Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет286/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
238
арттырып, оқушылардың математиқалық білімді игеруін қамтамасыз етеді және олардың тіл 
байлығының, ойлау қабілетінің дамуына, адамгершілік, ұлтжандылық, ұлттық мәдениетті дәріптеу 
дағдыларының жетіле түсуіне ашады.
Ұлттық ойындар халық-педагогикасының ажырамас бір саласы. Ұлт ойындары ұжымдық ой - 
қиялдан бас құрап, жеке адамдардың игілігіне асатын, ұлт өкілдерін түгел қамтитын, тұтас ұлтқа 
тән атадан балаға мұра болып келе жатқан рухани, мәдени қазына.Қазақтың ұлттық ойындары: 
көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, жамбы ату т.б. спорттық сипатпен бірге 
тәрбиелік маңызға ие болды [1].
Осы аталған ойындардың элементтерін сабақ барысында дидактиқалық материал ретінде 
пайдаланудың пайдасы мол. Ойын арылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, білімге, 
өнерге құштарлығын қалыптастыруға болады.
Халық ойындары ақыл-ойдың дамуына әсер етіп, өнер жарыстыруға, білгенін ортаға салу 
секілді ізгі мақсаттарға жол ашады. Математика сабағында ұлттық ойындарды есеп шығаруда ат 
абзелдерін пайдаланып көкпар ойынын, сыныптағы қыз бен жігітті есеп шығартып жарыстырып 
қыз қуу ойындарын қолданса, оқушылардың математикаға деген қызығушылықтары арта 
түсіп,ұлттық ойындардың мән-мағынасы арта түсер еді.Мәселен қазақтың «Хан талапай»ойынын 
сабақта дидактикалық ойын ретінде пайдалануға болады. 
Дидактикалық мақсаты. Санау дағдыларын бекіту. Артық кем түсініктерін тиянақтау.Қажетті 
құрал - жабдықтар. Асық (саны 20)
Ойын мазмұны. Ойынды сыныппен жарыс түрінде өткізуге болады.
Талапай - ау талапай,
Табылды ойын, алақай!
Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз, - деп өлең шумағын айтып, асықты шашып жібереді. Оқушылар шашылған 
асықты жинап алады. Әр оқушы өзінің қолындағы асықты сыныппен қосыла хормен санап
шығады. Асықтардың саны анықталған соң, салыстыру жұмысы жүргізіледі. Кім асықты көп 
жинады? Нешеу? Қаншасы артық? Сияқты сұрақ қоя отырып, жеңімпаз оқушыны мадақтайды. 
Сонымен қатар мақал - мәтелдердің артықшылығы - ойды сығымдап санаулы сөзбен әрі өткір, әрі 
әсерлі етіп жеткізуінде. Халық өзінің тәлімгерлік нақылдарын мақал - мәтелдерге шебер сыйғыза 
білген. Мақал -мәтелдерге зер салсақ, казақ даналығының қаншалықты бай екенділігі айкын білінеді.
Ал енді математикаға байланысты тәлім-тәрбиелік маңызы бар мақал -мәтелдерге тоқталайық.
1.«Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын»
2. «Екеу болсаң бір - біріңмен кеңес, біреу болсаң қабырғаңмен кеңес»
3. «Бір күн тұзын татқанға, қырық күн сәлем»
4. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
5. «Бір теңге беріп жырлатып, мың теңге беріп қойдыра алмайды»
6. «Алты жасар бала атқа мінсе, алпыстағы шал алдыңнан шығар»
Мақал - мәтелдер халықтың жиі қолданатын тәрбие құралы. Қазақ халқының мысалдап
мәтелдеп, мақалдап сөйлейтін ұлттық, ерекшелігіне сәйкес оның мақал - мәтелдері де мол. 
Ауыздан - ауызға тарайтын бұл жанрды халық күн сайын толықтырып отырады.Сондай-ақ 
қазақтың халқы педагогикасында жаңылтпаштар мен жұмбақтардың да алатын орны ерекше.Қазақ 
жұмбақтарындағы анық байқалатын бір ерекшелік олардың көпшілігі сандармен байланысты болып 
келеді.Жұмбақтар ақыл-ой тәрбиесінің тамаша құралы. Жұмбақтардың шешімін табу арқылы 
оқушының ой-өрісі кеңейеді.
Ертегі - баланың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады, қиялын дамытады. Математика 
сабағында ертегіне қолдану оқушының оқу материалдарын терең түсінуін жеңілдетеді, зейінін 
тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін дамытады.Мысалы:
Нүктелер достығы.
Ерте - ерте ертеде Геометрия деген елде кішкентай нүкте өмір сүріпті. Бұл өзі өте әдемі қызыл 
түсті нүкте еді.
Бір күні нүкте отырып ойланады:
Шіркін менің көп досым болса ғой! Қой мен серуендеуге шығып өзіме дос іздеп келейін.Қызыл 
нүкте қақпаның сыртына енді ғана шығып келе жатса, оған қарсы бір жасыл нүкте келе жатыр. Жа-
сыл нүкте қызыл нүктеге келіп, оның қайда бара жатқанын сұрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет