Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет92/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
75
жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін 
аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да 
зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. 
Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінінің пайда бола бастағаны.Зейіннің
үйреншікті депаталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін — адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы 
күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне 
айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды [7]. Қандай нәрсеге болса да (үйреніп, жаттығып 
алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейінніңде табиғатыосыған ұқсас. 
Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен кейін дамып қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын 
іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе, ырықсыз 
зейіні көрінеді.
Аталғандар зейіннің психологиялық аумақтарын қарастырып, оның кең ауқымды мәселе екенін 
дәлелдеді.
Қазіргі кезде мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде үлгерімі төмен оқушылардың зейінін арттыру 
мәселесі тұлғаға бағдарлай оқыту тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, оқу-тәрбие жұмысының 
ғылыми зерттеулер негізінде ұйымдастырылуын талап етіп отыр. 
Зейін мінез сипаттарында жеке адамның ақыл – ой қызметінің дара ерекшеліктерімен, сезім 
көріністерімен үйлеседі. Байқағыштық, білуге құмарлық сияқты мінез сипаттарында адамның 
эмоциялық қарым – қатынасы да, оның зейінінің ерекшеліктері де ақыл – ой қызметінің өзіндік 
болмысы негізінде жинақталады.
Жеке адамдық сипат ретінде құмарлықта зейіннің таным қызметі мен синтезі сезім негізінде 
өтіп жатады.Адам баласының психикалық саулығы сақталған жерде, адамның туғаннан өлгенге 
дейінгі даму процесінің негізгі іс-әрекет болып табылады. 
Орындалған әрекет нәтижесінің жемістілігіне әсер етуші ең бірінші фактор – зейін. Зейіннің 
қатысуынсыз іс-әрекеттің кез-келген түрі негізсіз болады. Сонымен, зейін адамды жоғары дәрежелі 
жеке тұлға болып өсуге жетелейді [8].
Бүгінге дейін оқытудағы зейін психологиясының теориялық негіздері толық ашылмай, әсіресе 
оқушыларға білім мен тәрбие беруде көрнекілік құралдардың зейінді арттырудағы маңызын 
эксперименталды зерттеулер қолданбалы дәрежеде жеткілікті қалыптаспаған. Сонымен қатар зейін 
психологиясында көптеген жетістіктерге қарамастан қиыншылықтар мен карама-қайшылықтар 
баршылық. Зейін психологиясына қатысты көптеген шешімін таппаған күрделі мәселелер де жеткілікті. 
Сол себепті оқушылар зейінін оқыту үдерісінде арттыру мәселесінің тағдыры мен оны шешу - 
психология ғылымының өзекті тақырыптарының бірі болып қала бермек.
Қорытындылай келе, зейіннің адам өмірінде алатын орнын, әр түрлі жас шамасындағы зейін 
қасиеттерінің маңыздылығы, соның ішінде үлгерімі төмен жеткіншектік шақтағы балалардың 
зейін қасиеттерінің маңызы мүмкіндігінше зерттелінді.Қоғамда адамға деген қатынасты білдіретін 
зейінділік мінездің бір қыры ретінде жоғары бағаланады. Оқушылардың зейін дұрыс ұйымдастыруда, 
қалыптастыруда мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің де маңызы зор екені ескерілсе, онда 
оқушылардың зейін қасиеттердің ерекшелігін зерттеу әрбір мұғалім үшін маңызы мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет