Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет131/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
106
оның жебеушісі ретінде мәлім болған. Ұмай ана туралы түркі халықтарының аңыздары бүгінге 
дейін жеткен.
Көшпенділердің кеңістік-уақыттық түсініктері айналмалы ритм жайлы түсініктерде көрініс 
табады. Кеңістікті табиғатта тұйықтап (культтік ғимараттар), заттық кеңістік тұрғын үй интерьерінде 
шектеліп, ежелгі көшпенділер заттарға - әлемге – ғимараттарға біртұтас әрі өзіне шектелген форма 
ретіндегі әлем жайлы түсініктеріне сәйкес өзінше бір автономия жариялады. Шексіздік және 
сонымен қатар әлемнің шектеулілігі идеясын жеткізу үшін ритімді алу логикаға сай болар еді. 
Айналма ритімде тізбек ішкі кеңістікті жасай отырып шектеледі.
Сақ өнеріне тән жалпы динамикаға түркілер кезеңі өнеріндегі антропоморфты мүсіндер 
статикасы қарсы келеді. Көшпенділер түсінігінде өмірді қозғалыс ретінде қабылдау қалыптасқан, 
ал антропоморфты балбалдарды құдды жерден өсіп шыққандай тұрақты, қозғалмайтын зат 
деп қабылдау мықтап бекіді. Бұларда адамның о дүниеге кеткеннен кейінгі жай-күйі, өзгерістің 
сыртқы нышандары жоқтығы жайлы түсініктермен байланысты басқа да түсініктер көрініс тапты. 
Мысалыға, дүниенің құрылымдық структурасын, мәңгілік қозғалыстағы табиғат және табиғи 
құбылыстарды білдіретін космогониялық өрнек түрлері жатады.
«Көшпелілер кеңістікті бөлмейді, кеңістікке бөлінеді». Өткен ғасырда А.Вамбери далада 
кезіккен қазақ әйелінен: «Сендер бір орында тұрақтамай неге көшіп жүресіндер?» - деп сұрағанда: 
«Біз сендер ойлағандай еріншек емеспіз. Жер мен өлілер ғана бір орында қалады. Ал, адам, күн, ай, 
жұлдыздар, су, жануар, құс, балық секілді қозғалыста болу керек», - деп жауап береді [2]. 
Уақыт 
туралы мифологиялық, философиялық ұғымдардың пайда болуы және олардың әдебиет пен өнердің 
шығармаларына тигізетін әсері тікелей шынайы өмірдің өзінен туындайды.
Халқымыз күнді қасиетті санайтының әлі де ұмытыла қоймаған ырымдар мен жоралғыларымыз 
кездеседі. Осыған байланысты, күнг арналған ою-өрнек қазақ киімдері мен әшекейлерінде орын 
алған. Әсем кестеленген күн шеңбері біздің хандарымыз бен бай-бағландарымыздың шапандарына 
салынатын болған. Күнге табынуға байланысты жәдігерлерімізді жоғарғы тас дәуірінен жеткен 
ескерткіш-мұралардан көруімізге болады, мысалы, қола дәуірінен жеткен ескерткіштердің бірі 
– «Таңбалы тастағы» ескерткіш. Мұнда қоңыр- қызғылт жартастың үстінде күн бейнесіндегі екі 
адам, мүмкін қасиетті рухқа бөленген Тәңірді айнала билеп, үстеріне құрыптық киім, бастарында 
бөрік киген 12 адамның суреті қашалынып салынған. Жалпы бұрынғы заманда жердегі көк пен 
молшылық «күннің рахымы» деп ұғылған. Күн бейнесіндегі екі Құдайды айнала билеп жүрген 
адамдардың биі осыны суреттейді. Ортаға салынған жануарлардың бейнелері «күнге табыну» 
жоралғысы орындалған кезде малдың көбеюіне себепші болатынын білдірсе керек [6].
Енді біз бейнелеу өнеріндегі кеңістік пен уақыттың қатынасын қарастырсақ. Біз сурет арқылы 
суретшінің әлемді тану, бейнеленген бейненің мінезін көре аламыз. Адмзат өз сезімі мен қаблетін 
айқындау үшін кескіндемені ойлап тапты. Өзінің терең сезімін және психхологиялық санасын, 
сезімін, рухани күй жағдайын және өзінің қоршаған әлемге деген қарым қатынасын кескіндемеде 
көрсетеді .
Сурет бізді өзіне тарта отырып алаңсыз тыныштық күй-жағдайды, сабырлыққа шақырады, ал 
кей жағдайда бүлдіру, ызаландыру, қоздыруға дейін алып барады. 
Бір суреттің жанында күні бойы оның әрбір бөлшегіне қарай отырып кей кезде ол жеккөрушіліке 
дейін апаруы мүмкін. Мына бейнелер басқа бір суреттеді өзіне тартады, ойландыруға тырысады, 
керемет, әдемілікке қоса отырып, басқа да бейнелер сезімдерге теле отырып сезімін қозғайды.
Осы кезді белгілей отырып, кез келген шығармада өмір мен шындық ескеріледі, әр адамзат 
баласы әлемді өз көзімен қабылдай отырып анықтайды, немсе бір адамға шығарма ұнамауы мүмкін, 
ал біреуі шаттанады мұндай мысалдар кескіндеме өнерінде көптеп кездеседі.
Бейнелеу өнерінің туындыларындағы уақыттың бейнесі мен кеңістік суретшінің уақыт 
және кеңістік туралы идеясымен, шынайы болмысқа қатысты көзқарасымен өзгеріп отырады. 
Ал, суретшінің уақыт және кеңістік туралы көзқарасы өз заманының тынысымен байланысты. 
Қазақстанның бейнелеу өнері уақыттың бейнесі алғашқы кезде мемлекеттік идеологияға 
бағындырылды және кеңес үкіметі, кеңес халқы, ұжым, ерлік, еңбек сияқты басты үгіттеу бейнелерін 
қалыптастыра отырып соғыс және бейбітшілік, бүгінгі социалистік, ертеңгі коммунистік өмірдің 
мазмұнындағы негізгі тақырыптарды қандай болуы керектігін жоспарлап отырды. 
«...... алғашында өнердің өзге түрлерінің ерекшеліктерін қамтыған сияқты көрінеді. Өйткені, 
бейнелеу және мүсін өнері секілді көзге көрінетін бейнелердің жүйесі ретінде әсер етеді; музыка 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет