Қазақстан республикасы білім және ғылым


Әдеби жанр ұғымын қалыптастырудың дидактикалық



бет60/94
Дата12.12.2023
өлшемі0.79 Mb.
#486281
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   94
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva (1)

Әдеби жанр ұғымын қалыптастырудың дидактикалық мақсат, міндеттері. Жалпы білім беретін мектептерде әдебиетті оқытудың ең маңызды мәселелерінің бірі – кӛркем туындының тегі мен жанрлық ерекшелігін таныта оқыту. Әдебиеттану саласындағы зерттеулердің біразында кӛркем шығарманың эстетикалық қызметін таныту мәселесін мейлінше жетілдіру қажеттілігі кӛтерілген.
Әдебиетті оқыту әдістемесінде әдебиетті жанрлық ерекшеліктеріне қатысты оқыту мәселесі жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Себебі мектепте әдеби-теориялық білім қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеу нысанына алынбаған. Дегенмен әдіскер-ғалымдар тарапынан аталған мәселе әдістемелік еңбектерде сӛз етіледі. Ә.Қоңыратбаев «Жоғары кластарда оқушылардың әдеби-теориялық ұғымдарын қалыптастыру» жӛнінде жазған.1 Шығарманың кӛркем компоненттерін таныту мәселесінен әдістемелік нұсқаулық жазған әдіскер – Т.Ақшолақов.2 Әдіскердің еңбегінде мектеп оқулығында қамтылған поэзиялық, прозалық шығармаларға талдау жасалған. Кӛркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту – жазушы стилін таныту мәселелері қарастырылған. Ал Қ.Мырзағалиев әдебиеттік оқу сыныптарында әдеби-теориялық ұғымдарды оқытуға қатысты мұғалімдерге әдістемелік кӛмекші құрал жазды. 3 Әдіскер орта буын сыныптарда шығарманың композициясы мен сюжетін, жанр түрлерін таныту, кӛркем бейнелеуші сӛздер туралы ұғымды қалыптастыру жолдарын сол тұстағы мектептегі әдеби білім мазмұнына, бағдарламада ұсынылған шығармалар мысалында талдайды. Одан беріде мектеп бағдарламасы әлденеше ӛзгеріп, әдеби-теориялық білім мазмұны да толыға түскені белгілі. Бүгінгі мектеп бағдарламаларында қамтылған әдеби білім мен оқу материалдары бойынша





1 Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы А., Мектеп, 1966. -94.
2 Ақшолақов Т. Шығарманың кӛркем ашықтарын таныту. А., Рауан, 1998. - 283 б.
3 Мырзағалиев. Қ. Әдебиет сабағында әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту. А., Мектеп, 1973. -115 б.
әдеби-ториялық білім мазмұнын игерту жолдарын қарастыру әдебиетті оқыту әдістемесі саласындағы ӛзекті мәселенің бірі.
Шығарманың кӛркемдік қуатын тану, одан эстетикалық ләззат алу белгілі бір дәрежеде оқушының әдеби теориялық біліміне, шығарманың тегі мен түрін тани білу қабілетіне де қатысты екендігі даусыз. Жалпы білім беретін мектептердің алдына оқушыларды бәсекеге қабілетті тұлға етумен қатар, оларды құзыретті азамат болуға бейімдеу талабы бар. Оған қол жеткізуде әдеби туындыны талдап-оқытудың бала ӛміріне тигізетін пайдасы мен баға жетпес маңызын зерттеуші ғалымдар, әдіскерлер ӛз еңбектерінде жан-жақты дәлелдеген. Бүгінгі таңдағы білім беру саласының басты міндеті – оқытудың сапасын арттыру, сабақтың тиімділігін кӛтеру. Осы ретте орта мектепте кӛркем шығарманы оқыту арқылы әдеби-теориялық білім берудің әдістемелік жолдарын, оқытудың дәстүрлі әдістері мен тәсілдері, жаңа технологияларды ұтымды пайдалану жақсы нәтиже беретіндігі айқын.
Орта мектепте кӛркем шығарманы түр мен мазмұн бірлігінде оқытудың тиімділігін қамтамасыз ететін негізгі шарттар, оқушылардың әдеби- теориялық білімі мен сол білімді іс жүзінде қолдана білу білігі мен дағдыларын қалыптастыру аса маңызды. Кӛркем туындыны оқытуды тұтастықта жүргізу, әрбір кӛркем бейнені шығарманың бүкіл кейіпкерлер жүйесімен, қоршаған ортамен, қоғаммен, жазушы ойы, авторлық ұстаныммен байланыстыра, шығарманың идеялық-саяси бағытымен қабыстыра қарастыру білім алудың нәтижесін қамтамасыз етеді.
Мектепте әдебиет теориясынан мәлімет беруде кӛзделетін мақсат пен кезекте тұрған міндет – оқушының әдеби-теориялық мәселелер жайындағы ұғымдарын қалыптастырып, соның нәтижесінде оларға әдебиеттану ғылымының негізінен білім беру. Бұл міндетті тек жалаң әдебиет теориясын оқыту мен орындап шығу мүмкін емес. Демек, әдеби-теориялық мәселелер кӛркем әдебиетті, соның ішінде әдеби шығармаларды оқып үйрену негізінде жүзеге асады. Нәтижесінде әдеби білім мен тәрбиелік үдеріс бірінен-бірі ажырамай, оқшауланбай ӛзара жымдасып бір тұтас жүйемен жүргізіліп отырады. Мұның ӛзі әдебиет теориясы мектепте дербес пән ретінде оқылмай, бағдарламада қамтылған оқу материалы негізінде жүргізіледі. Әрине, кейбір күрделірек әдеби-теориялық ұғымдар кейде, ӛтілген және ӛтіліп отырған әдеби материалдың негізінде ӛз алдына дербес сабақ ретінде оқылуы да мүмкін. Бұдан әдебиет теориясын оқытудың негізгі принципіне келетін зиян жоқ, қайта оқушылардың оқу материалдарын толық түсінуіне жағдай туғызады.
Негізінде мектеп бағдарламасында әдеби жанрдың барлық түрі дерлік оқытылады. Әйтсе де, бүгінде мектеп практикасында әдеби-теориялық білім жеңілдетіліп беріліп жүр. Оның бір себебі мектептегі әдеби білімнің мақсат- міндеттерін жете түсінбеуден туындайды. Мәселен, жалпы білім стандарты мен оқу бағдарламасында1 орта білім деңгейінің ӛзінде «...оқылған



1 Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. V – IX, X –
XI сыныптар, - А., 2013.
шығарманың ой қазығы, сюжеті, композициясы, жанрлық сипаты, кейіпкер- лері, ондағы халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер кӛрінісі, табиғат суреті шығармадағы адамгершілік мәселелер, сӛз қолданыстар зерделеніп, оқушыны қызықтыратын оқиғалар жайлы пікір алмасуға кең орын беріледі» делінген.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің міндеттері ретінде де «оқушыларға тӛл әдебиеттің ұлттық сипатын, ондағы халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының кӛрінісін, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, кӛркем туындының идеялық- адамгершілік мәнін түсіндіру; кӛркем шығармадағы мазмұн мен форма тұтастығын, тарихи-әдеби мәліметтердің негізін және әдебиет теориясын меңгерту; әдеби-теориялық білімін сауатты қолдана алу, ауызша және жазбаша тілін дамыту»1 деген мәселелер қойылған.
Әдебиеттің тарихи курсы жаратылыстану бағыты мен гуманитарлық бағытқа жіктелуіне байланысты базалық деңгейдің 10-11 сыныптарына арналған оқу бағдарламасында «қазақ әдебиетi туралы жалпы ұғымдары бар, оқырмандық мәдениетiнiң негiздерi қалыптасқан, кӛркем туындыны рационалды және эмоционалды меңгере алатын, әдеби теориялық бiлiм дағдыларын қолдана бiлетiн оқушыларға арналып жасалынды» деп арнайы ескерте ұсынады. Бағдарламада кӛрсетілгеніндей әдеби-теориялық білім мазмұнының негізі орта буын сыныптарға қалыптасатыны, әдеби-ториялық білім беру салмағы 5-9 сыныптарға түсетіні аңғарылады. Ал жоғары 10-11 сыныптарда «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің білім мазмұнына: әдебиеттiң теориялық мәселелерi, құрамдас бӛлiктерi, әдеби ағымдар мен бағыттар, әдеби кӛркем шығармаларды тұтас талдау жүйесi, әдеби шығарма және болмыс, ұлттық мәдениет, әдебиет және ұлттық рух, әдебиет және ғаламның шындық бейнесi, әдебиеттiң ӛзге ғылымдармен байланысы, қазiргi әдебиеттегi заманауи мәселелер, әдеби оқырмандық мәдениет, сӛз ӛнерi және шығармашылық даму, кӛркем шығарманың стильдiк ерекшелiктерi ӛзек етiлiп, әдебиет туралы бiртұтас ұғым қалыптастыру кӛзделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет