Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет14/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
9
АҚШ-тың «Дамыта оқыту және алдын алу зерттеулері орталығының» (Center for Prevention 
Research and Development (CRD, 2009) мәліметтеріне сай, тьютор сабақтары, формалды және 
формалды емес, шағын топта немесе жеке- дара жүргізіліп, көбіне университеттерде белгілі бір 
пәндер бойынша «артта қалушы» студенттерімен жүргізіледі [9].
Тьютор бағдарламасының, жоғары білім беру жүйесіндегі тиімділігі жөнінде педагогикалық 
ортада әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Мысалы, АҚШ ғалымы, K. Topping [10] өзінің мақаласында 
пэр–тьютор бағдарламасы, студенттің университетте әлеуметтенуін мақсат ететін қосымша білім 
беру жүйесінің көрінісі деп қорытындылады. 
T. Jenephrt және L. Dominique [11] бірлескен авторлықта жазған мақаласында, тьютор 
бағдарламасын студентті, университетте сақтап қалу (retention) мен оқу үлгерімін арттыруға әсер 
ететін дамыту оқытудың негізгі компоненті деген оң тұжырымдар берілген.
Көптеген педагогикалық зерттеулерде тьютор сабақтары білім алушының академиялық 
дағдысын, оның білім алуға деген оң қарым-қатынасын арттырады деп ой тұжырымдаған. Бұдан 
АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде тьютор болу тек қана белгілі бір пәнді теориялық тұрғыдан 
білуді ғана емес, пән бойынша оқыту әдістерінің негізін меңгеруді, арнайы кәсіби сынақтан өтуді 
қажет ететін академиялық қолдау көрсету кешенінің маңызды компоненті екенін анықтаймыз. 
Американдық жоғары білім беру жүйесіндегі пэр-тьютор бағдарламасының рөлінің маңызы 
зор. Пэр-тьютор (peer-tutoring) бағдарламасы, АҚШ университеттерінде АҚК орталықтарымен 
ұйымдастырылып, жоғары курс студенттері, магистранттар мен докторанттарының төменгі курс 
студенттеріне пән бойынша қосымша сабақтар жүргізуімен ерекшеленеді. Яғни білім алушылар 
институционалдық тұрғыда ұйымдасқан академиялық қолдау кешені арқылы, студент–студент 
арасында коллегиалдық оқыту қарым-қатынастарын орнатады. Ағылшын тілінен «peer» сөзі, 
«тең» деп аударылса, ғылыми мақалаларда «peer tutoring» (пэр-тьютор) – «тең дәрежеде оқыту», ал 
«peer tutor» – «тең дәрежеде үйретуші» деген мағынаны білдіреді. Пэр-тьютор сабақтары, белсенді 
оқыту формасы ретінде, АҚШ университеттеріндегі «оқыту арқылы оқу» (learning by teaching) 
парадигмасы аясында да дамып келеді. Мысалы, Noel-Levitz «Математикада студенттің жетістігі: 
бастапқы кедергілерді жою стратегиясы» мақаласында, «АҚШ университеттері академиялық 
көрсеткіштері бойынша «қауіп-қатер» тобындағы студенттердің университетте сақтап қалу, бейімдеу 
мақсатында тьютор бағдарламасын кеңінен қолданады, жеке-дара пэр-тьютормен дайындалу, білім 
алушылардың математикалық білімдерді меңгеру қабілетін, өз-өзіне деген сенімділігін, оқудағы 
жетістігін арттырады» – деп жазды [12].
Сонымен қатар, АҚШ ғалымдары, S.Turkel және T. Abramson [13] еңбегінде, «тьютор мен 
білім алушының шағын топта әрекеттесуі, олардың арасындағы серіктестік, жолдастық қарым- 
қатынасын орнатады, белгілі бір ғылым бойынша академиялық дағдылары мен жетістіктері, дербес 
оқу іс- әрекетін дамытып, білім алушылардың жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға 
әсер етеді»- деген қорытындыға келді.
Ғалым N.Falchikov [14] болса, пэр-тьютор семинарлары, шағын топта аудиториялық дәріс, 
практикалық сабақтардың жалғасы болып, студенттің оқу дағдысынын арттыру, өздік жұмысына 
баға беру, белгілі бір оқу проблемасын шешу, дербес оқуды жетілдірудің, оқыту сапасын арттырудың 
үздік тәжірибесі деген жоғары баға берді.
Ғалымдардың еңбектеріне теориялық талдау жүргізуден, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде, 
пэр-тьютор бағдарламасы, АҚК орталықтарында орын алған, 
білім алушылардың белгілі бір пән 
бойынша артта қалу мәселелерін шешу мақсатымен ұйымдастырылатын, 
колледж студенттері, 
инструкторлар, университет түлектері (graduate) және т.б. жүзеге асатын АҚК компоненті деп 
қорытындылаймыз .
Дегенмен, пэр-тьютор жүйесінің Америка университеттерінде кең таралуы бірнеше себеппен 
түсіндіріледі. Соңғы 20 жылдың ішінде, АҚШ-тың білім беру саясатында, студенттің дербес білім 
алу үдерісі мен дәстүрлі жоғары білім беру жүйесін арттырудың альтернативті стратегияларын 
іздестіруде. Пэр-тьютор бағдарламасын енгізудің тағы бір себебі, студент пен университеттің 
қаржысын үнемдеу деп те тұжырымдауға болады. Себебі, Американың жоғары білім беру 
жүйесінде, әрбір университеттен шығып кеткен студент, тек қана өзінің ғана емес, сонымен қатар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет