Қазақстан республикасы білім және ғылым


-сынып, еңбекке баулу сабақтарынан сабақ жоспарларынан үлгілер



бет4/4
Дата01.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
#171391
1   2   3   4

2-сынып, еңбекке баулу сабақтарынан сабақ жоспарларынан үлгілер.

1-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Қошқармүйіз оюы.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік мәні:

оюдың түрлері, шығу тарихы туралы әңгімелеу.

Ою-өрнек туралы мақал-мәтелдер жаттау.

Қиындылардан ою құрастыру, атын атау.



ә) дамытушылық мәні: Балалардың қиялы мен

шығармашылығын, ойын, сөздік қорын дамыту.



б) тәрбиелік мәні:

қазақтың ұлттық ою-өрнегімен таныстыра отырып

халық өнерін қастерлеуге үйрету; ұқыптылыққа,

еңбексүйгіштікке, татулыққа тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: “Ұлттық ою-өрнектер” атты буклет, суреттер, тірек

сызбалар, күйтабақ, үлгі-қалыптар, т.б.



Сабақтың түрі: топтық-ойын

Сабақтың әдістері: сөздік, графикалық, иллюстрациялық, проблемалық

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, музыка, тарих, бейналеу.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Балалардың назарын сабаққа аудару. Еңбек сабағына қажетті құрал – жабдықтарын жабдықтарын ( түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, қатты қағаз, қарындаш, т.б.) түгендеу.

  2. Ой шақыру ( ою сөзіне ассоциациялық аймақ құру).

сырмақ

шапан текемет
сандық ОЮ тақия

өрнек бөрік


қамзол

ІІ. Жаңа сабақ.

  1. Мағынаны тану. Сабақтың мақсатын және тақырыбын хабарлау.

  • Балалар, бүгінгі сабағымызда осы ою түрлерімен, соның іщінде “Қошқармүйіз” оюының жасалуымен танысамыз.

( Ою туралы мұғалімнің түсіндіруі)

Өнер- таусылмас азық, жұтамас байлық демекші, қазақтың қолөнері де өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Оның бірі – ою-өрнек. Ертеде халқымыз тұтынған нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген.

Ою дегеніміз – бір нәрсенің пішінін ойып алу. Қазақ халқы жері от, суы мол жайылым қуып, кең сахарада көшіп жүріп, жер-суының қадір-қасиетін жетік білген, жайлы қоныс іздей жүріп, өсімдік қасиетін мол байыптаған. Халқымыздың өлең-жырында, ән-күйінде, ою-өрнегінде аққудың әні, тоты құстың тілі жүретіні сондықтан.

Күйтабақтан табиғатта кездесетін әр түрлі дыбыстарды тыңдату. Ою-өрнектерде халық дүниетанымы, оның өзін қоршаған орта мен сұлулық туралы түсінігі бейнеленген. Оюдың қандай да бір бейнесінің, түсінің болмасын танымдық өзіндік мәні бар. Мысалы: көк түс- аспанды бейнелесе, ақ түс- пәк тазалық, қуаныштың, бақыттың белгісі; күлгін түс- білімнің, даналықтың; қызыл түс- оттың, күннің белгісі; жасыл түс- жастық пен көктемнің; Қара түс- жердің, берекенің нышаны деген ұғымдары бар.

Оюлардың тарихы туралы “кубизм” стртегиясы арқылы түсіндіру.

Текшенің алты жағына оюдың түрлерінің атарын жазып,

сол оюлар туралы мағлұмат беру. Олар: “түйе” оюы, “тұйық” ою, “қолтықша” оюы, “құс қанаты” оюы,“ қошқармүйіз” оюы, “күн” оюы.

4) Практикалық жұмыс. “Қошқармүйіз” оюының жасалуын суреті мен үлгі бойынша көрсету. Кітапта көрсетілген суретке назар аударту.



  1. Жасалған жұмыстарды жинақтап, көрме ұйымдастыру.

ІІІ. Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақта өтілген тақырып байынша сұрақтарға жауап алу:

  1. Ою деген не?

  2. Ою нені бейнелейді?

  3. Қандай ою түрлерін білесің?

4.“Қошқармүйіз” оюы неге олай аталады?

ІҮ. Оқушы білімін бағалау.

Ү. Үйге тапсырма беру: Гүлдің суретіне немесе өзіне қарап кез-келген бір, екі ою ойып келу және сол ойған оюға ат қою.

2-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралардан аппликация.

Сабақтың мақсаты: а) геометриялық фигураларды қағаздан қиюды

және оларды пайдаланып әр түрлі заттарды

жасауға болатынын меңгерту.

ә) оқушылардың саусақтарының моторикалық

ептіліктерін,ойлау белсенділігін, шығармашылық

қиялын дамыту.

б) ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, инабаттылыққа

тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: геометриялық фигуралардың макеттері, дайын

жасалған аппликация, үлгі-қалыптар, т.б.



Сабақта қолданылатын жаңа технология: деңгейлеп оқыту.

Пәнаралық байланыс: математика, геометрия, дүниетану, ана тілі т.б.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

Балалардың назарын сабаққа аудару. Қажетті заттарды түгендеу. Сабақта қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске түсіру.

ІІ. Кіріспе.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Фигураларды еске түсіру.



  1. Ойын “ Қай топ тапқыр? ” Ережесі:әр топ өзіне берілген фигураларды ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру.

І топ.
ІІ топ.


ІІІ топ.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мұғалім фигуралардан аппликация жасап көрсетеді. (аппликация туралы түсінік өткен сабақтарда меңгертілген, практикалық жұмыс жасалған.)















  1. Үлгі- қалыптарды тарқатып, түрлі-түсті қағаздан фигураларды қию.

  2. Өздері қиған фигуралардан өзіне ұнаған, қалауынша аппликация жасау. Жасаған жұмыстарынан әр топ көрме ұйымдастырады.

  3. Әр топқа өздерінің білім деңгейінің көлеміне қарай деңгейлік тапсырмалар беріледі:

1-деңгей: Үлгі қалыппен фигураларды қиып, 3-4 элементтен тұратын аппликация жасау.

2-деңгей: Үлгі қалыпсыз қиып, 3-5 элементтен тұратын аппликация жасау.

3-деңгей: Әр түрлі фигуралардан кем дегенде 7-10 элементтен тұратын аппликация жасау.

5) Ойын “ Бағдаршам” Шарты: бағдаршамның әр шамына жасырылған тапсырманы орындау керек. Үш топ өздері ұнатқан түсін таңдайды.

Қызыл - дөңгелектен қандай заттар жасауға болады?

Сары - мына үшбұрыштардан не жасар едің?

Ж
асыл – Бағдаршам не үшін қажет? Ол қандай фигуралардан тұрады?

ІҮ. Қорытынды кезең.

Ой толғаныс. Үш топ үш затты сипаттайды: доп, парта. сызғыш(үшбұрышты).



Ү. Оқушы білімін бағалау. Оқушылардың топтық жауаптарына талдау жасап, жеке оқушылардың еңбегін мадақтау және бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: “Менің досым” тақырыбында аппликация құрастыру және сол аппликация бойынша әңгіме құрап келу.

Осы сабақтарда жаңа технологияларды пайдаланып, сабақтың мазмұндылығы мен сапасын арттыруға болатынына көзіміз жетті.

Деңгейлеп оқытудың әсерінен төменгі деңгейдегі оқушылар келесі деңгейге өтіп. сол деңгейге қатысты тапсырмаларды орындауға ұмтылады. Шығармашылықпен жұмыс жасауға қызығып, қиялы мен еңбек іскерліктерін арттырады.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы балалардың сөздік қоры, тіл байлығы, ойлауы дамыды, байланыстырып сөйлеу қабілеті өсті.




Қорытынды
Әр баланың бойында бар шығармашылық қабілетті оятуға, өзін-өзі түсініп, шамасын біле алуына, шығармашылық алғашқы қадамын жасап, өмірін қуанышты, бақытты, толымды етуіне көмектесу-сабақтарды әр түрлі формадаұйымдастырып соған ықпал жасау мұғалімнің шеберлігін, педагогикалық сауаттылығын талап етеді.

Қазіргі қоғамға қажетті мамандардың бойында тез бейімделетін, епті. тапқыр, шапшаң, ерекше ойлы, қабілетті, қиындықтан шыға алушылық, аадамдармен тіл табысқыш қасиеттердің барлығы да шығармашылық жолдан бастау алады. Адамның шығармашылық қабілеттері, жоғарыда айтқанымыздай, мектепке келген күннен бастап, үлкендердің басшылығымен көрініс тауып, одан әрі дамытылып отырады.

Диплом жұмысын орындау барысында алға қойылған мақсатымыз орындалды. 2 сынып оқушыларының еңбек пәні арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру ашық сабақтар жүргізгенде өз нәтижесін көрсетті деп айта аламыз. Жұмысты орындау барысындағы алға қойылған міндеттер орындалды:


  • жұмысқа байланысты түрлі ғалым педагог-психологтардың еңбектеріне талдау жасалып,мағлұматтар алынды;

  • оқушылардың еңбек дағдысын қалыптастыру үшін, қзық тәжәрибелі педагогтардың жаңа педагогикалық технологияларға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдері еңбек сабағында қолданылды.

Әрине, бұл жұмыстар сабақ үстінде, оқыту процесінде үнемі, үздіксіз жүріп отырады. Оқыту кезінде баланың тиянақты білімі, табандылығы, білім дағдысы, көрегенділігі, қырағылығы, идеяларын іске асыруы, болжау қабілетінің дамуы байқалады, ғылыми ізденісі дамиды. Оқушыны қызықтыру, ойландыру, барлық жауаптарды тыңдау, талдау жасау кезеңдерінің тәртібі сабақ үстінде бірізділік жүйемен жүруі тиіс. Сонда ғана бала ізденушілік, зерттеушілік мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен бірге білім сапасын төмендегідей білім деңгейіне көтереді деп ойлаймыз:



- әлемдік ізгілікті көзқарасы мол; құқықтық мәдениеті жоғары;

  • терең сапалы білімді;

  • жоғары деңгейлі мәдениетті;

  • денсаулығы мықты жеке тұлға қалыптасады.

Осы тақырып бойынша біздің мынадай ұсынысымыз бар:

  1. Еңбекке баулу курсына қазіргі заманға сай дизайндық білім негіздері енгізілсе;

  2. Вариативті сағаттар есебінен технология пәніне қосымша сағат берілсе.


Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ж.Б.Қоянбаев,Р.М.Қоянбаев “Педагогика” Алматы, 2002

  1. Бастауыш білімнің міндетті мемлекеттік стандарты. Алматы, 1998

  2. І Республикалық педагогикалық кеңестен. Астана, 2001

  3. ҚР Конституциясы, ІІ бөлім, 30-бап.

  4. Т.А.Ильина. Педагогика. Алматы, 1977.

  5. И.П.Волков. Педагогикалық ізденіс. Алматы, 1989.

  6. С.Б.Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы, 2003.

  7. В.Белов. Татулық. Алматы, 1978.

  8. Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері. Алматы, 2002.

  9. А.Тұрғынбаева. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000.

  10. Ұ.Жазықбаева. Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейді. Шымкент,2000.

  11. Т.Ш.Оралбекова Технология оқулығы. Алмвты, 2003

  12. Т.Ш.Оралбекова Әдістемелік құрал (технология), Алматы, 2003.

  13. Педагогическая энциклопедия. ІІІ том

  14. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2004.

  15. Төлеубекова Р.К. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері, Алматы, 1991

  16. К.Маркс және Ф.Энгельс шығармалары, 16 том 158-196 б

  17. Сейтешев К.Б. Тәрбие теориясы. Алматы, 1986

  18. Ильина Т.А. Педагогика Алматы, 1977

  19. Марьенко И.С. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны, Алматы, 1978

  20. Єбдіразаќов Е. Адамгершілік, имандылыќ тєрбиесі, Шымкент,1994ж.

  21. Богословский В.В. Жалпы психология 1958ж.

  22. Базарбаев Ж. Н±сќабаев Ж., Даулетова Ќ., Єбілда±лы ¦. Инабат- єдептану оќу ќ±ралы.

  23. Власкин А.Г. Оќушыныњ рухани єлемі, Ленинград 1991ж.

  24. Ж±мабаев М. Педагогика «Ана тілі» 1992ж.

  25. Жарыќбаев Ќ.Б.,Наурызбаев Ж. Ќазаќтыњ ±лттыќ тєлім-тєрбие атауларыныњ т‰сіндірме сµздігі, Алматы,1993ж

  26. Жалын Єдептілік єлемі, 1982ж.

  27. Жарыќбаев Ќ.,Ќалиев С. Ќазаќ тілініњ тєрбиесі

  28. Жарыќбаев Ќ., Табылдиев Є. Єдеп жєне жантану, Атам±ра, 1994

  29. Игенбаева Б.К., Мен- адаммын.

  30. Ќ±нанбаев А. Шыѓармалары Екі томдыќ «Жазушы», 1968ж.

  31. Бастауыш мектеп. 2001,8. Н.Мұқанова

  32. Бастауыш мектеп. 2002,10. Г.Әлмұханова.

  33. Бастауыш мекиеп. 2003.1. Ж.Рүстемова.

  34. Бастауыш мектеп. 2003,4-5. А.Әбішева, Ж.И.Сардарова.

  35. Бастауыш мектеп. 2003,9. С.Дүйсебаев.

  36. Қазақстан мектебі. 2002, 1,2,5. ( 55-67 б)

  37. Тәрбие құралы. 2004.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет