Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


І. ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ НЫШАНДАРЫ МЕН БАСТЫ БАҒЫТ-БАҒДАРЛАРЫ



бет2/8
Дата22.02.2016
өлшемі1.13 Mb.
#1741
1   2   3   4   5   6   7   8

І. ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ НЫШАНДАРЫ МЕН БАСТЫ БАҒЫТ-БАҒДАРЛАРЫ

ХХ ғасырдың басында облыстың өнеркәсібі Қазақстанның барлық аймақтарындағыдай артта қалған, яғни қарапайым еңбек құралдарымен жабдықталған ұсақ кәсіпорындар, шеберханалар мен цехтар болатын. Ал, ауылшаруашылығы болса мал шаруашылдық өнімдерін қайта өңдеу салаларында ғана дамыды. Диірмен, дән үккіш, қасапханалар салынды. 1908 жылы 200 диірмен (су және жер диірмендері), бірнеше сыра кайнату, сабын шығару, тері зауыттары, ауылшаруашылығы құралдарын дайындайтын және жөндейтін шеберханалар, кірпіш зауыттары, электр станциялары, темекі фабрикасы жұмыс істеді. Қалада және уезде етік, баскиім тігетін, құмыра жасайтын шеберханалар, нан, шұжық шығаратын және смола қайнататын орындар болды.

Павлодар уезінің ең негізгі байлықтарының бірі -тұзды көлдер саналды. Олардың жалпы саны 40- тан асқан. Осыған орай ол кезде аймақта тұз өндірісі дамыды. Тұз өндіру 1922 жылы құрылған меклекеттік «Павлодарсоль» тресінің иелігіне қарады. 1927 жылы бұл трест 16 тұзды көлді біріктіріп, тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл Сібірді ,Омбыдан Иркутскіге дейін тұзбен қамтамасыз етті. 1927 – 1928 жылдары «Павлодарсоль» тресі мен мемлекеттік диірмендерден басқа ірі өнеркәсіптің қатарына кірпіш, алебастр және сыра қайнату зауттары да қосылды. Мысалы, Павлодар кірпіш зауыты 1920 жылдан жұмыс істей бастаған. Мұнда 1926 – 1927 жылдары 600 мың күйдірілген кірпіш шығарылған. Ал, алебастр зауыты Ақтау қойнауындағы шикізатты пайдаланған. Алебастрдың негізгі батпақта болғандықтан оны өндіру өте қиынға соққан. Сондай – ақ, 1926 – 1927 жылдары сыра қайнататын зауыт 9250 шелек сыра өндірген. Ашытқыны да зауыттың өзі дайындаған.

Осы кездері тау- кен ісі де дами бастаған. Екібастұз бен Майкөбе көмірін өндіру сонау хх ғасырдың екінші жартысынан басталған. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Құлынды- Павлодар (1923 ж.) теміржолының салынуына және Ертіс өзенінде кеме қатынасының дамуына байланысты бұл аймақта шаруашылық тез, көтеріле бастады. 1938 жылы облыс орталығына айналған павлодар қаласы Ертіс кеме қатынасының және теміржол бойында орналасқандықтан Екібастұз, Орал, Сібірмен байланыс орнатты. Бұның өзі облыс және қалалар экономикасын одан әрі дамуына әсер етті. Осы кезден бастап облыс көлемінде ірі өндіріс кәсіпорындары шоғырлана бастады.

1940 жылдың статистикалық көрсеткіштері бойынша Павлодар қаласында жыл сайын оларда жұмыс істейтін 904 адамы бар 85 кәсіпорын тіркелеген. Мысалы қуаттылығы 4549 кВт сегіз генератор жылына 819 мың кВт.с. электр қуатын өндірген. Соғыстан кейінгі жылдардан бастап, пайдалы шикізат көздерін барлау жұмыстары үзбей жүргізіліп келеді. 1954 жылы Екібастұздан көпір өндіру жұмысы жаңғыртылды. Көпір өндіру және тың көтеру Павлодар- Еібастұз аймақтық - өнеркәсіп кешенінің құрылу себебі пайдалы экономикалық – географиялық орналасуына, өте бай табиған ресурстарына, көмір қорына, көлік жолдарының молдығына, Ертіс – Қарағанды каналының салынуына орай жүзеге асырылды.

Екібастұздың арзан көмірінің негізінде қуатты энергетикалық база мүмкіндік туды. Атап айтқанда : қара және түрлі – түсті металлургия, машина жасау, алюминий шығару, мұнай өндіру және химия салалары. Бұл салалар республикалық маңызы бар мамандандырылған өнеркәсіп түрлері болып саналады.(20,2-46б)



1.1 Павлодар облысының өнеркәсібі: кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, металлургия өнеркәсібі, электр энергиясын өндіру

Айтар ойымыз орнықты, алған бағыт- бағдарымыздың дұрыс болуы үшін ең алдымен қысқаша болса да өзіміз зерттеу нысаны қылып алып отырған Павлодар облысының пайда болу, қалыптасу, даму тарихына тоқталып өтелік.

Павлодар облысы 1938 жылдың 15-қаңтарында құрылған. Оның құрылуының негізі болып КСРО-ның «КСРО Конституциясының 22,23,26,28,29,49,70,77,78 және 83 баптарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы және ВКП(б)-нің «Қазақ КСР-ның Батыс Қазақстан облысын-Батыс Қазақстан және Гурьев облысына, Оңтүстік Қазақстанды- Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысына, Шығыс Қазақстанды- Шығыс Қазақстан және Павлодар облысына бөлу туралы» қаулысының жобасы саналды [21]. Көрсетілген заң 1938 жылдың 15-қаңтарында КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында қабылданып, айтылған қаулының жобасы да сондай-ақ, 1938 жылдың 15- қаңтарында КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында бекітілген болатын. Сондықтан, бұл күн Павлодар облысының құрылған күні болып саналады.

Қазақ КСР-і Орталық атқару комитеті Президиумының 1938 жылдың 4- ақпанында қабылдаған «Батыс Казақстан, Гурьев, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының аудандық- әкімшілік территорияларын бөлу туралы» қаулысына сәйкес: Павлодар облысының құрамына Павлодар қаласы және Шығыс Қазақстан облысының келесі аудандарын: Павлодар, Каганович, Цюрупин, Ертіс, Үрлітүп, Максим Горький, Лозов, Бесқарағай және Қарағанды облысынан бөлінген Баянауылды (Қарағанды облысының Ворошилов ауданына өткен кейбір ауылдық советтерден басқа) берді. Павлодар облысының орталығы болып Павлодар қаласы бекітілді [22,2-14 б].

Ертістің Павлодарға қараған өңірі 1932 жылдан 1938 жылға дейін орталығы Семей қаласы болған Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді. Бірақ, экономиканың дамуына байланысты алыстағы Семейден әкімшілік басшылық жасау қиынға соқты. Сондықтан шаруашылық көлемінің ұлғаюына байланысты өз алдында бөлек әкімшілік басқару орталығын ұйымдастыру мәселесі туындап, жаңадан Павлодар облысы құрылды. 250 мыңға жуық тұрғыны бар жаңа облыстың аумағы 136,5 мың шаршы шақырымнан тұрады.

Ол жылдардың экономикасының негізін астық және мал шаруашылығына бағытталған ауыл шаруашылығы құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі өндірушілері колхоздар мен совхоздар болды. 1938 жылы облыста 465 колхоз,24 совхоз және 22 МТС (машина- трактор станциялары) болды [23].

Алтын- Майқайыңда, көмір- Екібастұз, Жамантұз, Шөптікөл мен Майтүбекте, тұз- Тобылжан мен Коряковкада өндірілді. Балшық, темір өңдейтін, етік, тігін,ағаш бұйымдарын жасайтын қолөнер кәсіпшілігі артельдері (олардың саны облыс бойынша 32 болды) «Кустпромсоюзге» біріктірді. Ал, облыс орталығы Павлодар қаласында болса, ет комбинаты, кеме жөндеу шеберханалары, совхоздардың Холкоматтарының машина-трактор шеберханалары, екі кірпіш заводы, балық артельдері, бірқатар ұсақ кәсіпорындар болды. Соғысқа дейін онда хром және балық заводтары, нан комбинаты салынған болатын. «Сельхозмука» тресі болса ауылдық жерлерге қызмет көрсететін 16 диірмен кәсіпорындары мен 10 жарма тартатын машинаны біріктірді. Оның үстіне 121 колхоз диірмендері де жұмыс істеді [24,1-26б].

Облыста тас жолдары болған жоқ. Жалпы ұзындығы 1530 шақырым қара жол және ұзындығы 185 шақырым тегістеліп салынған жол болатын. Ең жайлы жол болып 1940 жылы салынған, Павлодар мен Осьмерыжск арасын жалғастырып жатқан 126 шақырымдық қиыршық тас төселген жол саналды. Облыс орталығындағы жолдың жағдайы да мақтанарлықтай болмады. Орталық көшелер Сәтбаев пен Естай, қалған Ленин, Луначарский, Толстой (күні бүгінге дейін солай аталады) табиғи тастан қол күші арқылы төселді. Оның сегіз шақырымы тас төселген, 37 шақырымы қара жол еді. Сол сияқты Ертіс өзенінен Володар көшесіне дейін бірнеше жүз метр су құбыры жүргізілген. Сүт- консерві зауытының тұрғын үй кварталы салынды. Алғашқы көпқабатты тұрғын үй павлодарлықтардың мақтанышына айналды. Ол үшінші бесжылдықтың маңызды құрылысы деп аталды. Оны облыс кірпіш қалаушыларының жеңімпаздары салды.

1940 жылы кешенді түрде жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары Екібастұз көмір ошағының болашағын анықтап берді [25,5 б].

Облыстың денсаулық сақтау ісі 1938 жылы былай сипатталды: 10 қалалық және 24 ауылдық дәрігерлік стационарлық мекеме мен 8 қалалық және 32 ауылдық дәрігерлік мекемелер болды. Ауылдық жерлерде стационарлық дәрігерлік мекемелерден басқа фельдшерлік көмек көрсететін дәрігерлік участкелер жүйесі де жұмыс істеді. 1938 жылы осындай 47 фельдшерлік пункт, 6 акушерлік пункт безгекпен күресетін екі тірек пункті, 24 дәрігерлік участке санақта тұрды.

Облыс алғаш ұйымдасқан кезде оның территориясында Павлодар қаласында бір-ақ жедел жәрдем станциясы жұмыс істеді. Станцияда жалғыз көлік болды. Штат бойынша қажетті екі дәрігердің орны бос тұрды. Ауруларға көмекті орта дәрежедегі үш және кіші дәрежедегі екі медицина қызметкерлері көрсетті. Облыс тұрғындарына арнайы медициналық көмек көрсетудің тіс емдеу қызметі ғана болды. Облыста өз алдында бөлек тіс емдеу мекемелері болған жоқ. Тек емханаларда екі кабинет болды, оның біреуі балаларға арналған. Облыстың емдеу мекемелерінде екі рентген аппараты және екі клиникалық- диагностикалық лабораториялар жұмыс істеді. 1938 жылы облыста емдеу-профилактикалық мекемелерде мамандалған медицина қызметкерлері, әсіресе дәрігерлер жетіспеді. Сондықтан, 1939 жылдық 1- қаңтарында облыста 20, ауылдық жерлерде 10 дәрігер болды [26,108 б].

1938 жылы облыс территориясында 538 мектеп болса, ауылдық жерлерде соның 523-і жұмыс жасады. Оның 222-інде қазақ тілінде сабақ жүргізілді. 1938-1939 оқу жылдарында облыстың қалаларында және қалалық қоныстарында 200 мұғалім мен 4710 оқушы болса; ауылдық жерлерде 1803 мұғалім мен 38121 оқушылар болған. 1939 жылы облыста 12000 сауатсыздар және 14000 шаласауаттылар болғандықтан балаларға арналған мектептермен қатар ересек сауатсыздар мен шаласауаттыларға арналған мектептер де жұмыс істеді. 1939-1940 оқу жылының басында мұндай мектептердің саны облыста 344-ке жетті. Облыста 404 орынға арналған 9 балалар бақшасы болды [27,205-207б].

Облыс енді құрылған кезде мәдени- ағарту мекемелерінің жүйесінде 302 клуб мекемелері, оның ішінде: оқу үйлері-154, қызыл шайханалар-27, ауылдық клубтар-70, аудандық мәдениет үйлері мен аудандық клубтар-8, пионерлер үйі-1, колхоз клубтары-42, бұқаларалық кітапханалар-15 (48307 кітап қоры бар), мәдениет және демалыс паркі-1 бар еді. Сондай-ақ, облыста екі қазақ драма театры (Павлодар қаласында және Бесқарағай ауданында) жұмыс істеді. 13 радиотарабына 5159 радионүкте қосылды. Екі облыстық және 10 аудандық газеттер шығарылды. Орыс тіліндегі «Большевистский путь» облыстық газеті 12000, ал қазақ тіліндегі «Қызыл Ту» газеті 7000 данамен таратылды [28,461б].

Еуразия материгінің ішкі бөлігінде жатқан Павлодар облысы Атлант және Тынық мұхиттарынан бірдей қашықтықта орналасқан. Оның солтүстік аймақтарына таман, шамамен алғанда сол ендіктер бойында Москва, Лондон, Копенгаген қалалары бар. Павлодар территориясының көп бөлігі жер бетіндегі ең бір ірі жазықтықтардың бірі- оңтүстік Батыс - Сібір жазықтылығымен шектесіп жатыр. Ал облыстың оңтүстік - батыс бөлігі болса, қазақтың ұсақ төбелерінің тізбектерінен тұрады. Әсіресе, облыстың территориясының оңтүстік бөлігінің жер бедері ерекше: жазық дала төбелермен алмасып, кей жерлері тау жоталарымен қиылысады. Ең биік, әрі әдемісі Баянауыл таулары (1026м), оның оңтүстік шығысына қарай Қызылтау таулары (1055 м) орналасқан.

Қазақстанның басқа облыстарымен және шетелдермен арасындағы шекара ұзындығы 2100 шақырымға тең. Солтүстік және солтүстік – шығыста Ресей Федерациясының облыстарымен шектеседі (800 шақырым): Алтай аймағымен, Новосибирь және Омбы облыстарымен, батысында Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарымен, оңтүстік шығысында- Шығыс Қазақстан облысымен көлемі 124,8 мың шаршы шақырымдағы аймақты қамтып, 758,9 мың адам мекендейді, яғни 1 шаршы шақырым жерге 6,1 адамнан келеді [29,8-14 б].

Облыста 140-тан астам өзендер бар, сондай- ақ, бұлақтар мен басқа да су көздері кездеседі. Олардың ішіндегі ең ірі өзендер- Ертіс, Шідерті, Өлеңті. Ертістің жалпы ұзындығы 4248 шақырым болса, соның 750 шақырымы Павлодар облысы арқылы өтеді. Ертістің суы тұщы болғандықтан тұтынудың барлық түріне жарай береді. Ертіс Ақсу қаласының маңынан құрылысы 1962 жылы басталған Қ.И.Сәтбаев атындағы жасанды өзен- Ертіс- Қарағанды каналы бастау алады. Каналдың жоғарғы жақ ені 30-50 метр, төменгі ені 5-7 метр. Облыстағы екінші ірі өзен- Шідерті. Ол Қарағанды облысынан бастау алып, Шығанақ өзеніне құяды. Өзеннің ұзындығы 502 шақырым, оның 399 шақырымы Павлодар облысы арқылы өтеді.

Жер бедерінің ойлы - қырлы болуы көптеген үлкен және кіші көлдердің пайда болуына ықпал еткен. Облыстағы олардың саны 1200, көпшілігі тұзды, тұщылары 100-ге жуық. Неғұрлым көрікті, адамдар демалуларына қолайлылары Баянауылдың Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдері. Павлодар облысының территориясы негізінен далалық өсімдік аймағында жатыр. Ең шеткі солтүстік шығыс бөлігінің оңтүстік шегі орманды дала аймағы болып саналады. Солтүстік жағалауының оңтүстік бөлігі (Баянауыл ауданы) және оңтүстік шығыс бөлігінің оң жақ жағалауында орманды өсімдіктер бар. Облыс территориясында орман онша көп емес. Орман қарының жалпы көлемі 456,2 мың гектар, яғни облыс территориясының 2,5 пайызы. Облыстың оңтүстігінің аздаған бөлігі шөлейтті болып келеді.

Облыс орталығы - Павлодар қаласы Қазақстанның ең бір әдемі қалаларының бірі. Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан қазіргі Павлодардың орнында сонау 1720 жылдың өзінде Коряков (Керегежар), одан соң Коряков станциясы пайда болды. Ал Павлодар атауын 1861 жылы қала атағы берілуіне байланысты алды. Павлодар алдымен мал, астық және өнеркәсіп өнімдерін ауыстыру пункті және тұз сақтау орны ретінде көрінді. Бірақ, Ертісте кеме қатынасының дамуымен (Омбыдан Павлодарға алғашқы кеме 1862 жылы келді) бұл жерден өзенмен төменге қарай көп мөлшерде тұз, кейінірек астық, жүн, тері жіберіле бастады. Сонымен қатар қалада жүн жуатын, сабын қайнататын шағын кәсіпорындар мен сыра қайнататын заводтар және жел диірмендері мен кеме жөндейтін шеберханалар пайда болды.

Павлодар облысының территориясында 1977 жылы құрылған жалпы аумағы 48,2 мың гектарды алып жатқан Баянауыл ұлттық табиғи паркі орналасқан. Бұл парк Павлодар облысындағы сирек кездесетін табиғат бұрышын сақтап қалу мақсатымен құрылған.

Облыстық ауа райы күрт континеттік. Қыс ұзақ, қатты, боранды, жаз ыстық, құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы- 17-19о, шілде айының орташа температурасы +20+22о. Жылдық атмосфералық қалдықтар саны: облыстың оңтүстігінде 220 мм дейін, солтүстігінде -300 мм аспайды. Шілде айындағы күннің ұзақтығы 17 сағатты, желтоқсан айындағы күннің ұзақтығы 7 сағатты құрайды. Ауаның жылдық орташа ылғалдығы 69 пайыз [30,72 б].

Облыс пайдалы қазбалардың көлемі және әртүрлілігі жағынан Қазақстанда алдыңғы қатарда. Облыстың жер асты байлықтары қоңыр және тас көмірінен, қара метал, құрамында алтын, күміс мыс, қорғасын, цинк, молибиден, кадмий, теллур, барий және басқа да сирек элементтері бар полиметал рудаларынан, сондай-ақ ас тұзы, әк, балшық, құрылыс материалдарына қажетті шикізат көздерінен тұрады.

Павлодар облысы өзінің географиялық орналасу жағдайымен, энергетикалық ресурстар қорының молдығымен, пайдалы қазбалары және жоғары кәсіби мамандарының көптігімен Қазақстанның ең бір дамыған индустриалды және мәдени аймағы болып саналады. Оның шаруашылық жүйесі республика ішіндегі еңбек бөлінісінде маңызды орын ала отырып, ел экономикасына айтарлықтай үлес қосады.

Облыста арзан Екібастұз көмірінің негізінде энергетика базасы құрылып, өнеркәсіптің қара және түсті металлургия, машина жасау, алюминий, мұнай өңдеу және химия салалары даму жолына түсті. Өнеркәсіптің бұл салалары республика көлеміндегі мамандандырылған салаға айналды. Соның нәтижесінде облыста электр қуаты өндірісінің 40 пайызы, көмір өндірудің 60 пайыздан астамы, ферроқорытпа өндірісінің 75 пайызы шоғырланған. Бұл аймақта республикадағы барлық тракторлар мен алюминий шығарылады.

Облыстағы энергияның басты қуат көзі отын энергетикасы болып есептеледі. 1954 жылы Екібастұзда қуатты көмір өнеркәсібінің іргетасы қаланды. Геологиялық барлау қорытындысы бойынша ондағы тас көмірдің жалпы қоры- 12,8 млрд.тонна. 2002 жылы 46,8 мың тонна көмір қазылған. Бұл республикада өндірілген барлық көмірдің 60 пайызы. Өндірілген көмірдің көп бөлігі Оралға, Батыс Сібірге экспортқа шығарылады және Қазақстанның басқа облыстарына тасымалданады. Бүгінгі таңда Павлодар облысында 8 көмір ошақтары бар. Олардың ең ірілері Екібастұз және Майкөбе бассейндерінде.

Бұл көмір ошақтарының қорлары аз аумақта жинақталғандықтан және жер бетінен онша тереңде жатпағандықтан ондағы көмір ашық тәсілмен алынады. Бұл көмір өндірудің неғұрлым өнімді әрі арзан түрі болып табылады. Екібастұз көмір бассейнінің аумағында бірнеше разрез бар. Олардың ең ірісі - «Богатырь» разрезі. Ол тек Қазақстандағы ғана емес, дүниежүзіндегі алып разрездердің бірі. Оның жоба қуаты жылына 50 мың тонна көмір. Жалпы облыс көлемінде таскөмір өндіру көрсеткіші (млн. тонна есебімен) төмендегідей:

Кесте 1.Таскөмір өндіру көрсеткіші(млн.тонна есебімен) (31)








1950

1960

1965

1970

1975

1980

1985

1990

1995

2000

2001

2002


32

47

6033

14356

22867

45902

66751

80688

81869

62231

54067

52813

46758

Облыста мұнай өңдеу өнеркәсібінің саласы Павлодар қаласындағы мұнайхимия зауыты тарихымен байланыстырыла қарастырылады. Ол Омбы арқылы Батыс Сібірден келетін мұнайдың негізінде жұмыс істейді. Зауыттың қуаты-7,5 млн. тонна. Ол өзінің алғашқы өнімін: мазут (қалдық май), бензин, дизель отынын, жағылған газды 1978 жылы тұтынушыларға бере бастады. Зауыт мұнайды алғаш өңдеудің жобалық қуатына бір жылдан соң толықтай көшті. Оның өнімі Қазақстанның Павлодар және басқа облыстарына таратылып, Ресей мен Орта Азия мемлекеттеріне шығарылады. Облыста шығарылатын мұнай өнімдерінің ең бастылары мотор отыны (бензин) және газойли (шала тазаланған бензин). 2002 жылы мұнай өнімдерін өңдеу өндірісі бір жылдың ішінде 4 пайызға артып, 1903 мың тоннаны құрады; соның ішінде бензин -576 мың тонна (4 пайызға артық), дизель отыны 573 мың тонна (10 пайызға кем), жағатын мазут 708 мың тонна (20 пайызға артық) жалпы облыс көлемінде мұнай өнімдерін өндіру көрсеткіші (мың тонна есебімен) төмендегідей :

Кесте 2. Мұнай өнімдерін өндіру көрсеткіші (мың тонна есебімен ) (32)




1980

1985

1990

1995

2000

2001

2002

Мотор отыны (бензин)

1062,9

1478

1935,6

986,9

344,3

55,0

576,5

Керосин

-

-

585,6

110,0

35,4

46,2

45,1

Жаға

тын мазут



3295,1

2793,3

1599,6

572,8

263,1

591,4

708,5

Барлық жердегідей Павлодар облысы шаруашылығы салаларының негізгі тетіктерінің бірі электр қуаты болып саналады. Барлық электр қуаттарын жылуэлектростанциялары береді: Ақсуда ГРЭС, Екібастұзда екі ГРЭС, бір ТЭЦ, Павлодарда үш ТЭЦ. Өндірілетін энергия қуаты облыс пен республикада пайдаланылады, бірақ оның көп мөлшері жоғары вольтты электрожүйелері арқылы Орал мен батыс Сібірге экспортқа шығарылады. 1970 жылдың өзінде- ақ, Павлодар одан соң Екібастұз энергожүйелері құрылып, Солтүстік, Шығыс, Орталық Қазақстанмен Ресейдің энергожүйелеріне қосылған болатын. Облыс энергетиктері 2002 жылы 22 млрд. квт / сағат электрқуатын өндірген. Бұл Қазақстанда өндірілген бүкіл электр қуатының 40 пайызын құрайды деген сөз. 1988 жылға дейін электрқуатын өндіру жылдан- жылға өсе түскен. Бірақ, осы уақыттан бастап электроқуатын өндірудің көлемі азайғаны байқалады. Тек, 2000 жылы алдыңғы жылға қарағанда электрқуатын өндіру 29,3 пайызға, 2001 жылы 11,6 пайызға және 2002 жылы 0,5 пайызға артқан. Жалпы облыс көлемінде электрқуатын өндіру (мың. кВт. сағат есебімен) төмендегідей :

Кесте 3. Электрқуатын өндіру (мың. кВт. сағат есебімен) (33)



1965

1970

1975

1980

1985

1990

1995

2000

2001

2002


861,1

4290,0

16862,3

21923,0

38152,5

37432,5

27983

19272

21517

21615



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет