Оқушылардың жазба тілін дамыту амалдары. Оқушылардың жазба тілін дамыту жұмыстарын бірнеше топқа жіктеуге болады:
Репродуктивті: қысқаша мазмұндап жазу, толық мазмұндап жазу, ішінара мазмұндау, баяндаушы жақты алмастыра мазмұндап жазу, тапсырма түрлерімен күрделендіре мазмұндап жазу түрлері;
Репродуктивті-бағалаушы: ӛзіндік түсініктемелер мен сараптамалық ой қосу талап етілетін шығарма элементтері кірістірілген мазмұндама- шығарма түрлері. Бұл қатарға рецензия, аннотацияларды да жатқызуға болады.
Әртүрлі жанрға жазылатын шығарма түрлері: бір ғана мақал-мәтелге, жұмбаққа, суретке немесе бір құбылысты бақылау барысында жазылатын шағын кӛлемдегі шығарма түрлері. 5-6 сыныптарда (ауыз әдебиеті үлгілерін) ӛту барысында сабақтың шығармашылық кезеңіне берілетін тапсырма түрі ретінде жүзеге асыруға болады.
Кӛркем шығармашылық элеметтері бар шығарма мен мазмұндама: Шығарма кейіпкері туралы әңгіме, ертегі-шығарма, әңгіме-шығарма, аяқталмаған әңгіме желісіне, кейіпкерлер образына ӛзіндік болжам түрінде
1 Мақпырұлы С. Қазына/Әдеби мақалалар, зерттеулер, әдістеме/А.,Арыс. 2004 258-
287 бб.
жазылатын шығарма, ойтолғау, эссе, кӛркем суретке, сахналық қойылымға, сценарийге жазылатын шығарма түрлері.
Мектепте осы аталғандардың біразы қолданылып жүр. Кейінгі жылдары сабақтың қорытынды кезеңінде не сыныптан тыс уақытта ойтолғау жазу жиірек орындалып жүрген жазба түрі ретінде танылып келеді. Бұл құптарлық жұмыс түрі. Ойтолғауды белгілі бір тақырып аясында сыныпта жан-жақты талдау жұмысынан кейін орындаған тиімді. Ойтолғау оқушының шығарма талдау не белгілі бір мәселені талқылау кезінде алған әсерін суытпай ізінше жазылғаны жақсы. Ойтолғаудың кӛлемі шағын келеді, оқушының ӛзіндік пайымы мен әсері жазылады. Мұндай шағын кӛлемдегі жазба жұмыс түрі оқушыны жалықтырмайды әрі ойын шашыратпай ықшамдап жазуға үйретеді.
Соңғы жылдары мектептерде ішінара жазылып жүрген жазба жұмысының бірі – эссе. Эссе – белгілі бір мәселе тӛңірегінде субьективті кӛзқарасты танытатын, құрылым жағынан еркін жазылатын шағын кӛлемді жазба жұмысы. Эссе тілі образды келеді, афоризмдер кӛбірек ұшырасады. Эсседе оқушы кӛбірек ӛзіндік кӛзқарасы мен әсерін жазуға бейім болады. Эссені – ойтолғау деп түсіну басым. Негізі эссе әдебиетте белгілі бір жанр ретінде қалаптасқан. Эссе жанрында жазылған кӛркем дүниелер кӛп. Ал эссені ойтолғау деп қана тану жанрдың ӛзіндік ерекшеліктерін ескермеуге соқтырады. Оның үстіне ойтолғау жазуға қойылатын негізгі шарттар мен талаптар анықталмаған. Әзірге ойтолғау сабақтың мақсат-мүддесіне қарай еркін түрде жазылады. Жазба жұмысының бір түрі ретінде эссені мектеп практикасына енгізу тиімді әрі оқушылардың ӛзіндік кӛзқарастары мен таным дүниесін, шығармашылық әсерін түсінуге кӛп септігін тигізеді.
Рецензия – шығармаға, авторға қатысты жазылатын жазба жұмысының түрі. Кӛбіне қаламгер шығармасы оқылып, талданғаннан кейін оқушының ӛзіндік кӛзқарасын, жеке пікірін, бағасын білу үшін жазылады. Оқушының сыншылдық, сарапшылық, жазушылық қабілетін қалыптастыруға жәрдем- деседі. Оқушы шығарманың жетістігі мен кемшілігін сараптай отырып, кейде ӛзіндік ұсыныстарын да жазуына болады. Рецензия кӛлемі аз да, кӛп те болуы мүмкін. Кейбір рецензиялар әңгіме болып отырған шығарма мен оның авторы аясынан асып, әдебиеттану саласының кейбір мәселелерін, кӛркем әдебиет пен ӛнердің, т.б. саланың толып жатқан мәселерін қамтиды. Ондай рецензиялар ғылыми-зерттеу жұмысына ұласуы мүмкін. Рецензия ең алдымен ғылыми, обьективті түрде, түсінікті тілде жазылуы керек. Оқушыны рецензияны кӛп шұбалтпай түйінді ойын жинақтап жаза білуге үйрету керек.
Аннотация негізінде кітапқа, топтама, жинаққа жазылады. Қысқаша мәлімет беру, оқырманға таныстыру мақсатында жазылатыны белгілі. Ал әдебиет пәнінде оқушылардың жазба жұмысының бір түрі ретінде де қолдануға болады. Мәселен, оқушыларға ӛзі сыныпта не сыныптан тыс оқыған кітаптарына, жекелеген шығармаларға аннотация жазуды тапсыра отырып, олардың оқыған шығарма туралы пікірлерін тұжырып, қысқаша жаза білуге үйретуге болады. Оқушылар ӛзі тоқталып отырған кітаптың жазылу тарихынан қысқаша мәлімет келтіруі, кейде басқа әдебиеттерге
сілтеме беруі мүмкін. Жазба жұмысының мұндай түрлерінің нұсқалары сыныпта оқушыларға таныстырылып, ӛзіндік белгілері мен ерекшеліктері кӛрсетілуі тиіс.
Хат жаздыру да жазба жұмысы ретінде әдебиет сабағында еркін қолданылатын жазба жұмысының бірі. Авторға, кейіпкерге, қоғамға т.б. сабақ мақсатына лайықты таңдалған адресентқа хат жаздыруға болады. Хат кӛптен белгілі жазу үлгісі болғанымен, оқушыларға ӛзіндік ойын, кӛзқарасын, кейбір ішкі сезімдерін еркін жеткізуге мүмкіндік туғызатын жазба түрі ретінде танылады.
Оқушылардың жазба тілін дамыту жұмыстарын күнделікті оқу үдерісінде жүргізу аса маңызды. Әдебиет – кӛркем ӛнер пәні болуы себепті сабақ үдерісінде мәнерлеп оқу, оқушыға лирикалық шығармаларды кӛркем қабылдату, мәтіннен үзінді оқу, сұрақ-жауап әдістері арқылы мәтінге жақын баяндату, эвристикалық әдіс арқылы мәтінмен жұмыс жүргізу күнделікті сабақ үлесіндегі іс-амалдар болып есептеледі. Сонымен қатар, әр сабақта мәтінге қатысты жазба жұмыс амалдарын жүргізіп отыру оқушылардың жазба тілін дамытуға бірден-бір кӛмектесетін іс-әрекет. Жасыратыны жоқ, әдебиет сабақтарында кӛбіне сұрақ-жауап әдісіне басымдық беріліп, оқушылар ауызша жауап берумен ғана шектелетін жағдайлар жиі ұшырасады. Сабақ кезеңінде оқушылардың топпен жазба жұмыстарын жүргізуі оқушылардың үлкен ықыласын тудырады. Мәтін тӛңірегіндегі берілген тапсырманы жеке орындай отырып жинақтау, ӛзі жазған дүние- лерінің нәтижесін топта салмақтау оқушыға шығармашылық қанағат сезімдерін туғызады. Мұның ӛзі шығармашылықтың бастау кӛздері десе де болады. Ал, оқушыға жеке жазба тапсырмаларын орындату оқушының тиянақты білімін тексеруге кӛп мүмкіндік береді. Әдебиет сабақтарында жазба жұмыс- тары әр тақырыптың орайында үздіксіз жүргізіліп отыруы керек. Бір академия- лық сағаттың ӛзінде әр сабақ сайын оқушыларды жазуға жұмылдыру (тіпті бес минут кӛлемінде болсын) міндетті саналса, оқушылардың жазба тілінің дамуына жәрдемі тиері анық.
Оқушылар арасында жазба тіл мен сӛйлеу тілінің әр қилы дамуы байқалады. Ӛз ойын ауызша еркін жеткізіп тұрған оқушыдан «енді осы ойларың- ды дәптерге түсір» деп тапсырсаңыз, ӛзі айтқан ойын жазып беруге келгенде қиналады.
Ойды сауатты жазба тілде жеткізу қарапайым сӛйлем жазудан, ой құраудан басталады. Оқушыларға сабақ үстінде шағын тапсырмаларды берудің маңызы зор. Оқушы әуелі сауатты баяндап жазу тілін меңгеруі қажет. Сауатты жаза білу: орфографиялық, пунктуациялық (үтір, сызықша, қос нүкте, үтірлі сызықша, тӛл сӛз бен автор сӛзінде келетін тыныс белгілер) ережелерді сақтап жазуға дағдылану, стильдік қателерді жібермей ӛз ойын еркін жеткізуден басталады. Баяндау тіліне тӛселген оқушы, сипаттау, мінездеу, суреттеу тіліне де бірте-бірте дағдыланады.
Жазба жұмыстарын (мазмұндама, шығарма) тек тоқсанда бір, екі рет жүргізілетін жұмыс түрі ретінде қарап, жылына тӛрт-бес рет жаздыру еш нәтиже кӛрсетпесі анық. Сондықтан әр сабақта жазба жұмыстарын түрлен- діре пайдалудың маңызы зор.
Тұжырымдай айтқанда, жазбаша сӛйлеу – коммуникативті-шығар- машылық әрекеттің бір түрі. Оқушылардың тұлғалық жетілуіне ықпал ететін, шығармашылық қалыптасуына жағдай жасайтын осы жазбаша сӛйлеу әрекетін дамыту әдебиет пәнінің басты мақсат-міндеттерінің бірі. Оқушы- лардың жазба тілін дамыту олардың танымды қабілетін шыңдау барысында жүзеге асады. Жазба жұмысының бірі мазмұндама, шығармаға ойтолғау, эссе, рецензия, аннотация, мінездеме, хат үлгілерін, хабарлама, дәйектеме, жоба жұмыстарын жаздыру, әр сабақта үлкенді-кішілі баяндау мәтіндерін сипаттама, суреттеме, мінездеме түрлерін жаздыру оқушылардың жазбаша сӛйлеу әрекетін дамытуға кӛмектеседі. Жазба жұмыстарын орта буын сыныптардан жүйелі қолға алып, жоғары сыныптарда дамыта жүргізу жәтиже береді.
Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары:
Мектепте жүргізіліп жүрген мазмұндама мен шығарма түрлерін саралаңыз.
Әдістемелік еңбектердегі оқушылардың жазба тілін дамыту жолдарын нұсқайтын әдіс-тәсілдерді саралаңыз.
Шығарма жаздыру әдістемесінен жазылған еңбектердегі кӛзқарастарға сипаттама жазыңыз.
Бір тақырыпқа шығарма жазыңыз, сабақ үдерісінде оны талдауға дайында- лыңыз. Қандай талаптарға сүйенгеніңізді материалмен түсіндіріңіз.
Оқушылардың жазба тілін дамыту мақсатында тапсырмалар жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |