Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ АДАМГЕРШІЛІК МӘДЕНИЕТІН



Pdf көрінісі
бет490/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   486   487   488   489   490   491   492   493   ...   615
3-106-2015-2-chast

ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ АДАМГЕРШІЛІК МӘДЕНИЕТІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мақалада қазіргі қоғамдағы ЖОО студентеріне адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың 
әдіснамалық негіздерінің көкейтестілігі қарастырылады.
Зерттеу тақырыбына байланысты шетел және отандық ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалап
мақалада студенттердің адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдары көрсетіледі.
Түйін сөздер: адамгершілік мәдениет, ізгілік, рухани-адамгершілік тәрбие.
Қазіргі кезде жаһандану және ұлттық дамудың әсерлігі мен ынтымақтастықты, ұлттық 
қасиетімізді қастерлеу барысында адамның адамгершілік қасиеттерін сапаландырып, ұлттық 
құндылықтарды, ар-намысын шыңдаубарысында адамгершілік мәдениетті қалыптастыру міндеті 
тұр.Әрине,
Адамгершілік мәдениетке тәрбиелеу әр уақытта, әр қоғамда маңызды мәселенің бірі 
болып келген. 
Адамгершілік мәдениет тәрбиесінің кейбір бағыттары қоғам дамуына байланысты өзгеріп 
отырды. Себебі, тәрбие-қоғамдық құбылыс. Адамгершілік мәдениетті қалыптастырудың негізі
отбасынан басталып, мектепте тәрбие үдерісінде өзінің жалғасын тауып, күрделене береді. 
Адамгершілік мәдениетті қалыптастыру – тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы 
қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың негізгі жолы. Ол отбасы, 
мектеп, ұстаз, қоғам, қоршаған орта әсер етуші бұқаралық ақпарат, әлеуметтік желілер арқылы іске 
асырылады. Білім алушы жастардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда ғибрат сөз, әсерлі 
өлең, өнегелі ой, еңбек үстінде мәдениетті қатынас жағдайында әдепке адамгершілік дағдылары 
қалыптасады. Болашақ мамандар үшін олардың саяси әлеуметтік саналылығын (ізгілік , рухани- 
адамгершілік, мораль ) этикалық талғамын ішкі рухани байлығын молайтатын жүйелі жұмыстар 
ұйымдастырылуда.
Болашақ мамандардың білім мен тәрбие беру үдерістерінің негізгі бағыты –
«Қазақстан-2050» 
Стратегиясына сәйкес әлемдегі ең дамыған 30 елдің құрамына ену мүмкіндіктерін меңгерген
қоғам 
мүддесі үшін еңбектене алатын, мәдени - ғылыми өрісі озық, жан-жақты жетілген ақыл-парасаты 
мол адамгершілік мәдениетін қалыптасқан тұлға етіп даярлауға бағытталады [1].
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «...Рухани құндылық, биік адамгершілік жоқ жерде үлкен
өркениет орнату мүмкін емес» -дейді. Осы қасиетті міндеттер мен мақсатты жүзеге асыруда болашақ 
мамандарды даярлауда оқытушылардың атқаратын еңбегі ерекше. 
«Әлемдік жаһандану дәуірінде ізгілік, кісілік, адамгершілік, имандылық, бауырмалдылық, 
отаншылдық, ұлтжандылық сияқты ұлттық құндылықтарды сақтап қалу айтарлықтай маңызды. Ал, 
бұлардың барлығының негізі ұлттық тәлім-тәрбиеде жатыр»- Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай
осыған орай, қоғамды демократияландыру,ізгілендіру, экономиканы дамыту, бәсекеге қабілетті
бүгінгі қоғам азаматын тәрбиелеу барысында Қазақстан Республикасында елеулі өзгерістер пайда 
болып, жүзеге асырылуда.
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»,«2015 жылға дейінгі 
білім беруді дамыту тұжырымдамасы», жаңа белестер, тың көзқарастармен қарауды алға қойып
жаңаша талаптар мен жауапкершілікті арттырып отыр.
Бүгінгі жастар – Қазақстанның болашағы. Олар өзімізді қоршаған ірі өркениет орталықтарын,түрлі 
мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді 
де білікті жаһандану заманына сай болуы шарт. Оқушы-жастарды тәрбиелеу мәселесінде адамның 
ішкі жан дүниесін, рухани-адамгершілік тәрбиесін танып, дамытып, жетілдіру бағытында ізденіс, 
зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Мәселен, Қазақстандық ғалымдар білім мен тәрбие беруді 
дамытуда жалпы адамзаттық ұлттық құндылық тенденцияларына ғылыми-теориялық, әдіснамалық 
бағытта әр қырынан зерттеу Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, Қ.Б.Жарықбаев, А.А.Бейсенбаева, 
С.А.Ұзақбаева , Р.К. Төлеубекова , Т.Сапабекова және т.б. жүргізіп келеді. Аталған ғалымдардың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   486   487   488   489   490   491   492   493   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет