бойынша біріккен, құрамында азоты бар әртүрлі органикалық
қосылыстар. Ең маңыздыларын атап көрсетейік: 1) гумустық
заттардың әртүрлі топтары мен фракциялары үшін
өзіне тән
бояуы болады, олар күңгірт-құба бояудан – қараға дейін,
қызғылт-құба түстен сарғыш-қызғылт бояуға дейін ауытқиды;
2) карбоксил топтарына байланысты қышқылдық сипаттама; 3)
Әртүрлі фракциялар мен топтардағы көміртегінің мөлшері 36 –
62%, азот 2,5-5% аралығында болады; 4) барлық топтарда 3-6%
гетероциклдік азоты
бар циклдік фрагменттің болуы; 5) гидро-
лизденбейтін азот мөлшері жалпы азоттың 25-35% құрайды; 6)
алуан түрлі заттардың молекулярлық массалары бойынша алын-
ған көрсеткіштер 700-800 аралығынан 100 мыңға дейін болады.
Фульвоқышқылдары – ең ерігіш гумус тобының қосын-
дылары, өте жылжымалы, молекулярлық массасы жалпы гумус-
тық заттардың орташа көрсеткіштерінен төмен.
Көміртегінің
мөлшері басқа гумустық заттар топтарының өкілдерімен
салыстырғанда аз болады. Кешенді және хелатотүзілулерге
бейімді, қышқылдық қасиеттері айқын байқалады. Басқа топтар-
дың заттарымен салыстырғанда фульвоқышқылының бояуы
ақшылдау болады.
Сұр топырақтарда, кейбір тропикті топы-
рақтарда, қызыл топырақтарда, күлгін
типті топырақтарда
көбірек болады.
Достарыңызбен бөлісу: