Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Дата22.02.2016
өлшемі148 Kb.
#144


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ


«Қаржы» кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Академиялық мәселелер бойынша

проректор, ОӘК төрайымы

______________ Сагинтаева С.С.

«____»______________ 2013 ж.


6М050900 «Қаржы» мамандығының ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша магистранттарына арналған зерттеу тәжірибесі бойынша бағдарлама және әдістемелік нұсқау

АСТАНА

2013

Бұл зерттеу бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 31 шілдедегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Кәсіптік практика. Негізгі ережелері» № 365 бұйрығымен, сондай-ақ Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы негізінде құрастырылды.

Бағдарламаны құрастырғандар: э.ғ.к., доцент Жаныбаева З.К.,

э.ғ.к., доцент Раматуллаева Г.А.


Бағдарлама «Қаржы» кафедрасының отырысында бекітілді.

Хаттама №­___ «__»___________ 2013 ж.

Бағдарлама Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің оқу әдістемелік кеңесінде қаралды және бекітілді.

Хаттама №­___ «__»___________ 2013 ж.

6М050900 «Қаржы» мамандығының ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша магистранттарына арналған зерттеу тәжірибесі бойынша бағдарлама және әдістемелік нұсқау/-Астана, 2013. – 17 б.

© Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, 2013 ж.

Мазмұны


  1. Жалпы ереже

  2. Семестрдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

  3. Зерттеу тәжірибесі

  4. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне қойылатын талаптар

  5. Зерттеу тәжірибесінің мазмұны және іске асу кезеңдері

  6. Тәжірибені өту барысына жетекшілік және бақылау

  7. Қосымша А

  8. Қосымша Б

  9. Қосымша В

  10. Қосымша Г



  1. Жалпы ереже

Ғылым – табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану және табиғат байлықтарын тиімді пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында болмыс туралы обьективті білімді тұжырымдау және теориялық жүйелеу оның функциясы болып саналатын, адам қызметінің аясы.

Магистр – магистратураның кәсіби оқу бағдарламаларын меңгерген тұлғаларға берілетін, академиялық дәреже. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы белгілі бір пәндік ауқымда жаңа білім алумен аяқталатын, нақты обьектіге немесе қызмет пәніне теориялық, эксперименттік зерттеуді орындаумен байланысты, магистрант қызметі.

Магистерлік диссертация белгіленген форма бойынша белгілі бір пәндік-кәсіби ауқымда магистранттың дербес зерттеу нәтижелерін жинақтауды білдіретін ғылыми жұмыс. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп – ғылыми-зерттеу жұмысы туралы жүйеленген мәліметтерден тұратын, ғылыми-зерттеу үдерісі мен нәтижелерін сипаттайтын құжат.

Магистратураға оқуға қабылданғаннан кейінгі екі айдың ішінде магистрлік диссертацияға жетекшілік жасау үшін ғылыми жетекші тағайындалады.

Ғылыми жетекші және магистранттың зерттеу тақырыбы ғылыми кеңес шешімінің негізінде ЖОО ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Магистранттың ғылыми жетекшісінің ғылыми дәрежесінің болуы және ғылымның осы саласында (магистранттың оқу мамандығы бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді түрде шұғылдануы тиіс. Қажет болған жағдайда ұқсас ғылым саласы бойынша ғылыми консультанттар тағайындалады.

Ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмыстарының нәтижесі өтілуіне қарай әрбір академиялық кезеңнің соңында магистранттың есебі түрінде ресімделеді.

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы шеңберінде магистранттың жеке жұмыс жоспарында міндетті түрде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуі қарастырылады.

Магистранттың ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмысының ең соңғы қорытындысы магистрлік диссертация болып табылады.

Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ең кемі бір жарияланымда және/немесе ғылыми-практикалық конференцияға қатысуында көрінуі тиіс. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы ғылыми-зерттеу жұмысы:

- магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблемасына сәйкес келуі;

- өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығының болуы;

- ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік, технологиялық жетістіктеріне сүйенуі;

- ғылыми зерттеудің қазіргі әдістерін қолдану арқылы орындалуы;

- негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы;

- тиісті білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделуі тиіс.




  1. Семестрдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

2.1 Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты – магистрантты өздігінен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге даярлау, магистерлік диссертация жазу және ойдағыдай қорғау оның негізгі нәтижесі болып саналады.

2.2 Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылым кандидаты академиялық дәрежесі бар немесе бейіні бойынша РҺD докторы академиялық дәрежесі бар және аталған ғылым саласында (магистранттың оқитын мамандығы бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді түрде айналысатын, магистранттың ғылыми жетекшісінің басшылығымен орындалады. Қажет болған жағдайда салалас ғылым салалары бойынша ғылыми консультанттар тағайындалуы мүмкін.

2.3 Ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттері ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын егу және біліктілікті дамыту:

– заманауи ақпараттық технологияларды қатыстыра отырып, библиографиялық жұмыс жүргізу;

– ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау барысында туындайтын міндеттерді тұжырымдау және шешу;

– нақты зерттеу міндеттері негізінде (магистерлік диссертация тақырыбы бойынша немесе магистерлік бағдарлама шеңберінде ғылыми жетекшінің тапсырмаларын орындау негізінде), зерттеудің қажетті әдістерін модификациялау, жаңа әдістер әзірлеу;

– ғылыми-зерттеулер жүргізу кезінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану;

– аталған нәтижелерді өңдеу, талдау және оларды аяқталған ғылыми-зерттеу әзірлемелер (ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі есеп, баяндамалар тезистері, ғылыми мақалалар, курстық жұмыстар, магистерлік диссертациялар) түрінде табыс ету.

2.4 Магистерлік бағдарламаны жүзеге асыратын кафедра, бағдарламаның ғылыми-зерттеу бөлігі бойынша магистрант даярлауға қойылатын арнайы талапты анықтайды:

– аталған білім саласындағы заманауи проблематиканы білу;

– нақты ғылыми проблеманың даму тарихын, оның рөлін және зерттелетін ғылыми бағыттағы орнын білу;

– магистрант зерттейтін ғылыми проблема бойынша нақты өзіндік білімінің болуы;

– магистерлік бағдарламамен (магистерлік диссертациямен) байланысты, қандай болсын бір салада ғылыми зерттеулер, экспериментальдық жұмыстарды іс жүзінде жүзеге асыра білу;

– интернеттің нақты ресурстарымен және нақты бағдарламалық өнімдерімен және т.б. жұмыс жасай білу.

2.5 Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы келесі формаларда жүзеге асырылуы мүмкін:

– ғылыми-зерттеу жұмыстарының бекітілген жоспарына сәйкес ғылыми жетекшінің тапсырмасын орындау;

– кафедрааралық семинарларға, теориялық семинарларға (зерттеу тақырыбы бойынша), сондай-ақ кафедраның ғылыми жұмысына қатысу;

– университетте, өзге жоо-ларда өткізілетін жас ғалымдардың конференцияларына қатысу, сондай-ақ өзге ғылыми конференцияларға қатысу;

– баяндамалар, ғылыми мақалалар тезистерін дайындау және жариялау;

– жүргізілетін ғылыми зерттеу бағыты бойынша (егер магистранттың жеке жоспарында ғылыми жұмыстың осындай формасы көзделсе) курстық жұмысты дайындау және қорғау;

– ғылыми-зерттеу бағдарламалары шеңберінде кафедрада орындалатын ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу, магистерлік диссертация дайындау және қорғау.

Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары формаларының тізбесі, магистерлік бағдарламаның ерекшелігіне қатысты нақтылануы және толықтырылуы мүмкін.

2.6 Магистаранттың бірінші семестрдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып мыналар саналады:

– университеттің Ғылыми кеңесінде бекітілген диссертация тақырыбы;

– негізгі іс-шаралар мен оларды жүзеге асыру мерзімдері көрсетілген диссертациямен жұмыс жасау жоспары;

– диссертациялық зерттеу мақсаттары мен міндеттерінің қойылысы;

– зерттеу обьектісі мен пәнін анықтау;

– таңдап алған тақырыптың өзектілігін негіздеу және зерттелетін проблеманың қазіргі жағдайының сипаттамасы;

– пайдалану болжанатын, методологиялық аппараттың сипаттамасы;

– зерттеудің теориялық базасы болып пайдаланылатын, негізгі әдебиет көздерін іріктеу және зерттеу.

Өзекті ғылыми-зерттеу жарияланымдарына негізделетін және зерттеу жүргізетін саладағы жетекші мамандар алған негізгі нәтижелер мен ережелерді талдаудан, диссертациялық зерттеу шеңберінде олардың қолданылушылығын бағалаудан тұратын диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге егжей-тегжейлі шолу жасау, сондай-ақ тақырыпты әзірлеудегі автордың болжанып отырған жеке үлесі магистранттың екінші семестрдегі ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі болып саналады.

Зерттеліп отырған мәселенің теориялық аспектілерін ашатын дерек көздері, бірінші кезекте ғылыми монографиялар мен ғылыми журналдардағы мақалалар әдебиеттерге шолудың негізін құрауы тиіс.

Мәліметтер жинау методологиясын әзірлеуді, нәтижелерді өңдеу әдістерін, диссертация жұмысын аяқтау үшін олардың сенімділігі мен жеткіліктілігін бағалауды қоса алғанда, диссертациялық жұмыс үшін нақты материал жинау магистранттың үшінші семестрдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып саналады.

Магистерлік диссертацияның түпкілікті мәтінін дайындау магистранттың төртінші семестрдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып саналады.

2.7 Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы негізгі мазмұны магистранттың жеке жоспарында көрсетіледі. Ғылыми жетекші Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ұйымдастырылуын, оның сапалы ғылыми және әдістемелік тұрғыдан қойылуын қамтамасыз етуге міндетті. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ұйымдастырылу сапасына магистранттың ғылыми жетекшісі жауап береді.

Магистерлік диссертацияның негізгі нәтижелері ғылыми-тәжірибелік конференцияларда бір баяндамамен және кем дегенде 2 жарияланымдармен көрсетілуі тиіс.

2.8 Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жазбаша түрде ресімделуі және бекіту үшін ғылыми жетекшіге табыс етілуі тиіс. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп ғылыми жетекшінің бұрыштамасымен маман шығаратын кафедраға табыс етілуі тиіс. Магистрант әрбір академиялық кезеңнің соңында өзінің ғылыми-зерттеу жұмысы туралы маман шығаратын кафедралардың отырыстарында және университеттің үйлестіру кеңесінде жария баяндауы қажет.

Жақсы нәтижелерге жету мақсатында магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ұйымдастыруға түзетулер жасау үшін ұсыныстар әзірлеу бақылаудың негізгі міндеті болып табылады.

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысын бақылау оның орындалу барысына жоспарлы және ағымдағы бақылау жасауды көздейді. Жоспарлы бақылау оқу жылы ішінде жүзеге асырылады және оны кафедралардың отырыстарында талқылаумен, алынған нәтижелер туралы жазбаша есеп тапсыруды көздейді.

Ағымдағы бақылау жұмыстың кез келген сатысында жүзеге асырылады және оны магистранттың жетекшісі жүргізеді. Магистрант бақылау жүргізу үшін ғылыми жетекшіге қажетті материалдар мен құжаттарды табыс етуі тиіс.

Ағымдағы бақылауды магистранттың жетекшісі келесі формаларда жүзеге асырады:

– орындалған жұмыстардың жекелеген нәтижелері бойынша магистранттың есептері;

– орындалған жұмыстардың нәтижелері бойынша әңгімелесу;

– магистрант жұмысының әрбір кезеңінде дайындық деңгейін бақылау.

Жоспарлы бақылаудың нәтижелері семестрдегі магистрант жұмысы туралы кейінгі қорытындыларда ескеріледі. Теріс қорытынды келесі жағдайларда қабылдануы мүмкін:

– магистранттың орынды себептерсіз белгіленген мерзімде қажетті есеп беру материалдарын табыс етпеуі;

– Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы кезеңін толық емес көлемде орындау (ғылыми жетекшінің қорытындысы бойынша).


3. Зерттеу тәжірибесі
3.1 Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы магистер даярлау бағыттарының негізгі білім берум бағдарламаларының құрамында, инновациялық қызметтің алуан түрлерін орындауға дайын, жоғары білікті мамандар қалыптастыру мен тәрбиелеуге көмектеседі.

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты болып мыналар саналады:

– аталған пәндік саладағы теория мен практика үшін зор маңызы бар жаңа нәтижелер алу;

– ғылыми шығармашылық методологиясын игеру, шығармашылық ұжым құрамында ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларын алу;

– аталған пәндік саладағы обьектілерді (үдерістер, эффектілер, құбылыстар, құрылғылар, жобалар) зерттеудің теориялық және эксперименттік әдістерін игеру.

3.2 Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының міндеттері болып мыналар саналады:

– неғұрлым дарынды және талантты магистранттарды анықтау, ғылым мен техниканың өзекті міндеттерін шешу үшін олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін пайдалану;

– магистранттардың ғылыми шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру, оларға ғылыми-зерттеу міндеттерін өздігінен шешу әдістемесі мен тәсілдерін үйрету;

– магистранттарды ғылыми зерттеулер жүргізу теориясы мен практикасына оқытуды ұйымдастыру;

– магистранттардың шығармашылық ойлауы мен дербестігін дамыту, алған теориялық және практикалық білімдерін тереңдету және бекіту;

– неғұрлым қабілетті және үлгерімі жақсы студенттер қатарынан, «магистратура – докторантура» траекториясы бойынша «толассыз» оқытуды ұйымдастыру жолымен университеттің ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрлар резервін даярлау.

3.3 Магистрлік диссертацияның мазмұны мен ресімделуіне, оның дайындалуы мен қорғалуына қойылатын талаптарды жоғары оқу орны өзі анықтайды. Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиатқа тексерілуден өтуі тиіс, мұндай тексерісті жүргізу қағидалары мен тәртібін жоғары оқу орнының өзі анықтайды.

ЖОО-ның кадрлық құрамына қойылатын талаптар лицензиялау кезінде білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарымен айқындалған. ЖОО оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын ұстанған жағдайда оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің әдіс-тәсілдері мен нысандарын, оқытудың әдістерін еркін таңдауға құқылы.

3.4 Практикалардың ұзақтығы магистранттың практика кезіндегі 30 сағатқа тең апта бойғы (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) нормативті жұмыс уақытын есепке ала отырып, аптамен анықталады. Апта санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген көлемін тиісті практика түрінің байланыс сағатымен есептелген еңбек сыйымдылығына көбейту керек және оны магистранттың апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлу керек.

Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы зерттеу практикасы үшін 120 сағатты (50 минуттан) құрайды. 1 кредитке сәйкес келетін практиканың ұзақтығы аптамен есептегенде зерттеу практикасы үшін 4 аптаны құрайды.

3.5 Магистратураның әрбiр мамандығы жұмыс берушiлердiң талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұранысының талаптарына сәйкес арнайы компентенциясымен жасалады.

3.6 Магистранттардың қорытынды аттестациясы – магистратура мамандықтары бойынша магистранттың білімі, қабілеті, дағдысы және біліктілігі мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкестігін анықтауға бағытталған магистранттың оқу жетістігін бағалайтын мемлекеттік бақылау түрі.

3.7 Магистранттардың қорытынды аттестациясы академиялық күнтiзбемен және мамандықтардың жұмыс оқу жоспарында ескерiлген мерзiмдерде кешендi емтихан және магистерлiк диссертацияны қорғау формасында жүргiзiледi.

3.8 Кешендi емтихан мен диссертацияның қорғалуын Мемлекеттiк аттестация комиссиясымен (МАК) жүргiзiледi. МАК төрағасы білім саласының өкілетті органдары қабылдаған тәртіп бойынша бекітіледі.

Тәжірибеден есеп беруді арнайы себептерсіз орындамаған магистрант университеттен шығарылады. Ал тәжірибе жұмыстары толық көлемді болмаған жағдайда магистрант магистр диссертациядық жұмысты қорғауға жіберілмейді.



  1. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне қойылатын талаптар

4.1 Ғылыми және педагогикалық магистратураның бiтiрушi құзыретіне қойылатын талаптары:



Магистранттардың түсінігі болуы керек:

  • қоғамдық өмiрдегi ғылым және бiлiмiнiң ролі туралы;

  • ғылым танымын дамытудың қазiргi тенденциялары туралы;

  • нақты ғылымның әдiстемелiк және философиялық (әлеуметтiк, гуманитарлық, экономикалық) көкейкестi мәселелерi туралы;

  • жоғары мектеп оқытушысының кәсiби біліктілігі туралы;

  • ғаламдану үдерісінің қайшылықтары және әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы;

4.2 Магистранттар білуі керек:

  • ғылыми танымның әдістемесін;

  • ғылыми жұмысты ұйымдастырудың құрылымын және қағидаларын;

  • оқу барысында студенттердің психологиялық танымдылық қызметін;

  • психологиялық әдістемесін және тиімділігін жоғарлату құралын және оқудың сапасын көтеруін;

4.3 Магистранттар істей білуі керек:

  • үдерістер мен құбылыстарды зерттеудiң теориясы мен қолданылуы, қазiргi тұжырымдамаларды сынап талдауды;

  • әртүрлi пәннің аясында алған бiлiмді интегралдауды жаңа белгісіз жағдайда зерттеу мәселесін шешу үшiн қолдануды;

  • толық емес немесе шектелген ақпараттың негiзiнде бiлiм интеграциясы жолымен талқылауға шығару және шешiм қабылдау;

  • өз педагогикалық қызметiнде жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясынан алған бiлiмді қолдану;

  • оқытудың интерактивті әдiстемесін қолдану;

  • ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысын жүргізуге қазiргi ақпараттық технологияларды қолдану тарту;

  • жаңа мәселелер мен жағдайларды шешу үшін креативтi ойлау және шығармашылық көзқараспен қарау;

  • ғылыми зерттеулерді жүргізу және жоғары оқу орындарында арнайы пәндерді оқытуды жүзеге асыру үшін шет тілін кәсiби деңгейде меңгеру;

  • ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыс нәтижелерін диссертация, есеп, мақала, аналитикалық жазбалар және тағы басқа түрде жалпылау.

Магистранттардың дағдысы болуы керек:

  • ғылыми-зерттеу қызметiне, стандартты ғылыми мәселені шешуге;

  • кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім беру және педагогикалық қызметті жүзеге асыру;

  • кәсiби пәндердiң оқыту әдiстемесі;

  • оқу үдерісінде қазiргi ақпараттық технологияларды қолдану;

  • кәсiби қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс;

  • шешендік өнер, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық тұрғыдан рәсiмдеу;

  • күнделiктi кәсiби қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін бiлiмін кеңейту және тереңдету.

Магистранттар білікті болуы керек:

  • ғылыми зерттеу әдістемесі аясында;

  • жоғары оқу орындарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметтiң аясында;

  • қазiргi бiлiм беру технологиялары қатысты сұрақтардан;

  • кәсiби салада ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда;

  • бiлiмдi тұрақты жаңартуды, кәсiби дағдыларды кеңейтуді қамтамасыз ету.

4.4 Магистрлік диссертацияны қорғау тәртібін жоғары және ЖОО-нан кейінгі білім беру мекемелеріндегі оқу кәсіби бағдарламасы бойынша білім беру мекемелеріндегі білім алушылардың ағымдық үлгерімі, аралық және қорытынды аттестациясының Типтік ережесіне сәйкестігі арқылы ЖОО-ның өзі анықтайды.


  1. Зерттеу тәжірибесінің мазмұны және іске асу кезеңдері

Магистранттың ғылыми және педагогикалық магистратурадағы ғылыми-зерттеу жұмысы:

– магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес келуі;

– өзекті және ғылыми жаңалықтан тұруы және практикалық маңызға ие болуы;

– ғылым мен практиканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік, және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;

– ғылыми зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін пайдалану жолымен орындалуы;

– негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерден тұруы;


  • тиісті ғылым саласындағы халықаралық тәжірибеге негізделуі тиіс.

Магистранттың ғылыми-зерттеу тәжірибесі бойынша жұмыс жоспары ішкі логикасы байланысқан нақты зерттеу объектісі белгілі зерттеуден тұрады (Қосымша А).

Зерттеу графигі бұл жұмыстардың нақты орындалу мерзімін белгілейді (Қосымша Б).

Жұмыс жосапры магистрантпен ғылыми жетекшісінің жетекшілігімен құрастырылады.

Магистранттың зерттеу тәжірибесі бойынша есебі ғылыми жетекшісінің мақұлдануымен кафедраға тапсырылады (Қосымша В).



6. Тәжірибені өту барысына жетекшілік және бақылау
Магистранттың ғылыми-зерттеу тәжірибесі бойынша құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар:

1) мынадай:



  • қоғамдық өмiрдегi ғылым және бiлiмнiң рөлі туралы;

  • ғылыми танымның дамуындағы қазiргi үрдістер туралы;

  • жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) ғылымдарының әдіснамалық және философиялық өзекті проблемалары туралы;

  • жоғары мектеп оқытушысының кәсiби құзыреттілігі туралы;
    жаһандану процестерінің қарама-қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы түсінігі болуы керек;

2) мыналарды:

  • ғылыми танымның әдiснамасын;

  • ғылыми қызметті ұйымдастырудың қағидаттары мен құрылымын;

  • оқыту процесінде студенттердің танымдық қызметінің психологиясын;

  • білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың психологиялық әдістері мен құралдарын білуі тиіс;

3) мыналарды:

  • алған білімін ғылыми зерттеулер контекстiнде идеяларды қолдану немесе өзіндік дамыту үшiн қолдана білуі;

  • процестер мен құбылыстарды зерттеудiң қолданыстағы тұжырымдамаларын, теориясы мен әдістерін сын-көзбен талдай алуы;

  • әртүрлі пәндер аясында алған білімін жаңа таныс емес жағдайларда зерттеу мәселелерін шешуде интеграциялауы;

  • бiлiмді интеграциялау жолымен, толық емес немесе шектеулі ақпараттар негiзiнде тұжырымдама жасап, шешiм қабылдай алуы;

  • жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясынан алған бiлiмін өз педагогикалық қызметiнде қолдана білуі;

  • оқытудың интерактивті әдiстерін қолдана білуі;

  • ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысты қазiргi ақпараттық технологияларды қолданып жүргізуі;

  • жаңа проблемалар мен жағдайларды шешуде креативтi ойлауы және шығармашылықпен қарауы;

  • ғылыми зерттеулер жүргізуге және ЖОО-да арнайы пәндер бойынша сабақ жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей кәсіптік деңгейде шет тілін еркін меңгеруі;

  • диссертация, ғылыми мақала, есеп, аналитикалық жазбалар және т.б. түрінде ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыс нәтижелерін жалпылай білуі тиіс.

4) мынадай:

  • ғылыми-зерттеу әрекеттері, қалыпты ғылыми мәселерді шешу;

  • кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім беру және педагогикалық қызметті жүзеге асыру;

  • кәсiптік пәндердi оқыту әдiстемесі;

  • білім беру процесінде қазiргi ақпараттық технологияларды қолдану;

  • кәсiптік қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс;

  • шешендік өнер, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық тұрғыдан ресiмдеу;

  • күнделiктi кәсiптік қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін бiлiмін кеңейту және тереңдету дағдысының болуы қажет.

5) мына:

  • ғылыми зерттеулердің әдіснамасы саласында;

  • жоғары оқу орындарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;

  • қазiргi бiлiм беру технологияларына қатысты мәселелерде;

  • кәсiтік салада ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда;

  • бiлiмдi үнемі жаңартуды, кәсiптік дағды мен білікті кеңейтуді қамтамасыз ету әдістерінде құзыретті болуы тиіс.

Магистранттың ғылыми және педагогикалық магистратурадағы ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша есепті құру жұмыстары келесілерден тұруы қажет:

  • Тәжірибе бағдарламасымен танысу және магистр диссертация жұмысының жетекшісінің айтуымен орындау;

  • Магистр диссертация тақырыбына сай келетін соңғы шыққан әдебиеттермен танысу (кітаптар, журналдар, газеттер, және заңдылық актілер және т.б).



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:




1. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасының Заңы;

2. Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы;


3. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 18 наурыз 2008 жылғы № 125 бұйрығымен бекітілген жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың ағымдағы, аралық және қорытынды аттестациялауды бақылау үлгерімдерінің типтік Ережесі (16 наурыз 2011 жылғы №94 толықтырулар және өзгерістерімен).

Қосымша А


(міндетті түрде)
Магистранттың зерттеу тәжірибесі бойынша жұмыс жоспары
_________________________________________________________

( Т.А.Ж.)





Жұмыс тарауларының мазмұны; негізгі қызмет түрлері


Орындалу мерзімі

Орындалуы туралы белгі












Жетекшінің қолы __________________________
Магистранттың қолы_______________________

Қосымша Б

(міндетті түрде)

БЕКІТЕМІН ___________

Мекеме басшысы __________

«___» ______ 2014 ж.

Магистранттың зерттеу тәжірибесін өтуінің күнтізбелік-тақырыптық графигі








Тақырып атауы


Күн саны

(күнтізбелік)




Тәжірибе өту күндері

Тәжірибе жетекшісінің аты-жөні

1













2





























Барлығы










Тәжірибенің жалпы жетекшісі (мекемеден)________________(Т.А.Ж.)




Қосымша В


(міндетті түрде)

Зерттеу тәжірибесі бойынша есептің бірінші бетін безендіру мысалы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ

Факультет «Есеп және қаржы»

Кафедра «Қаржы»

ЕСЕП

Зерттеу тәжірибесі бойынша

_____________________________базасы

Кафедрадан жетекші

(лауазымы) (қолы, күні) Т.А.Ж.
Мекемеден жетекші

(лауазымы) (бағасы, қолы, күні) Т.А.Ж.


Орындаушы магистрант (қолы, күні) Т.А.Ж.

Қорытынды баға________________________________

Комиссия______________________________________

______________________________________

______________________________________
Астана 2014

Қосымша Г


(міндетті түрде)
Мінездеме (тәжірибе базасынан)

Өтілген уақыты_____________________________

Магистранттың аты-жөні__________________________

Тәжірибе өткен жері________________________________________________


Тәжірибе өткен уақыт аралығында

______________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

______________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________
Мекемеден тәжірибе жетекшісінің қолы________________________________

Мөрі




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет