Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру арқылы мамандардың кәсіби қызмет тиімділігін



Pdf көрінісі
бет128/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   615
3-106-2015-2-chast

Коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру арқылы мамандардың кәсіби қызмет тиімділігін 
арттыру мәселесі
Мамандардың коммуникативті құзіреттілігінің жоғары деңгейде қалыптасуы, олардың кәсіби ортада 
тиімді қарым-қатынас құруына мүмкіндік береді, сонымен қатар, кәсіби шарттарда туындайтын түрлі 
ситуацияларда мәмілеге келіп бірге қызметтестік етуге қажетті түрлі стратегия мен тактикаларды 
жетілдіруге және ыңғайлы психологиялық байланыс құруға жағдай жасайды. Әдетте сөздік қарым-
қатынастың негізгі категориясы болып коммуникация, яғни адамдар арасындағы ақпарат алмасу түріндегі 
қарым-қатынас саналады деген пікір қалыптасқан. Дегенімен «қарым-қатынас» пен «коммуникация» 
түсініктерінің өзгеше бір анықтамасы да берілген, соған сәйкес, қарым-қатынас – ол негізгі ұғым, ал осы 
ұғымның құрамында ақпарат алмасуды қамтитын коммуникация, өзара әрекет және әсер етуді білдіретін 
интеракция және өзара түсінісудің негізі болған қабылдау сезімі –перцепция секілді ұғымдар қамтылған. 
Қорыта келгенде, «қарым-қатынас» және «коммуникация» бір-біріне ұқсас бірақ айырмашылығы бар 
ұғымдар болып табылады. Ортақ белгілері - олардың екеуінің де ақпарат алмасу үрдісінде қолданылуы және 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
104
ақпарат жіберу құралы – тілмен байланыстылығы. Айырмашылық белгілері - бұл ұғымдар мазмұнының 
ауқымындағы айырмашылықтар болып саналады. Жоғарыда айтылғандарға негізделе отырып, қарым-
қатынасты көбінесе іс-тәжірибеде жүзеге асатын тұлғааралық ауызша-сөздік байланыстың аффективті-
бағалық түріндегі вербалды және вербалсыз өзара әрекеттесудің сипаттарымен байланыстыруға 
болады деп есептегеніміз жөн. Ал коммуникация дегеніміз, адамдар арасында түрлі танымдық-еңбектік, 
творчестволық қызмет салаларында әсіресе вербалды құралдар көмегімен іске асатын, ой-пікірлермен 
сезімдерін алмасудың әлеуметтік уағдалы үрдісі болып табылады. 
Түйін сөздер: қарым-қатынас, коммуникация, қалыптастыру, тиімділік, ақпарат, өзара әрекеттесу, 
құзірет, туризм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет