Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет525/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   521   522   523   524   525   526   527   528   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
436
Оқу мотивациясы, басқа мотив түрлері секілді жүйелі түрде: бағыттылығымен, беріктігімен, 
динамикалылығымен ерекшеленеді, сонымен, білім алушылардың оқуға деген ынта мотив 
иерархиясы арқылы оянады, яғни онда доминантты ішкі мотив (білім алуға, танымдық 
сферасын дамытуға деген қажеттілік) немесе кең ауқымды әлеуметтік мотив болуы мүмкін. 
Бірақ, адам өскен сайын доминантты мотив өзгеріске үшырауы әбден мүмкін. ЖОО-ға түсудегі 
негізгі мотивтер мыналар: студенттердің ортасында болуға деген құштарлық, мамандықтың 
қоғамдық маңыздылығының жоғары болуы мен оны қолдану сферасының кең ауқымдылығы, 
мамандықтың қызығушылықтар мен бейімділігіне және шығармашылық мүмкіндігіне сәйкес келуі.
Студенттердің басты оқу мотивациялары мыналар: «кәсіби» және «тұлғалық престиж», онша 
мәнді емес «прагматикалық» (диплом алу) және «танымдық» (А.Н.Печинков, Г.А.Мухина 1996). 
Шынында әр курста доминантты мотивтер өзгеріп отырады. Бірінші курста басты мотив – «кәсіби» 
(профессиональді), екінші курста – «тұлғалық престиж», үшінші және төртінші курста – осы екі 
мотивте кездеседі, төртінші курста және де «прагматикалық» мотив түрлері бар. Оқудың нәтижелі 
болуына «кәсіби» мотив пен «танымдық» мотив оң әсерін тигізеді. «Прагматикалық» мотив көбіне 
үлгерімі төмен студенттерде жиі кездеседі. 
Үлгерім деңгейі жоғары студенттерде «кәсіби», «танымдық» және «жалпы әлеуметтік» 
мотивтер жоғары болады, ал үлгерім деңгейі орташа студенттерде біршама төмен болып келеді. 
Сонымен, үлгерім деңгейі жақсы студенттерде «танымдық» мотив екінші орында, үлгерімі орташа 
студенттерде ол үшінші орында.
Сонымен, мотив мәселесі психологиядағы ең бір өзекті және негізгі мәселе болып 
табылатындығында,төмендегідей қорытынды жасауға болады:
- біріншіден, мотив іс-әрекетті тудырушы ретінде жеке жүрмейді, ол міндетті түрде адамның 
сезімдерімен, эмоциясымен бірге жүреді;
- екіншіден, мотив іс-әрекеттің ынталандырушы күші ретінде, ал бағыттылық – оны 
ынталандырушы және жалпы бағыт беруші болып табылады;
- үшіншіден, мотив-іс-әрекетті құрушы фактор болуына байланысты, сол немесе басқа 
мотивтердің қандай қызымет атқаратынын анықтауы маңызды;
- төртіншіден, оқу мотиві басқа мотив түрлері сияқты жүйелі түрде бағыттылығымен, 
беріктігімен, динамикасымен ерекшеленеді,
Психолог ғалымдардың жүргізген зерттеулер нәтижесі бойынша, өздері оқитың мамандыққа 
бірінші курс студенттері риза болғанымен, бірнеше жыл ішінде бұл көрсеткіш біршама төмендейді, 
бұл процесс оқу аяқталғанға дейін жүреді. Бұған қарамастан, оқуды бітірер кезде қанағаттану 
деңгейі төмен болғанымен, студенттердің өз мамандығына деген қатынасы он болып қала береді. 
Логикалық тұрғыда қанағаттанудың деңгейінің төмендеуі ЖОО-да білім беру деңгейінің төмендігі
мен күтілімнің сәйкес келмеуі деген болжам жасауға болады. Дегенімен, оқудың бірінші жылындағы 
болатын жоғар қанағаттануылыққа баға беріп көрейік. Бірінші курс студенті мамандығы жөнінде 
өзінің идеалды ойларына жүгінеді, ал олар нақты шынайылықпен кездескеннен кейін күрделі 
өзгерістерге ұшырайды. Бірақ маңыздысы басқада, «Не себепті мамандығың ұнайды?» сұрағына 
жауабы, болашақ кәсіби іс-әрекетінің шығармашылық құрылымы жөнінде түсініктер берумен 
шектеледі. Мәселен: студенттер «өзін жетілдіру мүмкіндігін», «шығармашылықпен айналысу 
мүмкіндігін» және т.б қажет етеді [2]. 
Ал, шынайы оқу процесіне келетін болсақ студенттің психологиялық жоспарымен бұл мүлдем 
сәйкес келмейді. Әрине бұл жағдай студенттердің көңіл-күйінің өзгеруіне әсер етеді. Осыған сәйкес, 
мамандыққа деген жағымды қатынасты студенттерді оқуда жетістіктерге жеткізетін маңызды фактор 
деуге болады. Бірақ, кәсібіне деген жағымды қатынас өздігінен мәнді мағынаға ие болмайды, егер 
ол кәсіп жөніндегі толық түсініктер (әрбір пәннің алатын орынын білу) мен оны игеру тәсілдерімен 
байланысты бекімесе [1].
Сонымен, өзінің болашақ кәсібіне деген оң қатынас студенттердің оқу іс-әрекетін жоғарлатуға 
түрткі бола алады. Студенттердің өзі таңдаған маманығына деген қатынасын зерттеу бірнеше 
мәселелерден тұрады. Олар:
- өз кәсібіне қанағаттануы;
- курстан курсқа өткендегі қанағаттану динамикасы;
- қанағаттануға әсер ететін факторлар: әлеуметтік-психологиялық, психолого-педагогикалық, 
дифференциялды-психологиялық;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   521   522   523   524   525   526   527   528   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет