Қышқыл топырақта өсетін өсімдіктерді –
ацедофилдер,
сілтілі топырақта өсетін өсімдіктерді –
базифил (базофил), ал
бейтарап (рН=6,5-7) топырақтарда өсетіндерді –
нейтрофилдер
деп атайды
Топырақ ортасының реакциясы маңызды көрсеткіштердің
бірі. Әртүрлі топырақтарда топырақ ортасының реакциясы әр-
түрлі болады. Бұған негізінен әсер ететін нәрсе – жоғарыда си-
патталған топыраққа сіңірілген, алмасу реакциясына мүмкіндігі
бар катиондар құрамы. Топырақтардың сіңірген кешендеріне қа-
рап, әдетте, олардың реакциясын қышқыл, бейтарап, сілтіленген
деп ажыратады.
Топырақтың
қышқыл ортасы,
топырақтың сіңіру кешені
негізінен сутегі катионымен толықтырылған топырақтарда
кездеседі. Бұл жауын-шашыны мол аймақтарда тараған күлгін
және қызыл топырақтарда болады.
Топырақтың бейтарап ортасы, топырақтың сіңіру кешені
негізінен кальций катионымен қаныққан топырақтарда көп. Бұл
қара топырақты, қара-қоңыр топырақты аймақтарда тараған.
Ал топырақтың сілтілі реакциясы, сіңіру кешені негізінен
натрий катионымен толықтырылған топырақтарда болады. Мұн-
дай топырақтар еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жартылай
шөл және шөлді аймақтардағы сортаң, сорланған жерлерде кез-
деседі.
Топырақ ортасының реакциясы оның ерітісінде бос күйін-
де кездесетін сутегі иондарының
концентрациясымен анықта-
лады, оны pH – белгісімен көрсетеді. Әртүрлі топырақ ертінді-
сіндегі pH-тың мөлшері 3-10 сандарының арасында болады,
яғни күшті қышқылды ортадан күшті сілтіленген ортаға дейін
кездеседі.
РH – тың көрсеткіші 3-тен 6,05-ке дейін болса –
қышқыл
топырақтар, ал одан жоғарысы сілтілі топырақтар қатарына қо-
сылады.
Топырақ ортасының реакциясы – топырақ қасиеттеріне,
ондағы өсетін өсімдіктерге, тіршілік ететін бүкіл жәндіктер мен
микроорганизмдерге, жалпы топырақ құнарлылығына әсер
ететін негізгі факторлардың бірі. Топырақта өсімдік өсу үшін
топырақ ортасының реакциясы бейтарап болғаны дұрыс. Ал өте
қышқылды немесе сілтілі ортада топырақтар микроорганизмдер
үшін де, өсімдік үшін де қолайсыз. Сондықтан егістікке тиімді
пайдалану үшін
оларды қолдан әктендіріп, гипстендіріп, топы-
рақ ортасының реакциясын бейтарап түрге көшіреді. Бұл –
топырақ құнарлылығын арттырудағы негізгі шара. Қазіргі күн-
дерде Ресей басшы органдарының шешімдеріне сәйкес ауыл-
шаруашылығына игеріліп жатқан кеңбайтақ – қара топырақты
емес алқаптарын, дәлірек айтса, орманды зонаның күлгін топы-
рақтарының қышқыл ортасын төмендетіп
егістікке айналдыру
әрекеттері жүргізілуде. Ол үшін бұл топырақтарға әк, тағы басқа
тыңайтқыштар енгізу қажет, өйткені бұл топырақтардың реак-
циясы өте қышқыл және табиғи жағдайда құнары аз.