Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


 дəріс. Құрал  жүзі мен  кесіп алынатын қабаттың  геометриялық  жəне



Pdf көрінісі
бет9/38
Дата03.01.2022
өлшемі1.58 Mb.
#450322
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Кесу теориясы материал

2 дəрісҚұрал  жүзі мен  кесіп алынатын қабаттың  геометриялық  жəне
конструкциялық  параметрлері. Координаталық  жазықтықтар  мен
координаталық 
жазықтықтар 
жүйесі. 
Кесу 
құралдарын 
жасау
технологиясында  қолданылатын, қайрау  тəсілдерінде, бет  пен  құрал  жүзін
тексеруде, сонымен  қатар  құралды  пайдаланғанда  анықтаған  геометриялық
параметрлерді, тікбұрышты үшжаққа қатынасты бағыттау тиімдірек.
Құралдың геометриялық параметрлерін (бұрыштарын) анықтауда, тікбұрышты
үшжақ  құрайтын  бірнеше  координаталық  жазықтықтар  мен  координаталық
жазықтықтар  жүйесін  ажыратады. Қандай  координаталық  жазықтықтар
жүйесін  қолдану  керектігі  кесу  құралын  қалай - геометриялық  дене  ретінде
немесе еңбек құралы ретінде қарастыруға байланысты анықталады (6 сур.). Бұл
жерде D
r
- негізгі кесу қозғалысы; D
s
 - беріліс қозғалысы; P
vu
- құралдық негізгі
жазықтық; P
vc
- статикалық  негізгі  жазықтық; P
vk
- кинематикалық  негізгі
жазықтық; P
nu
,  P
nc
,  P
nk
 - құралдық, статикалық, кинематикалық  кесу
жазықтығы; P
u
t
,P
c
t
,  P
k
i
- құралдық, статикалық, кинематикалық  негізгі  қиюшы
жазықтықтары.
6 сурет. Координаталық жазықтықтар жүйесі
Құралды жасауда жəне параметрлерін тексеруде құралдық координаталар
жүйесін қолданамыз.
Құралдық  координаталар  жүйесі - басы  жүздің  төбесінде, база  ретінде
алынған  кесу  құралының  геометриялық  элементтеріне  қатысты  бағытталғын
тікбұрышты координаталар жүйесі.
 
Статикалық  координаталар  жүйесі -  басы  кесу  жиегінің  қарастырып
отырған  нүктесінде, негізгі  кесу  қозғалысының  жылдамдығының  бағытына


16
қатысты  бағытталған  тікбұрышты  координаталар  жүйесі. Статикалық
координаталар  жүйесі  кесу  процесіндегі  жүздің  бұрышын  жуықтап  есептеу
үшін  жəне  осы  бұрыштардың  құралды  білдекке  орнықтырған  соң  болатын
өзгерістерін есепке алу үшін қолданылады.
Кинематикалық  координаталар  жүйесі - басы  кесу  жиегінің  қарастырып
отырған  нүктесінде, кесудің  нəтижелегіш  қозғалысының  жылдамдығының
бағытына қатысты бағытталған тікбұрышты координаталар жүйесі.
Негізгі жазықтық (P
v
) - кесу жиегінің қарастырып отырған нүктесі арқылы,
осы  нүктедегі  негізгі  немесе  нəтижелегіш  кесу  қозғалысының  жылдамдығы
бағытына  перпендикуляр  координаталық  жазықтық. Құралдық  координаталар
жүйесінде  кесудің  негізгі  қозғалысының  бағыты: қимасы  тікбұрышты  жону
жəне 
сүргілеу 
кескіштерде 
конструкторлық 
орнықтыру 
базасына
перпендикуляр; қашау  кескіштерде - базаға  параллель; ості  құралдар  мен
жонғыштарда - құралдың  айналма  қозғалысы  траекториясына  жанама;
тартажонғыш  пен  тісқашауыш - оське  параллель  алынады. Негізгі
жазықтықтарды  құралдық (P
vu
), статикалық (P
vc
), кинематикалық (P
vk
) деп
ажыратамыз. Бұл  негізгі  жазықтықтар - сəйкес  координаталар  жүйелерінің
негізгі жазықтықтары.
Кесу  жазықтығы (P
n
) - қарастырылып  отырған  нүктеде  кесу  жиегіне
жанама  жəне  негізгі  жазықтыққа  перпендикуляр  координаталық  жазықтық.
Əрбір координата жүйесінде сəйкес негізгі қиюшы жазықтықтыр болады, атап
айтқанда P
nu
, P
nc
, P
nk
.
Негізгі  қиюшы  жазықтық (P
t
)  -  негізгі  жазықтық  пен  кесу
жазықтығының  қиылысу  сызығына  перпендикуляр  координаталық  жазықтық.
Əрбір координата жүйесінде сəйкес негізгі қиюшы жазықтықтыр болады, атап
айтқанда P


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет