Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
152
Фараби “Бақытқа жету жолында” деген еңбегінде: “Тәрбие деп –
халықтардың бойына білімге
негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз” деп анықтама береді. Болашақтағы
еңбектік, қоғамдық, отбасылық өмірге бейім дені сау, психикалық болымды, адамгершілікті,
иманды, парасатты тұлға дайындау – отбасы міндеті. Жанұялық тәрбие мазмұнының құрамды
бірліктері ежелден
белгілі бағыт-бағдарларды, тән-дене, адамгершілік-имандылық, сана-сезім,
эстетикалық, еңбек тәрбиесін қамтиды, олар өз кезегінде жас әулетті экономикалық, экологиялық,
саяси, жыныстық білімдендіру істерімен толығып отырады.
1. Балалар мен жастардың отбасындағы тәрбиесі салауатты өмір болмысына негізделіп, дұрыс
ұйымдастырылған күн тәртібін, спорттық жаттығуларды, дене шынықтыруларын т.б. қамтиды.
2. Отбасындағы сана – сезім тәрбиесі ата-аналардың өз
балаларын білімдермен байытып,
соны ақпараттарға деген тұрақты қажетсінуін қалыптастырып, оларды үздіксіз жаңалап бару
ұмтылыстарын баулуға негізделеді. Танымдық қызықсыну, қабілет, бейімділіктер мен нышандарды
дамытып бару бала тәрбиесіндегі ата-аналардың аса өзекті шаруасы.
3.Отбасындағы адамгершілік-имандылық тәрбиесі тұлға қалыптастыру жолындағы
қатынастардың бұлжымас төркіні. Бұл орайда алғы шетке тартылатын мәселе мәңгілікті өзгермес
адамзаттық мораль құндылықтары – сүйіспеншілік, құрмет пен сыйластық, әділдік пен ар-намыс,
қадір-қасиет пен борыш сезімдерін тәрбиелеу. Адамгершілік сапа, қасиеттердің басқа да түрлері:
парасатты қажетсіну, тәртіптілік, жауапкершілік, дербестік пен ұстамдылық та осы отбасында ба-
улынады.
4. Отбасындағы эстетикалық тәрбие балалардың таланты мен дарынын дамытуға бағытталып,
өмір болмысы әсемдіктері жөнінде тағлым беруге арналады.
5. Отбасындағы еңбек тәрбиесі балалардың болашақтағы адал өмірінің негізін қалайды.
Еңбектенуге отбасынан дағдыланбаған баланың есейген кезде де бар есіл-дерті “жеңілдің асты-
мен, ауырдың үстімен” жүріп, шалқып өмір сүру. Ата-аналар міндетіндегі отбасылық тәрбие –
балалардың тән-дене және рухани сапаларын қалыптастыру бағытындағы саналы да парасатты
істерге негізделген үздксіз жетіліп барушы процесс.
Отбасындағы тәрбие әдістері – бұл ата-аналардың өз баласының санасы мен әрекет-қылығына
педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жөн-жосығы, жолы. Бұлардың бәрі де тәрбиенің
жалпы әдістерімен теңдейлес, дегенмен өз ерекшеліктеріне ие. Олар:
- әр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты әрекет-қылығы
мен ақыл-парасатына
икемделуінен даралықты келеді;
- тәрбие әдістерін таңдау ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне орайлас келіп, олардың
тәрбие мақсатын тануына, өз қадір-қасиетіне құндылықтық бағыт-бағдарына,
өз жанұясында
орнатқан қарым-қатынасына т.б. тәуелді.
Осыдан да отбасылық тәрбие әдістері ата-аналардың тұлғалық сән-сипатымен қайнай бітіскен
және олардан ажыратыла қарастырылуы мүмкін емес. Қаншама ата-ана болса, әдістер түрі де
соншалықты: жылы сөзбен көндіру, қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық
құрсауына салу және жазалау. Әдістер атан-аналар таңдаған тәрбиелік бағыт-бағдарға тәуелді
келеді: біреулері өз баласының тіл алғыштығын тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың әдісі ересектер
талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады. Екінші біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуге негіз
болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдарды таңдастырып,
қолданады. Отбасындағы тәрбиелік міндеттерді атқарудың құралдары да әртүрлі. Олар арасында
кең қолданымдағылары: сөз, ауыз әдебиеті, ата-ана беделі, еңбек, оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық
салт-дәстүрлер,
қоғамдық пікір, жанұядағы рухани және материалдық болмыс, ақпарат көздері
(газет, журнал, радио, теледидар), күн тәртібі, көркем әдебиет, мұражайлар мен көрмелер, ойындар
мен ойыншықтар, дене шынықтырулар мен спорт, рәміздер, ерекше белгілер (атрибут), қастерлі
заттар, бұйымдар және т.б. (3-сурет).
Отбасының мүшелерiнiң отбасылық мiндеттердi бөлiсуiнiң қажеттiлiгiне байланысты отбасы
өмiрiнiң түрлi саласындағы: шаруашылық-тұрмыстық, адамгершiлiк-тәрбиелiк мiндеттердi ұсынады.
Отбасы iшiлiк бiрлестiктегi қызметтiң отбасы мүшелерiнiң – үлкендер мен жасөспiрiмдердiң өзара
қарым-қатынасын ортақтандыруда тәрбиешiнiң түсiнiгiнiң маңызы зор. Психологтар, социологтар,
педагогтар егер мұндай бiрлестiктегi қызмет болмаса, немесе ол
азды-көптi әлсiреген болса,
отбасылық қарым-қатынастардың елеулi түрде әлсiрейтiнiн, ал оның баланың жеке басының
дамуына керi әсер ететiнiнiн дәлелдедi.