Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


 Зертханалық сабақтар мазмұны



Pdf көрінісі
бет37/38
Дата03.01.2022
өлшемі1.58 Mb.
#450322
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Кесу теориясы материал

2.4 Зертханалық сабақтар мазмұны
1 тапсырма. Кескіштің жұмыс бөлігінің геометриясы.
Əдістемелік  ұсыныс: Жонып  кескіштердің  конструкциясымен  жəне
тағайындалуымен, кескіштердің  геометриялық  параметрлерін  анықтауға
арналған  əдістемелер  мен  бұрыш  өлшегіштермен  танысу. Нақты  бір  кескіш


86
үшін  құрылысы  мен  тағайындалуын  бейнелеу, геометриялық  жəне  құрамдық
параметрлерін анықтау.
Негізгі əдебиеттер: 3
[26-29]
Қосымша əдебиеттер: 10
[32-38]
Бақылау сұрақтары:
1. Кескіштер, олардың түрлері жəне сипаттамалары.
2. Құралдың жұмыс беттерінің тозу түрлері.
3. Кесу процесі жəне кесу күштері.
2 тапсырма. Бұрамалы бунағы бар бұрғының геометриясы.
Əдістемелік  ұсыныс: Спиральды  бұрғының  конструкциясы  мен
тағайындалуымен 
танысу. Бұрғының 
геометриялық 
параметрлерінің
ерекшеліктерімен, олардың мəндерін анықтау əдістемесімен танысу. Нақты бір
бұрғы  үшін  құрылысы  мен  тағайындалуын  бейнелеу, геометриялық  жəне
құрамдық параметрлерін анықтау.
Негізгі əдебиеттер: 3
[35-39]
Қосымша əдебиеттер: 10
[42-49]
Бақылау сұрақтары:
1. Бұрғының геометриялық параметрлері.
2. Құралдың жұмыс беттерінің тозу түрлері.
3. Бұрғылардың тағайындалуы.
3 тапсырма. Жонғыштың жұмыс бөлігінің геометриясы.
Əдістемелік  ұсыныс: Жонғыштың  конструкциясы  мен  тағайындалуымен
танысу. Жонғыштың  геометриялық  параметрлерінің  ерекшеліктерімен,
олардың  мəндерін  анықтау  əдістемесімен  танысу. Нақты  бір  жонғыштың
(цилиндрлік, түпбетті) Эскизін  салып, оның  құрылысы  мен  тағайындалуын
бейнелеу, геометриялық жəне құрамдық параметрлерін анықтау.
Негізгі əдебиеттер: 3
[42-47]
Қосымша əдебиеттер: 10
[55-63]
Бақылау сұрақтары:
1. Жонғыштар, олардың түрлері жəне сипаттамалары.
2. Құралдың жұмыс беттерінің тозу түрлері.
3. Жонғыштың геометриялық параметрлері.
4 тапсырма. Түрлі факторлардың жоңқаның шөгуіне əсері.
Əдістемелік ұсыныс: Металды жүзді құралмен өңдеген кезде қысылатын
қабат  иілмелі  деформация  əсеріне  ілінеді. Соның  салдарынан  пайда  болған
жоңқаның  параметрі  қысылған  қабаттың  параметрінен  ерекше  болады.
Қысылған қабат пен пайда болған жоңқаның сəйкес параметрлірінің қатынасы


87
металдаң  шөгуі  деп  аталады. Шөгуді  анықтау, шөгудің  кесу  режимі
элементтеріне тəуелділігі.
Негізгі əдебиеттер: 3
[48-54]
Қосымша əдебиеттер: 10
[65-73]
Бақылау сұрақтары:
1. Шөгудің кесу жылдамдығы мен беріліске қатысы.
2. Шөгу түрлері.
3. Кесу режимі элементтерінің жоңқаның шөгуіне əсері.
5 тапсырма. Түрлі факторлардың кесу режиміне əсері.
Əдістемелік  ұсыныс: Кесу  кезінде  кесу  құралына  қысылатын  қабаттың
серіппелі, иілмелі  деформация  мен  бұзылуға  қарсы  тұратын  кедергі  күштері,
алдыңғы  бетпен  түсетін  жоңқаның  үйкеліс  күштері, кесу  беті  мен  өңделген
беттің  артқы  бетпен  үйкеліс  күштері  əсер  етеді. Осы  құраушылар  əртүрлі
динамометрлермен  анықталынады. Эксперимент  жүзінде  кесу  режимдерінің
элементтерінің  құраушыларға  əсері  анықталып, диаграмма  түрінде  кесу
күштерінің кесу режимінің элементтеріне тəуелділігі көрсетіледі.
Негізгі əдебиеттер: 3
[55-67]
Қосымша əдебиеттер: 9
[75-83]
Бақылау сұрақтары:
1. Кесу күштерінің құраушылары.
2. Кесу күшінің кесу режимі элементтеріне тəуелділігі.
3. Əртүрлі факторлардың кесу күшіне əсері.
6 тапсырма. Түрлі факторлардың кесу температурасына əсері.
Əдістемелік  ұсыныс: Кесу  кезінде  механикалық  энергияның 95% жылу
энергиясына ауысады, тек 5% ғана өңделген беттің бет қабатындағы бұзылған
кристаллды  тордың  потенциалдық  энергиясы  ретінде  қалады. Механикалық
энергияның  жылу  энергиясына  ауысуы  кесу  аумеғы  мен  түйіспелі  беттерде
жылу  көздері  мен  жылу  ағындарының  пайда  болуына  əкеледі. Жылу  мөлшері
жоңқа, дайындама, құрал  жəне  қоршаған  орта  арасына  бөлінеді. Нəтижесінде
құралда  құралдың  тозу  төзімділігі  мен  жұмысының  сенімділігіне  үлкен  əсер
ететін  темперетуралық  алаң  пайда  болады. Жаратылыстық  термобу  əдісімен
кесу  режимі  элементтеріне  қатысты  кесу  температурасын  жəне  тəжірибе
жүзінде  кесу  режимі  элементтерінің  кесу  температурасына  əсерінің  дəрежесін
анықтап, график сызу.
Негізгі əдебиеттер: 3
[68-77]
Қосымша əдебиеттер: 9
[85-93]
Бақылау сұрақтары:
1. Кесу кезіндегі температураға əртүрлі фокторлардың əсері.


88
2. Кесу зонасындағы жылу көздері жəне жылу ағындары.
3. Кесу  режимдері  элементтерінің  кесу  температурасына  əсер  ету
дəрежесі.
7 тапсырма. Кескіштің  тозуы мен  тұрақтылығының  кесу  жылдамдығына
тəуелділігін зерттеу.
Əдістемелік ұсыныс: Кескіштің  тозуы тек  артқы, немесе  тек артқы  жəне
алдыңғы, немесе тек алдыңғы  арқылы бетте болады. Тозудың бұл түрлері көп
факторларға  байланысты. Тозудың  түрі  мен  жиілігіне  кесу  режимі
элементтерінің ішінде ең көп əсер ететін кесу жылдамдығы. Кесу жылдамдығы
мен  құралдың  төзімділігі  қатынасы  тəжірибе  жүзінде  анықталады. Осы
қатынастың графигі сызылып, эмпирикалық формулалары анықталады.
Негізгі əдебиеттер: 3
[79-86]
Қосымша əдебиеттер: 9
[95-103]
Бақылау сұрақтары:
1. Төзімділіктің кесу жылдамдығына тəуелділігі.
2. Кескіштердің тозу түрлері.
3. Құралдың төзімділігі мен тозуына əсер етуші факторлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет