Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
334
шығармалардың дыбыс үйлесімділігі мен өзара байланыстылығын байқауға; музыка-педагогика
ғылымының инновациялық бағыттарын игеруге мүмкіндік береді. Шығармашылық құзыреттілігі:
музыкалық суырып-салмалық (импровизация) қабілеттілігін дамытуға; этюд, гамма, жаттығуларды
орындауға; концерттер мен сахналық қойылымдарға, пәндік олимпиадаларға, орындаушылық
конкурс-байқауларға қатысуына мүмкіндік береді. Әлеуметтік құзыреттілігі: жеке басының
қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығын білуге; ұлттық мәдени құндылықтарды және этикет ережесін
түсініп қабылдауға; қазақ халқының және басқа ұлттар мәдениетіне құрметпен қарауға;музыкалық
мұраның адам өміріндегі орнын түсінуіне мүмкіндік береді. Танымдық құзыреттілігі: мақсатқа
негізделген бағыт-бағдарға қарай талпынуға;білімі мен орындаушылық дағдысына қажетті әдіс-
тәсілдерді таңдап талдауға; музыкатанушылық сапаларының қалыптасуына; эмоциялық-сезімдік,
ерік даярлығын дамытуға мүмкіндік береді. Орындаушылық шеберлік құзыреттілігі: музыкалық
аспаптың құрылысын (күтімін) білуге; техникалық даярлығының дәрежесіне қойылатын талаптар-
ды білуге; музыкалық шығармалардың мазмұны мен музыкалық бейнелілігін түсінуге; Қазақстан
кәсіби композиторлары мен классик композиторлардың шығармаларын меңгеруге; халық
композиторларының және олардың өңделген (аранжировка) шығармаларын орындауға; музыкалық
шығармалар арқылы эстетикалық көзқарасы мен көркем талғамын қалыптастыруға мүмкіндік
береді [3].
Осы аталған құзыреттіліктерді жүйелі тұрғыда қалыптастырып, нәтижесін мектептегі музыка
сабағында аңғара аламыз. Мектептегі оқу-тәрбие үдерісіндегі тәжірибеден байқағанымыздай,
өскелең жас ұрпақтың эстетикалық тәрбиеге бай болуы, көбіне мұғалімнің өзінің музыкалық
мәдениетінің жоғарылығына, оның әдістемелік тұрғыдан жан-жақты дайындығына, кәсіби
құзыреттілігіне байланысты болып келеді. Сондықтан, музыка мұғалімі жаңа инновациялық
технологиямен қаруланған, шеберлігін әркез шыңдап отыратын ізденімпаз, шығармашыл болуы
керек. Осы тұрғыдан алғанда, толыққанды кәсіби музыка мамандығына ие болу – жоғары оқу
орындарында жүргізілетін пәндерге тікелей байланысты. Музыка бөліміндегі «Негізгі аспап»,
«Вокал», «Дирижерлау», «Қосымша аспап», «Музыка теориясы», «Сольфеджио», «Музыка әдебиеті»,
«Музыка пәнін оқыту әдістемесі» пәндеріндегі жүйелі білім алу болашақ музыка маманының кәсіби
тұрғыдан өсуінің алғышарттары, баспалдақтары десек те болады. Өзін-өзі сүйемелдеп ән орындай
алу, оны оқушыларға мәнді де мағыналы жеткізе білу – мектептегі музыка мұғаліміне қойылатын
талаптардың бірі. Осы әрбір пәнге қатысты дәрістік, зертханалық сабақтар мазмұны интербелсенді
әдістерге негізделініп жүргізілгені абзал. Осы тұрғыда А.Әлімовтың «Интербелсенді әдістемені
ЖОО-да қолдану мәселелері» атты оқу құралында келтірілген Конфуцийдің: «Маған айтып берсең
– ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін» деген пікірі мен
Вильям Глассердің таным процесінің барысына сүйенсек, «біз білімнің 10% - ын оқығанда, 20%
- ын тыңдағанда, 30% - ын көзбен көргенде, 50% - ын көзімізбен көріп, тыңдағанда, 70% - ын
пікір таластырғанда, 80% - ын тәжірибе жасағанда, 95% - ын басқаларды үйреткенде игереміз»,
- деген көзқарасының қазіргі таңда оқу-тәрбие үрдісінде маңызы зор, әрі өзекті мәселе деп тани
аламыз [4]. «Сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйрену қажет» деген ұстанымды алға тартсақ, үйрену
үдерісінің мақсаты ойшыл тұлға қалыптастыру болғандықтан, оның мазмұнын рефлексиялық іс-
әрекеттер құрауы керек. Сапалы білім беру қоғам қажеттілігі, оған сәйкес рефлективті мұғалімге
деген сұраныс та артуда. Рефлексивтік тәжірибе кәсіби маманның бастапқы және үздіксіз дамуын
қолдауда маңызды құрал болып танылады, өзгерістер туралы хабардар етуге, тәжірибені жетілдіруге,
педагог-мамандардың жұмыс орнында құзыреттілігін арттыруға көмектеседі.
Олай болса, дәрістік және зертханалық сабақтар да студенттердің жеке, топтық немесе
жұптық, аудиториямен жұмысы арқылы сын тұрғысынан ойлаудың үш кезеңі: проблеманы
айқындау, проблеманы шешу, проблеманың шешімін қолдану негізінде жүзеге асырылуы, яғни
дәстүрлі оқытудан интербелсенді оқытуға көшу оқу үрдісінде зор нәтиже береді, құзыреттіліктің
қалыптасуына ықпал тигізері анық.
Сонымен, аса жылдам қарқынмен дамып келе жатқан өркениет көшінен қалмай, білім беру
жүйесі озық елдердің қатарында боламыз десек, заман талабын ескеріп, оқыту үдерісін ізгілендіріп,
өзін-өзі дамытып отыратын, іс-әрекетті рефлексиялайтын, бәсекеге қабілетті, жоғары сауатты,
шығармашыл тұлғаның құндылықтарын қалыптастыруды қамтамасыз ететін кәсіби құзыреттіліктер
дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиісдемекпіз.
|