Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


 дəріс. Кесу  процесінде  құралдың  тозуы. Тозу  түрлері



Pdf көрінісі
бет23/38
Дата03.01.2022
өлшемі1.58 Mb.
#450322
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
Кесу теориясы материал

9 дəрісКесу  процесінде  құралдың  тозуы. Тозу  түрлері.  Құралдың
түйіспе  беттері  жоғары  қысым, температура  жəне  қатынасты  қозғалыстың
жылдамдығы  нəтижесінде  пайдалану  процесінде  тозады. Құралдың  тозуы
беттерден  микробөліктердің  өшуі  мен  кетуі, сонымен  қатар  кесу  жиегінің
микросынықтары  түрінде  болады. Металды  кесу  кезіндегі  үйкеліс  пен  соған
қатысты тозу, машина тетіктері беттерінің жалпы тозуынан өзгеше.
Барлық  құралдар  түрі  мен  белгіленуіне  қарамастан  тек  артқы
бетімен(тозудың  бірінші  түрі) немесе  артқы  жəне  алдыңғы  беттерімен  бір


51
уақытта(тозудың  екінші  түрі) тозады. Тозудың  екі  түрі  де  өндірісте
қолданылатын  кесу  режимдерімен  жұмыс  істегенде  болады. Тезкесетін
болаттан  жасалған  құралдармен, рұқсат  етілген  жылуөткізгіштіктен  жоғары
кесу жылдамдықтарымен кесу кезінде тозудың үшінші түрі болады, бұл жерде
тек  алдыңғы  бет  қана  тозады. Бірақта  тозудың  бұл  түрінің  тəжірибелік  мəні
жоқ.
40 сурет. Құралдың тозу түрлері
Бірінші түрмен тозу кезінде (сур.40, а) құралдың артқы бетінде ені h
3
тозу
алаңшасы  пайда  болады. Тозу  алаңшасының  келбеті  негізгі  қию  жазықтығы
қимасында жобалап кесу бетінің пішімін көшіреді. Негізгі жүз бойындағы тозу
алаңының  ені  жалпы  жағдайда  бірдей. Тозу  алаңының  максималды  ені
ауыспалы  артқы  бетте  немесе  негізгі  жүздің  көмекшіге  өтетін  жерінде
байқалады. Өңделетін бетке сəйкес, негізгі жүз нүктесінде кейбір жағдайларда,
жергілікті тозу жіңішке тілік сияқты болады.
Тозудың екінші түрі бойынша артқы беттің тозуына (сур. 40, б) алдыңғы
беттің тозуы қосылады. Алдыңғы беттің тозуы басқаша болады. Түскен жоңқа
күшімен  ені в
л
  ,  тереңдігі    h
л
  тозық  шұңқыршағы  пайда  болады. Шұңқырша
жиектері  құралдың  негізгі  жүзіне  параллель  орналасады, ал  шұңқырша
ұзындығы l
л
  негізгі  жүздің  жұмыс  ұзындығына  тең. Құралдың  кесу
жылдамдығына  байланысты  негізгі  жүз  бен  шұңқырша  жиегінің
f
арақашықтығы өзгеріп отырады. Кесу жылдамдығы аз болғанда негізгі жүз бен
шұңқырша  жиегінің f  арасында, шұңқырша  ұлғайған  сайын  кішірейетін
арақашықтық  қалады (құрылымдаушы  болаттарды  тезкесуші  болаттан
жасалған құралмен өңдеу кезінде). Бұл негізгі жүзге жанасып жатқан, алдыңғы
беттің  бір  бөлігін  жоңқаның  қажалауынан  сақтайтын  шормен  байланысты.
Жоғары  кесу  жылдамдығымен  жұмыс  істегенде  шор  жоқ  болады, шұңқырша
жиегі  тозған  артқы  бетпен  бірігіп  кетеді  де, соңына  дейін  тозған  құралда  тек
қана шұңқыршаның бір бөлігі қалады. Өте жоғары күш жəне жылу жүктемелі,
қатты қорытпалардан  жасалған құралдармен кесу кезінде, құралдың тозуының
алдында, кескіш  сына  төбесінде  илемділік  деформациясы  пайда  болады
(сур.41). Сынаның  пішім  өзгертуі, негізгі  жүзге  жанасатын  алдыңғы  бет
бөлігінің h
1
 қашықтығына төмен түсуі мен артқы беттің  h
2
биіктігіне көтерілуі.


52
Артқы  беттің  қисаю  нəтижесінде, оның  бетінде  құралдың  қарқынды  тозуына
себепкер болатын нөлдік немесе теріс мəнді артқы бұрыш пайда болады.
    41 сурет. Кесу құралы жүзінің илемділік деформациясынан кейінгі өзгеруі
Тозу  түрі  негізі  өңделетін  тетік  материалы  түрімен, кесілетін  қабаттың
қалыңдығымен(беріліс) жəне  кесу  жылдамдығымен  анықталады. Илемді
материалдарды өңдеуде құрал тозуы бірінші жəне екінші түрімен тозуы бірдей
жиі  кездеседі. Морт  материалдарды (шойын) өңдеу  кезінде  құралдың  бірінші
тозу түрімен тозуы, екіншіге қарағанда жиі болады.
Кесілетін қабат қалыңдығы мен кесу жылдамдығы тозу түріне бірдей əсер
етеді. Кесілетін қабаттың кішкене қалыңдығында (а
£
0,1мм) жəне төменгі кесу
жылдамдықтарында  тозуға  көбіне  артқы  бет  ұшырайды. Кесілетін  қабат
қалыңдығы (а) мен  кесу  жылдамдығы (
u
) өскен  сайын  артқы  бетпен  қоса
алдыңғы бет те тоза бастайдыа мен
u
үлкен болған сайын алдыңғы бет көбірек
тозады, ал артқы бет азырақ тозады.
Тозуға  бəрінен  аз  əсер  ететіндер  алдыңғы  бұрыш (
°
g
) жəне  майлап-
суытушы  сұйықтар (СОЖ).
°
g
  бұрышының  өсуі  мен  жоғарғы  жылуөткізгіш
СОЖ қолданған кезде, тозудың бірінші түрі екіншіге ауысатын а мен
u
мəндері
олардың үлкен мəнді аумағына ауысады.
42 сурет. Құрал жұмыс істеуіне байланысты шұңқырша размерінің өзгеруі


53
Құралдың тозу(өтпей  қалуы) өлшемі  болып  сызықтық  жəне  массалық
тозу саналады. Сызықтық тозуды көрсеткіш ретінде алсақ, артқы беттің тозуын
тозу  алаңшығының  ені h
3
, ал  алдыңғы  беттің  тозуын  тозық  шұңқыршасының
тереңдігінің h
л
 максималды мəндері арқылы білеміз.
Таза  өлшемдік  өңдеу  кезінде  құралдың  тозуын, құрал  жүзінің  төбесінің
ығысуын  немесе  өңделген  бетке  перпендикуляр  бағытта, оның  артқы  бетінің
тозуы нəтижесінде  ауысуын,  сызықтық тозу өлшемімен h
р
 сипаттайды.
Өндірістік рұқсат етілген тозу нормаларын жəне құралдың қайта қайрауға
кететін шығын нормаларын жасаудағы сенімді сипаттамасы ретінде сызықтық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет