Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет276/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
230
жеткен сәтінен бастап әке жолымен азаттық үшін күреске қосылды. Орыс армиясының Қоқанмен, 
Бұқарамен соғысында және Хиуаға жасаған жорығында оларға асқан қарсылықты ұйымдастырушы 
осы Сыздық сұлтан болған еді. Абылай ханның шөбересі, Кенесары ханның ұлы Сыздық аса ірі 
тарихи тұлғаның бірі. Н.Павловтың 1910 жылы Ташкент қаласында жарыққа шыққан «Түркістан 
тарихы» еңбегінде Сыздық сұлтанның өмірі мен қызметі, оның ішінде жеке басының ерлік қасиеті, 
орыс әскерлерінің Ташкент, Қоқан, Бұхар жеріндегі іс-қимылына сұлтанның басшылығымен болған 
қарсылық жайында нақты баяндалады. Ал қазақтың дарынды ақыны, алаш зиялылырының көрнекті 
өкілі Мағжан Жұмабаевтың аталған поэмасында Сыздық сұлтанның жеке басының қасиеті мен 
толғанысы негізінде қазақ халқының азаттық күресі көркем шығарма арқылы сипаттады. Одан басқа 
«Батыр Баян» поэмасында да Абылай хан дәуіріндегі қазақ батырларының ерлігі шығарма өзігіне 
айналады. Абылай заманын тарихшы М.Қозыбаев «в предании казахов Абылай носит какой-то 
поэтический ореол, век Абылая у них является веком киргизского рыцарства» деп Ш.Уәлиханов 
жазып өткендей, бұл дәуір серілік пен ерліктің кезінен гөрі, ғалымның «рыцарство» дегені «ерлік», 
«батырлық», «азаматтық», «ұлттық сана оянған» дәуірге балағаны болар деген тұжырым жасайды.
Қазақ халқының тарихына қатысты көлемді еңбектің авторы С.Асфендиаров та өзінің батырларға 
қатысты анықтамасында «Господствующим классом была феодальная аристократия. Она состояла 
из слудующих элементов: военная дружина ханов, так называемые «батыры», пользовавшиеся 
привилегиями, получавшие львиную долю добычи и т.д.» [9]. Еңбек таптық тұрғыдағы мәселеге 
жоғары мән берілген 1935 жылы жазылғандықтан автор батырларға хан-сұлтандардың жанында 
болатын әскери дружиналар деп қана қарайды. 
Қазақ халқының қоғамдық-саяси өмірінде батырлар маңызды орын алды. Қазақ халқының саяси 
билік құрылымының барлық даму сатысында батырлар институты да жеке құбылыс ретінде өз даму 
жолын басынан кешірді. Қазақ мемлекеттілігінің ресейлік отарлау нәтижесінде жойылуы, қазақ 
халқының дербес саяси билігі құлдыраған тұсында батырлар институты да әлсіреп, жойылды. 
Әр халықтың тарихында оның даму ерекшелігін сипаттайтын сол халыққа ған тән құбылыстар 
болады. Қазақ халқының ұлттық ерекшелігін айқындайтын осындай белгілердің бірі – батырлар 
институты. Жалпы батырлар әр халықта да, және әр тарихи кезеңде де бар екені сөзсіз. Бірақ 
қазақ ұлтының ұлт ретінде қалыптасып, мемлекеттілігін қалыптастырып, сақтап қалуда қазақ 
батырларының атқарған ролі аса жоғары болды. 
Көне түріктер басшыларының да батырлар болғаны мәлім. Батыр бабамыз Білге қағанның 
өзі Мәңгілік Ел идеясын бастаушылар еді. Сондықтан біз қазақстандықтардың ұлттық идеясына 
айналған ұлтты ұйыстырушы «Мәңгілік Ел» идеясының мұраты мемлекеттілікті сақтау болса, қазақ 
батырларының мемлекетті сақтаудағы қызметі мен үлесі аса зор болғаны сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет