Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет107/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
87
өмірлік серігін іздеу бағытындағы сезімдік-эмоциялық қарым-қатынас аясы кеңейеді.
Студенттік жылдардағы өзіне тән бейнесі қалыптасып, мінез-құлықтың ерекшелігі және 
темперамент түрі айқындалады. Тұлғаның жеке ерекшеліктеріне сай кәсіби, толыққанды сапалар 
мен әлеуметтік сезімдер қалыптасады.
Қазіргі кездегі және болашақтағы негізгі мақсаттар анықталып, өмірлік бағыт-бағдар бойынша 
жауапты шешімдер қабылданады. Сондықтан да жоғары оқу орындарында және колледждерде 
«Өзін-өзі тану» курсын оқып-үйрену тұлғаның көпқырлы әлеуметтік қасиеттерін жан-жақты ашу, 
тұлға мен оны қоршаған орта әрекеттерінің үйлесімділігі, жеке және әлеуметтік өмірдің адами күш-
қуаттық мәнін ашу, жеке өмір жолын таңдай алуды қалыптастыру, кәсіби тұрғыдан қалыптасуға қол 
жеткізу, отбасылық әлеуметтенуге бағыт-бағдар берумен тығыз байланыста қарастырылады.
«Өзін-өзі тану» курсын оқыту үрдісінде студенттерге берілетін білім пәнаралық және жеке 
тұлғаға бағытталған сипатта болуы тиіс. Жоғары мектепте орта мектептің жоғарғы сыныптарымен 
салыстырғанда білім мазмұны – рефлексті-логикалық деңгейде қалыптасады да, сыни тұрғыдан 
қабылданып, қарым-қатынастың қолданбалы білік, дағды түріне айналады. Білімнің басты 
мазмұнында қазіргі заманғы танымның әлеуметтік-адамгершілік және жаратылыстану сынды 
салаларының маңызды жетістіктері мен тұлға қалыптастыру саласындағы жаңалықтар біртұтас 
бірлікте қарастыру көзделген.
Ең алдымен өзін-өзі танудың нәтижесінде адамның өзі жайлы білімдері туындайды. Ол білімдер 
жақындық тұрғысынан интеллектілік күйлер, мінез бітістері, эмоциялы қасиеттері, қабілеттері
мінез-құлық сипаттамалары деп конструктілерге топтастырылады. Аталған конструктілер өз 
кезегінде жинақталып Мен бейнесін құрайды. Мен бейнесінің конструктілерін үйлестіру, негіздеу 
адам үшін оның Мен – тұжырымдамасының мәнін ашады. Әрине Мен – тұжырымдамасы толықтай 
сезілуі мүмкін емес, өйткені оның біршама бөлігі бейсаналылық бөлігінде орналасқан. Сол себептен 
айтып өткеніміздей өзін-өзі тану аяқталған үрдіс болуы мүмкін емес 
[3]
.
Тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі ісінде меңгерілуге тиіс білім үлкен рөл атқарады. Өзіндік таным 
барысында өзін-өзі шыңдауға талпыныс, сезімдік-эмоциялық жағдайын бағалау және түрлі 
жағдайларда өз бетімен шешім қабылдай алу дағдылары қалыптасады. Бұл тұрғыда көркем-әдеби 
шығармаларды, психологиялық, философиялық, әлеуметтік идеяларды ғана талдау жеткіліксіз, 
сонымен бірге оқытылатын материалды бүгінгі күнмен, замандас адамдардың өмірімен тығыз 
байланыста қарастыру қажет 
[4]
.
«Өзін-өзі тану» әлемді белсенді, іс-әрекетті түрде игеру мен оны аялап, мәпелеп сақтау идеясының 
бірлігіне негізделген. Соның нәтижесінде, адамның қарым-қатынас пен өзара түсіністік, жақсылық 
пен әсемдікті туындатуына бағытталған біртұтас дүниетанымы қалыптасады .
Тұлғаның қажеттіліктері оның белсенділігінің бастауы болып табылады. К.А.Абулханова 
белсенділік – бұл тұлғаның қажеттіліктері мен қабілеттерінің, олардың өмірге қатынастары мен 
қоғамның тұлғаға қоятын талаптарын интеграциялау негізінде тұлғаға ғана тән, өмірді ұйымдастыру, 
реттеу және өзіндік тәсілі деп тұжырым жасайды 
[5]
. Адам биоәлеуметтік организм болғандықтан 
оның қажеттіліктері де биологиялық әрі әлеуметтік болуы мүмкін.
Өзін-өзі тану процесс ретінде ерекше белсенділіктің көріну формасы ретінде анықталады, демек 
оның негізінде өзін-өзі тану қажеттілігі деп атауға болатын қажеттілік жатыр. Оны қанағаттандырудың 
пәні ретінде әлем, қоршаған орта анықталады. Адамның адам болып қалыптасуының өзі өте ерте 
көрініс беріп, алғашқысынан-ақ әлеуеті бар аталмыш қажеттіліктің қалыптасуына байланысты. 
Еңбек, оқу, қарым-қатынаста таным қажеттілігінсіз мүмкін емес. Адам, оны ішкі әлемі өзін-өзі 
танудың объектісіне айналғанда таным қажеттілігі өзін-өзі тану қажеттілігінің формасына ие бола 
бастайды.
Өзін-өзі тану қажеттілігінің өз бетінше әрекет етпей, басқа да қажеттіліктермен, атап айтқанда 
Меннің қажеттіліктерімен тығыз байланыста болатындығын ескеру қажет.Олардың ең маңыздысы: 
өзін-өзі силау қажеттілігі, Меннің біртұтастығына деген қажеттілік, өзін-өзі салыстыру қажеттілігі, 
өзінің өзгелердің тарапынан мойындауына деген қажеттілік және т.б.
Өзін-өзі сыйлау қажеттілігі адамның өзінің және айналасындағылардың талаптарына сай келу 
бетбұрысын анықтайды. Меннің біртұтастылығына деген қажеттілік адамның өз Менінің біртұтас, 
аяқталған бейнесін қалыптастыру ұмтылысымен сипатталады. Өзін-өзі салыстыру қажеттілігі 
Меннің бірлігін «екі ұштыланбауын» қамтамасыз етсе, өзгелердің мойындауына деген қажеттілік 
сол міндетті қамтамасыз ететіндей өмір сүру, еңбек ету, оқу, араласу тілегін анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет