар  жəне  т.б.) өңдеуде  өзгеру  мен  қирауға  қарсыласудың
адсорбциялық  əсері  қатты  денелерді  кесу  кезінде  байқалатыны  анықталды.
Кесу  кезінде  СОЖ-дың  шашырау  əсері  көбіне  жұқа  жоңқаны (а≤0,2мм) алу
кезінде жəне аз кесу жылдамдығында болады.
Морт материалдарды кесу жəне абразивті өңдеу кезінде СОЖ-дың жуып
тастау  қабылеті, атап  айтсақ  жоңқаның  майда  бөлшектері  мен  тозу  өнімдерін
сұйықпен кетіру, маңызды деп саналады. Бұл үшін СОЖ жоғары беттік ептілік,
қатты  бөлшектерді  жақсылап  сулау  жəне  олардың  айналасына  бет  кілегейін
құра алатын қабылеті болуы қажет.
Кесу  кезінде  қолданылатын  майлау-сулау  заттарын (СОВ) бірнеше
топқа бөлуге болады.
1. Сұйықтар: а) сабынның, майдың  су  ерітінділері  жəне  минералдық
электролиттер, эмульсиялар (бір-бірімен  араласпайтын  сұйықтан  тұратын  екі
фазалық  шашырау  жүйесі); б) минералды  жəне  өсімдік  майлары (сарыбас,
зығыр, майсана  жəне  басқа), фосфор, күкірт  жəне  хлор  қосылған  минералды
майлар, сульфофрезолдар (күкіртенген  майлар), олейн  қышқылы, төртхлорды
сутегі жəне т.б.; в) керосин жəне керосиндегі беттік жылдам заттарының (ПАВ)
ерітінділері, өсімдік  майлары  қосылған  керосин; (коллоидтық  графий,
хлорланған  парафин, воск, молибден  дисульфиді  жəне  т.б.). Қиын  өңделетін
металдар мен қорытпаларды өңдеуде күрделі құрамды СОЖ-ды қолдану тиімді,
мысалы, 5…10% Укринол – 1,5…10%  Аквол – 3,5…8% РЗСОЖ8, МР4 жəне
басқа су ерітінділері.


79
II. Газ  тəріздес  заттар: а) газдар (СО
2
, азот, ауа  жəне  т.б.); б) беттік
жылдам заттарының (ПАВ) булары; в) шашыратылған сұйықтар мен көбіктер.
III. Қатты  заттар: а) сабын  мен  парафин  ұнтақтары, петролатум, битум,
воск, графий, молибден дисульфиді, содалар, хлорлы кальций жəне т.б. кейбір
жағдайларда  қатты  майлаулар  кескіш  құралдарға  тікелей  жағылады, бірақта
жиірек СОЖ-ға қосынды ретінде қолданылады.
Кесу кезінде қолданылатын СОВ-тар жақсы майлау жəне суыту əрекетін
бірдей  жасауы  керек. Ең  жақсы  СОЖ  болу  үшін  жоғары  суыту  қасиеті  мен
жақсы  майлану  жəне  жуу  қабылеті  болуы  керек. Сонымен  қатар  СОЖ-ға
қойылатын  талаптарға: қабаттарға  бөліну  мен  қартаюға  жоғары  қарсыласу,
қолдану  мен  сақтау  ыңғайлылығы, жұмыс  жасап  кеткен  СОЖ-ды  жою,
жабдықтардың қызмет көрсетушілерге зияны тимеуі жатады. Эмульсиялар мен
сулық  ерітінділер  негізінде  жедел  суытуды  қамтамасыз  етуге  пайдаланылады.
Түрлі  майлар  мен  керосиндер  жақсы  суландырады  жəне  үйкелісті  азайтуға
көмектеседі. ПАВ  ұсақ  түйіршікті  ұнтақтарының  қосындысы  майлау
тиімділігін  жəне  жылуөткізгіштігін  көтереді. Қиын  өңделетін  материалдарды
кесу  кезінде  төмен  температурадағы(-5…-20°С) сұйықтармен  суыту  нақты  бір
қызығушылықты  білдіреді. Сұйықтар  өздерінің  сұйықтық  қасиеттерін
жоғалпауы  керек. Кесу  зонасына  төмен  температуралы  сұйықтарды  жеткізу
үшін арнайы насосты-суыту жабдықтары қажет.
Газ  тəріздес  заттар  майлап-суыту  қасиеттермен  ғана  емес, химиялық
ықпал ету қабылетке де ие. Бұл жағдайда суыту əсері булануда болатын жылу
арқасында  емес, берілетін  газдың  төмен  температурасында. Газдармен  суыту
кезінде  қауіпсіздік  ережелерін  қатаң  сақтау  керек. Кесу  зонасындағы  жылы
беттердегі  сұйықтардың  булануы  нəтижесінде  пайда  болатын  ПАВ  булары,
құралдың  кескіш  бөлігін  орайды, түйісу  зонасына  кіреді  жəне  жоңқаның
тотықпаған  бетімен  жоғары  жылдамдықпен  қарсы  əсер  етеді. Беріктігі
жеткілікті  майлы  кілегей  құрады. Жылынған  беттердегі  сұйықтың  еркін
булануы  едəуір  жылуды  жұтумен  өтеді. Бұл  құбылыс  көбіне  шашырылатын
сұйықпен («тұманмен») суыту  кезінде  орын  алған.  Кесу  зонасына  сұйық
арнайы араластырғыштармен  (шығудағы жылдамдық 25…30 м/с) жеткізіледі.
Зерттеулер  көрсеткендей, шашыратуды  қолдану  суыту  сұйықтарының
шығының азайтады, өңделген  беттердің  тазалығы мен  дəлдігін  жоғарылатады,
құралдың  төзімділігін  көтереді. əдіс  техника  қауіпсіздігін  ұқыпты  сақтауды
талап етеді.
Көбікпен 
суыту 
күрделі 
конфигурациялы 
тетіктерді 
өңдеуде
қолданылады. Суытушы  сұйық  арнайы  жабдықтарды  ауамен  айдалады
(қысымы 0,6…0,7*10
5
Па). Пайда  болған  көбік  шашырамайды, кесу  зонасын
орайды. Алдыңғы  əдістермен  салыстырғанда  кемшілігі  майлап-суыту  əсерінің
төмендігі.
Газ  тəріздес  заттармен  суыту  тек  қана  сұйықтармен  суытуға  болмайтын
жағдайларда қолданылады.
Майлап-суыту  заттары  əрекетінің  тиімділігі  кесу  зонасына  əкелу
тəсілдеріне байланысты. Өндірісте кеңінен тарағаны еркін құлаған ағыншамен
суыту («суғарумен»). Қарапайым 
əдіс, кемшіліктері: ағыншаның


80
жылдамдығының  жайлығы, шығынның  үлкендігі (8..12л), сұйықтың
шашыратылуы, төмен  майлау  əрекеті. Жоғары  кернеулі  суытуда (ағынша
қысымы 1,5…2,0МПа, саптама ø0,5..0,7мм) құралдың  артқы  беті  жағынан
жоғары  жылдамдықпен  жіңішке  ағыншамен  сұйық  жіберуге  болады. Жоғары
қысым  арқасында  сұйықтың  ұсақ  бөлшектері  микросызаттар  мен  түйіспе
зонасының  саңылауларына  қарқынды  кіреді. Сұйықтың  біршама  бөлігі  буға
айналады  жəне  жылынған  беттерді  суытады. Төмен  арынды  суытуда  сұйық
ағыншасы  қысыммен (0,5…2,0*10
2
КПа) диаметрі 3…5мм  саптама  арқылы
беріледі. Кейбір  кесу  жағдайларында  сұйықты  алдыңғы  бет  жақтан  тікелей
жоңқаның астына немесе жонғыш арқылы əкелу тиімдірек болады.
Ағыншамен  суыту  құрал  төзімділігін  едəуір  жоғарылатады (ерекше
ыстыққа  берік  жəне  титан  қорытпаларын  кесу  кезінде), бірақта  кемшіліктері
бар: арнайы  насостарды  қолдану  қажеттілігі, СОЖ  мұқият  тазалау, ағынша
қысымы мен бағытын дəл реттеу қажеттілігі, қорғаныс құралдарын қолдануды
талап ететін, сұйықтың қатты шашырауы. Кейбір жағдайларда, мысалы илемді
материалдарды  кесу  немесе  бұрғылау  кезінде (шойын, қола, металл  емес
материалдар), құралды  ішінен  суыту  қолданылады. Жұмысшы  организміне
СОЖ-дың зиян əсері мен жұмыс орнының бұлғануы жойылады. Іштен суытуға
қатты  суытқыш  сұйықтар  қолданылады (мысалы «Ферон-12»), құрал  ішіндегі
каналдармен  өткізілетін  немесе  құралда  орнатылған  арнайы  трубкамен
жіберіледі.
Майлап-суыту заттарын дұрыс қолдану кесіп өңдеу өнімділігін 2…3 рет,
ал құралдың төзімділігін 8…10 рет арттырады.
Қазіргі  кезде  сұйықметалды  ортаның  металдар  мен  қорытпаларға  əсері
туралы ақпарат жеткілікті. Сұйықметалды орта шекаралық фазалардың, ығысу
энергиясының  жəне  өзгеру  мен  жойылу  əдістерінің  химиялық  жақындығына
байланысты, металдың  беріктік  шегінің  кішірейуіне, оның  тез  морттануына,
түйіршек  шекарасымен  сызаттануына (сұйық  металл  атомдарының  сызат  беті
мен төбесіндегі сорылумен атом аралық күш байланысының кемуіне) металдың
қызуы  мен  басқада  физика-химиялық  құбылыстарға  əкелуі  мүмкін.
Металдардың  өңделуін  жақсарту  үшін  кесу  процесін  сұйықметалды  ортада
жүргізуге  болады. Мысалы, зертханалық  зерттеулерде  нақты  тиімділік
қаттықорытпалы  жонғышпен  вольфрамды  қорытпаларды  мырыш, Вуд
қорытпасы мен қалайы балқытпасында жону кезінде алынды. Құрал төзімділігі
5…8 рет жоғарылады.
Нег.: 1
[ 265-267],  2 [ 177-206]
Бақылау сұрақтары:
1. Майлап-суытудың технологиялық заттары (СОТС).
2. Металды кесу процесіне технологиялық ортаның əсері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет