Қазақстан республикасы білім және ғылым


Топырақты қайта культивациялау зертханасы



Pdf көрінісі
бет14/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

13. Топырақты қайта культивациялау зертханасы 
мелиоративтік болжау зертханасынан 1973 жылы бөлініп шық-
ты. Ол 1963 жылдан жұмыс істейтін Маңғыстау экспедиция не-
гізінде құрылды. Құрамында қазір 11 қызметкер бар, оның 2-і 
аға ғылыми қызметкер, ғылым кандидаттары, 3-і ғылыми қыз-
меткерлер, қалғандары инженерлік-техникалық қызметтер атқа-
рады. Зертхананы ауылшаруашылық ғылымының докторы 


Е.Ү.Жамалбеков басқарады. Бағыты – қазба байлықтарды алу 
кезінде бүлінген жерлердің құнарын көбейтіп, қалпына келтіру 
жұмыстарының теориялық және практикалық жолдарын 
қарастыру. 
Алғашқы зерттеу жұмыстары өндірісі қарышты қадаммен 
өсіп келе жатқан Маңғыстау түбегінде жүргізілді. Баршаға 
мәлім бұл аймақтың табиғаты, жері халық қоныстануға өте 
ыңғайсыз, су тапшы. Оның үстіне топырақ құнары өте аз. Тіпті 
көп жерлерінде құнарлы топырақ қабаты жоқтың қасы, оның 
есесіне тасты қабаттар топырақ бетіне өте жақын, ал кейбір 
жерлерінде тіпті жер бетіне шығып жатады. Міне, осындай 
жағдайда қалалар мен елді мекендер салуға, оларды көгалдан-
дыруға, аз да болса суармалы егіншілікпен айналысуға тура 
келеді. Зертхана ұжымы осындай күрделі зерттеу жұмыстары-
мен көп жылдардан бері шұғылдануда. Бетінде тасы шығып 
жатқан жерлерді көгалдандыру оңай емес екені түсінікті. Ол 
үшін бұл тастарды тесіп, әртүрлі шұңқырлар жасау, тастарды 
аралап кесіп, траншеялар қазу немесе мұндай жерлердің үстіне 
бос топырақ әкеліп төсеп, қабатын қалыңдату сияқты күрделі 
инженерлік әдістер қолдануға тура келеді. Зертхананың түбек-
тегі жұмыстары Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының 
Ақтау қаласындағы эксперименттік Ботаника бағытының 
ғылыми қызметкерлерімен бірлесіп, қоян-қолтық жүргізілуде. 
Табиғаттың аса қиын жағдайына қарамастан жүргізілген 
жұмыстар жақсы нәтиже берді. Қазір түбекке бара қалсаңыз, тек 
Ақтау қаласы емес, Жаңаөзен, Форт-Шевченко қалаларының, 
Ералы, Жетібай, Маңғышлақ, т.б. жұмысшы поселкелерінің 
жасыл желекке бөленіп тұрғанына куә боласыз. 
Соңғы жылдары зертхана республикамыздың оңтүстік 
таулы алқаптарындағы құрылыс материалдарын алу кезінде 
бүлінген жерлердің құнарын қалпына келтіру үшін зерттеу 
жүргізіп, бұл жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар жасалды. 
1980 жылдардан бастап ол өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын 
республикамыздың шығысына ауыстырды. Кенді Алтай аймағы 
түсті металдар қойнауы екені белгілі. Аса қажетті байлықты 
қазып алу кезінде көптеген құнарлы топырақ қабаттары 
бұзылып, рәсуа болады. Осындай топырақ құнары көбірек бұ-


зылған Ленинaгор полиметалл комбинаты мен Зырян қорғасын 
комбинатының айналасында соңғы жылдары жүргізілген тә-
жірибе, зерттеу жұмыстары бұл жерлерді тезірек қалпына келті-
рудің жолдарын айқындап берді. Алынған ғылыми нәтижелерге 
сүйеніп, бұл жерлерді қайта құнарландыру туралы ұсыныстар 
жасалды. 
Соңғы кездері зертхана қызметкерлері Батыс Қазақстандағы
Қарашығанақ газды-конденсат кенішіндегі көмір сутегі шикі-
затын өндіру кезінде бүлінген, ластанған жерлерді қайта құнар-
ландыру зерттеулерімен айналысуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет