Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет24/38
Дата03.01.2022
өлшемі1.58 Mb.
#450322
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
Кесу теориясы материал

тозуды  айтуға  болады. Құралдың  тозуының  физикалық  табиғатын  зерттеуге
объективті  сипаттама  ретінде массалық  тозуды  аламыз. Массалық  тозу  деп
құралдық  материалдың  тозық  өніміне  айналуына  кететін  үйкеліс  күшінің
жұмысына  пропорционал  болатын  құралдың  тозық  бөлігінің мг  өлшенетін
массасын айтамыз.
Кесу процесінің əртүрлі фокторларының құралдың тозу қарқындылығына
əсерін  зерттеуде  қатынасты  тозуды  пайдалану  тиімді. Қатынасты  тозу  деп
сызықтық, өлшемдік  немесе  массалық  тозудың  құралдың  өнімділігін, оның
өтпей  қалған  кезіне  дейін  сипаттайтын  қандайда  болмасын  көрсеткішке
қатынасын айтамыз. Мұндай көрсеткіштерге құрал жүріп өткен жол, өңделген
беттің ауданы, кесілетін қабаттың көлемі жəне т.б. жатады. Көбіне құрал жүріп
өткен
a
жолды  абсолютті  тозу  дейміз, бұл  жерде  қатынасты  сызықтық  тозу  ∆
мына формуламен анықталады:
                   ∆ = h /
a
.
Кесу жолы тең болады
a
 = υ
·
T, м. Жону кезіндегі кесу жолын метрмен
санауға болады:
a
 =
p ·
D
·
l/1000
·
½, мұнда, l – өңделген беттің ұзындығы.
  43 сурет. Құралдың жүздің бойымен тозуы         44 сурет. Құралдың алдыңғы бетпен тозу
                                                                                                              сұлбасы
Құрал  тозуының  физикалық  табиғаты. Тозу  құралдың  жұмыс  істеу
қабылетінің  көрсеткіші  бола  тұра, артқы  жəне  алдыңғы  беттеріндегі  күрделі
түйіспелік  процестердің  жүруіне  байланысты, құрал  тозуының  физикалық


54
табиғаты  əзірге  өте  аз  зерттелген. əртүрлі  жағдайларда  жұмыс  істейтін
құралдың  тозуының  физикалық  табиғатын  түсіндіретін  бірнеше  гипотезалар
бар. Осы гипотезалар бойынша, құралдың түйіспе беттерінің тозуына əкелетəн
бірнеше негізгі себептер бар, олар:
а) өңдейтін материалдың қажау іс-əрекеті (қажақтық тозу);
б) құрал  мен  өңделетін  материалдың  өзара  тұтасу  əрекеті(адгезиялық
тозу);
в)
құрал 
материалының 
өңделетін 
материалда 
еруі,
араласуы(диффузиялық тозу);
г) алдыңғы 
жəне 
артқы 
беттерде 
болатын 
химиялық
процестер(тотықтандырғыш тозуы).
Қажақты  тозу. Кесу  бетінің  құралдың  артқы  беті  мен  жоңқаның
құралдың  алдыңғы  бетімен  үйкелуі  кезінде, өңделетін  дайындама
материалының  қатты микрокомпоненттері  құрал материалын  əрдайым  қирата
отырып  тырнайды. Қажақты  тозудың  қарқындылығы, өте  жоғары  кесу
температурасындада  жоғары  қаттылығын  сақтайтын  болаттың  құрамындағы
цементит (НВ800) пен  күрделі  карбидтердің, шойынның  құрамындағы
цементит пен фосфидтердің өсуіне байланысты ұлғаяды. Өңделетін дайындама
материалының  қаттылығынан  жоғары  қаттылыққа  ие, мезгілімен  жойылып
отыратын  шор  бөліктерін  құралдың  түйіспе  беттері  тырнайды. Көбіне
құралдың негізгі жүзге перпендикуляр, бунақ тəріздес тереңдік пайда болатын
артқы  беті  тозады. Құралдың  түйіспе  беттерінің  тырнауға  қарсылығын
азайтатын, химиялық ортада (мысалы, төртхлорды көміртегіндегі) кесу кезінде,
қажақты  тозу  едəуір  өседі. Н
м

м
  қатынасы  аз  болған  сайын, өңделетін
материалдың  қажақтық  əрекеті  күшейе  түседі. Осының  салдарынан  қажақтық
тозу  көміртекті  жəне  тез  кескіш  болаттардан  жасалған  құралдардың  қажақты
тозуы  көбірек  кездеседі, ал  қаттылығы  басым, қатты  қорытпалардан  жасалған
құралдармен жұмыс істегенде аз кездеседі.
Адгезиялық  тозу. Бұл  тозу  механизмдерін  терең  зерттеу  мүмкіндігі
микроспектрлік талдау  мен  электроноскопияны  қолдану  арқасында  ғана  пайда
болды. Микрорентгенқұрылымдық  талдауды  қолданып, Г.И.Грановский  мен
Н.А.Шмаков  жоңқаның  түйіспе  беті  мен  кесу  бетінде  құрал  материалының
бөлшектерінің  жиналуын  анықтады. Құралдың  тозу  өнімдері  түрлі  мəнде
болады  жəне  бір  бірінен  бірнеше мкм-ден  бір мм-ге дейін қашықтыққа
алыстаған  сайын  біркелкі  емес  таратылады. Құрал  материалдырының
бөлшектері  илемділік  деформациялары  мен  температура  шоғырланған
жерлерінде орналасқанын, оларды қоршаған тотықтар дəлелдейді.
Құрал  материалдырының  бөлшектерін  жоңқа  мен  тетікке  көшіру
негізінде адгезиялық ұстасу жатыр. Таза металл тізбегімен жүргізген зерттеулер
негізінде, А.П.Семенов  металлдар  ұстасуын, дəлірек  айтсақ  жанасушы  беттер
арасындағы  берік  уақытша  қосылыстар  материалдың  қатты  жағдайында,
химиялық таза, түйісуде болған беттердің илемділік өзгеруі нəтижесінде бөлме
температурасындада, жоғары  температурадада  пайда  болатынын  белгіледі.
Ұстасу  болуына  беттердің  кристалдық  тордың  рет  параметрі  қашықтығына
жақындауы  аз, əрбір  материал  жұбының  анықталған  энергетикалық


55
табалдырығын көтеру қажет. Ұстасу мартенситтік немесе полиморфты өзгеруге
жақын  диффузиялық  емес  процесс. Ұстасуға  қажет  жағдай  температураның
жоғарылауымен  қатар  біріккен  илемділік  өзгеру  арқасында  пайда  болады.
Материалдардың  адгезиялық  өзара  байланыс  қабылеті  қайта  кристалдану
температурасына  жақын  температурада  кенеттен  жоғарылайды. Бірдей
материалдар ұстасуы Т
пл
 (0,35...0,4 тең) температурада, ал əртүрлі материалдар
Т
пл
 (0,35...0,5 тең) температурада басталады.
                      а)                                               б)                                                         в)
а, б – алдыңғы беттермен; в – тек артқы бетпен ғана.
45 сурет. Жүзді құралдардың тозу қисық сызықтары
Кесу  кезінде  құрал  мен  тетік  арасында  адгезиялық  ұстасу  пайда  болуға
жағдай  туындайды. Құралдың  түйіспе  бетімен, жоңқа  жəне  кесу  бетінің
арасындағы  нақты түйісу ауданы, номиналды  түйісу ауданының  азғантай ғана
бөлігін  құрайды. Жоғары  түйіспе  қысымы  салдарынан  құралдың  түйіспе
бетімен, жоңқа  жəне  кесу  бетінің  арасындағы  нақты  түйісу  ауданының
шығыңқылықтарының  түйісу  нүктелерінде  жоғары  тампературалы  жергілікті
илемділік  деформациялары  дамиды. Осының  нəтижесінде  өңделетін  жəне
құралдық  материалдың  химиялық  таза  бөліктерінің  жанасуы  мен  ұстасу
ошақтары жəне көпірлерін құрайтын өзара ұстасуы пайда болады. Түйіспе жұп
материалдарының  ішіндегі  беріктігі  аздау  деп  саналатын, өңделетін  тетік
материалындағы түйіспе бет астында қирау жүріп жатады.
Нег.: 1
[ 51-59], 2 [ 58-65]
Бақылау сұрақтары:
1. Кесу процесіндегі құралдың тозуы. Тозу түрлері.
2. Құралдың жұмыс уақытында тозуының үдеуі.
3. Адгезиялық тозу.
4. Тотығып тозу.
5. Тозу критерийлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет