Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет280/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
233
шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Интерактивті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды 
өз бетінше тапсырманың жауабын табуға үйрету. Оқушыларға дайын жауаптарды берген кезде 
олардың ақыл-ой белсенділігі өспей қалады. Ал әлдебір мәселені өздері шешіп үйренген кезде 
ақыл-ой белсенділігі артады.
Пәнді оқыту кезінде қолданбалы бағдарламаларды қолдану арқылы нақты бір ақпаратты бергенде 
төмендегі принциптерді қанағаттандырылуы тиіс: 
1. қолданбалы бағдарламалық жабдықта оқу материалдары белгілі бір жастағы оқушылардың 
меңгерген білім жүйесіне сәйкес келіп, оқушының үйренген тілінде жатық баяндалуы қажет. 
Басқаша айтқанда, оқу материалдарының баяндалуы оқушыға түсінікті болу керек, бірақта, өте 
жеңіл болмауы тиіс. Өйткені, материал жеңіл болса, оқушының оған деген қызығушылығы азаяды.
2. қолданбалы бағдарламалық жабдықтар ақпаратты көрнекі қабылдауға, ал жоғары сыныптардың 
оқушыларына арналғаны ақпаратты логикалық ойлау арқылы қабылдауға бағытталған болуы ке-
рек. 
3. қолданбалы бағдарламалық жабдықтар оқушылардың көрнекі, сондай-ақ, логикалық ойлауын 
да дамытуы қажет.
Мұғалім оқушыларға белгілі ақпаратты хабарлайды, яғни түсіндіріп айтып береді. Және де 
мұғалім барлық оқушылар ол ақпаратты толықтай қабылдады деп ойлайды. Бірақ, мұғалім бір 
мезгілде 25-30 оқушыны оқыта отырып, оқыту қарқынын, ақпаратты түсіндірудің мән-мағынасын 
әрбір оқушының ерекшеліктеріне сәйкестендіре алмайды, себебі ол ерекшеліктер саналуан. 
Көптеген мұғалімдер сабақты «орташа қарқынмен» жүргізіп, орташа оқитын оқушылардың 
«ыңғайына» қарайды. Мұндай қарқынмен сабақ өткізу барлық оқушылар үшін ыңғайлы емес. 
Себебі нашар оқитын оқушылар бұл «орташа қарқынға» ілесе алмай, яғни мұғалімнің айтқанын 
меңгеріп түсіне алмай, қалып қояды. Бұл жағдайда мұғалім «асығыстық» жасады деуге болады. 
Ал, мұғалімнің айтқанын тез қабылдайтын оқушылардың дамуында тежеу басталып, ол оқушылар 
меңгеретін материал «жеңіл» болып, мұғалім оны «баяу» баяндағандықтан жалыға бастайды. 
Сонымен қатар, мұғалім «орташа» оқитын оқушының білім деңгейін ескере отырып сабақты 
жүргізетіндіктен білімнің белгілі бөлігі меңгерілмей қалады. Ал қолданбалы бағдарламалық 
жабдықтың көпдеңгейлілігі дидактикалық критерилерге жауап береді. Білім алу мазмұнын 
таңдауда ғылымилық, жүйелік, түсініктілік, үздіксіздік, бірізділік, өміршеңдік сияқты оқытудың 
негізі принциптерін басшылыққа алу керек; оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдауда көрнекілік, оқытуда 
оқушылардың белсенділік пен саналылық прициптерін, оқытудың мазмұны мен міндеттеріне 
байланысты оқытудың әр түрлі әдістерімен үйлестіру басшылыққа алынады. 
1-кестеде математикалық және ғылыми жаратылыстану циклындағы пәндер үшін қолданбалы 
бағдарламалық жабдық (ҚБЖ) деңгейлері бөлінуінің дидактикалық критерийлері қарастырылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет