Қазақстан республикасы білім және ғылым


Мектепте оқылатын шығармалардың тақырыптық қырлары



бет69/94
Дата12.12.2023
өлшемі0.79 Mb.
#486281
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   94
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva (1)

Мектепте оқылатын шығармалардың тақырыптық қырлары. Әр шығарма ӛзіндік даралығымен ерекшеленеді дедік. Аталған сыныптың ӛзінде оқытылатын ӛлең мәтіні бір-біріне ұқсамайды. Жанры, тақырыбы жағынан ұқсас шығарманың ӛзі айтпақ ойы, құрылымы, тілдік ерекшеліктері жағынан алуан түрлі болып келеді. Мәселен, 5-сыныпта М.Жұмабаевтың бірнеше ӛлеңі берілген. Автордың әр ӛлеңі ӛзіндік болмысымен дара. Ақынның
«Қысқы жолда» атты ӛлеңі сыртқы формасына қарағанда табиғат лирикасына жататын сияқтанғанымен, ішкі мазмұны мен құрылымы біршама күрделі. Авторлық ұстаным айқын кӛрінбейді.
Ӛлеңнің композициялық құрылымына талдау жасай отырып, тақырыбы мен идеясын айқындауға болады. Ӛлеңнің алдыңғы фонына мекеншақ ұғымы шығады:
«Қараңғы түн» «сары дала» →«Жолды басқан құр сорап».
Келесі кезекте желдің образы іс-әрекет түрінде айқындалады.

Келесі кезекте жолаушының жай күйі сипатталады: Астымдағы жануар


Құлағын қайшыландырып, Зорға борт-борт желеді... Боранын тәңір ашпады, Жол білінбей бастады,
Кӛрінген бір жарық жоқ, Босаңсыды Қаракӛк...
Сар далада адасып, Суық кебін жамылып. Қаларын кім біледі?..1
Ӛлеңде қаһарлы қыстың сипатын ашатын «боран», «ызғарлы жел»,
«суық кебін» сияқты тіл бірліктері кездеседі. Ӛлеңде авторлық ұстанымды меңзейтін «сары дала» тіркесі ерекшеленеді. Қыс пейзажына сәйкеспейтін сияқтанған «сары дала» ұғымын оқушының ӛз түсініктеріне салып кӛру автордың ойын тануға жетелейді. Қазақ ұғымында «қоңыр», «қара», «ақ»,
«сары», «сұр» сӛздерінің концептуалды мағынасы мен қызметі ескерілуі керек. М.Жұмабаевтың «Сағындым» ӛлеңіндегі оймен сабақтастыру тиімді болмақ.
М.Жұмабаевтың 6-сыныпта оқылатын «Қазақ тілі» ӛлеңінің мәтінін талдауда қабылдаушыны, яғни оқушыны алдын ала даярлау қажеттігі танылады.
Күш кеміді, айбынды ту құлады, Кеше батыр – бүгін қорқақ бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қайрылды, Күндей күшті, күркіреген ел тынды. Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,


Батыр, хандар – асқақ жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!


Жарық кӛрмей жатса да ұзақ, кең тілім, Таза, терең, ӛткір, күшті, кең тілім.


Тарап кеткен балаларыңды баурыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім! 1





1 Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 5 сыныбына арналған оқулық. А., Атамұра 2013. -147 б.
1913 жылы жазылған ақынның бұл ӛлеңінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне наразылығы айқын танылады. Қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі етіп жариялануы, қазақ жерінің талан-таражға түсуі, Ресейлік әскери монархияның басқару жүйесі қазақ елінің еркіндігі мен ӛзіндік билігінен айырып келе жатқандығы ақынның кӛкірегіндегі шердің ұлғайып, жан айғайы мен ащы зарының шығуына себеп болады. Азаттық идеясы Мағжан Жұмабаев шығармаларының басты ӛзегін құрайды. Жоғары сыныпта оқытылатын ақынның «Батыр Баян» поэмасының идеясы бұл ӛлеңмен тікелей қабысып жатыр. Әрине, 6-сыныптың оқушыларына бір ӛлең кӛлемінде ақынның азаматтық толғанысын танып, шығарма астарындағы азаттық идеяны жете түсіне алады деу қиын. Мағжан шығармашылығы монографиялы оқылатын жоғары сыныптың ӛзінде ақын шығармаларының табиғаты мен қайраткер азаматтың болмысын тану оңайға соқпайды. Ӛлеңдегі жекелеген сӛздерді таңба ретінде танып, оған герменевтикалық талдаудың тәсілдерін пайдаланғанда ғана аталған ӛлең ӛз ойын оқушы санасында сәулелендіре алады.
Ӛлең мәтінінің алғашқы үш шумағында бірнеше ұғымдарға оқушы зейінін аударып, ӛз таным, түсінігін айқындау қажеттігі туындайды. Мәселен,
«Күш кеміді, айбынды ту құлады» деген тармақта ақын нені меңзейді? Қандай күш туралы сӛз етіліп отыр, ақын қай туды айтып отыр?
Келесі тармақтағы ойға нысан болып отырған кім? «Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде деген тармақтағы ақын ойын қалай түсінесің?» деген сауалдар арқылы оқушы ойын түсіну ӛлеңнің идеясын айқындауға жәрдем етеді. Кӛркем шығарманы тану мен қабылдауда оқушының дүниетанымы, ұстанымдары мен кӛзқарастары ерекше рӛл атқаратыны белгілі. Негізінен кӛркем мәтінді талдап танудағы іс-әрекет те осы мәселеге тӛңірегіне шоғырланады. 20-жылдарда жазылған шығармаларда жиірек ұшырасатын ерекшелік мәтін астарына ой бүкпелеу, астарлай айту, оқырман танымына жүгіну тәсілдері болып есептеледі. Бұндай ерекшелік М.Әуезовтің осы жылдардағы шығармаларында да молынан ұшырасады. Автордың дүниетанымы мен дәуірі, құндылыға мен бүгінгі оқырманның әлеміндегі байланысты зерделеу амал-тәсілдері болғанда ғана мәтінді ұғыну мүмкіндіктері туады. Ӛлеңнің алғашқы шумағындағы ой келесі тармақтарда да ұласады. «Қыран құстың қос қанаты қайрылды» мен «Күндей күшті, күркіреген ел тынды» деген тармақтарды алғашқы шумақтағы ойдың дамуы ретінде қабылдауға болады. Ал, «Асқар Алтай – алтын ана» метафоралық қолданысы ақын дүниетанымын кӛрсетеді.
Кӛптеген аңыздарда Алтай Түркі әлемінің кіндігі саналатыны белгілі. Алтайдан тараған ел бүгінде басқа құрлықтарға да қоныстанған деседі. Бұл түркі тілдер тобына жататын елдерге қатысты, жан-жаққа тарап кеткен елдердің ортақ белгілеріне қатысты айтылғаны байқалады. Келесі «Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!»



1 Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 6 сыныбына арналған оқулық. А., Атамұра 2013. -91 б.
немесе «Тарап кеткен балаларыңды баурыңа», «Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!» деген тармақтардағы ой да ақынның мақсат-мүддесін айқындай түседі.
Ӛлеңнің тақырыбы туған тілге қатысты деп қана тану ақын ойын терең түсінбеуге соқтырады. Мағжан Жұмабаев шығармаларында кең ауқымда кездесетін азаттық, азамматтық мүдде, елдік арман идеялары бірнеше шығармасын қатар алып, сабақтастыра отырып талдауды қажет етеді. Ӛлеңдегі «жауыз тағдырдың» талайына жұтылып отырған «Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ар» сияқты концептуалдық ұғымдар да ӛлең шумағында кездейсоқ аталып ӛтуі біздің осы кӛзқарасымызды дәлелдей түседі. Сондықтан ӛлеңді оқушы жете түсініп, ӛзінің таным, түсінік деңгейінде қабылдай алсын десек, оқулыққа ұсынылатын әрбір шығармаға жіті кӛңіл бӛліп, мұғалімнің ӛзі ӛлең мәтінін алдын ала талдау қажет. Оқушы дүниетанымына сай келер, келмесін бағдарламай, бүгінгі күні ӛзекті болып отырған қазақ тілі мәселесі кӛтерілген екен деп қана аталған ӛлеңді оқулыққа енгізу ағаттық болған болар еді.
Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» ӛлеңінде атамекен, туған жерге деген ыстық сезімі, елжанды жүрегі, танылады. Туған жерге, асыл жарға, ата-анаға деген сүйіспеншілік сезімді бар шынайы болмысымен жеткізу ӛлеңнің асқан шебері Мағжанға тән құбылыс. Ӛлеңдегі негізгі кӛркемдік тәсілдің бірі – синтаксистік қайталаулар. «Неге екенін білмеймін – сол (анамды, жарымды, елімді, Арқамды)» сүйемін деу арқылы ақын оқырманына «адамзат ӛз мекенін, туған жерін, ата-анасын, жарын не үшін сүйеді?» деген түйінді ой тастайды. Сүю үшін ең бастысы ӛзіңнің етене жақының болу, туған, тӛл дүниең (елің, жерің, тілің) болуының ӛзі жеткілікті екендігін меңзейді. Жұлдыздай жарқын, жалынды ғұмырында бар мақсат-мұраты елінің азаттығы мен ӛркениетін кӛру болған Мағжан ұлтының болмысы мен тұрмыс-тіршілігіне толғанады. «Ұйқы басқан қабағын», «жүрген ескі заңымен», «жалқаулықты жар кӛрген» қазақтың бейқам тірлігі мен мінез- құлқы елінің ертеңін ойлаған азаматты туған халқының мүддесі жолындағы күрестерге жетелейді. Мағжан ӛлеңдеріндегі Отанға ғашық сезім, тасқынды, тегеурінді азаттық үн кӛпшілікке арналады. Ӛлеңде «сары дала», «мәңгі ӛлік сахарасы», «сұп-сұр кӛр» тәрізді кӛркем сӛз образдары ӛлеңнің идеялық астарын айқындай түседі.
Ал осы 7-сыныпта оқылатын ақынның «Толқын» ӛлеңі табиғат лирика- сынан алшақ. Толқын сӛзінің негізгі мағынасы табиғаттағы су бетінің ырғалысынан пайда болатын тербелісті білдіретіні белгілі. Жалпы толқын ол ауа толқыны болсын, шаш толқыны болсын, дыбыс толқыны болсын, ырғақты, қозғалысты білдірсе керек. Мағжан табиғаттың осы бір құбылысын ала отырып, терең ой толғайды. «Толқын» – қозғалыс перзенті, ал ӛмірдің ӛзі қозғалыстан тұрады. Ақын ӛлеңде «Толқыннан толқын туады» деп бастап, ӛмір заңдылықтары: уақыт, қозғалыс, ӛмірдің ӛзгермелігін, ӛмір жолындағы жарыс пен тартысты, ұрпақ жалғастығын, жылайтын, күлетін адамның болмысы мен сезім-күйін ӛлеңнің мағыналық астарын әдіптейді. Алдыңғы толқынның ӛмірден озуы, кейінгі толқынның орнын басуы – заңдылық.
Ӛлеңнің идеялық ӛзегінде ӛмір философиясы бой кӛрсетеді. Ӛлеңнің композициялық құрылымы ерекше. Ақын ӛмірдің бар болмысын толқынның тууы мен ӛлуі арасына тізбектей отырып кӛркем безендірген. Ӛлең композициясында ақын үн үйлесімін аллетерациялық тәсіл арқылы шебер берсе, ӛлең ырғақ, ӛлшем, ұйқас арқылы да сазды, әуезді құрылым түзген. Анафоралық қайталаулар мен паралелизм ақынның салмақ түсіретін ойын ерекшелей түскен. Осылайша ақын «Толқын» ӛлеңінде терең толғанысты, әуезді әсем сурет жасаған.
Осы орайда мектеп бағдарламасына енген бірнеше ӛлең мәтініне түсінік беріп кӛрейік. 6-сыныпта оқылатын С.Сейфуллиннің «Дала» ӛлеңі жаңа ӛмір жастарына арнау ретінде жазылған. Дала – қазақтың киелі құт мекені. Дала халық ұғымында кеңдіктің, ырыс, несібенің, еркіндіктің символы. Сәкен Сейфуллин «Далада» ӛлеңінде «алты жасар асауды ұстап мініп» ой қиялымен даланы дүбірлетеді. Кӛсілген дала еркіндіктің бейнесі болса, асау тұлпар еркін де қайсар рухтың бейнесін сипаттайды. Ақын ӛлеңіндегі ой үш детальға (ұғымға) тоғысады. Олар: дала, асау тұлпар және ақынның лирикалық қаһарманы. Ақын ӛлеңде дала «жаңғырады», «дүбірлеп күңіренеді», асауды «орғыды», «осқырды», «зымырап құлашын керді»,
«кӛздері оттай» деген сӛздермен бейнелейді. Ақынның лирикалық қаһарманы еркіндікке құлшына құлаш сермеген жалынды жас. Ол кең даланы күңірентіп ән салады. Әніне барлық дала «Аққу қазды шалқар кӛл,
Қамысты-құрақты кӛк ӛзен күңіренеді, үнге қосылады.
Ӛлең астарлы оймен жазылған. Ақынның даласы – еркіндіктің бейнесі, асауы – еркін рухтың, жалынды күрестің бейнесі, ал ақын әні – жаңа заман үні. Жаңа заман үні «әділдік, теңдік іздеген», «еркіндік, кеңдік іздеген»
«кӛкірегі жанып, бақыт іздеген» жастарға: іні, қарындастарға арналады. Ақын бақыт жолының бұралаңын, күрделі де қиын жол екенін білдіре тұра, сол қиындықты қайратты ер жастардың ғана жеңіп шығатынына қалтқысыз сенеді. Ерік, махаббат, бақыт жолындағы жастарды бірлікке шақырады.
6-сыныпта Қасым Аманжоловтың «Алатау» ӛлеңі берілген. Ақын шығармашылығында туған жер тақырыбы ерекше мәнге ие. Туған жердің қасиетін тану, тебірене жырлау Қасымдай еліне шексіз беріліп, қалтқысыз қызмет еткен тұлғаға тән қасиет. Ӛр тұлғаның асқар тауды жырлауы да тосын емес. «Хантәңірі», «Алатау» ӛлеңдерінде ақын ӛрлікті, асқақтықты, табиғаттың еңселі ерек болмысын ардақтайды. «Алатау» ӛлеңінде ақын табиғаттың сұлу перзенті Алатаудың қадыр-қасиетін туған елмен байланыстыра суреттейді. Алатау кӛркімен кӛз сүйсіндіріп қана қоймай, елдің аспаны мен жеріне сән беріп, Қазақстандай кең құлашты мекеннің тӛрінде кӛркем шаңырағы болып тұрғандығын елестетеді. «Алатау – айдын дала қариясы, Кӛтерген тӛбесіне ӛз баласын» деп табиғаттың оқшау жаратылған перзентін кӛпті кӛрген кӛнекӛз қария ретінде ерекшелейді. Ӛр тұлғалы, тәкаппар келбетті Алатау-қария елге қазыналы «дастарханын» жайып ырзық несібе беріп отырғанын аңғартады. Ӛлеңде кӛркемдік айшықтаулар мен алмастыра қолданылған сӛздер кездеседі.
Бұдан ӛзге Қасым Аманжоловтың 8 сыныпта оқылатын «Ӛзім туралы» ӛлеңі – кӛп қырлы, терең мағыналы шығарма. Ақын бұл ӛлеңді шығарма- шылығының кемелденген тұсында жазған. Белгілі сыншы-ғалым Бекен Ыбырайым ӛлеңнің 1948 жылдардан бастап жазылғанын, оған дейін ақын үнемі ӛз шығармашылық жолына сын кӛзімен қарап, жетілдіру үстінде болғандығын жазады. Кӛрнекті әдебиетші Есмағамбет Ысмайловтың «Ӛзім туралы» аяқталмаған ӛлең, ақынның философиялық поэма жазу мақсатынан туған шығарма екендігі туралы ойларын келтіреді.
«Ӛзім туралы» ӛлеңі автордың ӛз тағдыры туралы ойларынан басталып, кең арналы тақырыптарды кӛтереді. Олар: аға ұрпақ аманаты, келер ұрпақ парызы, адам тіршілігінің мәні, адамгершілік жайы, адамзат тіршілігіндегі жеке тұлғаның мән-мұраты, адамның болмыстағы орны, ӛткінші ӛмір, уақыт мәселесі, ӛшпес ӛнер табиғаты, ұрпақ пен дәстүр жалғастығы, ақынның келер ұрпаққа аманаты терең философиялық толғамдарда кӛркем сӛз образдары- мен шебер ӛрілген.
Ал Фариза Оңғарсынованың «Оюлар» ӛлеңінің табиғаты ӛзгеше. Оқушыларды кӛбірек ұлттық ӛнерге бағыттайды. Қазақ халқының рухани- эстетикалық танымымен біте қайнасып кеткен қол ӛнері, ою-ӛрнегі ұлттық құндылықтың бірі. «Әжелер мектебінің» ӛрнекті, зерлі сабағы болып ұрпақтан ұрпаққа жалғасты болған түскиіз, сырмақ, текемет сияқты бұйым- дардың күнделік тұрмысымыздан алшақтауына бүгінгі тұрмыс-тіршіліктің тынысы да себепкер.
Ұлт мәдениетін айқындайтын қазақтың осындай қолӛнері ақын шығар- масына ӛзек болған. Ӛлеңнің ӛн бойынан ұлттық ӛнерге деген құрмет пен ақынның әжесіне деген ыстық сезімі, махаббаты да айқын танылады. Әр ғасырдағы сан түрлі талап, талғамдардан сүрінбей ӛткен қазақы асыл ӛрнектің астарына ақын үлкен мән береді. «Сүрінбей ӛте алар ма ғасырлардан, Әжемнің оюындай жыр-ӛрнегім!» – деп нағыз асыл ғана уақыт сынынан сүрінбей ӛте алатынын мойындайды, ақын ӛз шығармашылығына биік талап қояды. Ақынның қиялына қанат бітіретін, шабыт сыйлайтын бабалар жолы, ұлттық құндылықтар. Ақын ӛлеңінде нағыз ұлттық нақышты жыр, халқын, елін сүйген жаннан ғана туады деген де астарлы мағына бар. Алты шумақты, қара ӛлең ұйқасымен жазылған ӛлеңнің тілі жеңіл, ақын ойы кӛркем айшықты.
Орта мектеп бағдарламасында ӛнер тақырыбын, соның ішінде қазақтың ұлттық қол ӛнері, саят ӛнерін қамтыған шығармалар енген. Абайдың
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» ӛлеңі де ӛнер тақырыбына арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет