Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет14/38
Дата03.01.2022
өлшемі1.58 Mb.
#450322
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
Кесу теориясы материал

қысу жəне ығысу. Алынатын  қабаттың  жоңқаға  айналу  процесіне  ығысу
деформациясы  жақын. Ығысу  деформациясы - негізгі  үш  өстің  біреуінің
бойында  деформация  жоқ, екінші  өстің  бойында  қысқару, үшінші  өстің
бойында соған тең ұзару деформациясы. Ығысу деформациясы таза ығысу жəне
қарапайым  ығысу  болып  бөлінеді. Таза  ығысу  кезінде  бір  өс  бойымен
бірқалыпты  қысқару  жəне  оған  перпендикуляр  басқа  өс  бойымен  бірқалыпты
ұзару  болады. АВСД  квадраты  дене  көлемі  өзгеріссіз, бірқалыпты  күйінде
конгруэнтті  А, В, С, Д  ромбқа  айналады. Қарапайым  ығысуда  деформация
дененің  барлық  нүктелерінің  бір  өске, денедегі  нүктенің  осы  өспен
арақашықтығына пропорционалды қашықтықта параллель бағытпен, екінші өс
бағытында  ығысуда. Қарапайым  ығысу  нəтижесінде  АВСД  квадраты, табаны


27
мен  биіктігі  бастапқы  квадраттың  өлшеміндей  тең  шамалы  параллелограммға
айналады (15сур.).
      а)                                                      б)                                                     в)
15 сурет. Ығысу деформациясы, таза жəне қарапайым ығысу (а-ығысу деформациясы, б-
таза ығысу, в-қарапайым ығысу)
Жоңқа  дегеніміз, дайындамадан  кесу  құралымен  кесіліп  тасталатын
металл. Жоңқалану  процесі, серпімділік, илемділік  деформациялары  мен
материалдың  қирауы  пайда  болатын  күрделі  физикалық  процестердің  бірі
болып  келеді. Процесс  үлкен  үйкеліспен, жылудың  шығуымен, шорланумен,
шиыршықталу  жəне  жоңқаның  шөгуімен, деформациядан  соң  металдың
беріктелуімен жəне кескіш құралдың тозуымен қосталады. Металл кесу туралы
ғылымның  негізгі  мəселелері - кесу  процесінің  физикалық  болмысын  жəне
оларға  еретін  құбылыстардың  себептері  мен  заңдылықтарын  анықтау. Бұл
мəселелердің  дұрыс  шешілуі, кесу  процесін  оңтайлы  басқаруды, оны  өнімді
жəне тиімді етуге, өңделген беттердің сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Ең  үлкен  ығысу  кернеулер  бағытымен, сырғанау  жазықтығы  бетімен  бір
қабаттың  екінші  қабатқа  қатысты  ығысуы  илемділік  өзгеру  болады. Ығысу
бөлек кристалл түйіршіктері бөлшектері мен түйіршіктердің арасында болады.
Ығысу  нəтижесінде  түйіршік  формасы, олардың  размерлері  жəне  өзара
орналасуы  өзгереді. Илемділік  өзгеру  процесі  үлкен  жылу  бөлінуі  мен  металл
қасиеттерінің өзгеруімен сипатталады.
Жоңқалану  процесі  кесілетін  қабаттың  серпімді-илемділік  өзгеру (қысу)
процесі  болып  көрінеді. Металды  кесу  процесін  келесі  сұлбамен  көрсетуге
болады (16 сур.).
Құралдың  кескіш  сынасы  ені «а» болатын  түйісу  алаңы  арқылы,
қалыңдығы «в» кесілетін  қабатқа  əсер  етеді. Құралдың  алдыңғы  бетінің
алынатын  қабатқа  қысым  көрсетуші  шоғырланған «R» күшті жоңқалану  күші
дейміз. ОК сызығымен өңделетін материалдың кесу бетінен төмен орналасқан,
қысатын  жəне  созатын  кернеулер  аумағын  шектейтін, бейтарап  желісі
көрсетілген. Бейтарап желісінің оң жағында созу, ал сол жағында қысу кернеу
аумағы орналасқан.


28
16 сурет. Кесілетін қабаттың жоңқаға айналу кезіндегі бірінші жəне екінші
деформациялардың зоналары
Құралдың  алдыңғы  бетінде  бірінші  деформация  зонасы (I). Бірінші
деформация  зонасы  ОАВСД  төбесі  құрал  жүзінде  орналасқан  сына  пішімдес.
Оның төменгі шегі ОА ойыс жəне кесу бетінің жалғасын кесіп өтеді. Зонаның
жоғарғы  шегі  ОВ  дөңес  жəне  оның  ұзындығы  ОА  сызығының  ұзындығынан
2...4 есе кіші. АВ сызығы алдыңғы кесу бетін жоңқаның бос жағымен біртіндеп
түйіседі. ОА  сызығынан  солға  қарай  металдың  кесілетін  қабатының
бұзылмағын  түйіршіктері, ал  оңға  қарай  материалдың  жоңқаға  тиісті
түйіршіктері  жатыр. Құралға  байланысты V жылдамдығымен  жылжи  отырып
кесілетін  қабаттың  түйіршігі, F нүктесінде  өзгере  бастайды  жəне  өз
қозғалысының  траекториясымен  өткенде, деформация  дəрежесі  өсе  бастайды.
Түйіршік деформациясы Q нүктесінде аяқталады да , түйіршік жоңқаның түсу
жылдамдығына тең, V
e
 жылдамдығына қол жеткізеді.
Көптеген эксперименттер көрсеткендей, еркін  кесу  кезінде де  жоңқаның
ені  кесілетін  қабаттың  енімен  салыстырғанда  аз  ғана  үлкейеді, ал  еркін  емес
кесу  кезінде  жоңқа  енінің  үлкеюі  одан  да  аз. Сондықтанда, жоңқалану
зонасындағы өзгеру жалпақ болады жəне кесілетін қабаткесу процесінде ығысу
деформациясына  ұшырайды. Осының  негізінде  ОА  сызығы, ығыстырушы
кернеулердің
t
, материалдың  ығысуы  аққыштық  шегіне


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет