Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет69/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
56
құндылықтарын бойына сіңіріп өсуімен қоса әлемдік мәдениетті қатар меңгеруін, сол арқылы 
бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуын көздейді.
Ғылыми әдебиеттерде тұтастай алғанда педагогика және оның ішінде әлеуметтік педагогика 
философиялық білімнің шеңберінде дамыды. Дәл осы ғылым әлеуметтік педагогиканың теориялық 
негіздерінің әдіснамалық базасы болды.
Әлеуметтік педагогика – ғылымның бір өзегі ретінде белсенді дамып келе жатқан, балалық шақта 
туындаған мәселелерді шешуге бағытталған, жаңа әлеуметтік-мамандандырылған сфера үшін берік 
ғылыми іргетас қалауымен ерекшеленетін әлеуметтік-педагогикалық ғылымдар жүйесінің белді бір 
саласы. 
Әлеуметтік педагогиканың қоғамдық мәні - қиын, қайғылы жағдайларға душар болған адамдарға 
– отбасыларына, балаларға көмек көрсету; оларға өмірден өз орнын табуға, өз мүмкіндіктері мен 
қабілет-ынтасы негізінде одан әрі дамуына жәрдем ету.
Әлеуметтік педагогикада ең алдымен «әлеуметтік орта» ұғымын анықтап алу қажет. Бұл 
біріншіден, кең ұғымдағы әлеуметтік болмыс, яғни, қоғам, мемлекет; екіншіден, баланың 
қалыптасуына тікелей әсер ететін өзіндік қоршаған ортасы.
Әлеуметтік жұмыс ұғымы – белгілі бір адамға, топқа оның әлеуметтік жағдайын жақсарту 
мақсатында көмек көрсетудегі кәсіби қызметті білдіреді. Енді осы ұзақ та қиын процестің 
теориясын, әлеуметтік педагогика, яғни, ғалым В.Д.Семеновтың сөзімен айтсақ, «Әлеуметтік 
ортаның тәрбиелік ықпалы жөніндегі ғылым» ұсынады.
Әлеуметтік педагогика – педагогиканың әлеуметтік, тәрбиелік және білім берушілік тұрғыдан 
өзіндік ерекше әдістері бар дербес саласы. Әлеуметтік педагогиканың әдістері тұлғаның өзін-
өзі жетілуіне, өзін-өзі тәрбиелеуі мен дамуына бағытталған. Бала тәрбиелеу жүйесінің маңызды 
элементтерінің бірі - бала үшін маңызды мәселелерді шешуге әлеуметтік педагог тарапынан көмек 
көрсету. Бала тұлғасының дамуына педагогикалық ықпал етуі жетістікке әкелу үшін, педагог 
проблемалық жағдайды дұрыс шешуге және дер кезінде байқай алу қабілетін иелену керек.
Әлеуметтік педагог проблеманың не екендігі, оның шешілуіне қандай шарттардың әсер ететіні, 
тәрбиеленушілерге қалай педагогикалық көмек көрсету жайында хабардар болуы және педагог 
әрекеті балалардың проблемалық жағдайларын нәтижелі шешуіне ықпал етуі тиіс. 
Әлеуметтік педагогқа қойылатын негізгі талап – баланы жақсы көру, қайырымдылық, 
коммуникативтілік, өз көзқарасын қорғай алу және т.б. Ол қоғамның экономикалық, саяси және 
әлеуметтік талаптарын меңгеріп, оларды қолданысқа ендіре алады.
Әлеуметтік педагогикалық қызмет – баланың, жасөспірімнің отбасында, мектепте, қоғамда 
қалыпты қарым-қатынасқа түсуі үшін өзін-өзі ұйымдастыра білуі, сондай-ақ психологиялық 
ұстамдылық, сабырлылық сақтай алу үшін көмек көрсетуге бағытталған педагогикалық қызметті 
де қамтитын әлеуметтік жұмыс. 
Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің пайда болуы мен дамуының нақты сипаттамасының 
негізінде жалпы адамзаттық қажеттілік жатыр. Ұрпақтың жалғасуы мен сақталуы, атадан балаға 
әлеуметтік-құнды тәжірибені беру және соңғыларын осының негізінде өз бетімен еңбек етуге 
дайындау. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс «саналы адамның» қалыптасуының, оның әлеуметтік 
ырықсыз сезімдері (қарым-қатынас қажеттілігі, өзін-өзі көрсетуге талпыну, жасампаздық қасиеттері 
т.б.) дамуының қайнар көзі.
Әлеуметтік педагогиканың тағы да бір қызметінің ерекшелігі: ересектердің балаларды 
қоғамдық қарым-қатынас жүйесіне ену үдерісіне көмектесу, оған бейімделуі болып табылады. 
Тәрбие мен әлеуметтену тұтастай алғанда, жас ұрпақты қоғамдық және өндірістік өмірге дайындау 
қажеттілігінен туған. Ол арқылы ұрпақ жалғасын тауып, ілгері дамиды да, адамзат қоғамының 
өркениеттілігі қамтамасыз етіледі. 
Бір жағынан, әлеуметтік педагогика адамның табиғатына тән адамгер шілікті мінез-құлықты 
басшылыққа алады. Сонымен, адам қайырымдылық жасау арқылы өзінің адамдық қасиетін 
жоғарылатады. 
Соңғы жылдары Қазақстанда балалар мен отбасылардың әлеуметтік денсаулығының, қиын 
жеткіншек жастағы балалардың әлеуметтік реабилита циясы проблемаларын шешу орталықтары 
құрылған. Сонымен қатар балалар мен жеткіншектерге психологиялық-педагогикалық кеңес 
орталықтарының, жоғары оқу орындарында «әлеуметтік педагог» мамандығының ашылуы 
әлеуметтік педагогика саласының дамып келе жатқандығын көрсете алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет