Қазақстан Республикасың Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Аграрлық факультет
Геоботаника пәнінен
СӨЖ
Тақырыбы:Консорция.Түрлік консорция.Популяциялық эндоконсорттар.Эпиконсорттар.Комменсалдар.Даралардың және популяцияның ассосациялануы.Биотрофикалық, сапротрофикалық, экотопикалық ассосациялану.
Орындаған:Амренова М.А
Тобы: БЛ-409
Тексерген: Жилкыбаева С.Д
Семей 2015
Плаун тәрізділер(Lycopodiophyta немесе Lycophyta) бөлімі
Қазіргі кезде тіршілік ететін жер бетіндегі өсімдіктердің ең көне түрлеріне плаун тәрізділер жатады.Алғашқы плаун тәрізділер девон дәуірінде кездеседі.Палеозой дәуәрәнде плаун тәрізділер папоротник тәрізділер ,сына жапырақтылар және кейбір жалаңаш тұқымдылармен бірігіп, жер бетінде ең көп тараған өсімдіктер түрлерін құраған.Плаун тәрізділер жер бетінде мезозой дәуірінде біртіндеп азайып, керісінше жалаңаш тұқымды өсімдіктер үстем бола бастайды.Сүректі формалары карбон дәуірінде құрып кеткен, ал қазіргі уақытта тек шөптесін формалары ғана сақталып қалған.
Спорофитінде үш вегетативтік орган –тамыры, сабағы, жапырағы болады.Плаун тәрізділердің негізгі ерекшеліктеріне тамырлары мен сабақтарының дихотомиялы типте тармақталуы және микрофилия құбылысы тән. Анотомиялық және морфологиялық құрылыстары жағынан өте қарапайым келген, көлемі жағынан ұсақ және бүтін жиекті жапырақтары болады.Жапырақтары қарама-қарсы немесе топтасып орналасады.Кейбір плаун тәрізділердің жапырақ тақталарының оське қараған ішкі жақтарында өсінді- тілше немесе лигула түзілген.
Спорадан тақта түріндегі ,кейде жіпше тәрізді гаметофит дамиды.Изоспоралы формаларына бір үйлі гаметофит тән. Isoetales қатарына жататын өкілдерінен басқалары мүктердегідей екі талшықты спермотозоидтар түзеді. Сонымен қатар, плаун тәрізділер дене бөліктері арқылы вегетативтік жолмен де көбейе алады.
Плаун тәрізділер бөлімі –плаундар (Lycopodiopsida) және изоэтопсидалар (Isoetopsida) кластарына бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |